Құқық бұзушылық және олар үшін жауапкершілік шаралары

0

Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары қоғамдағы құқық бұзушылық себептері мен оны жою жолдарына бастарын қатырып келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғыдай соншалық күрделі, әрі қарама-қайшылықты болып келеді. Оның өзектілігі — күмәнсіз. Құқық бұзушылық әрқашан болған. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады. Осыған орай, бір де бір қоғам қылмысты мүлдем жоя алмайды. Олар болған, бар және әрқашан болады.

Нақ сондықтан құқық бұзушылықпен күресудің жаңа теориялық тұжырымдамаларын үнемі тұжырымдау, жаңа әдістер мен рәсімдерді құрастыру қажет. Қылмыс, басқа әлеуметтік құбылыс ретінде үнемі дамып, жаңа түрге ие болады.

Осы санкциялар өз беттерінше емес, құқық қолдану қызметі процесінде жүзеге асырылады. Оны жүзеге асыру барысында құзыретті органдар құқық бұзушылық жөнінде істерді қарастырып, шешім қабылдайды. Ізденімді қолдану, құқық бұзушылық жөніндегі істі қозғау негізі жасалған істе құқық бұзушылық құрамының болуы болып табылады. Сондықтан құқық қолдану қызметін жүзеге асыру құқық бұзушылық ұғымын терең білмейінше мүмкін емес. Қажетті білім құқық бұзушылықты дұрыс біліктілеуге, іс бойынша заңды шешімдер қабылдауға, заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.

Құқық бұзушылықтың ең жалпы түрі қоғамға зиян келтіретін және заңға сәйкес жазаланатын қоғамға қарсы әрекет ретінде сипатталуы мүмкін.

Құқық бұзушылықтың бәрі түгелдей табиғат пен заттардың күш әрекеттері емес, жануарлардың әрекеті емес, адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Адамның ойлары мен сезімдері құқық бұзушылық болып саналмайды.

Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің алуан түрлі себептеріне, жағдайларына, субъектілері мен сипатына қарамастан олардың бәрінде, құқық бұзушылық сияқты әлеуметтік құбылысқа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілер бар.

Сонымен, құқық бұзушылық деген не?

Құқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекеті.

Қылмыс бұзушылық оны құқықтық емес мінез-құлық қағидаларын (адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары) бұзудан өзгешелейтін қатаң белгіленген белгілермен сипатталады.

Құқық бұзушылық – бұл адамның әрекет етунен немесе әрекетсіздігінен байқалатын қылық. Құқық бұзушылыққа ой, сезім, ниет жатпайды, себебі олар адамның қылығының белгілі бір актісінде байқалмайынша, құқықпен реттелмейді. Егер адам құқық нормаларында қарастырылған белгілі бір әрекетті жасау керек болып, бірақ жасамаса (мысалы, өміріне қауіп төніп тұрған адамға көмек көрсетпегенде), онда бұл әрекетсіздік болып табылады [1].

Әрбір құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залал келтіреді, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келеді. Зиян – материалдық және моральдық, өлшеулі және өлшеусіз, физикалық және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болады.  Осылайша, қоғамдық қауіпсіздік құқық бұзушылық белгісі ретінде құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіреді.

Жазаланушылықты құқық бұзушылық белгісіне жатқызуға да болады, сондықтан кез келген құқық бұзушылықты жасағаны үшін заңды жауапкершілік қарастырылуы керек.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесі қорытындыға келуге болады:

Құқық бұзушылық — қоғамдық қауіпті (зиянды) сипаты бар, өз істеріне өз бетінше жауап беруге қабілетті тұлға жасаған кінәлі құқыққа қайшы іс-әрекет. 

Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған – қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес)  тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін зиян сипатымен және т.б. анықталады.

Теріс қылықтар – бұл, қылмыстармен салыстырғанда қоғамдық қауіптің аз дәрежесімен сипатталатын құқық бұзушылық, ол қоғамдағы құқықтық тәртіптің жеке жақтарына қастандық жасайды. Теріс қылықты құқық салаларында қолданарлық түрде, сондай-ақ олар теріс қылық енгізетін қарым-қатынас түрлері бойынша және солар үшін қолданылатын жаза түрлеріне қарай топтауға болады.

Тәртіптік теріс қылық – қызметтік қарым-қатынастар аумағында жасалатын құқық бұзушылық және ол ең алдымен қызмет бойынша бағынушылық қатынастың тәртібін бұзады. Тәртіптік теріс қылық адамдардың (жұмысшылардың, қызметкерлердің, оқушылардың және т.б.) белгілі ұжымдарының қызмет тәртібіне қастандық жасайды, ол еңбек, қызмет немесе оқу тәртібін әлсіретеді де, тәртіптік теріс қылықты тудырады. Сонымен, мысалы, Еңбек туралы заңдар кодексі ескерту, сөгіс, белгілі бір мерзімге төмен жалақылы жұмысқа ауыстыру немесе төменгі лауазымға түсіру, жұмыстан босату сияқты тәртіптік жазалар қарастырылған. Тәртіптік жазаларды кәсіпорын, мекеме, ұйым теріс қылық шыққан күннен бастап бір айдан кеш қалмай және оны жасаған күннен бастап алты айдан кеш қалмай салады. Тәртіптік жазаның мерзімі – бір жыл.

Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық)  — заң бойынша бекітілген  қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару және орналастыру қызметі саласындағы қарым-қатынасқа қастандық жасайтын, қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес құқық бұзушылық [2]. Әкімшілік теріс қылықтар, мысалы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындарда санитарлық гигиенаны бұзу болып табылады. Әкімшілік делиттер, қоғамдық зияндылық немесе қауіп белгілеріне ие бола отырып, зияндылығының аз дәрежелілігімен қылмыстан айтарлықтай айырмасы болады.

Әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік заңмен қарастырылады. Бұл ең алдымен, айыппұл, арнайы құқығынан айыру (мысалы, көлік құралдарын басқару құқығы), түзету жұмыстары (екі айға дейін), әкімшілік тұтқындау (15 тәулікке дейін) және т.б. Жаза құқық бұзушылық жасаған күннен бастап екі айдан кеш қалдырмай қолданылуы керек.

Әкімшілік жаза түрлері әкімшілік құқық бұзушылық істерін олар жөнінде істер бойынша өндіріс қарастыратын өкілетті органдар, сондай-ақ, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен анықталған.

Азаматтық теріс қылықтар (деликттер) – мүліктік  және сондай-ақ мүліктік емес аймақта жасалатын құқық бұзушылық, ол адам үшін рухани құндылық болып табылады. Азаматтық құқық бұзушылық — ұйымдарға және жеке азаматтарға келісім бойынша міндеттерін орындамаудан, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратудан тұратын мүліктік зиян келтірумен бейнеленеді. Азаматтық құқық бұзушылық, зиянның орнын толтыру, бұзылған құқықты мәжбүрлеп қалпына келтіру немесе орындалмаған міндетін атқару сияқты санкцияларды қолдануға алып келеді [3].

Еңбек құқығын бұзу (еңбек туралы заңды бұзу) – еңбек міндеттерін бұзудан, орындамаудан тұратын және еңбек туралы заңның нормаларында болатын санкциялармен тыйым салынған еңбек құқығы субъектісінің құқыққа қайшы айыпты іс-әрекеті.

Іс жүргізудегі құқық бұзушылық азаматтардың немесе мемлекеттік органдардың әділ сот мүдделерін немесе құқық бұзушы құқықтық қатынаста тұрған жақтың іс жүргізу құқығын бұзушылығына байланысты. Бұл объективті түрде, соттың қолдау хатты қанағаттандырудан бас тартуы, бекітілген пішінге сәйкес келмейтін ізденім өтінішін қабылдау сияқты  қорғау шараларын қолдануға және т.б. алып келетін құқықтық әрекет емес.

Халықаралық құқық бұзушылық (деликт) – халықаралық құқық нормаларына немесе жеке басының міндеттемелеріне қайшы келетін әрекет немесе басқа субъектіге, халықаралық құқық субъектілерінің тобына немесе барлық халықаралық қауымдастыққа залал келтіретін халықаралық құқық субъектісінің әрекетсіздігі. Халықаралық деликтіге — дипломатиялық өкілдерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу жөнінде шаралар қолданбау, сауда міндеттемелерін  бұзу және т.б. жатады.

Құқық бұзушылықтың ерекше түрі – құқыққа қайшы жағдай туғызу — өз бетімен орналасу немесе құрылыс орнату, бөгде адамның мүлкін ұстау, заңға қайшы мәміле жасасу, заңсыз акт шығару, азаматтардың құқықтарын немесе оларға жүктелетін заңмен қарастырылмаған міндеттерді бұзу және т.б. болып табылады. Осындай құқық бұзушылықтарды қалпына келтіру санкциялар құқығын қолдануға алып келеді.

Құқықтық норманың санкциясы деп, құқық бұзушылық жағдайында қолданылатын және оның қорытынды құқықтық бағасы енетін мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын нормативтік анықтауды атаймыз. Барлық санкциялардың ортақ мақсаты – құқықтық тәртіпті қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу. Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде бұл мақсатқа екі негізгі тәсілдермен қол жеткізіледі: 1) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру; 2) жеке тұлғаға әрекет ету және құқық бұзушының оны түзету, қайта тәрбиелеу, осындай құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы құқықтық статусы.

Санкциялар — құқықты қалпына келтіру (міндеттерін мәжбүрлеу арқылы орындауға, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған) және айыппұл салушы, жазалаушы (құқық бұзушының кейбір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттер жүктеу немесе ресми түрде бетіне басуды қарастыратын) болып бөлінеді.

Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі — қылмыс болып саналады. Қылмыстар дегеніміз — қоғамдық қауіпті, қылмыстық заңдармен тыйым салынған, адамгершілік тұрғыдан сотталатын, айыпты деп табылған, жазаланатын, мемлекеттік конституциялық құрылысына, оның саяси және экономикалық жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандық меншігінің бекітілген түрлеріне қастандық келтіретін немесе құқықтық тәртіпті бұзатын, сондай-ақ, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттер. Қылмыстық әділ соттың мақсаты қоғамды тұтастай қорғау болып табылады. Сондықтан, қылмыстық сотқа жататын  кез келген іс-әрекет қоғамдық қауіпті  деп саналады.

Қылмыстың теріс қылықтардан айырмасы — қоғамдық қаупінің жоғарғы дәрежесі және жеке тұлғаға, мемлекетке, қоғамға анағұрлым ауыр зиян келтіреді. Қылмыстар мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негіздеріне, азаматтардың жекеменшігіне, жеке басына және құқығына, қарулы күштер қауіпсіздігіне қастандық жасайды, әрі қылмыстық жаза шараларын қолдануға алып келеді. Қылмыстық жаза қылмыс жасағаны үшін ғана емес, қылмыстық қастандығы, соған дайындалғаны, бірге қатысқаны, ал кейбір құрамдар бойынша – қылмысты жасырғаны және ол туралы хабарламағаны үшін де қолданылады. Тек сот қана, бекітілген іс жүргізу тәртібімен, қылмыс жасағаны бойынша айыпты деп санап, жаза белгілей алады.

Заң жүзіндегі жауапкершілік – субъект құқығын бұзған және жеке, мүліктік немесе ұйымдық  сипаттағы шектеулер мен айыруға ұшыраған кінәліні мемлекеттік айыптау болып табылатын құқықтық норма санкциясымен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы [4].

Заң жүзіндегі жауапкершілік заңдылық принципіне, сондай-ақ, гуманизмге, әділдік пен демократизмге негізделген. Бұл нақты түрде келесі: заң жүзіндегі жауапкершілік құқық бұзушылық құрамы болған жағдайда ғана мүмкін болуымен көрінеді. Құқық нормасы бұзылған жағдайда заң жүзіндегі жауапкершілік міндетті түрде тууы керек. Заң жүзіндегі жауапкершіліктің түрі мен шегін бұзылған құқық нормасында мемлекет айқын анықтайды.

Заң жүзіндегі жауапкершілік әрқашан қатаң түрде жеке басқа жүктеледі. Заң жүзіндегі жауапкершілікті жүктеу кезінде ерекше іс жүзіндегі тәртіпті сақтау және қолдану қажет.

Заң жүзіндегі жауапкершілік құқық бұзушыны жазалау үшін салынады. Қылмыстық ісі үшін сазайын тарту және айыбын өтеу идеясы заң жүзіндегі жауапкершілікті тек шектік әмбебап түрде жүктеу кезінде ғана болады: санкция көлемі (бас бостандығынан айыру немесе айыппұл, болмаса түзету жұмыстары, әйтпесе айып төлеу) қылмыстық істің ауырлығына байланысты.

Заң жүзіндегі жауапкершіліктің мақсаты – құқық бұзушыны қайта тәрбиелеу (келешекте құқық бұзушылық жасаудың алдын алу). Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп немесе залалдың орнын толтырып немесе сөгіс алғаннан кейін айыпкер азаматтастарының қатарында қалады да, одан әрі өмір сүріп, жұмыс істеуін жалғастырады.

Заң жүзіндегі жауапкершілікті қолдану қоршаған адамдарға, олардың тарапынан құқыққа қайшы іс-әрекеттерді жасаудың алдын алу үшін насихаттаумен жүзеге асырылады. Кері жағдайда, олар сол бір жағымсыз нәтижеге ұрынуда немесе құқық бұзушы өтеген жеке басының игіліктерінен айырылудан басқа амалы болмайды.

Заң жүзіндегі жауапкершіліктің негіздемесі –құқық бұзушылық болып табылады. Субъектінің тәртібі құқық бұзушылық белгілеріне жатпаса, онда бұл тұлға заң жүзіндегі жауапкершілікке жатпайды. Заң жүзіндегі жауапкершілік – бұл күрделі әлеуметтік процесс. Ол құқықтық нормалардың белгілеулерін бұзу нәтижесінде туады және құқық бұзушыға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану түрінде көрінеді. Заң жүзіндегі жауапкершіліктің маңызды белгісі мынада: оны мемлекет анықтайды және оның құзыретті органдары қолданады.

Заң жүзіндегі жауапкершіліктің басты мақсаттары құқық тәртіптерін қорғау және азаматтарды құқықты құрметтеу рухында тәрбиелеу деп санауға болады. Заңға және құқыққа құрметпен қарау әрбір адамның жеке наным-сенімі болып қалуы керек. Осы тәрбиелік процесте өз сөзін мектеп, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар және т.б. айтуы керек.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтқандай, заң алдындағы теңдік құқық қорғаудың басты негізіне айналуы қажет [5].

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ