Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы

0

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-дамасы  Білім және ғылым Министрінің 2009 ж. 16 қараша № 521бұйрығымен бекітіліп, Республиканың  үздіксіз білім беру  ұйымдарына ұсынылады. 

КІРІСПЕ

Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі  мен  еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие     проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің   заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда   дербес шешім жасай       алатын, ынтымақтасуға және   өзара іс-қимылға қабілетті,  ел тағдыры үшін  жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына  жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы   азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік  бағдарламасынан  және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының  Конституциясында бекітілген.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында (12, 27, 28, 29, 30 — баптарда),  «Қазақстан Республикасындағы бала  құқықтары туралы», «Білім туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Қазақстан Республикасының   Заңдарында және т.б. маңызды құжаттарда жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде  қалыптасуы  мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт   дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту  сияқты құқықтарын іске асыру – білім беру жүйесінің басты міндеттері болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыны тәрбилеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға   құқықтық білім беру  тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында адамгершілік-жыныстық тәрбие беру   тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, ҚР азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.

Нормативті-құқықтық базаға жасалған талдау «жеке тұлғаның еркін дамуы», «адам құқы»,  «жеке тұлғаның мүддесі»  және т.б. ұғымдардың жан-жақты қолданылатындығын көрсетті. Осылайша тұжырымдап айту алдымен білім беру ұйымдарының бастапқы деңгейін  демократия-ландыруға мүмкіндік береді.  Басым құндылықтар ретінде дербес даму, өзін-өзі табысты көрсету және өзін-өзі анықтау ерекшеленеді.

Білім берудегі жаңа парадигма іскерлік сипатта байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашыық қабілетті дамытуға бағытталған. Соның негізінде  балаларды және жастарды мектеп жасына дейінгі,   орта білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім, қосымша білім берудің  түрлі деңгейлерін қамтитын тәрбие  жүйесі құрылуда. Тәрбие  үдерісі ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011жылдарға арналған республикалық тәрбиенің кешенді бағдарламасы, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының аймақтық деңгейінде тәрбие беру бағдарламасы жасалып, енгізілді; авторлық бағдарламалар дайындалуда;  тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалу мен  жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері жасалды.

Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүргізіліп келеді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагогтар-ұйымдастырушылар, аға вожатыйлар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, еңбек ақылы сынып тәрбиешілері, қосымша білім беру педагогтары мен әдіскерлер штат  бірліктеріне енгізілді.

Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында   нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін  педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді.

Алайда, Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, олардың бірінші тобына мыналар кіреді:

  • Тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар толық жасалмауы.
  • Ұлттық құндылық бағдарларының жоғалуы. Педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі.
  • Өмірлік құндылықтардың шынайы патриоттық сезімді мойындамауға жетелейтін тар прагматикалық көзқарастармен ауыстырылуы.
  • Қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы, заңға ден қоюшылықты қалыптастыруға мүмкіндік бермеуі.
  • Ұлттық мәдени қабаттардың бұзылуы. Адамзаттың мұндай жалпы проблемасы біздің елімізде де тұрақсыздық, белгісіздік жағдайлардың шиеленісуіне және халықтың кейбір бөліктері негізгі күшін өмір сүруге қажетті  қарапайым амалдарды жасауға бағыттауы. Бұл сияқты теріс ұғым бой алуы дәстүрдің, ұлттың мәдени көзінің жойылуына, білім алушылардың басым бөлігінің дүбаралануына алып келуі.
  • Әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі.
  • Адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын елемеушіліктің басым  болуы.
  • Бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы теріс ықпал етуі.

Білім беру жүйесінің ішкі себептерінен туындайтын тәрбие проблемалары екінші тобын жататындар:

  • Тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Тіпті, олар тұжырымдамалық мәнде нақты белгіленгеннің өзінде тәрбие үдерісін дамыту бағытында мазмұндық және осы үдерісті жергілікті орындарда ұйымдастырудың проблемалары.
  • Педагогтардың тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі.
  • Балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі.
  • Балалар және жастар қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыруда бірыңғай ұстанымның болмауы.
  • Еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы.
  • Мектептерде және мектептен тыс ұйымдарында үйірмелер мен спорттық секциялар санының жеткіліксіздігі.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас жеткіншектер тәрбиесі еліміз қауіпсіздігінің негізін құрайтын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып,  отбасының тәрбиелік потен-циалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді.  Бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз.  Жоғарыда айтқанымызға орай  үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің бүгінгі жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау  қажеттілігі туып отыр.

 Тұжырымдама құрылымы:

  1. Кіріспе.
  2. Тәрбие құндылықтары.
  3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
  4. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі
  5. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны.
  6. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.
  7. Күтілетін нәтижелер.
  8. Сөздік.

ТӘРБИЕ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Құндылық – көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық, әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік  объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді, оларды құруға педгогикалық үдеріс бағытталған.

Адам – абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі». Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы  – адам, оның өмірі, құқығы және бостан-дығы. Қазргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі  ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы,  шығармашылық және таным субъектісі ретінде ұсынылады.

Отбасы –   болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Екі адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір,    бала дүниеге келген күннен бастап отбасы  құрылады.

Отан, туған өлке – тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның теңдесіз, бірегей туған жері.

Денсаулық, салауатты өмір салты – бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс. Елбасының «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауында – денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып танылады.

Еңбек –  адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты».   Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек – адамның табиғи қасиетінің анағұрлым табиғи көрінісі.

Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің құралы.

Мәдени мұра – барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.

Тіл  – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.

Достық  –  өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін  таңдау. Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты  айғақтайды. Біз  досымызды alter ego (басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес.

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсат – жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру.

Міндеттер:

  • жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуіне көмектесу;
  • тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;
  • балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде  ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды  ұйымдастыру;
  • жас ұрпақтың өзінің рухани — адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
  • балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;
  • өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және   өзін-өзі табысты көрсетуіне   қажетті  жағдай жасау.

ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҰСТАНЫМДАРЫ

Тұлғаға бағытталған  көзқарасы – тәрбиеленушінің өзара байланыстағы түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдерін қамтамасыз ету мен  өзін-өзі тану, дербестігін құру және өзін-өзі табысты көрсету үдерістер     жүйесін қолдау, оның қайталанбас жеке тұлғалық дамыту арқылы педагогикалық қызметтегі әдіснамалық байланыс.

Тәрбиедегі әрекетшіл көзқарас – жеке тұлғаның бірлігі оның  әрекетшілдігінде екендігі туралы көріністен туындайды. Бұл бірліктің көп үлгілі формадағы қызметі жеке тұлғаның құрылымына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасаудан байқалады; жеке тұлға өз кезегінде бір мезгілде тікелей және жанама түрде дербес даму сұранысын өтейтін барабар қызметтің түрлері мен формаларын жүзеге асырады. Әрекетшіл көзқарастағы тәрбиені бағамдаудың мәні басты назары қызметте ғана емес, мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі тәрбиеленушілер мен педагогтардың бірлесіп жасаған қызметінде екендігін аңғартады.

Кешенді көзқарас – тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі кешендердің тұтастығын қамтамасыз етуді құрайды. Кешенді көзқарас  құбылыстарды, шындық объектілерін, қатыстылықты, қызметті және т.б. барлық жүйелер мен деңгейлерді қарастыру кезінде қолайлы және тиімділікке жеткізеді. Кешенді көзқарасты тәрбиеде қолданғанда ол тәрбие үдерісінің басты, мәнді тұстарын ашуға негіз болатын, соңғы нәтижеге себепші болатын  – жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады.

Аксиологиялық көзқарас  – санадан «беретін» және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты әмбебап жалпы адамзаттық құндылықты қамтиды; табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп жатқан қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуде баланың өз білімінің, өмірінің  мәніне ие болуына бағытталған.   

Амбивалентті көзқараста (Л.И.Новикова)  алғашқыда екі жақтың бір-біріне қайшылықтарын жоятын, оларды есепке алу негізінде педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді қарастыру көзделеді. Мәселен, амбивалентті көзқарас ұжымдарды және дербестікті, еркіндікті пен жауапкершілікті, саралау мен интеграцияны зерттеуде қолдануға лайықты. Әдеттегідей кез келген педагогқа дуалистік сипатты абсолюттендіру  тән:  мектепте тек қана тәртіп болу керек, ал ұйқы-тұйқылық – бұл негативті сипаттама; егер еркін тәрбиеге үстемдік берілсе, онда ешқандай еріксіз көндіру болмайды; дербестік дамытылса, ол ұжымнан тыс жүреді. Мұндай көзқарас шындыққа сәйкессіздікпен бірге педагогикалық қызметтің мәні мен мазмұнын қожыратады. Бұл ретте амбивалентті көзқарас сөзсіз басымдыққа ие болады.

Жүйелі көзқарас объектіні күрделі, оны құрайтын бөліктерді жинақтауға болмайтын және иерархиялық құрылым  ретінде қарастыруды көздейді.  Жүйелі көзқарас құрылымдық компоненттерді, олардың функциясын, функционалды-иерархиялық байланыстарды орнықтыруды, жүйе жасаушы факторларды анықтауды, сыртқы байланысты талдауды мөлшерлейді.

Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлық тәуелділікке негіздемей, тек, біркелкі емес түрде өтетін үдеріс ретінде қарастырады; маңызды дәрежеде өзін-өзі ұйымдастыратын, көптеген ішкі және сыртқы ықпалдарға себепші болатын: заңдылық пен кездейсоқ, болжамдық пен стихиялық, реттелген және ұйқы-тұйқы үдеріс.

Орта көзқарасы  тәрбиешілерді  жеке тұлғаны дамыту үдерісін жағдайға және ортаның сипаттамасына тәуелді қарастыруға бағыттайды. Бұл көзқарас тәрбие нәтижесін жобалау және диагностика құралына айналдыруды қамтамасыз ететін ортамен іс-әрекет жасау жүйесін қарастырады. Осы көзқарас ауқымында  субъектіні қоршағанның бәрі орта деп саналады және соның көмегімен адамды жеке тұлға ретінде танытады.

Антропологиялық көзқарас тәрбиеленушілерді бірегей және тұтас жеке тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп жүргізуге бағыттайды. 

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:

Табиғилылық   қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және  жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.

Мәдени сәйкестілік   қағидасы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға  сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және  аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.

Мақстаттылық   қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды,  тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.

Гуманистік бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның барлық мәнді күштерінің дамуына қамқорлық көрсететін, оның  бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөлу негізіндегі қарым-қатынасқа негізделген өзара іс-әрекет  стратегиясын қамтиды.

Этникалық  қағида этникалық мәдениет   негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді қарастырады. Әлемдік мәдениет құндылықтарын бір мезгілде игере отырып, ана тіліне және  мәдениетке орайластыру, дәстүрді, тілді, психикалық қалыпты және этникалық сананы қамтитын рухани өмір саласына тарту жолымен субъектілердің қызметін этномәдениеттік сәйкестілікті сақтау қажеттілігін қарастырады.

Тәрбиенің үздіксіздік қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.

Әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы  түрлі  ұжымдардағы білім беру жүйесінде тәрбие жүргізуді болжайды. Бұл қағида білім алушылардың қарым-қатынас сферасын кеңейтуге,  әлеуметтік-мәдени конструкциялық үдерістерді дербес анықтауға, барабар коммуникация жасауға жағдай туғызып, жалпы әлеуметтік бейімделуін, өзін-өзі көрсете білуін қалыптастырады.

Әлеуметтік барабар қағидасы ұйымдастырылатын тәрбие үдерісінің әлеуметтік ортаға тәрбие  мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің міндеттері нақты әлеуметтік-экономкалық жағдайларға бағытталады және балалардың әртүрлі әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға болжамдық дайындығын қалыптастыруды мөлшерлейді. Қағиданы іске асыру түрлі әлеуметтік ортаның  ықпалын есептеу негізінде жүзеге асырылады.

Демократияландыру қағидасы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.

Вариативтілік қағидасы мектеп жасына дейінгі мекемелерде жүзеге асырылатын кең таралымды, көп үлгідегі тәрбие бағдарламаларын мөлшерлейді, баланың жеке тұлғалық дамуының дербес траекториясын анықтауды көздейді.

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ

Тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы   мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық  иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
  • Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер  мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
  • Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы  өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
  • Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
  • Жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен  өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту    бейімділігін қалыптастыру.
  • Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру.

 ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие  мазмұнын қайта бағдарлау  даму заңдылығы болып табылады.

Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен   рухани  жағынан қалыптасуы    барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты  мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.

Тәрбие  мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.

Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы  жүзеге асатын тәрбиенің   ерекше құрамын анықтау маңызды:

  • Танымдық; ● Еңбектік;
  • Құндылық-бағдарлық; ● Спорттық;
  • Көркемдік; ● Еркін қарым-қатынастық.
  • Қоғамдық;

Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам  көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті  болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие  мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:

  • Адам ● Дос
  • Ұл (қыз) ● Құқық қорғаушы
  • Аға (қарындас) ● Патриот
  • Немере (немере қыз) ●  Азамат
  • Туыс ● Қорғаушы
  • Оқушы ● Ұлттық мәдениетті
  • Ұжым, топ мүшесі қорғаушы    және жасаушы
  • Көш басшы ● Еңбекші
  • Иегер ● Әлем азаматы
  • Қалалық (ауылдық) ● Бейбітшілік орнықтырушы
  • Көрші ● Эколог
  • Бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі

Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады:

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе.
  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.
  • Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені  таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі   болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады.
  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өзін-өзі тану  өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Өзін-өзі тану  нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен  оның мәнін жете түсінеді.
  • Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу,  белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.
  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және  түзетуге көмек береді.
  • Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын,  табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және  адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
  • Эстетикалық тәрбие рухани — адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің   әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында   қазіргі кезең  дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.   
  • Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі   кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы,  сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық жұмыс барысында жүзеге асырылады.
  • Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып,   істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін  тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді.
  • Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.
  • Интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті  мен білімге құмарлығын  дамыту.

 ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ  ШАРТТАРЫ 

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету  тәрбие үдерісі Қазақстан Республикасының білім беру саласының нормативтік-құқықтық  құжаттарына толық сәйкес келуі   және онда туындайтын проблемаларды шешу мақсатында қайтарымды байланыс қамтылады.

Ақпараттық қамтамасыз ету – заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану, мектеп   және жоғары оқу орындары  ішілік БАҚ-тар, тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану және т.б.

Ғылымиәдістемелік қамтамасыз ету   ғылыми-әдістемелік кешендерді жасау, вариативті бағдарламалар, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды енгізу, педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін көтеру және қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылады. Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың таңдаулы тәжірибелерін кең тарату, зерттеу және анықтау;   тәрбие жұмысында және  оларды ұйымдастыруда   да  жаңа технологияларды игеру; адамның рухани әлемінің қалыптасуын қамтамасыз етуге қызмет көрсететін тәрбиенің мәдени сәйкестілігіне бірізді бағдар алу қамтылады.

Ұйымдастырушылық-басқарушылықты қамтамасыз ету  білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдарында  тәрбие жұмыстарын қолайлы жоспарлау негізінде тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және олардың жұмыстарын үйлестіруге жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын интеграциялау, толассыз зерттеу, тиімді жұмыстарды қорыту және кең тарату, тәрбие үдерісіне мониторинг жасау, тәрбие жұмыстары туралы субъектілердің пікірлерін тыңдау негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін құру қамтылады. Үздіксіз білім беру жүйесін құру; білім берудің деңгейлері мен дәрежелерінің сабақтастығы; зерттеу, инновациялық қызметтерді қолдау; отбасы тәрбиесі жүйесін қайта өркендету және  отбасын мектеп тәрбие жүйесіне  қосу талап етіледі.

Матриалдық-техникалық қамтамасыз ету  тәрбие жұмысына  қажетті материалдық, техникалық жағдай жасау, тәрбие жұмысын респуб-ликалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру, тәрбие үдерісіне қатысушыларды икемді ынталандыру жүйесін тиімді пайдалану  қарастырылады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау педагог-тәрбиешілердің балалар мен жастарды тәрбиелеуде ғылыми ұйымдардың, педагогикалық жоғары оқу орындарының және колледждердің профессор-ұстаздар құрамымен, ата-аналар бірлестігімен және қоғамдық ұйымдармен серіктестік және достастықта қызмет етуді; серіктестікке, достастыққа, өзара сыйластыққа негізделген жеке аралық қатынастарға ынталылық көрсету арқылы  тәрбиеге қатысуды; тәрбие институттарының (әлеуметтік серіктестік) шоғырлануын күшейтуді; балалар мен жастардың әлеуметтік-педагогикалық қорғалуын қамтмасыз етуді, өзін-өзі бағалаушылықты және психологиялық жайлылықты қалыптастыруды; психикалық-педагогикалық түзетуді дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар мен жастармен жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл топтардың өкілдері, шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.

Кадрлық қамтамасыз ету «әлеуметтік педагог», «қосымша білім беру педагогі» мамандықтарын классификаторға енгізуді; тәрбие жұмысымен шұғылданатын барлық категориядағы педагогикалық қызметкерлердің мамандықтарын көтеру және  қайта даярлауды қамтама-сыз етуді; сынып жетекшілерінің, кураторлардың, мектеп психологтары-ның, әлеуметтік педагогтардің («қиын» балалармен жұмыс жөніндегі, және т.б.) қызметтік міндеттерін нақты бөлуді; педагогикалық колледждер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің  жазғы демалыста-рын ұйымдастыруда педагогикалық практикадан өтуін қайта жаңғыртуды мөлшерлейді.

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ОРЫНДАУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Қазақстан Респубикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру:

  • тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;
  • білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігін және сабақтас-тығын қамтамасыз етеді;
  • балалардың, жас өспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;
  • салауатты өмір салтын норма ретінде бекітеді;
  • қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі  жоғарылайды;
  • барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.

СӨЗДІК

Тәрбие – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық).

Тәрбиелік үдеріс – ол өзіндік даму,  өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау  мақсатында  .педагогтар мен балалардың  өзара іс-әрекеттері.

Тәрбие жұмысы  – ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың  бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.

Тәрбиелік жүйе – 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі,  пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар  мен оның психологиялық жағдайы (Л.И.Новикова) қамтылған тұтас әлеуметтік  организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе. Тәрбиелік жүйенің күрделі құрылымы бар  және  білім беру саласында білім беру мазмұнының, үдерістің, оны ұйымдастырудың әдістері мен формаларының мақсаттары арқылы сипатталатын  тәрбие жұмысының жүйесін, өзара байланысты іс-шаралардың жүйесі ретінде   (іс, акция) қойылған бірдей мақсаттар мен дидактикалық жүйені қабыстыру қамтылған. 3)  уақыт пен кеңістікте дамыған өзара байланысты компоненттер кешенінің бастапқы тұжырымдамасы ( іске асыру үшін жасалған идеялар жиынтығы). Олардың құрамына:

-тұжырымдаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қызметтің сан   алуан түрлері;

— іс-әрекет субъектісі оны ұйымдастырушы және оған қатысушылар;

— субъектілерді жалпылыққа кіріктіретін қарым-қатынас;

— субъектілер меңгерген орта;

— барлық компонентер жүйесін кіріктіруді тұтас  қамтамасыз ететін басқару.

Қосымша білім  беру  –   білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі (ҚР «Білім туралы» Заңы). Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды. Балаларды тәрбиелеу және дамыту жүйесінде қосымша білім беруді қолданудың мәні тәрбие, оқу және баланың жеке дамуын бірыңғай үдеріске біріктіруінен айқын көрінеді. Қосымша білім  беруді ұйымдастырудан тәрбиенің басымдығы байқалады. Қосымша білім  беру баланың мектепте алған білімі мен шеберлігін кеңейтеді және тереңдетеді, сонымен бірге, оның болашақ мамандығының негізгі бағыттарын жарыққа шығарады. Қосымша білім  беруді ұйымдарына  орталықтар, кешендер, балалар мен жас өспірімдердің студиялары; жас техниктердің, саяхатшылардың, натуралистердің станция-лары мен базалары; балалардың музыка, көркемөнер және спорт өнер мектептері; қызығушылықтары   бойынша клубтар; спорттық, сауық-тыру, саяхатшылар лагері; балалар парктері, стадиондары, галереялері және т.б. жатады.

Интеллект  – негізінде  әртүрлі сападағы ақпараттарды өңдеуді және оған саналы баға беруді қамтамасыз ететін саналы да саналы емес те үдерістер негізіндегі қабілеттің біршама берік құрылымы.

Тұжырымдама (латынша concertio) – ол белгілі бір затты немесе құбылысты баяндау жүйесі, оның құрылымында басшылыққа алған идеяны айқындау және оны түсінуге ықпал ететін дәлелдеме.

Тұжырымдамалық көзқарас – зерттеу негізінде жатқан бастапқы негізгі тірек идея мен теориялық ережелердің жиынтығы.

Модельдеу  – мәнді моделдік көрсетуде барабар және тұтас айқындауға мүмкіндік беретін танымдық әдіс және практикалық қызмет, тәрбие үдерісінің заңдылығы, қызмет үрдісінің және даму үдерісі, қазіргі және болашақ жағдай туралы жаңа ақпараттар алу мен оларды тәрбие үдерісінде қолданудың  аса маңызды сапасы мен компоненттері. Тәрбие үдерісін моделдеудің техникалық моделдеуден анағұрылым мәнді үлгідегі ерекшелігі бар.

Тәрбие сапасының мониторингі тәрбие үдерісі,  оларды ұйымдастру және басқа проблемалар  жөнінде субъектілердің пікірлерін қамтамасыз ететін арнайы құрылған қызмет. Мониторниг қызметі ата-аналар, оқушылар, студенттер мен педагогикалық жұртшылықтың белсенді қатысуымен мәліметтер қорын құрып, білім беру ұйымдарының жеке құрылымының тапсырысымен зерттеу жасауы тиіс. Өзін-өзі басқару органдары оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастырудан бастап, балалардың, жасөспірімдердің және жастардың демалысын үйымдастыруға дейінгі әртүрлі қоғамдық өмір мәселелері бойынша пікірлер мен ұсыныстарды зерттеуде мониторинг қызметімен бірлесіп іс-әрекет жасайды.

Парадигма – ғылымда белгілі бір тарихи кезеңде үстемдік ететін проблемаларды қою және оларды шешу, зерттеу әдістері, бастапқы тұжырымдамалық жоба. Болашақ жаңарудың бағыты мен сипатын анықтайтын жетекші тұжырымдамалық идея.

Педагог – тәрбие ісіндегі шешуші тұлға. Қоғамның  бұл маңызды әлеуметтік рөлінің ықпалында педагогке әрқашан көтеріңкі талап қойылады. Бүгін терең білімді, гуманист-интелигент,  жастардың сенімді және шын досы, нағыз кәсіби маман қажет. Мектеп, балалар ішкі еркіндігі бай, жаңаша ойлайтын, адамға жақсылық жасауға бейім, алдымен, баланы жоғары құндылық, бірегей жеке тұлға ретінде қарайтын педагогты қажетсінеді.

Педагог-тәрбиеші – үдеріс ауқымында маңызсыз, жалаң «тәрбиелік» ақпараттармен шектеліп қалмай, білім мен тәжірибенің қайнар көзіндей, бірегей жігерленген түпкілікті субъект  болуы керек. Тәрбиеші болу тәрбиенің мәнін және тәрбиешілік ұстанымды санамен сезінуден, басқаша айтқанда, өзі адамның тәрбиелік миссиясын орындауда жауапкершілікті санамен қабылдап және ішкі мотивациясы осындай жауапкершілікке сәйкес келуі тиіс. Балаларды сүю – тәрбиеші болуға дайындықтың негізгі компоненті. Келесі компонент – гуманистік-дербес бағдардың көрінісі байқалатын тәрбиеленушілердің тіршілік әрекетімен қарым-қатынастық қажеттілігі мен қабілеттің болуы. Тәрбиеші өзінің қызметінде құндылықты игертіп, мақсат пен идеалды жүзеге асыруы тәрбиенің мәнін әлеуметтік және мәдени құбылыс ретінде түсіне білуіне байланысты өрбиді.

Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары:

  • педагог-тәрбиешінің гуманистік-тұлғалық бағдары;
  • оның басқа адамдардың тіршілік әрекетіне әлеуметтік мәдени және кәсіби құндылықтарды жеткізуші болу қабілеті;
  • тәрбиеші ретінде белгілі бір әлеуметтік мәдени және білім беру жағдайында өзінің орнын, функционалдық мүмкіндіктерін сезіну;
  • басқа адамды қабылдау және түсінуге ұмтылу;
  • тәрбиенің теориясы мен практикасының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес әдіснамалық, әдістемелік және технологиялық дайындығы;
  • одан әрі кәсіби-жеке өсуінің ішкі алғы шартының болуы;

Қазіргі заманғы тәрбиеші –  ол саясаттың, нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге,  нарықтық қатынастың келу салдарын, жаңа үрдістерді педагоги-калық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтимал-ды мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.

Қосымша білім  беру  педагогы баланың өз мүмкіндігін сезінуіне көмек беріп, олардың орнықты дамуына жағдай жасап, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын ынталандыратын механизмді іске қосады. Тәрбиеші ретінде қосымша білім беру педагогының қызметін бағалаудың негізгі параметрлері мыналар:

  • сабақты ұйымдастыру (үйірме, факультатив, секция) педагогика-лық стереотиптерден жиналған әсерден емес, топ  ерекшелігінен бастау алуы;
  • бала мен педагогтың өзара қарым-қатынас сипаты өзара сыйлас-тық, достастық, сенімділік негізде құрылуы;
  • баланың бостандығын, жеке абырой сезімінің қорғалуын әсер ететін психологиялық климаттың ықпал етуі;
  • білім алушының өзін-өзі табысты көрсету, өзін-өзі орнықтыру, өзінің көзқарасын дәлелдей білу мүмкіндігі.

Педагогикалық қолдау О.С.Газманның пікірінше мектеп ережесін қабылдауына, білім алуда табысты ілгері жылжуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайға, оның физикалық және психикалық денсаулығына байланысты баланың дербес проблемаларын шешуде   превентті және оперативті көмек беру; тиімді іскерлік және коммуникациялық жеке қарым- қатынас; өмірлік, кәсіптік, әдепті таңдауға (өзін-өзі анықтауға) көмек беру.  

Көзқарас  – ол білім беретін мекемелер ұстазының немесе басшысының педаго-гикалық қызметтеріндегі белігілі бір өзара байланысты түсіну, идеялар мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген  іс-әрекеттерін жүзеге асыруда алатын бағыты.

 Қағида  – кез келген теорияның, ілімнің, ғылымның, дүниетаным-ның, теориялық бағдарламаның бастапқы негізі; жүйелі объектілерді  тану және қайта құру бойынша қызметттің негізгі ережесі.  

Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытру-дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.

Өзін-өзі тәрбиелеу  – субъективтік мақсатта жеке тұлғаның мүдде-сінде мақсатты түрде құрылатын және  оның  қасиеті мен қабілетінің дамуын  саналы басқаратын үдеріс.    

Өзін-өзі басқару  – оқушылардың және студенттердің шығармашылық потенциалын ашуға, олардың өзін-өзі табысты көрсетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі. Оқушылар мен студенттердің қазіргі заманғы өзін-өзі басқаруы демократияның нақты формасы және  әлеуметтік-құқықтық өзін-өзі қорғауы болып табылады. Білім беру ұйымдарын басқаруға қатысу, олардың қабілеттері мен шеберлігін қолдану сферасын кеңейтіп, басқару дағдысын меңгеруге мүмкіндік беріп,  лидерлік қасиетін дамытып, өзінің қабілеті мен талантын көрсетіп, бастамашылдық танытып, іс-әрекетте  өз қалауын табуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік серіктестік жүйесі.  Білім беру қызметіндегі интенсив-ті дамыған  нарық білім беру ұйымдарында әлеуметтік серіктестікті нығайтуға ынталандырады. Мұндай қарым-қатынастың басты мақсаты  – кәсіби білім мен тәрбие берудің жоғары деңгейіне жету, бір жағынан, түлектің әлеуметтік қорғалуын, ал екінші жағынан,  кәсіпорынды жоғары кәсіби шеберлікті маманмен қамтамасыз етеді. Еңбек жолын бастаған жастар экономикалық қарым-қатынас жүйесінде лайықты орын алуға кепілдік беретін кәсіби мамандық, білім, дағды алуы тиіс. Бұл ретте еліміздің экономикалық өсуіне, кадрлық потенциалын дамытуға іс жүзінде мүдделі адамдарды біріктіретін тиімді әлеуметтік серіктестік көмек береді. Соңғы кездері білім беруді ұйымдастыруда оның мазмұнын жаңарту мен оқу үдерісінде технологиялық жаңалықтарды енгізуде кәсіпорындар-жұмыс берушілермен бірлесу үрдісі айқын байқалады.

Әлеуметтену  – адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін  қоғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсету. Әлеуметтенудің мәні сонда, ол адам  өзі өмір сүретін қоғамының әлеуетті мүшесі ретінде қалыптастырады. Әлеуметтену адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылының стихиялық жағдайында да, сондай-ақ, мақсатты бағытталған және әлеуметтік тәрбиеге қатысты бақыланатын үдерістер жағдайында жүреді. Осы айтылғандардың адам өмірінің    әртүрлі сатыларында (немесе кезеңдерінде), әлеуметтенудің  кезеңдері мен стадияларында  шамалы да    мәнді   айырмашылықтарға ие.

Әлеуметтік құзыреттілік (әлеуметтік құзыреттілік моделі шеңберінде) – бұл жеткілікті мөлшердегі дағды, оның көмегімен жеке тұлға күнделікті өмірде өзінің алдындағы міндеттерді бірдей үлгіде орындай алады.

Әлеуметтік белсенділік – адамның әлеуметтік қарым-қатынас жағ-дайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы.

Өзіндік сана-сезім – әлеуметтік қарым-қатынасына, сұранысына, мотивіне, мәніне тән индивидтің өзі туралы сезіну және уайымдау жүйе-сінде пайда болатын жоғарғы сана. 

Тьютер – клиентпен өзара іс-әрекет жағдайында онымен бірлеседі, қамқорлыққа  алушысымен жеке қарым-қатынаста болады, онымен нақты жағдайда қарым-қатынас жасай алады, оның табысына мен сәтсіздігіне күйзеледі. Ол жағдайды ашық, сенімді және ұтымды жағдай құруға, білім беру кеңістігінде оқушының табысты ілгері басуына әсер ететін диагностика-лық тәсілдері игеруге,  диагностикалық нәтижеге және бақылауға талдау жасауға, бақылауға,  проблемаларды  дәл табуға және сол проблемаларды жою жөніндегі жобалық қадамдарды жасауға қажетті  психологиялық ықпал ететін білім мен дағдыларды меңгереді.

Тәрбие технологиясы – нақты тәрбиелік нәтижеге жетуде белгілі бір қабілетті және бірізділікті жүзеге асыратын операциялардың жиынтығы.

Толеранттылық – сезгіштіктің олардың қайталанушы әсерлер нәтижесінің төмендеуі  салдарынан фрустаторлар мен стрессорларға  психологиялық тұрақтылық, төзімділік, шыдамдылық.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ