МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ САЗГЕРЛЕРІНІҢ ӘН МЕН КҮЙ ЖАЙЫНДА

0

1960 жылдардың аяғы. 70-ші жылдардың басында әсем қала Алматыда Құрманғазы атындағы  мемлекеттік  ұлттық концерваторияда өнерді қанып ішіп сусындап ұлы ұстаздар Шамғон Қажығалиев, Хамидолла  Тастанов , Болат Сарыбаев, базарбай Жұманиязов, Тымат Мерғалиев  сынды  білікті  мамандардан  дәріс алып  жүрген шағымызда  түскі  үзіліс  кезінде  оқу  ордамызда  артқы тұсында  ҚазГу  (ҚазМу)  одан сәл  әріректе  шағынғана тамаша  саябаққа шығып демалған сәттерде  небір  қазақтың ғұлама  ақын-жазушылары , дүлділ өнер қайраткерлері Ғабит  Мүсірепов, Сәбит Мұханов, сырбай Мәуленов, Құрманбек Жандарбеков т.т.б.  көрнекті тұлғаларды жиі ұшыратантынбыз, тіпті жеке қарсы бірге-бір шығып қалғанда қол алысып амандасатынбыз

            Бірде қолыма қорапқа асылынған домбырамды ұстап сол саябақта жалғыз бір ойда шомылыпкеле жатқан болуым керек, қарсы алдымда Сәбит Мұхановтың келіп қалғанын байқамай  қалып : «Сәлеметсізбе Сәбит аға»- деп Сасқанымнан қолымнан домбырам түсіп қала жаздап амандасқан болуым керек Сәбит аға бетіме күле қарап  тұрып: «Әй қай баласың, қай жерденсің»- дегені, Мен Бөрі деген балаңыз, Жетісай деген жерденмін, осында концерваторияда оқимын-дедім. Сонда Сәбең: «Онда оқитыныңды мына қолыңдағыда біліп тұрмын, Жетісайларыныңның жағдайы қалай, әй шіркін есіл жерлер-ай» — деп қынжылып кейіппен әрі қарай жүре берді.

           Ал мен болсам әй, шіркін  есіл жерлер-ай деген қынжылыс сөздің  мәнісін көп жылдан кейін барып түсініппін. Расында сол жылдары осы Жетісай, Киров, Мақтаарал аудандары Өзбекстанның құрамында болатын. Ал біздің ойымызда ештене жоқ. Көйлек көк, тамақ тоқ, біздің әдіресіміз кеңестер одағы деген шұрайлы қызыл сөздің бойымызға сіңірген өз уақытының патроиты  едік. Ал Сәбең сияқты зиялы қауымның ойлары тереңде жатқанында кейін аңғардық. Әйтеуір әупіріммен осы үш аудан Қазақстанға қайтадан қосылғанда әзіргі үш ауданның көлемінен 3-4 есе көп суармалы жерлер мен мал шаруашылығы жайылымды жерлер Өзбекстан құрамында қалып қоя берді.

          Ия осынау аяулы да болашақ шұрайлы тың жерге сонау ХІХ-ғасырдың аяқ жағына таман Патшалық Ресей ғалымдары мен билік өкілдері көз тіксе, кешегі кеңес дәуірінің алғашқы жылдарының өзінде бетбақ даланы суландырып игеру мақсатындағы ауқымды декретке батыл қол қойған Кеңес халық комисариатының төрағасы В.И.Лениннің қол қойғанын біз тарихтан жақсы біллеміз. Ел назары ауған бұл тың өлкеге сол кеңес дәуірінің алғашқы жылдарының өзінде – ақ Қазақстан біртуар өкілдері сәкен Сейфуллин, Ильяс Жансүгіров, Бейімбет Майлин ат басын бұрып, ел мен дидарласты, оданда бұрын сонау 1924-1925 жылдары Б/б/К/П орталық комитетінің орталық Азия президенті Түркістан Республикасы халық комиссиялары кеңесінң төрағасы Тұрар Рыскұлов 1923 жылы тамыз айының алғашқы аптасында Мырзашөл уезін аралап болашақ Мақтаарал мақта шарушылығымен танысыпты.

         Бері келе сонау сонау 1959 жылы біздің қасиетті нұр өлкесі аралаған заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Бүгінгі Мырзашөл өңірінің шүлен таратқан ырысты, берекелі, мәдениетті өлке» — деп сүйсіне жазып, шын жүректен баға берген екен. Ия, сол ырысты да, берекелі де, мәдениетті де өлкеге   кезінде ҚР орталық комитетінің  I-хатшысы Д.А.Қонаев екі рет, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрт рет келіп, 1998ж келген сапарында: «Мақтарал Оңтүстіктің жүрегі»  —  деген теңеуінің маңызы өте тереңде жатқанын бағдар шам ретінде қабылдағанымыз абзал.  Осы Оңтүстіктің жүрегі, жер жәннаті Жетысайды, талай ақын жазушылар өзінің өлен жырлары мен очерк ,повесттеріне  арқау етті.Мысалы, ақын Әлібек Мейірбеков  «Сағынамын Жетысайым, көре аламасам жеті сайын»-десе Тұманбай Молдағалиев «Жетісайға барсаң сен, жарыңмен бар»…… әзіл жолдарын арнаса,    Қалдарбек Найманбаев,  Байқожа Баязитов, Талғат Жүргенбаев, Мылтықбай Ерімбетов,    Рахманқұл Бердібаев, т.б. көрнекті қаламгер ғалымдар өз еңбектерінде шөлді Мырзашөлге айландырған еңбек ерлері есімдерін асқақтата отырып, Жетісай, Мақтаарал, Мырзашөл даңқын бүкіл Республика аймағын ақпарат ағымдар арқылы айшықтап жатты.

   Расында Жетісай өңірі  мақтса мақтағанға  тұратындай шөлден шүлкен таратқандай ырыстыда берекелі мәдени орталыққа айналған бірден бір өлке екені даусыз.   Бұл өңірде 120 орта арнаулы мектеп, 500 адам оқитын «Сырдария» университеті, 4 колледжі, 21 мәдениет үйі,  6 халақтық ұжым, тағыда бүкіл Қазақстанға  аты мәлім Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай музыка драма театыры жұсым істейді.Жалпы Мырзашөл өңірі тарихын қозғар   болсақ мың жылдықтар қойнауына түсіп кетуіміз әбден мүмкін.   Жиденлі байсындық бабамыз Алпамыс,  ғалым бабамыз  Әбунасыр Ал-фараби, Әмір  Темір т.т.б.  Көрнекті тұлғалардың  аттарының тұяғы тиген жерлер екені айқын. Оған дәлел Үтір төбеден табылып  жатқан  құнды жәдігерлер. Әзірге  Мырзашөл өңірінің тұрғындары  негізінен  Шардара шөлінен,   қарааспан «Арыс» Шәуілдір, Түркістан,  Жаңақорған т.б жерлерден осыдане 80 жыл бұрыни  қоныс  тепкен  жандар.  Осы өңірде,  осы кезде  көршілес Шымқорған, Жыззақ, Арнасай  аймақтарын қоса есептегенде 600 мыңнан астам жандар өмір сүріп  жатыр. Олардың арасында еліден астам кеңес одағының батырлары, еңбек ерлерімен  қатарына  небір өнерпаз сазгерлер  мен әншілер жазушы ақындар шаққаны елге  мәлім. Біздің айтқалы отырған еңбегіміз Мырзашөл  өңірінің ән-күйлері  жайында болғандықтан  мына  жайда алға қойғанымыз дұрыс.  Айтар  болсақ  әртүрлі әнші күйшілердің  мектебінің айтқане әнін, тартқан күйін естіген  кезінен  ақ бірден ағарасың. Олар Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Батыстың   төкпе  күйлері,  Тәттімбеттің  тәтті  күйлері,  Қаратаудың ойлы  да сырлы шертпелері, Арқаның асқақ әндері Мұхит-Ғарифолла өр әуездері, Маңғыстау  —  Сыр сүлейлері  жүрек жанын жейтін Қазанғап күйлері деп  жалғастыра беруге болады. Осыдан туатын заңды сұрақ Мырзашөл өңірінің өз күйшілік, әншілік мектебі туралы болуы әбден  мүмкін.   Оған  берер жауабымызда жоқ емес. Мысал айтар болсақ 1946 жылы дүниетден өткен атақты күйші ақбала жанқабыл ұлы күйлерінің өз өрнегі бар,бірақ тереңірек үңілсек Әлшекей, Әлзақ күйлерінің сарыны бар екенін кәсіпқой мамандар мен күйпаздар бірден аңғарды. Бірақ Ақбаланың құлақ күйлері өз алдына  кіші мектеп деуге болатындай  жайы бар. Бұл өңірге көшіп  келген жандардың  тарихы 100 жылдың бересінде болғандықтан барлық күйшілік әншілік  өнердің сарыны сол үлкен мектептерде үндесіп  жатуы  заңдылық. Әзіргі таңда  осы мырзашөл өңірінде алды республикаға  танымал арты өлкемізге белгілі 70 тен астам сазгкрлер бар.Олардың қатары күн санап өсіп келеді.

        Байымбетов  Тасболат Төреұлы — әнші, актер, режессер,драматург бірнеше жыл Жетісай театрының директоры болған.70 тен астам әндері.

        Күлаш Қасабекова  — бірнеше жыл аудандық кітапхананы басқарған әнші сазгер.100 ден астам әсем сазды әндердің авторы.

        Әріпжан Әміров  — домбырашы – ұстаз. Жетісай мәдени  ағарту училищесінде 30 жылдан астам уақыт ұзтаздық еткен. 80 астам ән-күйлердің авторы.

         Абзал Балғынбаев — (1945-1976)  —  Жетісай қазақ педагогикалық  училищесінде жұмыс істеген  күйші сазгер. 20 дан астам әсем әндердің авторы.Оның ішінде елге кеңінен тараған  арулар әні бар. Мұхтар Құралов- әнші сазгер,айтыскер ақын, жазушы-ақын, мәдени ардагері, 100-ге жуық ән-толғаулары бар.

          Темірхан Әлихан – жазушы ақын,айтыскер,журналист,30-дан астам ән-күйлердің авторы.

          Базарбек Бүріс — әнші сазгер,ұстаз 40-тан астам әндердің авторы.

          Әлібек Мейірбеков – (1944-2001) – ақын,Қазақстан жазушылап одағының мүшесі, драматург, Жетісай қаласындағы  №37 кәсіптік  училищесінің  алғашқы  директоры, Жетәсай театрының директоры болған. ҚР мәдениет  қайреткері.

          Лесбек Аман – Шымкент мәдениет институтын  бітірген. 70-тен астам сазды әндердің авторы.

          Өмірзақ Сұлтанмұратов-Шымкент мәдениет институтын  бітірген 80-ден нен астам ән-термелердің  авторы.Әнші термеші.

        Әлиасқар Өтен – сазгер-ұстаз, дирижер 40-тан астам ән-күйлурдің авторы.

         Мекембай Атабай – сазгер,кәсіпкері депутат, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы. 10-нан астам әннің авторы.

         Сапаралы Серікбаев — әнші сазгер.Жетісай театрының директоры. Мақтаарал ауданының құрметті азаматы 10-нан астам ән-күйлердің авторы.

         Арал Қожабеков – күйші сазгер, ұстаз, ғалым. 15-тен астам  ән-күйлердің автор.

         Бөрібай Оразымбетов – ақын-сазгер,   Қазақстан, Өзбекстан жазушылар одағының мүшесі.

         Сұлтан Мәжібеков – музыкант-сазгер, Шымкент мәдениет  институт бітірген. 30-дан астам сазды әндердің авторы.

         Тастан  Мырзасейт- ұстазсазгер,ақын жазушы. 4-5 кітабы жарық көрген.20-дан астам әндердің авторы.

         Әзірет Мырзасейт – сазгер,мәдениет танушы. 30-дан астам әндердің авторы.

         Пернегүл Ақмырза – ұстаз-сазгер,20-дан астам әндердің авторы.

         Мұхит Қасқырбай — әнші,сазгер, ансамбль жетекшісі 20-дан астам  белгілі әндердің авторы.

         Бенсен Сал – қарапайым жұмысшы, сазгер. 20-дан астам әндердің авторы.

         Айып Нұр – жазушы-журналист,ғалым. 7-кітабы жарық көрген.

         Күлімжан Сейіәлі – сазгер-ұстаз.20-дан астам әндердің авторы.

         Жұмахан Сері Дастан – мәдениет танушы, доцент, әнші сазгер.30-дан астам ән-күйлердің авторы.

         Асан Пердеш – жас әнші, сазгер.30-дан астам әндердің авторы.

         Бекболат Сапарғалиев — әнші сазгер, ақын Әзизхан Артықұлымен бірге бірнеше әндер жазған.

         Әбдіғаппар Иса – көптеген  жылдар шенеулік қызметтер атқарғае ақын  сазгер, ақын Әбдіқалық Тегісұылымен бірге үлкен саясикер,губернатор      Аман  Төлеевке ән шығарған.

         Жаһангер Әлемгер — әнші – термеші, сазгер ұстаз, 15-тен асқан әндердің  авторы.

        Сәбит Оразбай – жас сазгер, Сырдария университеті ән-саз мамандығын бітірген.20-астам ән-күйлердің авторы.

        Алғи Тойшыбек – күйші  сазгер, ұстаз, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі. 10-астам  күйлерін Құрманғазы  ұлт аспаптар оркестрі, Отырар сазы атындағы фольклор этнографиялық оркестр репертуарына алынған.

        Жамалбек Ақылбай – жазушы ақын.Қазақстан журналистер одағының мүшесі.10-астам жарық көрген кітаптардың авторы.

        Өсімхан Еркебай – ақын сазгер, Қазақстан журналистер одағының  мүшесі,7-әнінің авторы.

        Оразкелді Есжан – мәдениет ардагері,ақын жазушы.СССР мәдениет қайраткері.

        Талғат Құлыншақ — әнші  сазгер, Жетісай театрінің актері,10 астам әндердің авторы.

        Бабахан Алтынбек – ақын жазушы. Ғалым, Сырдария университетінің тарих факультетінің доценті.

        Гүлмира Сейдәлі – ұстаз,сазгер, 20-дан астам әндердің авторы.

        Асқар Сыдықов – жас сазгер

       Төлеп Сыдықов-  қобызшы,ұстаз,кәсіпкер,ақын-сазгер.

       Нұрқожа Сейтжан – ішкі-істер қызметкері,сазгер, патриоттық әндер конкурсының лауреаты.

       Зәкір Найзағайраев – драматург, актер, сазгер. Жетісай театрының актері.

       Әзизхан Артыұлы – Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Мақтаарал газетінің бөлім меңгеріші,ақын сазгер.

Міне осы таңда  40-астан Мырзашөл өңірінің сазгерлерінің 200-ден астам  ән-күйлерін қағазға түсіріп, баспаға беруге азірлеп отырмыз. Ал 300-ден астам жаңа есімдердің ін-күйлері өз кезегімен нотаға түсірілуде. Әрине барлығы  ғұлама сазгер дегеннен аулақпыз.Дегенменде 10-нан астам сазгерлердің шығармашылығын  жеке зерттеп, жеке-жеке кітап шығарып,көлемді зерттеу мақалалардың жазу алдағы уақыттың күттірмейтін еншісі дегіміз келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ