СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

0

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары мен бәсекелестіктің өсуіне байланысты болып жатқан әр түрлі өзгерістер білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан – 2030» стратегиясы мазмұнында жан-жақты сипатталған. Стратегия бағыттарының жүзеге асуы үшін білімді, дені сау, адами қасиеттері жоғары мамандар қажеттігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Елбасы Н.А.Назарбаев осы бағыттарды жүзеге асыру барысында «Қазақстанның артықшылығы — халық сапасы, адам ресурстары… Біз өзіміздегі баға жетпес капиталды дамытып және сол дамуға жаңа да, өркениеттік жағдайлар туғызуымыз қажет», — деп баса атап көрсеткен болатын. Қазіргі таңда білім беру мәселелері жалпы әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселелердің бірі болуы өркениет дамуының білім беру сапасымен бірден-бір байланысты. ҚР «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа акпараттық технологияларын енгізу арқылы сапалы кәсіби мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. [1, 48-б.].

Қазіргі жағдайда жоғары мектеп дамуында уақыт талабына сай жоғары білікті маман даярлайтын оқыту әдістерін зерттеу, болашақ кәсіп иелерін тәрбиелеу басты мәселердің бірі болып отыр. Болашақ мамандарға қойылатын мақсат-міндеттердің күннен-күнге өсуі жоғары оқу орнындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін үлкен ізденіс пен шығармашылық қалыптасу жолын талап етеді. Сондықтан да, студенттердің жоғары оқу орнына бейімделу процесіндегі қиындықтарға көп көңіл бөлу, оған мейлінше үлкен мән беру студенттің маман ретінде қалыптасуына, дамуына, болашақ іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал етеді. Сол үшін кәсіби бейімделу процесінің жалпы және нақты сұрақтарын шешу ғылыми дәлелдеуді қажет етеді. Осы ғылыми дәлелдеу кезінде кәсіби бейімделу процесінде тұлғаның кәсіби мәнді құндылықты бағдарларын зерттеу қажеттілігі туындайды.

Адам өмірінде кәсіп таңдау, мамандықты меңгеру, кәсіпке бейімделу мәселесі үлкен орын алады. Кәсіпке бейімделу мәселесін Т.Н. Вершинина,  И.К. Кряжева, М.П. Будякова, А.А. Русалинова, Л.М. Митина жөне т.б. көптеген ғалымдар қарастырған. Олардың айтуынша, кәсіби бейімделуге дайындық, яғни оқу процесі кезінде кәсіпті меңгеру кезеңі мен жас маманның жұмыс ортасына қосылуы, өндірістік практика кезіндегі іс-әрекеті негіз болады. Студент кәсібін меңгеру, кәсіби қалыптасуы кезінде өмірлік, кәсіби жоспарлары өзгереді, жетекші іс-әрекеттері ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылу процесі жүреді. Т.А. Кухарева, И. Калайкова, Ю.А. Александровский, М. И. Дьяченко және П.А. Кандыбович еңбектері жоғары оқу орындарында кәсіби бейімделу себептері мен қиындықтарын зерттеуде мәнді орын алады.

Кәсіптік бейімделу сатысында қоғамның педагогикалық ұжымның және іс-әрекеттің жоғарылап кеткен талаптары түлғаның жоғары оқу орнында қалыптасқан кәсіптік сипаттамалары мен білімдерімен және іскерліктерімен қайшылыққа түседі. Кәсіптік бірлестікке бейімделе отырып маман тиісті тәжірибелерді өз бойына сіңіреді. Өзі үшін маңызды ортаның талаптарын қанағаттандыруға тырысады. [2, 25-27-б.].

Осылайша, студенттердің кәсіпке бейімделу ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, олардың кәсіпке бейімделуін анықтау арқылы біз олардың құндылықтарымен де танысуға мүмкіндік аламыз. Кәсіпке бейімделу әр курс студенттерінде әр түрлі болады. XXI ғасырдың табалдырығын білім мен ғылым дамуын саралаумен аттауымыз үлкен үміт туғызады. Сондықтан Тәуелсіз мемлекетімізге білікті, өз кәсібін терең түсінетін, өзінің іскерлігі мен білімін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет.

Болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың маңыздылығы маманның жеке тұлғасы мен қызметіне деген осы заманғы талаптарымен сипатталады.

Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды түрлі сипаттағы кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени қызметтерге даярлайды, оларға белгілі бір көлемде нақты білім беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың адамдармен және адамдар үшін жұмыс істей алуын қалайды.

Жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мен мамандарды дайындау сапасын жақсартудағы әдістемелік жұмыстың маңызды екендігін ескеру қажет. Міне, осы мақсаттарды орындау үшін мынандай міндеттер көзделіп отыр: заман талабына қарай ғылыми-техникалық үрдіс талаптарына сай мамандар дайындаудың оңтайлы мазмұнын анықтау; ең тиімді әдістер мен құралдарды жасауды қайта қарастыру; оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми дәлелденген материалдық-техникалық базасын жасау және құру; оқу барысында студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру және оларға берілген ақпараттың берік игерілуін қамтамасыз ету; студенттер мен оқушыларды ғылым, техника мен өндірістің қазіргі жағдайына және дидактикалық талаптарға жауап беретін қажетті оқу және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету және т.б.

Білімді жақсарту мен жетілдіру ұмтылысы, кәсіби дамыған біліктілік пен білімді әмбебаптандыру, түрлі білімдерді қалыптастыра алатын қабілеті бар жаңа типтегі маманды, өз ісі маманының негізгі қасиеті сияқты кәсіби бағыттылықтың қалыптасуын ескертеді. Бұның бәрі мамандардан болашақ жұмысына жоғары деңгейдегі даярлықты талап ететіні даусыз.

Еліміз егемендікке қол жеткізіп, халқымыз азаттық алған тұстағы басты міндет — жастарды білім бұлағына сусындату. Елбасы халыққа арнаған жолдауында Қазақстанның мұраты мен оның ұзақ мерзімді басты мақсаттарын, оларды іске асыру стратегияларын айқын көрсетіп, үкіметке нақты тапсырма мен міндеттер жүктеді. Президентіміз атап көрсеткендей жастар саясатын және жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейту керек. Н.Назарбаевтың бірде-бір баланың оқымай қалмауын қадағалау, ағарту саласында оқу-тәрбие жұмыстарын немесе салауатты өмір салтын орнықтыру міндетін алға қойып отыруы өте жақсы. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, еңбекке баулуда, оларға кәсіби мамандық беріп,оларды реформаның қатысушысы ретінде қалыптастыруда жоғары оқу орындарының да ролі өте зор.

Сондықтан студенттер үшін негізгі немесе басты іс-әрекет аясы ретінде білім алу жатады, ал жетістікке жетудің негізгі критерийі білімді игеру, жаңалық ашу. Кәсіпке бейімделу мәселесін мемлекеттік деңгейде қолға алған тиімді. Бұл мәселе білім беру стандарттары мен бағдарламаларында жөне білім берудің жалпы тұжырымдамасында нақтылы қарастырылуы қажет. Бүгінгі таңда аталмыш мәселе жалпылама түрде ғана қарастырылған. Бүған мемлекеттік органдар ғана емес, жекелеген білім беру ұйымдары ат салысуы қажет. Бұл орайда, батыстық стандарттарды бірден қабылдай салмай, өз қоғамымыздың болмысы мен ерекшеліктерін ескергеніміз абзал.

Кәсіпке бейімделу мен кәсіби мәнді құндылықтық бағдарлардың төмендегідей негізгі критерийлері мен көрсеткіштері анықталды:

Кәсіби мәнді құндылықтық бағдарлардың қатынастық критерийінің көрсеткіші ретінде — өз-өзіне деген сенімділік, өз ойын білдіре алуға деген ұмтылыс; эмоциялық критерийінің көрсеткіші ретінде — болашақ мамандығына деген жағымды эмоциялардың болуы, жауапкершілік; когнитивті критерийдің көрсеткіші ретінде — белсенді іс-әрекет қажеттілігін ұғыну, танымдық іс-әрекетке ұмтылыс; мотивтік критерийінің көрсеткіші — жалпы өмірлік жоспарды ұғыну, жүмыс тиімділігін жоғарлатуға деген үмтылыс; бағалаушы критерйінің көрсеткіші ретінде — іс-әрекетті ұғыну, өзін-өзі дұрыс бағалау, сыйлау             алынды       [3, 356-б.].

Тұлғаның бейімделу процесі өте күрделі, жан-жақты болып табылады. Сондықтан, бүл процесті қарастыру кезінде бейімделу, әлеуметтік-психологиялық бейімделу, кәсіби бейімделу ерекшеліктерін талдап, сарапқа салған жөн. Сонымен, әлеуметтік-психологиялық бейімделу дегеніміз — адамның өр жас кезеңіне сәйкес өзгермелі ортаға икемделуі, олар орта мен іс-әрекет түрлерінің қатынастары арқылы көрінеді. Ал, кәсіпке бейімделу дегеніміз болашақ мамандығы бойынша еңбек талаптары мен ерекшеліктерін меңгеру болып саналады. Кәсіпке бейімделу мәселесін жан-жақты психологиялық, философиялық тұрғыдан талдай келе, тұлғаның дамуы мен қалыптасуында бұл бейімделудің ерекше орын алатыны жайлы қорытындыға келдік. Кәсіпке бейімделу табыстылығы жоғары оқу орындарындағы оқыту процесінің сапасымен, кәсіпті тандау мотивімен, кәсіпті ұнату және еңбек мазмұнын түсіну, өзара қарым-қатынас параметрлері әсерінен көрінеді. Сонымен қатар, кәсіпке бейімделуді объективті, субъективті, субъективті-объективті сипатта болатын факторлар арқылы да байқауға болады. Кәсіпке бейімделу кезіндегі іс-әрекетті бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет, оның белгілі бір деңгейлері арқылы көре отырып, оқыту жағдайы барысында кәсіпті игеруге деген ұмтылысты, белсенділікті дамытатынын аша айтып кеткен жөн. Кәсіпке бейімделу кезінде әлеуметтену процесі үлкен мәнге ие, себебі сол арқылы тұлға әлеуметтік тәжірбиелерді меңгереді және оларды белсенді түрде қайта өндейді. Кәсіпке бейімделу жоғары оқу орнында оқу процесіне бейімделу, оған арнаулы жағдайлар, іс-шаралар жүргізу арқылы жүзеге асады.

Студенттердің құндылықтық бағдарлары көп қырлы психологиялық феномен болып табылады. Бүл феноменді ұғынуда онымен мәні жағынан ұқсас құндылық, бағдар, мотив, қызығушылық сияқты психологиялық сфераларды талдаған маңызды. Құндылықтық бағдарлар дегеніміз — тұлғаның өзінің бүкіл өмір әрекеттерін, потенциалдарын, бүкіл ішкі мотив пен ұмтылыстарды толығымен ашу арқылы көрінетін, адамның өмірлік ұмтылысы. Құндылықтық бағдарлар адамның тұлғалық ерекшеліктеріне ғана емес, оның әлеуметтік жағдайларда озін-өзі көрсету мен өзін-озі анықтауы кезіндегі іс-әрекетін саналы ұйымдастыруларына ерекше әсер ететін құбылыс. Құндылықтық бағдарлар мәселесін зерттеуде әр түрлі психологиялық, философиялық тұжырымдамаларды талдай келе, тұлғаның құндылықтық бағдарларының екі түрін бөліп көрсетуге болады: инструментті құндылықтар және терминалды құндылықтар. Тұлғаның кәсіби дамуы мен қалыптасуында осы түрлердің әрқайсысының орны бар. Құндылықтық бағдарларға қоршаған орта, адамның негізгі іс-әрекеті де үлкен әсерін тигізеді. Тұлғаның құндылықтық бағдарларына кіретіндер: денсаулық, бакытты отбасылық өмір, жақсы және адал достардың болуы, қызықты жүмыс, өмірлік даналық, түрлі ләззат алулар, махаббат, материалдық қамтылу, қоғамдық бедел, елдеіі тыныштық, өзіне-өзі сенімділік және т.б. Құндылықтық бағдарларды белгілі аумақтар бойынша біріктіріп, талдаған маңызды болып табылады. Құндылықтық бағдарлар — бекітілген бағдарлар жүйесі. Олар тұлғаның берілген орта ерекшеліктеріне сай құндылықтарына көңіл аудартады және өмірлік мінез-құлықтық тандауларын анықтайды. Құндылықтық бағдарлар қоғамдық өзгерістерге сай жүйеде орнығады. Құндылықтық бағдарлар белгілі бір психологиялық жүйе ретінде, қоғамдық жаңа қатынас, әрекеттер типіне сәйкес келеді. Құндылықтық бағдарлар — іс-әрекетті реттеу механизмі. Олар кәсіби іс-әрекет кезінде ашық көрінеді. Кәсіби топқа іс-әрекеттің мәні мен құндылықтар жүйесі тән. Құндылықтық бағдарлар жүйесіндегі типология мәселесі әр алуан, күрделі жөне динамикалы болып келеді.[4, 23-б.].Тұлғаның құндылықтық бағдарлары өмір барысындағы іс-әрекетке байланысты өзгеріп, толықтырылып, жаңа түрге еніп отырады. Ол тұлғаның болмысын, сапаларын және т.б. білдіреді.

Қазіргі таңда қоғамдық түбегейлі бетбұрыстар тұлға құрылымын психологиялық тұрғыда жаңа сипатта зерттеуді талап етіп отыр. Осы орайда, болашақ мамандарды даярлауға деген көзқарас жаңа сипатқа ие болуда. Жоғары оқу орнындағы кәсіби мамандар даярлау мазмұнының өзгеруі бүгінгі күнгі кәсіби құндылықтардың даму ерекшеліктерін негіздеуді талап етеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ