Жарнамалық-ақпараттық қолдауға арналған келісім шарт

0

Жарнамалық-ақпараттық қолдауға арналған

№ ______ ШАРТ

Алматы қ.

«___» _________ 2015 ж.

Бұдан әрі «Клиент» деп аталатын «» ЖШС атынан Жарғының негізінде әрекет ететін мырза бір жақтан және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) атынан Жарғының негізінде әрекет ететін бас директоры екінші жақтан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке жоғарыда аталғандай немесе «Тарап» деп аталып төмендегілер туралы осы Жарнамалық-ақпараттық материалдарды интернет-сайтта орналастыруға арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. АНЫҚТАМАЛАР

  1. Осы Шарттың мақсаты үшін төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
  • Интернет-сайт – ғаламдық компьютер желісінде орналасқан, ортақ домен атауымен біріктірілген бір немесе бірнеше веб-парақтан тұратын интернет-ресурс;
  • Іс-шара – белгілі бір мерзімдерде клиенттің өзі өткізетін немесе оның демеушілігімен немесе оның мақсатында өтетін таныстырылым, акция, конференция, көрме және басқа кез келген қоғамдық оқиға;
  • Іс-шараның жария етілуі нақты уақыт режиміндегі мамандар командасының жұмысы. Интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде материалдарды жариялау. Мультимедиялық материалдарды, фото/бейнерепортаждар жасау;
  • Веб-парақ – интернет-сайттың құрамдас бөлігі, ол браузердің дара терезесінде көрсетіледі және Интернет-сайт мекенжайларының құрылымында жеке URL-мекенжайына ие;
  • Әлеуметтік желі – көп пайдаланушыға арналған интерактивті интернет-сайттар, олардың мазмұнын интернет желісінің қолданушыларының өздері толтырады. Сайт ортақ қызығушылық біріктірген пайдаланушылар тобының тілдесуіне мүмкіндік беретін автоматтандырылған әлеуметтік ортаны білдіреді;
  • Мультимедиялық материалдар – жаңа технологиялардың көмегімен іс-шараның негізінде жасалған эксклюзивтік материалдар;
  • Баспасөз релиздері – барлық демеушілері мен серіктестері толық көрсетіліп, интернет парақтарда, әлеуметтік желілерде орналастырылған басылымдық немесе көрнекілік сипаттағы материалдар;
  • Инфографика – ақпаратты, деректерді және материалдарды берудің графикалық тәсілі. Заттар мен фактілердің уақыттағы және кеңістіктегі арақатынасын көрнекі түрде көрсетеді, сондай-ақ үрдістерді көрсетеді.
  • Таймлайн – ісәрекеттерді немесе іс-шараларды хронологиялық тәртіппен бейнелеу тәсілі. Сурет немесе күндер мен белгілі бір оқиғалар орналасқан өзге графикалық көрнекі материал түрінде беріледі;
  • Сұхбат – екі және одан көп адамның арасындағы әңгіме құру түрі, сұхбат кезінде сұхбат алушы өзінің әңгімелесушілеріне сұрақтар қойып, оларға жауап алады;
  • Твиттер-тарату – тіркелген фотосуреті немесе сілтемесі бар 140 символдан аспайтын материалдар, олар іс-шараны жариялаған кезде баспада жарияланады, олар іс-шараға дейін, оның барысында және одан кейін жарияланады;
  • Facebook-тарату – тіркелген фотосуреттері немесе сілтемелері бар іс-шара туралы баяндайтын материалдар, олар агенттіктің пікірі бойынша немесе Клиенттің қалауы бойынша іс-шараға дейін, оның барысында және одан кейін жарияланады;
  • Слайд-шоу – Орындаушы түсірген немесе әлеуметтік желілерде жиналған фотосуреттерден құрылған, пайдалану құқығына еркін құқықтарға ие бейнеклип;
  • Аудиоподкаст – интернет-сайттарда немесе әлеуметтік желілерде жарияланатын жеке аудиофайл не болмаса ортақ тақырыппен біріктірілген бірнеше аудиофайлдар; Демотиватор – суреттен немесе қара жақтаудағы фотосуреттен тұратын және Орындаушының бекіткен белгілі бір пішімі бойынша оның жазбасын немесе ұранын түсіндіретін кескін;
  • Интерактивті фотосурет – аккаунттар, бейнетүсірілім, Facebook, Twitter, Youtube әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ интернет-сайттардан оқиғаларды қосуға болатын фотосурет;
  • Мультимедия-оқиғалар – бір интерактивті материалға жиналған әлеуметттік желілердің, интернет-ресурстың материалдарының бірнеше түрі;
  • Таныстырылымдар – іс-шара туралы немесе өнім туралы түсінуге ыңғайлы түрде ақпарат беруге арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы;
  • Фоторепортаж – белгілі бір тақырып бойынша жеке іс-шара немесе өнім үшін жиналған немесе түсірілген фотосуреттер;
  • Лайк – «Ұнады» түймешігі, әлеуметтік желілер, блогтар, интернет-форумдар, әлеуметтік қойындылар сервисі, жаңалықтар сайты үшін арналған коммуникациялық бағдарламалық қамсыздандыру, ол сол және өзге контентке пайдаланушыларды қарым-қатынасын білдіру үшін қолданылады;
  • Аудиторияны қамтуы – оқиғаға ең болмаса бір рет байланысқан адамдардың пайыздық арақатынастағы немесе абсолюттік цифрлармен берілетін саны;
  • Репост – алғашқы дереккөзді міндетті түрде сілтеме түрінде көрсетіп, материалды бір әлеуметтік желіден, интернет-ресурстан немесе аккаунттан басқасына көшіру;
  • Медиажоспар – интернет-сайтта жарнамалық-ақпараттық материалдарды орналастыру шығындарының сметасы, онда осы Шарттың Тараптары бекіткен орналастыру талаптары (интернет-сайт, тауар бренді, орналастыру орны, көрсетілім саны, орналастыру кезеңі, құны, жеңілдіктер және т.б.) қамтылады;
  • Есептесу кезеңі – күнтізбелік ай, оның ішінде Клиенттің іс-шаралары жария етіледі.

2. ШАРТТЫҢ МӘНІ

2.1. Осы Шарттың аясында Орындаушы Клиентке интернет-сайттарда және әлеуметтік желілерде іс-шараларды жариялау қызметін (бұдан әрі Шарттың мәтіні бойынша – Қызмет немесе Орналастыру) көрсетуге міндеттенеді, ал Клиент осы Шартта айқындалған тәртіппен және талаптарда тиісті түрде көрсетілген Қызмет ақысын төлеуге міндеттенеді.

2.2. Іс-шаралар осы Шарттың құрамдас әрі ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың «Медиажоспар» қосымшасына (бұдан әрі – «Медиажоспар») сәйкес жарияланады.

2.3. Осы арқылы Орындаушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық өкілеттіктері, рұқсаттары, лицензиялары бар екеніне, егер бұлар Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін көзделсе, сондай-ақ Орындаушының Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауы үшінші тұлғалардың ешқандай құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді.

2.4. Қызмет көрсету үшін Клиент Орындаушыға жарнамалық және/немесе ақпараттық сипаттағы қандай да бір материал берген жағдайда, мұндай материалдарға барлық авторлық және айрықша мүліктік құқықтар Клиентке тиесілі болады және Орындаушының мұндай материалдарды ешқандай үшінші тұлғаларға беруге немесе осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін пайдаланғаннан басқа, өзге тәсілмен оларды пайдалануға құқығы жоқ.

2.5. Қос Тарап Шарттың 4.3.4.-тармағына сәйкес Орындалған жұмыстар актісіне қол қойған сәттен бастап Орындаушының Шарт/тиісті Медиажоспар бойынша міндеттемелері тиісінше және толық көлемде орындалған болып саналады.

3. ЖАРИЯЛАУ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

3.1. Қос Тарап Медиажоспарға қол қойғаннан кейін, бірақ болатын іс-шара күніне дейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Клиент іс-шараны жария ету күнін броньдайды. Медиажоспарға қол қою мерзімі бұзылған жағдайда, Орындаушы сұратылған кезеңге интернет-сайттан орын ұсынатынына кепілдік бермейді.

3.2. Тараптар қамтылуы, «лайктар» немесе «репосттар» саны сияқты, сондай-ақ өзге параметрлердегі іс-шараны жариялау бойынша статистикалық деректерді айқындау үшін тиісті интернет-сайт(сайттар) немесе әлеуметтік желілер бекіткен автоматтандырылған есепке алу жүйелерінің (бұдан әрі – Жүйе) деректері қолданылатына келісті. Бұл Жүйелердің деректері көрсетілген Қызметтің көлемін анықтау үшін қолданылады. Клиент көрсетілімдерді есептеудің кез келген өзге жүйесі көрсетілген Қызметтің көлемін есептеу үшін ресми ақпарат көзі болып табылмайтынымен келіседі.

3.3. Клиент іс-шараны жария етуден тек іс-шара басталғанға дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарламасын жіберіп хабарлаған кезде ғана бас тарта алады. Бұл ретте Тараптар жаңа Медиажоспарды келісуі мүмкін. Қысқа мерзім ішінде Орналастыру жүргізілмеген жағдайда, Клиент Орындаушыға осы Шарттың 6-бабының 6.3.-тармағына сәйкес айыппұл төлеуге міндетті. Медиажоспарда көрсетілген қызметті көрсетуден бас тарту іс-шараны жариялаудан бас тарту деп түсініледі.

3.4. Клиент Орындаушыға іс-шараны жария ету үшін берілген ақпараттың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес екеніне және осы ақпаратты Медиажоспарда көрсетілген интернет-сайттарда және әлеуметтік желілерде тарату авторлық және сабақтас құқықтарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді. Авторлармен және сабақтас құқықтар иелерімен барлық есеп айырысуды Клиент өз бетінше жүргізеді. Осы кепілдіктер бұзылған жағдайда, Клиент үшінші тұлғалардың шағымдарын өз бетінше реттейді, сондай-ақ Орындаушыға сот шығындарын қоса алғанда, мұндай бұзушылықтың туындауынан оның шеккен барлық шығындарын өтейді.

3.5. Орындаушы интернет желісі арқылы жарнамаланатын кез келген тауарға, ақпаратқа және қызметке ешқандай кепілдік бермейді. Клиенттің өзі Орындаушыға беретін ақпаратының дәлдігі, мазмұны мен толықтығы үшін барлық жауапкершілікті атқарады.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАР ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

4.1. Орындаушы:

4.1.1. Қос Тарап қол қойған Медиажоспарда белгіленген мерзімдерде, тәртіппен және ондағы талаптарда Клиенттің іс-шарасын интернет-сайтта және әлеуметтік желілерде жария етуге. Клиенттің іс-шарасы осы Шарттың 5-бабының 5.2.-тармағында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде ақы төленгеннен кейін ғана жария етіледі;

4.1.2. Құпиялылық талаптарын сақтап, Клиенттің барлық ақпараты мен материалдарын, егер осы деректер мен ақпаратқа мұндай қолданылатын болса, сақтауға;

4.1.3. Осы Шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде, осы Шартты бұзған сәтке дейінгі іс жүзінде көрсетілген Қызметтің құнын шегеріп, алдын ала төленген соманы қайтару арқылы және осы Шартта көзделген айып санкцияларын ескеріп, Клиентпен есеп айырысуға міндеттенеді.

4.2. Орындаушының:

4.2.1. Клиенттің алдын ала келісімінсіз материалдарды жариялауға. Жарияланған материалдарға түзетулер төменде келтірілген:

  • Клиенттің бренді қате көрсетілген;
  • ақпарат бұрмаланған және жалпы саясатқа немесе іс-шараны бастағанға дейін жазбаша түрде уағдаласқан және келіскен Клиенттің өнімдерді өткізу тұжырымдамасына сәйкес келмеген жағдайларда ғана енгізілуі мүмкін;

4.2.2. Осы Шарт бойынша Қызметті тиісінше көрсеткені үшін уақтылы ақы төлеуін талап етуге;

4.2.3. Ақыны уақтылы төлемеген жағдайда, іс-шара және іс-шараның жабық сипаты туралы ақпарат бермеген жағдайда, Қызмет көрсетуден бас тартуға құқығы бар.

4.3. Клиент:

4.3.1. Орындаушыға 3 (үш) жұмыс күні бұрын іс-шара туралы, бірақ іс-шараны жария етуді бастағанға дейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат беруге;

4.3.2. Орындаушыға Медиажоспарды бекіткен (қол қойған) сәтке дейін бұрын берілген материалдардағы барлық өзгерістер, іс-шараларды жүргізу мерзімдерінің өзгерістері және басқа да өзгерістер туралы дереу хабарлауға;

4.3.4. Орындаушы тиісті Медиажоспар бойынша барлық Қызметті толық көлемде көрсеткеннен кейін екі данада беретін Орындалған жұмыстар актісін Орындаушыдан алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, көрсетілген Қызметтің сапасына/ мөлшеріне ескертулері болмаған жағдайда, Актіге қол қоюға және қайтаруға немесе Қызметке шағымдары болған жағдайда, Орындаушыға Қызметті қабылдаудан жазбаша негізді бас тартуын жіберуге міндеттенеді. Клиенттен Қызметті қабылдаудан жазбаша негізді бас тартуды алған жағдайда, Орындаушы Клиенттің Қызметке жасаған негізді ескертулерін Тараптар әрбір нақты жағдайда келісетін мерзімдерде жоюға не болмаса Шарт бойынша көрсетілмеген/тиісінше көрсетілмеген Қызметтің құнын шамалас азайтуға міндетті. Орындаушы көрсетілген мерзімде негізді бас тартуды алмаған жағдайда, Клиент Қызметті толық көлемде қабылдаған болып саналады және Клиент Актіде көрсетілген Қызмет үшін ақы төлеу міндетін растайды. Көрсетілген мерзім өткен соң Клиент көрсетілген Қызметтің сапасына шағымдарын мәлімдеу құқығынан айырылады.

4.3.5. Орындаушының Қызметін қабылдап, оның ақысын осы Шарттың талаптарына сай төлеуге;

4.3.6. Көпшілікке арналып орналастырылатын ақпаратқа қойылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға, орналастырылатын ақпаратқа қатысты үшінші тұлғалардың құқықтарын сақтауға міндеттенеді.

4.4. Клиенттің:

4.4.1. Орналастырылатын материалдардың мазмұнына өзгерістер енгізуге не болмаса іс-шара басталғанға дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы Орындаушыға жазбаша хабарлаған жағдайда, жеке материалдарды орналастырудан бас тартуға;

4.4.2. Орындаушыға бұзатын сәтке дейін іс жүзінде тиісті тәртіппен көрсетілген Қызмет құнын төлеген жағдайда, Шартты мерзімінен бұрын біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға құқығы бар.

5. ҚЫЗМЕТ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ

5.1. Орындаушының Шарт бойынша жалпы Қызмет құны ҚҚС қоса алғанда тиісті «Медиажоспар» нөмірлік қосымшада көрсетіледі. Көрсетілген Қызметтің нақты көлемі тиісті Актілерге сай анықталады.

5.2. Клиент Орындаушының Қызмет ақысын Орындаушы ұсынған ақы төлеу шотының негізінде Шарттың 11-бөлімінде көрсетілген Орындаушының банктік шотына ақыны аудару арқылы мынадай тәртіппен төлейді:

5.2.1. Клиент Орындаушыдан ақы төлеу шотын алған күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде алдын ала төлем тәртібімен тиісті Медиажоспарда көрсетілген Қызмет құнының 50% (елу пайызын) төлейді, ақы төлеу шотын Орындаушы қос Тарап Медиажоспарға қол қойғаннан кейін ұсынады;

5.2.2. Клиент тиісті Медиажоспарда көрсетілген Қызмет құнының қалған 50% (елу пайызын) Орындаушыдан ақы төлеу шотын алған күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде ақы төленгеннен кейін төленететін тәртіппен төлейді, ақы төлеу шотын Орындаушы қос Тарап тиісті Актіге қол қойғаннан кейін ұсынады.

5.3. Тараптар Шарттың тиісті қосымшасында Шарттың 5.2.-тармағында көзделген ақы төлеу тәртібінен өзге тәртіпті көздеуі мүмкін.

5.4. Орындаушы іс-шараны жария ету құнын есептескен кезде Клиенттің қалауымен жұмыс көлемінің ұлғайғаны үшін жеңілдіктер мен қосымша құнды қолданады. Орындаушы жеңілдіктердің мөлшерін белгілеп, оны тиісті «Медиажоспар» нөмірлі қосымшада көрсетеді. Жеңілдіктердің түрлері:

— Көлемі үшін жеңілдік – іс-шаралардың жалпы санына қарай анықталады;

5.5. Орындаушының есеп шотына ақша қаражаты түскен күн ақы төленген күн болып саналады.

5.6. Орындаушы тарифтерді жоспарлы өзгертетін күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын Клиентке міндетті түрде хабарлап, өз Қызметінің тарифтерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Бұл ретте нақты Медиажоспарда белгіленген Орындаушының Шарт бойынша Қызмет құны бекітілген және қос Тараптың уәкілетті өкілдері Медиажоспарға қол қойғаннан кейін өсу жағына өзгертілмеуі тиіс.

6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

6.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін осы Шартта көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады, ал осы Шартта көрсетілмеген қалған барлығында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.

6.2. Егер Клиент Қызмет ақысын төлемесе немесе осы Шарттың 5-бабының 5.2, 5.3.-тармақтарында белгіленген тәртіп пен мерзімдерді бұзып төлесе, Орындаушы мерзімі өткен күнтізбелік әр күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,2% (нөл бүтін оннан екі пайызы) мөлшерінде өсімпұл есептеуге құқылы.

6.3. Клиент осы Шарттың 3.3., 4.4.1.-тармақтарында көрсетілген Қызметті болдырмау/ауыстыру туралы хабарламаның мерзімін бұзған жағдайда, Орындаушы келесі мөлшердегі айыппұлды төлеуін талап етуге құқылы:

Тармақ

мерзім

Айыппұл

6.3.1.

Іс-шара өткізілетін күнге дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын

Медиажоспар бойынша

Қызмет құнының 5%

6.3.2.

Медиажоспарға сай іс-шара өткізілетін күні

Медиажоспар бойынша

Қызмет құнының 30%

6.4. Орындаушы тиісті түрде көрсетіп отырған Қызметтің нәтижесінде жарияланған ақпаратты үшінші тұлғалардың қолдануынан туындаған Клиенттің шеккен шығындары үшін Орындаушы жауапкершілік атқармайды.

6.5. Орындаушы Клиентке Интернет желісі арқылы үнемі және/несеме уақытша қолжетімсіз тораптармен немесе серверлермен ақпарат алмасу мүмкіндігіне кепілдік бермейді.

6.6. Орындаушы Клиенттің немесе үшінші тұлғалардың кез келген міндеттемелері, шығыстары бойынша, сондай-ақ кез келген тікелей немесе жанама шығыстар бойынша жауапкершілік атқармайды, олар:

6.6.1. Клиенттің жағында Интернетке қолжетімділікті шектеумен байланысты Клиент немесе басқа мүдделі тұлғалар үшін орналастырылатын материалдарды көрсетуге үнемі немесе уақытша туындайтын қолжетімділіктің болмауына байланысты шығыстар;

6.7. Орындаушы Медиажоспарда бекітілген жарықтандыру параметрлері (форматы, саны, кезеңі және материалдардың сапасы) үшін жауапкершілік атқарады. Міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Орындаушы Медиажоспарға сәйкес орналастырылмаған материалдардың көлемінің құнына шамалас көлемде, барабар пішімде, Тараптар әрбір нақты жағдайда келіскен мерзімде орнын толтыруға міндеттенеді.

6.8. Клиент тауарлар (қызметтер), соның ішінде тікелей Клиент туралы берілген ақпарат үшін өз бетінше жауапкершілік атқарады.

6.9. Клиент Орындаушыға берген мәтіндік және көрнекі материалдың мазмұны мен құқықтық жарамдылығы үшін зияткерлік меншікке авторлық құқық, сабақтас құқық, жеке және заңды тұлғалардың кез келген басқа құқық нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық жауапкершілік атқарады.

6.10. Орындаушы Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындаудың кез келген мерзімін бұзғаны үшін Клиент талап етуге құқылы, ал Орындаушы міндеттемелерді орындау мерзімін бұзған әр күн үшін тиісті Медиажоспардың құнының 0,2% (нөл бүтін оннан екі пайызы) мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

6.11. Орындаушы Шарттың 2.3., 2.4., 10.4.-тармақтарында көзделген өз міндеттемелерін бұзуы салдарынан Клиентке материалдық залал келтірілген жағдайда, Орындаушы құжат түрінде расталған мұндай залалды толық көлемде өтеуге міндеттенеді.

7. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ

7.1. Тараптардың ешқайсысы Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау немесе тиісті түрде орындамау еңсерілмейтін күш жағдайларынан (форс-мажор) туындаса, жауапкершілік атқармайды.

7.2. Еңсерілмейтін күш жағдайларына, мысалы, табиғи сипаттағы өрт, табиғи апаттар (су тасқыны, сел тасқыны және т.б.), кез келген сипаттағы әскери операциялар, қоршаулар, әскери қақтығыстар сияқты осындай жағдайлар кезіндегі төтенше және күтпеген жағдайлар жатады. Келтірілген тізім толық емес.

7.3. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде, олардан зардап шеккен Тарап 3 (үш) күннің ішінде ол туралы басқа Тарапқа тез арада хабарлайды.

7.4. Хабарламамен бірге берілетін тиісті құзырлы органдардың және/немесе ұйымдардың құжаты жоғарыда аталған жағдайлардың болуының тиісті дәлелі болады.

7.5. Форс-мажор жағдайларынан туындаған Шартты орындауды толық немесе ішінара тоқтату кезінде міндеттемелерді орындау мерзімі мұндай жағдайлар әрекет еткен мерзімге тең ұзартылады.

7.6. Егер форс-мажор жағдайлары қатарынан 2 (екі) ай әрекет етсе, Тараптардың әрқайсысының нақты орындалған міндеттемелерге сай Тараптардың арасында өзара есеп айырысу жүргізіп, осы Шарт бойынша міндеттемелерін әрі қарай орындаудан бас тартуға құқығы бар.

8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

8.1. Осы Шартты орындаған кезде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше Тараптардың арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

8.2. Тараптар дау туындаған кезде осы Шарттың 3.2.-тармағында келтірілген жүйелердің статистикалық деректері осы Шарт бойынша көрсетілген Қызмет көлемінің жеткілікті растамасы болып табылатынын мойындайды.

8.3. Егер даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы реттелмеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы болып табылатын қолданылатын құқыққа сәйкес Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот тәртібімен шешілуі тиіс.

9. ҚОЛ ҚОЮ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

9.1. Осы Шарт оған қос Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2014ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады. Шарттың қолданылу мерзімі өтетін күнге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын Тараптардың ешқайсысы басқа Тарапқа оны бұзу ниеті туралы жазбаша түрде хабарламаған жағдайда, Шарт сол талаптармен әрбір келесі күнтізбелік жылға автоматты түрде ұзартылады.

9.2. Осы Шарттың қолданысы мынадай жағдайларда:

9.2.1. Тараптардың біреуінің өтініші бойынша Шарт талаптарының көрінеу және елеулі бұзушылығы болмаған кезде оны бұзатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей хабарласа;

9.2.2. Тараптардың біреуінің өтініші бойынша Шарт талаптарының көрінеу, елеулі және бірнеше рет (екіден көп) бұзушылығы болған кезде оны бұзатын күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабарласа. Хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімі мұндай өтініштің нысаны болып табылады;

9.2.3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және/немесе жергілікті органдары шешім қабылдаған кезде, егер бұл Тараптардың өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауға әсер етсе, қолданылу мерзімі өткенге дейін мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін

9.3. Шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде Тараптар өзара есеп айырысу жүргізеді. Орындаушы Клиентке нақты тиісті түрде көрсетілген Қызмет құны шегеріп, Шарт бойынша төленген ақыны қайтарады.

9.4. Тараптар өзара келісім бойынша осы Шартты өзгертуге және толықтыруға құқылы. Осы Шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары оның ажырамас бөлігі болып табылады және тек оларды жазбаша рәсімдеп, қос Тарап қол қойған кезде ғана жарамды болады.

10.  ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

10.1. Тараптардың ешқайсысының осы Шарт бойынша өздерінің құқықтары мен міндеттерін басқа Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

10.2. Тарап заңды мәртебесі, банктік, пошта деректемелері, атауы өзгерген жағдайда немесе осы Шарттың тиісті орындалуына кедергі келтіретін жағдайлар туындағанда, бұл туралы басқа Тарапқа күнтізбелік 7 (жеті) күннің ішінде жазбаша хабарлауға міндетті. Аталған хабарламаны алғанға дейін бұрынғы деректемелер бойынша міндеттемелерді орындау тиісінше орындау болып есептеледі.

10.3. Осы Шарт Тараптардың арасында жасалған келісімнің толық мәтіні болып табылады және ол Тараптардың Шарттың мәніне қатысты ауызша және жазбаша жасалған барлық алдыңғы келісімдерін, уәделерін және ниеттерін жояды. Осы Шартты жасасқаннан кейін осы Шартқа қарама-қайшы келетін Тараптардың арасындағы барлық алдыңғы жазысқан хаттар мен келіссөздер жарамсыз болып саналады.

10.4. Тараптардың әрқайсысы осы Шартты орындау аясында басқа Тараптан алған қаржылық, коммерциялық және өзге ақпараттың қатаң құпиялығын сақтауға міндеттенеді. Мұндай ақпаратты үшінші тұлғаларға беру тек осы ақпараттың иесі болып табылатын Тараптың жазбаша келісімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана мүмкін болады.

10.5. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау аясында жіберілетін хабарламалар, жазысқан хаттар мен басқа хаттар, егер олар электрондық почта, факсимильдік байланыс құралдары арқылы немесе почталық жөнелтілім, тапсырыс хатпен жіберілген хабарлама арқылы немесе жеке қолына берілген болса, жарамды болып танылады.

10.6. Тараптар электрондық түрде жолданған ақпаратты даулар мен келіспеушіліктерді, соның ішінде сот органдарында дауларды шешкен кезде дәлел ретінде мойындауға келіседі.

10.7. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысына біреуден беру үшін заңды күші бірдей 2 (екі) данада жасалды. Шарттың әртүрлі тілдеріндегі мәтіндерінде алшақтықтар туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басым деп санауға келісті.

11. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ, БАНКТІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛЫ 

Клиент:

 Орындаушы:

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ