Ә. ҚАСТЕЕВТІҢ ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАР

0

Әлемдік өркениеттен орын алған қазақ елі бүгінгі күнде өзінің жан-жақты даму көрсеткішімен әлем елдерінің назарын өзіне қаратуда. Демек бұл даму көршеткішті одан әрі жетілдіру мәдениет пен өнер саласының өркендеу көрсеткішімен де сабақтасары айқын. Бұл тұрғыда бейнелеу өнері саласыда әлемдік деңгейде өзінің биігін тапқан өнер майталмандарының туындыларын зерттеп, оны болашақ ұрпақтың санасына сіңімді етіп жеткізу, нәтижелі көрсеткішін берері айқын. Ал, бұл мәселе зерттеушілердің арасында өз биігін таппай келе жатқандығын анық байқауымызға болады. Сондықтан да қазақ елінің бейнелеу өнері саласында өшпес із қалдырған суретшілерінің туындыларындағы көркем образды бейнелерін, ондағы композициялық заңдылықтарын, мазмұны мен формасын зерттеп-зерделеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Аталған композиция — суретші айтпақ ойын әсерлі көрсету үшін көркем шығармада бейнелейтін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі бір тәртіппен орналастыруға көңіл бөледі. Үйлестіру заңдылығы деп осындай айрықша тәсілді атауға болады. Үйлестіру заңдылығының бейнелеу өнерінде атқаратын маңызы зор. Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі компазиция деп аталады. Суретшілер сурет салу барысында компазиция көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады. Кез келген суретті салу компазициядан басталады. Компазиция барлық өнер түріне тән ұғым. Осы ұғымды қазақтың әйгілі хылық суретшісі Ә. Қастеев өз шығармаларында аса шеберлікпен жан-жақты аша білді.

Ел аумағындағы халықтардың қолөнері ертеден басталған десекте, қазақ бейнелеу өнерінен алғаш шығармаларды атақты этнограф ғалым                             Ш. Уәлихановтың атымен байланыстырамыз. Ал оны кәсіби деңгейде дамытып, қазақ бейнелеу өнерінде өшпес қолтаңба қалдырған, акварель техникасында бағыт салған Әбілхан Қастеев болды. Қастеевтің әрбір туындыларында қазақы болмыс пен сюжет, мазмұн мен форма өзінің айырықша орынын алған. Бейнелеу өнерінің заңдылықтары, оның ішінде композициялық негіздерге сай етіп жазылғандығы, бейнелеу өнерінің теориясынан сыр шертіп тұрғандай. Бейнелеу өнерінің кәсіби деңгейін Ресейден жер аударылып келген орыстың суретшісі Хлудовтан үйренседе, ол қазықы болмыс пен қазақы тұрмыс-тіршілікті, ондағы салт-дәстүр мен салт-саналық көріністі бейнеледі. Қастеевтің қай шығармасын алмайық ондағы композициялық заңдылыққа сүйенген ұлттық сарын байқалып тұрады.

Суретшінің алғашқы шығармалары 30 жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен тапсырыстарының  бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып көрсетеді. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің «Турксиб» шығармасы көпшілікке танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан – Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген [1].

Бұл шығармасында суретші тұтас бір қазақтың кең байтақ даласы мен таулы аймақтарын, халқының дархан көңілді, жайдары кейіпін бояу түстері арқылы, шеберлікпен ашып көрсете білген. Туындыда жаздың күзге айналған табиғаттың әсем бейнесі көрініс тапқан. Тау бөктері сары түске оранып, күздің салқын тартқан лебізін, пойыз күтіп тұрған адамдардың киімінен аңғаруға болады. Шығармада қазақтың ақ жаулықты аналарын нағыз қазақы бейнеде, қазақы қыймылда, киген киімдері мен кимешектеріне дейін қазақы болмысынан сыр шертіп тұратындай етіп бейнелеген. Немересін жетектеген әженің бейнесі мен баланың көрінісінен де үлкен бір ұлттық сарын сезіліп тұрғандай. Үлкен кісілердің киген киімі мен тұрған тұрысындағы философиялық ой, еріксіз бізге халқымыздың жаратылысын еске түсіреді. Суретшінің композициялық шешімін тапқан және бір тұсы ол, қазақ ер азаматтарын ат үстінде бейнелеуі. Қазақ қашанда атты жанына серік еткен халық. Жалпы қазақ халқын жылқы мінездес деп те атап жатады. Осы ұғымды ескерген суретші аттың қимылын ондағы адамдардың қозғалысына сай етіп сомдаған.  Ер азаматтардың киімдері мен бас киімдерін ұлттық ерекшеліктерге сай етіп, картинаға аса шеберлікпен бере білген. Сондай-ақ жеті қазынаның бірі  болған итті де назарда тыс қалдырмағандығы кез-келген зерттеушіні қызықтырмай қоймайды. Картинада бейнеленген иттің өзі иесінің кейіпіне еніп, бір мақсатта, бір ойда тұрғандай көрініс тапқан. Пойыздан шыққан түтіннің өзі аспандағы бұлыттармен үйлесім тауып үндесуі, ақша бұлттардың суреттегі сюжетпен байланысуы, күн нұрының тау бөкетері мен ондағы барлық құбылысқа түсіп, жарық пен көлеңкенің көрініс табуы, кез-келген әлемге әйгілі суретшілердің шығармаларынан кем түспейді. Мұндығы суретшінің шеберлікпен композициялық заңдылыққа сүйенгендігін айғақтайтын шығармадағы әрбір деталдар өз орнын дәл тапқан.

Бірде суретші Кәміл Шаяхметов онкүндітке «Бие сауу» атты картина салады.  Оны Әбілхан ағасына көрсетіп, бата алғысы келеді. Сонда Әбілхан Қастеев: «Қарағым, жайлауды қандай керемет салғансың. Бірақ, Кәміл, сені түркі халқына бөтен емессің ғой,  қазақтың етін жеп, сорпасын ішкенді білгенде, дәстүрін неге сыйламайсың? Қазақта аттың мінер, биенің сауар жағы болады. Оң жақтағы бие кемпірді теуіп өлтіреді, сондықтан, шырағым, мынауыңды түзе»-депті. Кәміл онкүндікке үш күн қалған кезде картинасын қайта салған деседі.

Мұнда суретші композициялық заңдылықты, дәстүр мен мазмұнға толы сюжжетке байланыстырып отырғандығын айқын көруімізге болады. Картинадағы композициялық шешімді салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптан таба білген суретшінің шеберлігі өзіндік мәнге ие. Көзге ілінбес дәстүрлерді шығармаларында баяндай отырып, болашақ ұрпаққа дәстүр жалғастығы ретінде бейнелеу өнерін аса жоғары деңгейде бағалай білген.

Көркем туындыларынан Қастеев қаламына тән қасиет – эпикалық ауқымдылық, ұлттық бояудың айқындығы көрінеді. Суретші халқымыздың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелеп, ұлттық дүниетаным аясында тың композициялық шешім таба білді. Оның “Киіз үйдің ішкі көрінісі”, “Қыз Жібек”, “Қыз ұзату”, “Қос құрбы”, “Келін түсіру”, т.б. шығармалары ұлттық қазынамызға айналды. Суреткер Әбілхан Қастеев қазақ халқының салт-дәстүрінің озығы мен тозығын ажыратып, кертартпа кемшіліктерді ашына бейнелейді. Мысалы, “Кедей мен бай құдық басында”, “Құрғақшылық кезінде молданың жылу жинауы”, “Қыз алып қашу” шығармалары осының дәлелі. Оның ұлтына, туған жерге, отанына сүйіспеншілігі шығармаларында шынайы көрініс тапты. Қастеев сурет өрнектерінің сырлы бояуын, ұтымды қолданып, бейнелеу өнерінде мәдениет тарихының, республикалық қоғамдық өмірдің жылнамасын жасады [2].

Қорыта айтқанда, әлемдік өрентанушылық ғылымның бейнелеу өнері бағытына көз салатын болсақ кез келген ел суретшілерінің еңбектері жоғары деңгейде зерттеп-зерделеніп, суретшілердің шығармаларындағы мазмұн мен форманың заңдылық сипаттағы ақиқаты айқын көрсетілген. Рембранд, Леонардо да Винчи, Микелоанджело еңбектері сияқты Қастеевтің әрбір шығармасының идеясы, мазмұны, композициялық құрлымы толық ғылыми зерттеуді күтіп отырғаны белгілі. Ол туралы диссертациялар қорғалса, Абай секілді ұзақ, ғасырлар бойы зерттесе де артық етпейді. Елдігімізді, ұлттығымызды жоғалтпау үшін де бейнеулеу өнерінің майталмандарының шығармаларын ғылыми талдаулардан өткізіп, оның философиялық ойын болашақ ұрпақтың санасына сіңіре білуіміз қажет.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ