ҚАЗІРГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТИІМДІЛІГІ.

0

ХХІ ғасыр- жаңалықтың уақыты. Бүгінгі таңда елімізде білім берудің жаңа жүйесі қалыптасып, әлемдік деңгейде білім кеңістігі өзіндік ерекшелікпен  алға басуға бағыт алуда.

Рухани , ұлттық құндылықты өрістетуге, тәуелсіздіктің ақ таңының нұрлы болуына, елді нығайтуға берік болатын-мықты білім.

Жаңашылдықты пайдалана отырып, жаһандану заманы қоғам өмірінің кез-келген аясында инновациялық-технологиялық дамудың стратегиялық бағытына бет бұруды талап етеді. Бұл бағытты игерудің бағдаршамы-жоғары білім саласы. Кез-келген салада инновациялық тұрғыда ойлап, іс-әрекеттерге баратын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, Қазақстанның инновациялық-технологиялық дамуының негізгі міндеті болып табылады. [1]

Білім саласының парадигмасының өзгеруі болашақ мамандарды дайындауға жалпы қоғам тарапынан көзқарастың түбегейлі өзгеруін талап етеді. Бұл жерде , оқытудың  жаңа әдістемелік тұрғыдан жүргізілуі, оқытушының ролінің өзгеруі,  Болондық процесс философиясына сай болуы керек.

Дәстүрлі әдісте оқытушы мен студент арасындағы диалог ретіндежәне оқытушы тарапынан бақылау ретінде қалыптасқан болса,  заманауи педагогикалық технологиялар мен жаңа ақпараттар негізінде дәстүрлі әдістің директивтік сипатын жұмсартып, оқытушының ролін түбегейлі өзгерте отырып, оны тек білімнің қазығы ғана емес, әртүрлі ақпаратты игеруде жүйелі басшы ретінде, студенттің жаңаша креативті ойлауын қалыптастыратын және олардың өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі ретінде  қарауға болады.

Біздің университетімізде кредиттік технология бойынша оқыту 2006-2007 оқу жылынан бастап жүргізіліп келеді. Дегенмен  оқытудың кредиттік технологиясы әлі де болса нақты жүйеленбей отыр. Өйткені бір жағынан оқытушының дәстүрлі білім беру жүйесі(дәріс, тәжірибелік сабақтарда  сұрақ-жауап ретінде), екінші жағынан оқыту процесінде әртүрлі жаңа инновациялық әдістерді қолдануға тырысу. Оның ішінде презентациялар, тақырыпты проблемалық мазмұндама ретінде түсіндіру, пікір-талас, кейс-стадиялар, топпен жұмыс істеу, ми шабуылы, сыншыл тұрғысынан ойлау, шағын- ізденістер,  Insert  (немесе қысқаша түртіп алу негізінде студенттер 7-10 минуттық ассоциативтік эссе жазады), блиц-тест тәсілі, сауалнама, «Бинго» қабылдау, викториналар, іскерлік ойындар, ролдік ойындар, т.с.с. [2]

Оқытудың интерактивтік үлгілерінің негізгі критерийлері : пікір-талас тудыру, оқу материалын еркін баяндау, дәстүрлі дәрістердің аз болуы, студенттің белсенділігін арттыру, топпен жұмыс істейтін тапсырмалардың болуы, семестр бойынша кредит санына байланысты бірнеше аралық бақылаудың болуы, жазбаша жұмыстардың болуы т.т.

Нарықтық қатынастар жағдайында қалыптасып келе жатқан Қазақстандық жоғары білім жүйесі бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау барысында,  қазіргі таңда білім алушының қызығушылын ояту принципін көздейді. Демек ЖОО оқытушылары студенттердің шығармашылық әлеуетін белсендірумен қатар олардың оқуға деген ынтасын арттыру қажет. Сонымен қатар ҚР азаматының жеке тұлға ретінде қалыптасуы және оның рухани құндылықтар бағыттарының бастау алуын қамтитын педагогикалық міндетте осы ЖОО қабырғаларында орындалады.  Өйткені, ЖОО білім беру жүйесі — әр адам өміріндегі білім алудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Әрбір  индивидтің болашақтағы жан-жақтылығы  , оның  білімділігі мен зиялылылығы , сайып келгенде, бүгінгі   әрбір студенттің оқу процесі барысында ізденімпаздылық пен қызығушылық әрекетінің нәтижесінен көрініс таппақ.

Қазіргі қоғамның жаһандық ақпараттылығы да еліміздегі жоғары білім жүйесіне айтарлықтай әсер етіп, онда қолданылып жүрген әдістердің түбегейлі қайта қаралуын талап етеді. Жоғарыда айтып кеткен оқыту әдістерімен көпшілігіміз таныс болып қалдық.  Оларды оқыту процесінде пайдалану міндетті екені бәрімізге мәлім. Қорыта келгенде оқытудың  бұл әдістері мен құралдарын қолдануды түпкі мақсат етпей, ең алдымен бұл жаңа инновациялық әдістер ЖОО алдындағы білім беру міндеттерін шешудің құралы екенін түсінуіміз керек.

Сондықтан әр әдісті қолданғанда оқу пәнінің нақты спецификасын ескеруіміз керек. Себебі біздің ойымызша оқудың танымал, заманауи әдістерін көзсіз қолдану әрқашан ойдағыдай нәтиже береді деп ойламаймыз.

Алайда ЖОО білім беру процесінде инновациялық әдістерді дұрыс қолдану — еңселі елдің іргесін қалайтын азаматтардың білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, болашақта сыртқы нарықта бәсекеге төтеп бере алатын жоғарғы дәрежедегі мамандар дайындаудың алғашқы сатысы.

М. Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім» деп атап көрсеткендей, ғылым мен білім адам ой-санасының, дүние танымының өсуіне қорек беретін рухани күш деуге болады. Демек жаңашыл әдістердің білім беру процесінде алатын орны зор.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ