МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ

0

         ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі,ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Бала денсаулығының мықты болып,қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және құқықтық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Ал, білім беру жүйесінің басты міндеті —  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ізгілендіру болып табылады. Бала тәрбиесі әрқашанда күнделікті өмірдің ең басты да жауапты мәселесі ретінде қарастырылып келген. Ал қазіргі қоғамда ұрпақты жан-жақты дамыту,оны жеке тұлға ретінде жетілдіру ісіне айрықша көңіл бөлініп,бүкіл тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту көзделуде.

        Ұлттық ойындарды мектепке дейінгі ұйымдардың оқу тәрбие жұмысында пайдалану тәрбиешіден үлкен білімділікті,шеберлікті,соның нәтижесін көруге деген құштарлық пен төзімділікті ,сабырлықты қажет етеді.Өйткені ол, бір күндік немесе бір жылдық іс-әрекеттің жемісі емес,ұзақ жылғы тірнектеп жиылған еңбектің жемісі болып табылады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмысына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынады. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында ,жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп,бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып,толығып,жетілу арқылы ,өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі.

        Қазақ зиялыларынан А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов , Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б ойынның бала өміріндегі басты іс-әрекет екендігін атап көрсеткен. Ойынның тәрбиелік негіздерін адам баласының саналы ғұмыры басталғаннан әр кезеңде әр түрлі пікір айтып,өз ұрпақтарын тәрбиелеп,білім беруде іске асыру мәселесін үзбей айтып келеді.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын — сауықтарының бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдалы аса күшті екені баршаға аян. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал ретінде: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.

Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен    тұратынын ескеруіміз керек:

  1. ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;
  2. ойынның басталуы мен ойналу барысы;
  3. ойынның аяқталуы.

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :

  • балалардың денсаулығын нығайту;
  • денені шынықтыру;
  • мәдениетін қалыптастыру;
  • өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:

  • қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
  • қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
  • денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
  • қызығушылығын қалыптастырып дамыту;

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

— Ойынның мақсатын нақты анықтап керекті көрнекіліктер мен материалдарды алдын-ала дайындап, оңтайлы жерге қою.

— Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін балаларға әбден түсіндіру.

— Ойынға балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

— Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

— Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

— Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

— Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

— Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Оқу тәрбие процесіндегі ойындардың жалпы ерекшіліктері:

  1. Ойын балаларының қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін)белсендіреді.
  2. Ойын ерікті түрде құрылады.
  3. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды.
  4. Ойын барысында балалар қанағаттанарлық, қуаныш алады.
  5. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі

    Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек», «Теңге алу» т.б.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын  үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез — құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері айтылады.

    Ұлы педагогтар халық мұрасының,ұлттық колоритінің ,құндылықтардың қайталанбайтын түпнұсқалығын,тілдің,оның формалары мен мазмұнының ерекшелігін өсіп келе жатқан ұрпақтың танып,білуіне халықтық ойын арқылы жағдай жасау қажеттілігін жариялаған.Ұлттық ойындар арқылы моральдық құндылықтар қалыптасады,тапсырылған іске ұжым алдындағы жауапкершілік,достық сезімдер,мақсаттарға жету іс-әрекеттері,өзекті сұрақтарды шынайылықпен шешу жүзеге асырылады.Ойын-барлық тәрбие нормаларының қайсысынан болса да жоғары тұрады,өйткені ол баланың тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға,баланың белсенділігін арттыруға,өз бетімен әрекет етуге мүмкіндік береді. Қазақтың ұлттық ойындарының педагогикалық,психологиялық мәні А.Б.Бүркітбаев, Ә.Диваев,  Т.Ш.Қуанышева,А.К.Меңжанова,М.Т.Тәнікеев,Б.Т.Төтенаев,М.Т.Тұрыскелдина, А.Қ.Айтпаева және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Қазақ халқының Ұлттық ойындарын жинаушы этнограф Ә.Диваев өзінің «Қазақ балаларының ойыны» деген еңбегінде оның балалар тәрбиесіндегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөледі.

Жасөспірімдерді әдет-ғұрып бойынша жас ерекшелігіне қарай бөлу
1-7жасқа дейін-сәби 7-15 жасқа дейін-бозбала 15-30 жасқа дейін-жігіт

Осының негізінде қазақ ойындарын 3топқа бөлді

Қазақ ойындары
Сәбилер ойыны Бозбалалар ойыны Жігіттер ойыны

С.Ұзақбаева, А.Айтпаева жасаған қазақтың халық айтқан классификациясы «Айтыс ойыны», «Жаңылтпаштар» , «Санамақ» , «Аңдардың айтысы» сияқты ойын балалардың тілге,имправизацияға, ақыл-ой әрекеттеріне қабілетін дамыту қызметтері арқылы көрсетіледі.

     Ұлы Абай «Адамның ерекше қасиеттері-ақыл-ой,сана-сезім,ішкі жан дүниесі,жоғары кәсіби-дәрежесі,шығармашылығы ұстаздан қалады»-деп тегін айтпаған. Олай болса,баланың бойындағы ерекше қасиетті,шығармашылықтың қабілетті ашу-тәрбиеге жүктелер жауапты міндет.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ