ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРДЕГІ ИННОВАЦИЯ ҰҒЫМЫНЫҢ КӨРІНІСІ

0

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді зерттеу барысында инновация ұғымы ең алғаш ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болғанын, яғни бір ел мәдениет элементтерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді. Инновация ұғымы педагогикада кеңінен қолданылады. Дегенмен, бұл ұғымның белгілі бір педагогикалық категория ретінде әлі де қалыптасу үстінде екені белгілі.

Неміс ғалымдарының ішінен инновация теориясының негізін салушылар В.Замбарт, В.В.Мейтчерлих. бұлардың көзқарастары австралиялық И.Шумпетердің көзқарастарымен ұқсас. Олар бұл ұғымды саяси технологиялық процестерге байланысты қолдануды қарастырады.

С.В.Ожегов өз сөздігінде «жаңа» ұғымына төмендегідей анықтама береді: алғаш рет шыққан немесе жаңадан пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған нәрсе, бұрыннан таныс емес енгізген жаңалық.

Инновация мәселесін жан –жақты талқылап зерттеуші, Югословияның педагог ғалымы – К.Ангеловский. Ол мұғалімнің жаңашылдығына қандай әлеуметтік факторлар әсер етеді, жаңашылдыққа  мұғалімдердің көзқарасы қандай, оның мұндай іс –әрекетке қатысы немен  белгіленеді деген сұрақтарға  жауап іздейді.ғалым инновация термині экономика немес техника ғылымдарынан педагогика саласына келуі мүмкін, бірақ бұл терминнің нақты қайдан алынғаны анықтау аса маңызды еместігін айтып, инновацияға жақын ұғымдарға тоқталды. К.Ангеловский өз еңбегінде америка зерттеушісі Э.М.Роджерстің ой –пікірлерін көресете келіп, автордың инновация мәселелерін аграномия, өндіріс және медицина салаларында зерттеген, ол дәстүрлі категориясының өзара байланысты үш кезеңі бар: сақтап жіктеу, ізбасушылық, дамыту. Дәстүрлі мәдениет –бұлтрихи дамытушы мәдениет. Дәстүрінің даму процесі жаңаға өткел. Осылардың арасында әр тарихи кезеңде өткенге таным қызығушылығына қанағаттанушылық қана тудырып қоймай, жас ұрпақтың жас ұрпақтың маңызды қажеттіліктерін өтейді. Мұның барлығы жаңаның өзі кездейсоқ емес, дәстүрінің ықпалында болуы қажет. Яғни дәстүрлі мен жаңа синтезі. Осыдан келіп, инновация мен жаңаның арасындағы айырмашылық қандай деген заңды сұрақ туады.

Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана инновациялық процесті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс —  тәсілдері мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз.

Л.Д.Гирева педагогикалық инновацияларға ХХ ғасырдың 60-80 жылдар аралығында талдау жасаған. Біз үшін мұғалімнің шығармашылық тәжірибесінің басты өлшемі «жаңа идеялар мен әдіс тәсілдерді жүзеге асыра білуі», -дейді.

П.Щедровский бойынша, инновацияны ойлау мен әрекет етудің ерекше бір түрі ретінде білім беру саласында кадрларды даярлауды ұйымдастырудың ерекше бір түр деп түсіндіреді. Д.В.Татьянченко мен С.Г.Воробщикова бұл ойды жалғастыра отырып, инновация дегеніміз – білім беру процесін өзгертуге бағытталған педагогикалық жаңалық енгізу, ал жаңалық енгізу мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет деп анықтама береді. Олар төмендегідей екі талапты көрсетеді:

1) инновацияның  қиын мәселені шешуде туындайтын ерекше бір қажет идея ретінде қарастыру;

2) инновация мектеп жұмысын жоғары сатыға көтеруге бағыттау.

И.А.Романова ғылыми зерттеу жұмысында және педагогикалық әдебиеттерде инновация мәселесіне жалпы әдіснамалық және тарихи педагогикалық баға бермеген деген пікірді айтып, дәлелдейді. Дегенменде, тарихи педагогикалық зерттеулерде, әдістемелік тұрғыдағы еңбектерде педагогикалық жаңалықтың түрлі аспектілерінің біршама қарастырылғандығын айтады.

Ал С.А.Смирнов, А.И.Пригожин, В.В.Розин, А.М.Ворониндер өздерінің ғылыми зерттеулерінде инновацияның бүтіндей теориялық негізін, оның жан жақты сипатын, даму зандылықтарын, ұйымдастыру ұстанымдарын жекелеу ерекшеліктерін айқындауға тырысқан. Ғалымдардың зерттеу нәтижелерін төмендегідей жіктеуге болады.

Біріншіден, инновация теориясының әдіснамалық фундаментін қалауда маңызды роль атқарады.

Екіншіден, қазіргі кезде инновациялық білім туралы  арнайы саланың білім беру  жүйесінде қалыптасуы жаңалықты тәжірибеде іске асыру жолдарын зерттейтін педагогикалық ииноватиканың қалыптасуы мәселелерін қалыптастырады.    Бұл аспектіге ғалымдар В.И.Загвязинский, А.О.Пинский, С.Д.Поляков зерттеулеріндегі педагогикалық инновауияның маңызды мәселелері, жаңалықтардың жіктелуі, педагогикалық инновацияның даму ерекшеліктерін анықтау, білім беру жүйесіндегі ииновация теориясын жасау, инновацияны ұйымдастыру, басқару жүйесін қалыптастыруға арналған. Бұл ғалымдар өз қорытындыларын төмендегідей негіздейді:

  • Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе және шығармашылықпен қызмет етуші ұстаздар қызметінің теориясына сүйеніп, осының негізінде зерттеудің бірізділігін айқындау;
  • Педагогика теориясының жалпы қағидаларымен оқыту әдістемелерінің негізгі мәселелеріне жаңалықпен оның педагогикалық ақиқатын өзгерту мәселесі;
  • Педагогикалық инновация отандық педагогикаға келу тарихын, оның негізгі көздерін және әр тарихи кезеңдегі шығу тегінің ерекшеліктерін, олардың байланысын, қалыптастыру ерекшеліктерін қарастырады.

Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерде «инноваация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс әрекеті деп санайды. Бұл тұрғыда бізді қызықтыратын Н.Р.Юсуфбекованың зерттеулері. Ол білім беру жүйесіндегі жаңғыртуды инновациялық процесс деп көрсетеді. Сонымен қатар, ол инновациялық процесс дегеніміз жаңалықтарды жасау, оны педагог қауымының оқыту мен тәрбие беру тәжірибесінде қолдану деп түсіндіреді. Оның пікірі бойынша педагогикалық инновацияға үш блок түсініктер мен идеялар енгізуге болады:

  • Жаңалықты жасау, оның топтамасы, жаңалық өлшемдері;
  • Олардың қабылдау бағдарламасын зерттеу, педагогтардың берген бағасы;
  • Жаңаны білім беру жүйесінде қолдану.

Педагогика жаңалықтардың шығу көзін, топтамаларын жаңалық болып есептелу үшін қойылатын талаптарын, оларды ұстаздар қауымының қабылдауын, бағалауын, осы жаңалықтарды білім беру шеңберінде қолдану туралы мәліметтер инноватика саласында қаралады. Инноватика мазмұнына талдау жасау нәтижесінде Ш.Т.Таубаева төмендегі негізгі аспектілерді көрсетеді:

  • Инноватика – жаңа білімді ойлап табу, меңгеру, негізгі заңдылықтарын зерттейтін гуманитарлық ғылым;
  • Инноватика – жаңа білімді жасап шығару, меңгеру, енгізу процестерін зерттейтін ғылыми білім саласы;
  • Инноватика – қоғамдық тәжірибе және ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы инновациялық процестің теориясы мен практикасы. [6,12].

Инновациялар топтамасы негізінде білім беру мекемелерінің қызметіндегі туындайтын сананы педагогикалық ой –идеялар жатыр.

Қорытындылай келе, инновация – білім беру жүйесінде жаңалық енгізу ғана емес, бұл ұғымның ауқымы өте кең. Сонымен қатар, белгілі бейімдеуден өткен идеялар жаңа жағдайда қолданылса, оларды инновациялық деуге болады екен. Бұл ұғымды тәжірибеден өткен жаңалықтар, қайта өзгертілген идеялар белгілі бір уақыт мезгілінде маңызды рөл атқаруы деп түсінуге болады. Қазіргі кезде педагогикалық инновацияның білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерінің бірі – жаңалықтарды топтастыру. Оқытушы үшін  ашылған жаңа әдісті жан – жақты түсіне білу үшін, бұл жаңалықтың басқа жаңалықтардан ерекшелігін, айырмашылығын, артықшылығын көре білуі қажет.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ