МЕКТЕП БИОЛОГИЯСЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

0

Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», 1996 жылғы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заң мен 2004 ж. қабылданған талаптарды іс — жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі көрсетілген [1-4

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында, ізденіп зерттеулер жүргізген ғалым – педагогтар И.Д.Зверьев, А.Н.Захлебный, Н.С.Сарыбеков, И.Г.Суравегина, Н.А.Гладков, П.В.Иванов, Б.Г.Иоганзен, И.С.Матрусов, А.С.Бейсенова, Н.Е.Ильинская және т.б. ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылды [5-7].

Көптеген ғалымдар жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық, әдістемелік аспектілерін жүйеге келтіреді (Н.А.Гладков, Я.И.Габев, С.Н.Назарова, Е.А.Сластенин, А.В.Чигаркин, М.Н.Фомин, Е.З.Батталханов және т.б.).

Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне — оның ілгерлігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктерін дамыту деңгейлеп оқыту технологиясын қолданумен жүзеге асады. Сондықтан мектепте биология пәнін оқыту мәселесі теориялық жағынан негізделген.

Сабақта деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану арқылы білім беру инновациялық технологиялардың бірі болып есептелінеді. Мәселен, 11 сынып биологиясының «Экология негіздері» тарауының төмендегідей тақырыбын қарастырайық.

Сабақтың тақырыбы. §21. Тіршілік ортасы, экологиялық факторлар және агроценоздар

            Мақсаты:

            Білімділік: оқушыларға тіршілік орталары, организмдердің орта факторларына бейімделу, агроценоздар туралы түсінік беру.

            Дамытушылық: оқушылардың тіршілік ортасы туралы түсініктерін, экологиялық  факторлардың организмге әсері туралы ой-өрісін дамыту, білім дәрежесін арттыру.

            Тәрбиелік: оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру арқылы  танымдық қасиеттерін дамытып, табиғатты қорғауға баулу

            Сабақ көрнекілігі: тіршілік ортасы, агроценоздар суреттері, деңгейлік тапсырмалар

         Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

         Сабақтың әдісі. Деңгейлеп оқыту.

         Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын сұрайтын деңгейлік сұрақтар магнит тақтасына 3 түрлі түсті қағазға жазылып ілінеді. Сол тапсырмаларға оқушылар, сұрақты оқи отырып, қолдарын көтеріп жауап береді.

        А.деңгей

  1. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер ету факторын ата және анықтамасын бер.
  2. Адамның таиғатқа тікелей ықпал ету кезеңдерін ата.
  3. Адамның табиғатты ретсіз пайдалануы неге әкеп соқтырады?

       В.деңгей

  1. Адамның таиғатқа тікелей ықпал ету кезеңдерін сипатта.
  2. Адам мен табиғкт арасындағы қарым-қатынасты түсіндір.
  3. Табиғат байлықтарын ретсіз пайдаланудың нәтижесіне сипаттама.

       С.деңгей

  1. Ғаламдық экологиялық мәселелер дегенді қалай түсінесің және оған мысал келтір.
  2. Аймақтық экологиялық мәселелер және оған қандай жерлер мысал бола алады?
  3. Табиғат пен адам арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуде қандай тұжырымдама ұсынылды және ол қандай мәселелерді қамтиды?

Үй тапсырмасын сұрап, өткен тақырыптарға шолу жасай отырып, қорытындылаймын.

         Жаңа сабақтың жоспары.

  1. Табиғи орта және оның факторлары.
  2. Организмдердің орта факторларына бейімделуі.
  3. Агроценоздың ерекшелігі.
  4. Табиғи орта және оның факторлары. Табиғи орта мен организмнің арасында тікелей немесе жанама түрде қарым-қатынас болып тұрады. Жер бетіндегі әртүрлі табиғи жағдайлар жиынтығы тіршілік ортасы немесе қоршаған орта деп аталады. Кейде оны сыртқы орта деп те атайды. Тіршілік ортасы деп белгілі бір организм дамуының барылқ кезеңдеріне қажетті табиғи орта факторлары жиынтығын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организмдер тобын — эндобионттар деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар, комменсалдар деп бөле

 

  1. Организмдердің орта факторларына бейімделуі.

 

 

 

  1. Агроценоздың ерекшелігі. Агроценоз (грек. agros — егістік, koinos –

жалпы) ауылшаруашылық өнімдерін алу үшін адамның іс-әрекеттері арқылы реттеліп отыратын тірі организмдер бірлестігі.

 Биогеоценоз бен агроценоздың салыстырмалы айырмашылығы

Белгілері Биогеоценоз Агроценоз
 Энергия көзі Күн энергиясы Күн энергиясы және жасанды энергия
Түр құрамы Түр құрамы сан алуан түрлі Түр құрамы аз, көбіне бір түр ғана болады
Реттелуі Өзін-өзі реттейді Адам реттейді
Сұрыпталуы Табиғи жолмен Қолдан (жасанды)
Қоректік заттардың айырмашылығы Заттар толық айналымға түседі Заттар толық айналымға түспейді
Тұрақтылығы Тұрақты Тұрақты емес
Өнімділігі Жоғары Төмен

Жаңа сабақты жалпы қорытындылап болғаннан соң, оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды таратылып беріледі.

І. Деңгей.

  1. Тіршілік орталарын ата.
  2. Экологиялық факторлар неше бөлінеді?
  3. Агроценозға тән қанша белгі бар?

ІІ. Деңгей

  1. Тіршілік ортасының анықтамасы.
  2. Су — тіршілік ортасының организмдер үшін маңызы.
  3. Құрлық-ауа тіршілік ортасының маңызы.

ІІІ.Деңгей

  1. Экологиялық факторларды сызбанұсқамен бөліп, әрқайсысына сипаттама бер.
  2. Агроценоз бен биогеоценоздың сызбанұсқасын сызып, олардың айырмашылығын көрсет.

Оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауына байланысты білімдерін бағалау. Күнделіктеріне бағалар қойылады.

  1. Үйге тапсырма: § 21. Тіршілік ортасы, экологиялық факторлар және агроценоздар. Тақырыптқа байланысты эссе құрастырып жазып келу.

Бағалау парағы

 

Оқушының

аты-жөні

І-деңгей

5 ұпай

 

ІІ-деңгей

10 ұпай

ІІІ-деңгей

15 ұпай

            Бағасы
1 2 3 1 2 3 1 2 3 І

 

 

ІІ

 

ІІІ   Жалпы
1                            
2                            

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ