МАҚТА САЛАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУ

0

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында ауылшаруашылық саласын және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың, нығайтудың ұзақ мерзімді бағдарламаларының негізі қаланды.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың нарықтық тетіктері ретінде бәсекелес нарықтарды және монополияға қарсы реттеудің сенімді құралдарын құру айқындалды, бұл жүргізілетін монополияға қарсы саясаттың негізіне алынды.

Елімізд ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны инновациялық жолға ендіру «Қазақстан-2050» стратегиясына және бірқатар заңнамалар негіздерінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге арысылуда [1].

Мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау өндірістің экономикалық тиімділігіне байланысты. Сондықтан басты мәселе агроқұрылымдардың, өңдеу кәсіпорынының және олар шығарған өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыратын критерилері өндірістің тиімділік және пайдалылық деңгейлеріне тікелей байланысты. Экономика тиімді болу үшін қолда бар шектеулі ресурстарды толық пайдалана отырып, мүмкін болған ең жоғарғы соңғы нәтижеге жетуі қажет. Осы тұжырымға байланысты «өндірістік мүмкіндіктердің шегі» анықталады және ол жоғарғы деңгейге тең болуы керек. Бұл деңгейден өндірісті арттыру үшін балама шығындардың есебінен өндірістің басқа түрі кемиді,сондықтан артық өндірілген тауар тиімді алмастыру мүмкіндігіне ие балама болуы қажет. Дұрыс экономикалық шешім қабылдау үшін балама құн заңын қолданып, баламалар табу мен оларды дұрыс бағалау маңызды.

Бәсекелестікті анықтауда «салыстырмалы артықшылық» теориясының маңызы зор. Бұл теория бойынша әр өңір тауарды тиімді өндіретін болса, соған мамандандырылғаны дұрыс. Экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осы тұрғыдан алғанда жалпы тиімділікті анықтауға кажет ресурстарды бөлу және өндіріс тиімділігін анықтауды ұсынуға мүмкіндіқ береді. Өндірілген тауарлар құрамын дұрыс таңдау сөз жоқ, өндірістік мүмкіндікті толық пайдаланып, бәсекелестікке қабілеттілігі мен тиімділіғін арттырады [2].

Ресурстардың шектеулі мөлшері және бәсекелес балама таңдауға мәжбүрлейді, балама құн түсінігі арқылы салыстырмалы бағаланады. Әсіресе баға белгілеуде басшылыққа алынатын қағидаттың бірі – балама құнды стандарт етіп қабылдап, салыстырмалы әдісті пайдалану.

Бәсекелестіктің үлгілі ортасы мен өмірдегі шынайы түрінің арасындағы айырмашылығы осы әдісті пайдаланып қолданбалы ұсыныстар әзірлеу және агробизнесте баға белгілеу мүмкіндігін береді. Рыноктағы баға тұрақсыздығы ресурстар мен тауарларды пайдаланудың балама рыногын табуды қажет етеді.

Бәсекелестікке қабілеттілікті және өміршеңдікті арттыруда, шетел мақта рыногында бір қатар артықшылықтар қалыптасқан. Соларды пайдалану мүмкіншіліктерін қарастырамыз. Соның ішінде маңыздысы — АҚШ-тамақта өсіруді дамытуды мемлекеттік реттеудің механизмдері. Бұлар негізінен табысты арттыруға, сонымен қатар баға деңгейімен өндірістің көлемін бақылауға алуға бағытталған. Бұл механизмдерге бағаны қолдау,  егістік жердің базалық көлемін белгілеу және оны оңтайландыру қолданылады.

Біздің елде мақта өсірудің бәсекелестікке қабілеттілігін және оның экономикалық тиімділігін арттырудың іс жүзінде екі деңгейде орындалуын ұсынамыз.

Біріншісі:

− агроқұрылымдардың бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату мақсатында және өндірістік қызметінің  пайдалылық деңгейін арттыру үшін олардың параметрлерін экономикалық  негіздеу маңызды мәселе. Олардың орта және ірі тауарлы  мөлшерлері және өзара үйлесімді арақатынасын анықталып, Үкімет ірі агроқұрылымдарға басымдық береді, бәсекелестерден рынокты қорғаузаңнамалық базасын нығайтады;

−ауыспалы егіс жүйесін, ғылыми – техникалық жетістіктерді және жаңа агротехнологияны, иригация-мелиорация жетістіктерін  ендіру арқылы топырақтың құнарлылығын арттыру, өнімнің өзіндік құнын арзандату, еңбек өнімділігін жоғарылатуға қол жеткізіледі;

−қозаны баптауда  және шитті мақтаны жинау, сақтау және бастапқы өңдеуде техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені қолдану жолымен сапаны басқаруды жоғарылатады және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіріледі;

−қалыптасқан өзара экономикалық қарым-қатынас  жүйесінде өндіруші агроқұрылымдар мен бастапқы өңдеуші кәсіпорындар шитті мақтаны дайындау, сатып алу, қайта өңдеу, сақтау үдерісінде біржақтылық, үйлесімсіздікке жол берместен, обьективтік бағалаудықалыптастырады;

−мақта – тоқыма кластерінің даму бағдарламасын үйлестіре отырып ішкі және сыртқы рыноктардамақта жібі,  мата және дайын киім – кешек  рыногын тұрақтандырып кеңейтеді. Нәтижеде бастапқы мақта өңдеу кәсіпорындарының қызығушылықтары артады;

−агробизнесті мемлекеттік деңгейде реттеуді жетілдіре түсу мақсатында:өндірістік факторлар рыногын реттеу, материалдық ресурстарды жеткізіп беру жеңілдіктерін қолдану, (минералды тыңатқыштар, жанар-жағармай, зиянкестермен күрес үшін химиялық препараттар мен биоматериалдар) биологиялық зертханалар, ирригация-мелиорация жүйелерін дамыту мақсатында  тартымды несие бөлінгені жөн;

− мақта өнімдерін экспортқа шығарушыларға бірқатар жеңілдіктер жасау қажет: теміржол тасымалы, кеден тарифтері, салықтар т.с.с бойынша;

−мақта шикізаты, талшығының  және басқа өнімдерінің сапасын бағалауда халықаралық стандарттау және сертификаттау жүйесіне өту;

−мақта өсіруде және сатуда дүниежүзінде қолданылып жүрген  «талшық» жүйесіндегі есептілікке өту [3].

Екіншісі:

   Агроқұрылымдарда өнімнің бәсекелестікке  қабілеттілігінарттырудың төмендегідей негізгі жолдарын тиімді жүзеге асыру қажет:

−суармалы жер өнімділігін  жоғарылату арқылы жалпы өнімді арттыру;

−еңбек шығынын, соның ішінде қол еңбегін азайту;

−өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы табысты арттыру;

−мақта кешенінде қазіргі заманғы маркетинг және ақпарат жүйесін қалыптастыру;

−еңбек өнімділігін арттыру, бұл көрсеткішті индустриалды мемлекеттер деңгейіне жеткізу.

Осы жолдармен тауар өндірушілер өндірістік факторлардың — жер, еңбек және капиталдың әрбір   бірлігінен пайда түсімін  арттырып, кәсіпкерлікті ұдайы дамыту әлеуетіне ие болады.

Қазақстанның Оңтүстігіндегі табиғи артықшылықтар әлеуетін соның ішінде жер, су және ауа-райы ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану, мақта кешенін мақта-тоқыма кластерін қалыптастырудың базалық құрамы ретінде қарастыру, бәсекелестікке қабілеттілігінің басымдық берілетін бағыттары төмендегі 1- кестеде келтірілген [4].

Кесте 1 – Мақта кешенін бәсекелестікке  қабілеттілігін арттыру бағыттары

Мақта кешенінің бәсекелістікке қабілеттілігін арттыру жолдары Күтілетін нәтижелер
1 2
Өнімнің сапасын арттыру

 

 

 

1.  Өнімнің сапасын басқару менеджментін еңгізу

2.  Өнімнің өтімділігін жақсарту

3.  Сұранысты арттыру

4.  Өткізу бағасын көтеру

5.  Халықаралық сертификат алу

1 — кестенің жалғасы
Суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін инвестиция салу 1.  Жердің құнарлығын жоғарылатады, сорланудан сақтандырады, өнімділігін 5-8 ц арттырады

2.  Ирригациялық және мелиоративтік қорлардың тиімділігін арттыру

3.  Ағын суды пайдалану әсері коэффициентін 8-10%  арттырады

4.  Ағын судың үнемді технологиясы ендіріледі

Агроқұрылымдарды ірілендіру 1.  Жер пайдалану коэффициентін 15-18% арттырады

2.  Ғылыми негізделген жердің құнарлылығын асыратын ауыспалы егіс жүйесі ендіріледі, егістік құрылымында әртараптандыру жүзеге асырылады

3.  Өңдеу шағын және орта кәсіпорындарын ұйымдастыруға болады

4.  Қосалқы малшаруашылығы, азық-түлік салалары даму табады

5.  Өнімді өткізу және маркетинг жүйесін жетілдіруге болады

Интенсивті агротехнологияны қолдану 1.  Ірі мақта алқаптарында озық индустриалды технологияны және қазіргі заманғы өнімділігі жоғары техника мен жабдықтарды пайдалану

2.  Еңбек өнімділігі және өндірістің пайдалылық деңгейін арттыру арқылы салада бәсекелістікке қабілетті мақта кешені қалыптасады

3.  Ағын суды, минералды тыңайтқыштарды пайдалану және зиянкестермен күрестің тиімділігі артады

4.  Шитті мақтаның өнімділігі артады, сапасы жоғарылайды және өзіндік құны арзандайды

Агроқұрылымдарды

басқаруды жетілдіру және соңғы нәтижеге қызықтыру

 

 

 

 

1.      1.Жекеменшік құрылымдарды мемлекеттік

2.   ауылшаруашылық органдардың басқаруынан туындайтын қарама қайшылықты жойып соңғы нәтижеге қызығушылықты күшейту

3.   Мемлекеттік реттеу жолымен материалдық ресурстарға жеңілдіктерді, субсидиялардың шаруа қожалығының еркіне немесе есеп шотына түсуін қадағалау

4.  Агроқұрылымдардың стратегиялық даму бағдарламасын, консалтинг және ақпараттық жұйелерін ұйымдастыру, тиімді пайдалану

Жаңа селекциялық сұрыптарды ендіру және аудандастыру 1.  Жоғры өнімді, зиянкестер мен ауруларға, ағын су тапшылығына шыдамды селекциялық сұрыптар шығару

2.  Туынды өнімдерінің шығымы жоғары: талшық – 40%, май – 28-30% және тоқыма-штапельдік сапалы көрсеткіштері жоғары сұрыптарды аудандастыру

 

Бастапқы өңдеудің жаңа технологиясын ендіру

1. Талшықтың және басқа туынды өнімдердің шығымын және сапасын жоғарылату

2.   Өндірістің өнімділігін арттыру

3.   Кәсіпорынның қуатын пайдалануды жоғарылату

4. Тауар өндірушілермен өндеу кәсіпорындарының экономикалық қызығушылығын арттыру.

Терең өңдеу технологиясын (кластерді) ендіру және ішкі рынокты ұйымдастыру 1.  Қосылған құн мөлшерін 7,9 есе арттырады

2.  Халық тұтыну тауарлар өндірісі артып, импорт алмастыру

3.  Мақта өнімдерінің ішкі рыногы ұйымдастырылады

4.  Шитті-мақта өндірісінің артуына оңтайлы ықпалы

5.  Экспорт әлеуеті артады

6.  Қосымша жұмыс орындары ашылады

7.  Инфрақұрылым дамиды

Ұзақ аймақтарға тасымалдау шығындары кемиді

Шитті мақтаны сатып алу, дайындау және бастапқы өңдеу үдерісінде сапань басқару шитті-мақтаны дайындау және өңдеу технологиясына, маркетингтік стратегия жүргізуден басталады.

Мақта өнімдерінің сапасын басқару жүйелі түрде жүзеге асырылады, яғни өңдеу кәсіпорнында өнімнің сапасын басқару менеджменті қызмет көрсетеді. Оның ұйымдық құрылымы, жеке жауапкершілігі және сапаны басқарудың материалдық-техникалық базасын, жүзеге асырылатын іс-шаралар жиынтығы дайындалады (зертханалар мемстандарттар, ереже, нұсқаулар және аспаптар).

Нәтижеде жоғарыда талданған шараларды іске асыра келе Қазақстан Республикасында мақта шикізатын өндіру мен өңдеудің арнайы  мемлекеттік стандарттары дайындалып, олардың негізі талаптары іске асырылуы қажет. Ондай шаралар болашақтағы зерттеулерімізге арқау болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ