Ақпараттық соғыс. Ақпараттық соғыстың басты мақсаты

0

Ақпараттық соғыс (АС) — материалдық және интеллектуалдық салаларда қандай да бір ұтыс алу мақсатында бір-бірінің ақпараттық ресурстарына белсенді ақпараттық ықпал жүргізетін қарсыластардың қалпы. «Ақпаратық соғыс» ұғымы ақпараттық ресурстардың, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың, бұқаралық ақпараттың электрондық құралдарының дамуына орай кең қолданыла бастады.

Ақпараттық соғыстың басты мақсаты — қарсы жақты өз ырқына мәжбүрлеп көндіру арқылы өз мүддесіне сәйкес келетін саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік ұтысқа қол жеткізу. Өз мақсатына жету үшін қарсы жақтар ақпараттық және интеллектуалдық ресурстарына ықпал ете алатын және алдап-арбауға мүмкіндік беретін кез келген құралдарды қолдануға әзір. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың негізінде ақпараттық қару жасалып қолданыла бастады. Ақпараттық соғысқа тән қасиет — барлық іс-әрекетті жоспарлау. Ақпараттық соғыс барысында стратегиялық, тактикалық және тез шешім қабылдауды қажетсінетін міндеттер қойылып, шешімін табуы мүмкін. Ақпараттық соғыстың басты белгісі ұлттық және бірлескен мүдделерді «белінен басатын» әскери іс-әрекеттің шексіздігі. Ақпараттық соғыс мемлекеттер, одақтар, қоғамдық, экономикалық және әскери құрылымдардың арасында жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық соғыстың «психологиялық соғыспен» ұқсастығы басым, өйткені Ақпараттық соғыс субъектілерінің мақсаты электронды БАҚ-ның қатысуымен орындалады. Ақпараттық соғыста жеңіліс табатын негізгі нысандар: ақпараттық жүйе, мемлекеттің, қоғамның ақпараттық және интеллектуалдық ресурстары, адамдардың жүйкесі. Ақпараттық соғыс ашық және жабық түрде жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық соғыс соғыс процесі нақтылы мақсаттарын бүркемелеу үшін «қарапайым соғыс» жағдайында аш

ық әрі агрессивті сипатта жүреді. Ал, бейбіт жағдайда ақпараттық ықпал әдетте ұзақ уақыт және жасырын ақпараттық қарсыластық сипатта болады. Кейде Ақпараттық соғыста «кім жау» екенін ажырату қиынға түседі. Ақпараттық соғыстың құрамдас бөлігіне мыналар жатады: психологиялық шаралар, электрондық соғыс шаралары, теріс ақпарат тарату мен қарсы үгіт-насихат шаралары, қарсы әрекет ету мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, тікелей ақпараттық шабуылдар, ақпараттық ресурстар бөліктеріне тікелей залал келтіру. Бұл шаралардың тиімділігі ақпараттық ресурстардың қорғалуына және қауіпсіздігіне байланысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ