ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖАЙ-КҮЙІ

0

Өткен онжылдықта Қазақстанда нарықтық экономика мен оңтайлы қаржылық жүйе негіздері қаланды. Әлеуметтік-саяси және басқа да маңызды мәселелерді шешумен қатар 90-жылдардың басында мемлекет заманауи банк жүйесін құруға кірісті. Негізгі жүктеме Банктерді дамыту мен олардың қызметтерін  реттеудің негізгі мәселелерін тиімді шешуге максималды түрде кіріскен Қазақстанның Ұлттық Банкіне түсті.

Белгілі қиындық банктік бақылау жүйесінің қалыптасуы мен қаржы нарығының басқа секторларын реттеу осы реттеу нысандарының өздерінің қалыптасуы кезеңімен параллель жүруінде болды: екі деңгейлі банк жүйесі, бағалы қағаздар нарығы және т.б.Мүмкін, осы себептен де қаржы нарығының кейбір секторлары өзінің тиісті деңгейде дамуына ие бола алмай қалды.

1993 жылдың көктемінде банктік кәсіпкерлік пен банктік қызмет көрсету, сонымен қатар банк секторындағы мемлекеттік реттеу сұрақтарына негізгі шарттарды орнатқан «Қазақстан Республикасы банктері туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» жаңа заңдары күшіне енді. Екі жылдан кейін бұл құжаттар банктік реттеу, қадағалау стандарттарын арттырып және банк қызметінің кейбір қажетті ерекшеліктерін заңнамалық деңгейде бекітуге мүмкіндік берген жаңа шығарылымда қабылданды.

Осы тұста Қазақстанның Ұлттық банкімен аяқталуы жақын уақытта іске асатын екінші деңгей банктерінің халықаралық стандарттарға кезең бойынша өту бағдарламасы бекітілді. Банк қызметін реттеу республикада бастапқыда Банктік қадағалаудың Базельдік комитеті принциптері мен стандарттарын қамтитын халықаралық талаптарды есепке алудан құралды.

      2003 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Ұлттық Банкі туралы» заңында 2004 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Ұлттық Банкпен қаржы-несиелік саясатты жүргізуге қатысты бірқатар принциптік өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен, алдыңғы заңнамада Ұлттық Банктің негізгі міндеті ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылса, соңғы өзгерістерге сай негізгі міндет – баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Аталған өзгертулердің негізгі себебі хабарланған Евроодақ стандарттарына өту шеңберіндегі Ұлттық Банк негізгі мақсаттарын нақты анықтау қажеттігі мен негізгі шарттарының бірі айырбас курсындағы баға тұрақтылығына бағдар алуы бойынша Ұлттық Банктің саясатында басымдылықтардың түйісуі болып табылатын инфляциялық таргеттеу принциптеріне өтуі. Сәйкесінше ақша-несиелік саясатты іске асыру барысындағы кез келген міндеттер мен бағдарлар екінші ретті болып табылады. Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырды. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мынандай операцияларды жүзеге асыратын болды:

 —  қайта қаржыландырудың ресми ставкасы;

— ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлер;

-ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері

Ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізді.

Сыртқы нарықтардағы ахуалдың даму тұрақсыздығының сақталуына қарай, сондай-ақ жүргізілетін ақша-кредит саясатының қысқа мерзімді сипатын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын 2013 жылға ғана әзірлеу  туралы шешім қабылданды. 2013 жылы негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету  болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі   ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастыратын болады, бұл Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының қарастырылып отырған  кез келген  сценарийін жүзеге асырған кезде жылдық  инфляцияны 6,0-8,0% дәлізінде ұстап  тұруды болжайды. Тиісінше, өтімділікті реттеу құралдарын таңдап алу әр сценарийге байланысты: бірінші сценарий шеңберінде ұсыну бойынша, сол сияқты алу  бойынша, екінші  сценарий шеңберінде басым түрде өтімділікті беру бойынша және үшінші сценарий  шеңберінде басым түрде  алу  бойынша. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін шеше отырып ақша-кредит саясаты бір уақытта қаржы секторының  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін  болды. Осы міндетті іске асыру  шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  жүйелік сипаты  бар тәуекелдерді талдау мен  азайту, сондай-ақ төрелік соттың туындау мүмкіндігін төмендету мақсатында ақша және валюта нарығының әртүрлі сегменттерінде банктер жүргізетін операцияларды тұрақты  негізде  талдайды.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының қандай да бір шараларын қолдануды бірыңғай экономикалық кеңістіктің  жұмыс істеу шеңберінде болатын интеграциялық процесстерді ескере отырып жүзеге асыратын  болды. Әлемдегі нарықта байқалатын құбылмалылық және әлемдік  экономиканың ірі орталықтарының дамуындағы экономикалық үрдістер аясында Қазақстандағы  макроэкономикалық  тұрақтылықты сақтау  мәселесі аса  маңызды болып табылды.  Осы міндеттерді шешуде БЭК және ЕурАЗЭҚ шеңберінде интеграциялық процестердің дамуы  және  күшеюі белгілі бір  оң рөлді атқаратын болады. 2013 жылы өңірлік мемлекеттердің макроэкономикалық, ақша-кредит және валюта  саясатын  үйлестіру жөнінде  жұмыс  жалғастыртырылды. Сонымен қатар, Банктік қадағалау органы банк секторының жаңа инфрақұрылымын қалыптастыруға, заманауи ақпараттық технологиялардың кірістірілуіне жан-жақты әрекеттестік етті, банктердің кәсіпкерлік дербестігі мәселелерін оңтайлы шешті (сонымен қатар ішкі қадағалаудың ұйымдастырылуы мен ішкі экономикалық саясаттың өзіндік принциптерін анықтау бойынша). Банк амалдарының жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымдар қызметін дамытуға жағдайлар жасалды. Бүгінгі уақытта елдің кейбір аймақтарында осы ұйымдарға банктік қызмет көрсетулердің үлкен көлемі тиесілі (мысалы, несиелендірудің түрлі қорлары және Қазпошта).

Банк жүйесімен салыстырғандағы қаржы нарығының басқа сегменттеріндегі айтарлықтай артта қалу мемлекет алдында оларды реттеу стандарттарын арттыруда ұтымды шешім қабылдау қажеттігі сұрағын қойды. Оған қоса қаржы нарығында секторлардың өзара әрекеті мен кәсіби қатысушылары қызметін сәтті етуді бөгейтін көптеген ішкі заңнамалық кедергілер мен реттеушілік шектеулер болды.

Олармен іске асырылатын келісімдердің  және қатынас сипатының кейбір ерекшеліктеріне қарамастан  қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қабылданған міндеттемелердің уақытылы орындалуын реттеу сұрақтары бойынша ұқсастық белгілері бар екендігі де есепке алынды.

Қаржылық амалдарды қадағалаудың бірыңғай жүйесіне өту бойынша қажетті шараларды жүргізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкі  өзінің құрамында Қаржылық қадағалау Департаментін құрды. Осы арқылы Қазақстан Ұлттық Банк қабырғасында банктік қадағалаудың әдістемесі негізінде қаржылық қадағалаудың бірыңғай концепциясы құрастырылды.

Өткен кезеңде Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығын реттеу сапасын арттыру және қаржылық ұйымдар жауапкешілігін арттыру бойынша мүмкін шаралар қатарын іске асырды. Елдің орталық банк бастамасы бойынша зейнетақы қоры мен сақтандыру заңнамалары қызметтеріне айтарлықтай түзетулер енгізілді. Бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңдар; несиелік серіктестіктер туралы, микронесие ұйымдары мен міндетті сақтандырудың кейір түрлері туралы заңдар сияқты нормативтік актілер дайындалып, қолданысқа енгізілді. Қадағалаудың барлық түрлері бойынша заң негізіндегі нормативтік құқықтық базаның түзетулері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің туынды ұйымдары ретінде Қазақстан Актуар орталығы және Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін кепілдендіру Қоры ұйымдарын құрды.

Соңғы жылдардағы Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің кеңейгенін есепке ала отырып, әсіресе оның қадағалау қызметтерінің кеңеюімен оның орталық банк ретіндегі «классикалық» қызметтері мен қадағалаушы орган қызметтерінің шектеулерінің мақсатты ұтымдылығы туралы сұрақтар маңызды болуда. Елдің экономикалық дамуының жаңа шарттарын есепке алсақ, бұл мәселе маңызды болып табылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ