ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ МЕН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ ЖАЙЛЫ

0

Оқушылардың білім алғанын, үлгерімін диагностикалау дегеніміз – педагогикалық үдерісте болатын барлық жағдайларды анықтау, оның нәтижелерін анық белгілеу, дидактикалық процесті тиімді басқару, оның көмегімен тиімді нәтижелерге жету деген ұғымды білдіреді.

       Диагностика оқушылардың білім және іскерлік, дағдыларын тексеруге қарағанда кең де және терең мағынаға ие. Тексеру тек нәтижелерді ғана белгілеп, олардың келіп шығу себептерін тусіндірмейді, ал диагностикалау білім алудағы нәтижелерді оларға  жету жолдарымен, әдіс-тәсілдерімен байланыстыра анықтайды, яғни диагностикалау тексеру бақылау, бағалау, статистикалау мағлұматтарды топтау, оларды талдау, динамика, теңденцияларды анықтау, іс-әрекеттердің әрі қарай дамуын болжауды да қамтиды. Оқушылардың білімін, тексерілетін, дағдыларын бақылау және бағалау диагностиканың құрамдас бөлігі ретінде тән алынуы керек. Оқытуды бақылау және бағалауды көрнекті педагог ғалымдар  атап өткенін анғарамыз ( Я. А. Коменский К. Д. Ушинский, А. Байтұрсынов және т.б.). Олар оқушылар білімін бақылау, бағалау құқығын ақылдылықпен, объективті өлшемімен, әділеттілікпен, көрнекілікпен, жариялылықпен қолдануға шақырған.

       Дидактикалық бақылау оқытудың әдістемесі ретінде анық белгіленген оқыту, дамыту бағытына ие болуы, өзін-өзі бақылаумен бірігүі, білім алушының өзі үшін қажет және пайдалы болуы керек. Диагностикалау жүйесінде бақылау, бағалау ынталандыру қызметін де өтеуі қажет.

      Оқушылардың білім алғанын, үлгерімін диагностикалау және бақылау принциптері әділеттілік, жүйелілік, көрнекілік сияқты принцип (ұстанымдармен) термен есептелініп жүр.

      Әділеттілік (объективтілік) ғылыми дәлелденген диагностикалық тестер (тапсырмалар, сұрақтар) мазмұны, диагностикалық рәсімдерін (процедурасы) мұғалімнің  барлық білім алушылармен тең, достық қарым-қатынасын және білім, іскерліктерді бағалаудың дәл бірдей белгіленген критерилерін (өлшемін) өз ішіне алады. Іс жүрзінде диагностикалаудың әділдігі қойылған бағалар әрдайым бақылау методтары мен тәсілдеріне және диагностикалауды жүргізген оқытушыға байланыссыз түрде дәл болуын көрсетеді.

         Жүйелілік принципінің талабы бойынша  диагностикалық  бақылауды дидактикалық процестің барлық этаптарында білімдерді бастапқы қабылдаудан оны іс жүзінде қолдануға дейін жүргізу керек. Жүйелілік принципі диагностикалауды комплекеті түрде өткізуді талап етеді, сонда ғана бақылаудың, тексерудің, бағалаудың әртүрлі формалары, методтары және тәсілдері өзара, бір мақсатқа бағынатын болады.

         Көрнекілік принципі ең алдымен, барлық білім алушыларды біртүрлі критерийлер бойынша анық сынаудан өткізуді көрсетеді. Диагностикалау барысында белгіленген әрбір оқушының рейтингі көрнекілік және  салыстырмалы сипатқа ие болады. Жариялылық принципі, сондайақ бағаларды жариялауды және дәлелдеуді талап етеді. Баға – бұл оқушылардың өзіне қойылатын талаптың мөлшерін, сондай-ақ педагогтың әділеттілігін өлшейтін бағыты. Бұл принципті іске асырудың  қажетті шарты әрбір өткізілген талқылау және  талдау, кемшіліктерді жоюдың перспективалы жоспарларын жасау.

        Оқыту процесінің маңызды компонентерінің бірі-бақылау мен есепке алу. Оқытушы  оқыту барысында бақылау мен есепке алуды дұрыс ұйымдастырса, онда оқыту процесінің тиімділігі артады. Бұл үшін ол оқушының оқу материалдарын меңгеруін анықтап баруы керек.

         Бақылау түсінігі оқушының білім, дағды және іскерліктерін анықтау, өлшеу мен бағалауды білдіреді. Анықтау мен өлшеу дидактикада тексеру деп аталады.

        Тексеру бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде оқытушы мен оқушының арасында кері байланыс орнатуды, оқу материалын меңгеру дәрежесі туралы оқытушының хабар алуың білімдегі кемшілктер мен қателіктерді дер кезінде анықтауды қамтамасыз етеді. Тексерудің мақсаты тек оқушының білім алғандық дәрежесі мен сапасын анықтау емес, оның оқу қызметінің көлемін де анықтау болып табылады.

        Тексеру оқушының білім дәрежесін алдын-ала анықтау болып, жаңа тарауда бастаудан алдын оқушылардың алдыңғы  алған білімдерін анықтау мақсатында өткізіледі.

        Білімдерді тексерудің кейінгі түрі әрбір тақырыпты меңгеру барысында жүргізілетін күнделікті тексеру болып есептеледі. Күнделікті тексерудің міндеті – үйрету.

       Оқушылардың білімін, іскерлігін тексерудің тағы бір түрі қайта тексеру. Қайта тексеру білімдерді бекітуге көмектеседі.

        Тексерудің тағы бір кезеңі – оқтын-оқтын тексеру. Мұндай тексеру бір тарауды яки маңызды бір тақырыпты аяқтағанда жүргізіледі. Оның негізгі  міндеті – системаға түсіру, қорыту.

       Тексеруді ұйымдастырудың  сонғы кезеңі оқушылардың дидактикалық процестің барлық кезеңдерінде алған білімдері мен іскерліктерін қорытынды тексеру және есепке алудан тұрады. Қорытынды тексеру әр ширектің соңында, оқу жылының аяғында жүргізіледі.

       Тексеруден тыс бақылау өз ішіне бағалауды және бағаны алады. Бағалау дегеніміз білім, іскерлік және дағдыларды оқу программасында көрсетілген эталондармен  (өлшеуіш) салыстыру. Баға дегеніміз бағалаудын балл  формасында көрініс тапқан сан жағынан өлшемі.

        Оқытушы оқыту барысында оқушылардың үйреніліп жатқан материалды қалай қабылдауын, түсінуін, есте сақтауын, оны іс жүзінде қолдана алу іскерліктерін есепке алып отыру керек. Есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту.

       Мектепте есепке алудың өзіндік ерекшелігі бар, ол мұнда оқыту және тәрбиелеу мәніне ие. Есепке алудың нәтижесінде оқытушы да  оқушы да өздерінің кейінгі жұмыстарының формасын, мазмұнын белгілейді. Үлгерімді есепке алу оқушылардың танымдық қызметін ынталандырып отырады, белгілі бір әрекеттерді орындау үшін оның ерік-жігерін тәрбиелейді.

        Үлгерімді есепке алу оқытушының да жұмысын ұйымдастырады. Дұрыс ұйымдастырылған есепке алу нәтижесінде оқушылардың үлгерімін дәл бағалай алады, олардың өз білімін жетілдіруге ынтасын оятады, ақыл-ойының және моралдық қасиеттерінің дамуына көмектеседі.

        Үлгерімді есепке алудың мынадай түрлері бар: күнделікті есепке алу, тақырыптық есепке алу, кезеңдік есепке алу, қорытынды есепке алу            және т.б.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ