ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

0

«Ауырып ем іздегенше

Ауырмаудың жолын ізде,

Бірінші байлық -денсаулық дейміз».

 

Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтында  сыңайлымыз.

Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз.

Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дерітке шалдығып санымызды соғамыз.

«Тәннен жан артық еді,- дейді Абай атамыз –тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жан бізді жас күнімізден билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық , еш нәрсеге көңілмен қарамадық  көңіл айтып тұрса сенбедік».

Денсаулық – тән, рухани және  әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру , интеллекті өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа  қызмет етеді десек қателеспейміз.[1.б, 165]

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан білім ордаларында  жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты , салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе де болады.

«Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі» — деп тегін айтпаған.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төменде, сырқаттанушылық және өлім-жетім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кемуі салдарынан қимылдың кемуі \гиподинамия/ дене салмағының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің –шылым шегу, ішімдік пайдалану, нашақорлық көп      таралуы.[2.б, 25]

Егеменді еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі — адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден  бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық..

Сол мақсатта жас жеткеншектерімізді жастайынан яғни мектеп жасынан спортқа деген құштарлығын арттыру.Ол үшін оқу орындарынын  ішінен спорттық секцияларды көптеп ашып сол жерлерде жастарымыздың дене қуатын шынықтыру және сол мақсатта оқу орындарынын  ішінде салауатты өмір салтын насихаттайтын іс шараларды жиі ұйымдастыру.  Демалыс кездерінде таза ауаға яғни табиғат аясына серуенге шығып сол жерлерде спорттық сайыстар ұйымдастырып,оқушылардың спортқа деген құштарлығын арттыру. [3.б, 329]

Ауылды жерлердің материялдық базасы бәрімізге белгілі,бірақ соған қарамастан жастарымыздың спортқа денген құлшынысы сол ауылды жерден айқын байқалады.

Мектепте ішінде оқушылар арасында көптеген спорттық сайыстар,ұлттық спорттық   ойындарды  насихаттайтын  іс шараларды  жиі  өткізіп  тұру және де, салауатты өмір жайлы баяндамалар, дебаттар, спорттық  жаңалықтар, дөңгелек үстел  жайлы баяндамалар жиі жасап тұру қажет.

Дене шынықтырумен айналысып, таза ауада серуендеп, әрқашан жаман ойдан аулақ болып. Табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, қажетімізге дұрыс пайдалануды, денсаулығымызға зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп түсінейік. [4.б, 96]

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ