ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ҚАТАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ІЗГІ БОРЫШЫ МЕН МІНДЕТІ

0

Қазақстан Республикасын қорғау еліміздің әрбір азаматының ізгі борышы мен міндеті болып табылады. Республика азаматтары заңмен бекітілген тәртіпте әскери қызмет атқарады. Бұл норма – халықаралық келісім ережелері.

Отанымызды қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында бекітілген.

Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметтің құқықтық негізін келесілер құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі; Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметін және басқа да құқықтық актілерді реттеп отыратын Қазақстан Республикасының заңдары.

Егер Қазақстан Республикасы шартты бекіткен халықаралық шарт Заңда қарастырылған ережелерден басқа ережелерді бекітсе Отан Заңдары қолданылады – бұл халқымыз, жауынгерлеріміз қолына қару алып, туған жерімізді, бостандығымызды жаулардың күшінен қорғауға мәжбүр болған замандардағы көне дәуірлерге тамырын терең жайған халқымыздың тарихи дәстүрі.

Қарулы Күштердегі қызмет барлық уақытта да әр азаматтың ардақты міндеті және борышы болып саналатын. Ата-бабаларымыз елімізді қорғап, жерімізді сақтап қалу үшін көп тер төккен [1, б. 3].

2012 жылы Қазақстан әскерінің құрылғанына 20 жыл толды. Әр жылдың көктемінде жас жігіттер Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің, ҚР Республикалық гвардиясының, ҚР ҚКМ Ішкі әскерлерінің, ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери бөлімдеріне Қарулы Күштер қатарына шақырылады.

Азаматтардың мерзімдік әскери қызметке шақырылуы сапалы жүзеге асқан сайын, қарқындылық пен жауынгерлік әзірлік те жоғары болатынын әскерге шақыру науқанын талдау нәтижелерінен байқауға болады. Осылайша, Жас буынды Қарулы Күштер қатарына сапалы іріктеп алу қазіргі заманға сай қажетті Қазақстан әскерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтары ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген 2012 жылдың 16 ақпанындағы № 561«Әскери қызметшілердің әскери міндеті мен мәртебесі туралы» Заң негізінде Қарулы Күштер қатарында қызмет атқарады [4, б. 2].

Бейбіт және соғыс уақытында әскери қызмет атқару жоғары оқу орындарының әскери факультеттерінде (бұдан әрі – әскери факультеттер) орта техникалық және кәсіби, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын жүзеге асыратын әскери оқу орындарында білім алуды, әскери қызметке шақыруды, келісім-шарт бойынша әскери қызметке өз еркімен баруды, әскери атақ алуды, әскери лауазымға тағайындауды және әскери қызмет бойынша ауысуды, алмасуды, әскери қызметтен босатылуды, аттестаттауды, демалыс алуды, әскери жиындарға қатысуды және Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген басқа да міндеттемелерді (оқиғаларды) қамтиды.

Қазақстан Республикасының азаматтары Қарулы Күштер қатарында Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген ерекшеліктерді ескере отырып, ережелерге сәйкес ерікті түрде немесе шақырту бойынша әскери қызмет атқарады.

Әскери қызметін арнайы шақырту бойынша атқарып жүрген әскери қызметкер бейбіт уақытта әскери қызметтегі алты айдан соң әскери есеп мамандықтарының бірі бойынша арнайы даярлық курсын өткен кезінде Қазақстан Республикасынан тыс аймақтарда, сонымен қатар бөлімше мен әскери бөлім құрамында, бейбітшілік пен татулықты қолдау бойынша халықаралық міндеттемелерді атқару үшін ерікті түрде жіберілуі мүмкін.

Әскери қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс аймақтарда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша халықаралық міндеттемелерді атқаруға, әскери іс-әрекеттерге қатысу мерзімін Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрі, ал лаңкестікке қарсы операцияларға қатысу мерзімін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейді.

Әскери қызметкерлерді ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртіп жарғысымен және ережелермен бекітілген түрде жүзеге асырылады.

Әскери қызметкерлердің әскери қызметінің және статусының қағидалары:

— заңдылық;

— әскери қызметкерлердің алдына қойылған міндеттерін атқару үшін әскери қызметті атқару шарттарын ескере отырып, қызметкерлерді толық, жеткілікті және дер кезінде қамтамасыз ету;

— әскери қызметкердің құқығы мен еркіндігін қылмыстық және басқа да құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау, оның әскери қызмет міндеттерін атқарған кездегі дербес құқықтылығы;

— дара басшылық және субординация;

— саяси партиялардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіздік.

Әскери қызметкердің статусы бекітілген заңдармен, заңнан шығарып тастаумен және шектеулермен бірге Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жалпы құқықтарын, еркіндігін және міндеттерін, сонымен қатар әскери қызмет ерекшеліктерімен қамтамасыз етілген оның құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін қамтиды.

Әскери қызметкерлердің шығарып тасталуының, құқықтары мен еркіндігінен шектеудің, ерекше міндеттерінің және жауапкершілігінің осы Заңмен бекітілген қосымша құқықтармен және жеңілдіктермен орын тотырылады.

Әскери қызметкер статусына келесі азаматтар ие бола алады:

— әскери қызметке шақыртылған азаматтар – әскери басқарманың жергілікті органынан әскери қызметті атқару орнына кетуі туралы тиісті басшының бұйрығы шығарылған күннен бастап;

— келісім-шарт бойынша әскери қызметке келгендер – бөлімнің жеке құрамы тізіміне қабылдау туралы әскери бөлім (мекеме) командирінің (басшысының) бұйрығы жарияланған күннен бастап;

— әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге) қабылданғандар, егер бұрын әскери қызмет атқармаған болса – оқу орнының (әскери факультеттің) жеке құрамы тізіміне қабылдау туралы оқу орны басшысының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік әскери оқу орындарына қабылданған уақытта – уәкілетті орган жетекшісінің оқуға жіберілуі туралы бұйрығының шыққан күнінен бастап.

Әскери қызметкер статусын әскери қызметтен босатылғанына (әскери жиынның аяқаталуына) байланысты әскери бөлім тізімінен алып тасталынған күннен бастап жоғалтады.

Әскери қызметкерлер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мемлекет қорғауында болады. Олар жалпы әскери жарғыға сәйкес өздеріне басшы болып табылатын тұлғаларға ғана бағынады және Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған жағдайлардан басқа, олардың қызмет әрекетіне басқа ешкімнің де араласуына құқы жоқ.

Әскери қызметкер әскери қызмет міндеттерін келесі жағдайларда атқарады:

— лауазымдық міндеттерді орындағанда;

— әскери әрекеттерге қатысқанда, төтенше және әскери жағдайлардағы міндеттерді орындағанда, сонымен қатар қарулы қақтығыс жағдайларында;

— бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша бітімгерлік операцияларға қатысқанда;

— лаңкестікке қарсы операцияларға қатысқанда;

— табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға қатысқанда;

— оқуларға немесе кеме жорықтарына қатысқанда;

— қызмет қажеттілігінен туындаған жағдайда қызмет уақытында немесе басқа уақытта тәртіппен белгіленген күн ішінде әскери бөлім аумағында болған кезде;

— қызметтік іссапарда жүргенде;

— қызмет орнына және қайта кейін қайтқанда;

— емделіп жүргенде, емделу орнына барып, қайтқанда;

— әскери жиыннан өткенде;

— тұтқын ретінде тұтқынға түскенде немесе еркінен айырылған  жағдайда;

— адам және азамат құқығы мен еркін қорғау бойынша құқық қорғау органдарына, құқықтық тәртіп қызметіне және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсеткенде;

— күші бар резервте болғанда.

Офицерлік әскер құрамына шақыру бойынша әскери қызметкерлердің статусы келісім-шарт бойынша қызметтегі әскери қызметкерлердің статусымен анықталады.

Мерзімдік қызметтегі әскери қызметкер мерзімдік қызметті атқарған барлық уақытта, ал әскери міндетті әскери жиын өтетін барлық уақыт бойыәскери қызмет міндеттерін орындайды.

Командирлерге (басшыларға) әскери қызмет міндеттерін атқаруға қатысы жоқ немесе Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен өкімдерді шығаруға тыйым салынады.

Әскери қызметкерлерге статусын уәкілетті орган белгілеген тәртіпте статусын куәландыру үшін әскери қызметкер куәлігі (әскери билет) және жеке номері бар жетондар беріледі [3, б. 3].

Әскери қызметкерлер Қазақстан Республикасы заңдары белгілеген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясымен және заңнамасымен қарастырылған барлық құқықтар мен еркіндіктерді пайдаланады.

Әскери қызметкерлердің келесі құқықтары бар:

— Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етілетін, уәкілетті органдардың бірінші басшылары қарастырған тәртіпте Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде мемлекет есебінен ақшалай үлеспен қамтамасыз етілуге;

— Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен нормаларға сәйкес заттай және басқа да мүлік түрлерімен мемлекет есебінен қамтамасыз етілуге;

— өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқаруды, біліктіліктерін, қабілеттерін ескере отырып, қызмет бабында көтерілуге;

— уәкілетті лауазымдық тұлғаның келісімімен әскери оқу орындарына және басқа да білім беру ұйымдарына баруға және де курстық даярлықтан өтуге;

— қауіпсіздік техникасы және гигиена талаптарына сай денсаулық сақтауға және қызмет шарттарына;

— Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ретте әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде өміріне, денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыруға;

— Заңға сәйкес, әскери қызметін атқарған мерзімде тұрғын үймен қамтамасыз етілуге;

— әскери қызмет міндеттерін орындаған кезде қаруды сақтауға, өзімен ұстап жүруге және қолдануға [5, б. 13].

Қызметкерлерді әскери қызметке дайындау – бұл әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы азаматтарға арнап, сонымен қатар, әскери қызметті атқару үшін әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша әскери міндетті азаматтарға арнайы мемлекеттік органдарөткізетін міндетті шаралар кешені.

Азаматтарды әскери қызметке дайындау келесілерді қамтиды:

— алғашқы әскери дайындықты;

— қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындықты;

— әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша дайындықты;

— запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықты.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша азаматтарды әскери дайындау Қарулы Күштердің мобилизациялау қажеттілігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің рұқсатына сәйкес жүргізіледі.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтың толық курсын бітірген азаматтарға әскери қызметтен өту Ережелерімен белгіленген ретте «запастағы лейтенант» атағы беріледі [6, б. 5].

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі әскери кафедра КСРО Қорғаныс Министрінің 1953 жылдың 18 маусымындағы № 1274 Бұйрығы негізінде құрылды.

Әскери кафедра 6 әскери есептегі мамандық бойынша запастағы офицерлерді дайындайды:

  1. «Жер үсті артиллериясының бөлшектерін, бөлімдерін және құрамаларын әскери қолдану»
  2. «Танк бөлшектерін, бөлімдерін және құрамаларын әскери қолдану»
  3. «Бронетанкты техниканың электр жабдықтарын, арнайы жабдықтарын және автоматикасын пайдалану және жөндеу»
  4. «Бронетанкты техниканы пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыру»
  5. «Радиобайланыс құралдарымен бөлшектерді және бөлімдерді пайдалану»
  6. «Өзі жүретін артиллерияның бөлшектері мен бөлімдерін жауынгерлік пайдалану».

Қалыптасқаннан бері әскери кафедра 18 280 запастағы офицерді және 672 запастағы сержантты оқытып шығарды.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өту тәртібі азаматтарды әскери қызметке дайындау Ережелерімен анықталады.

Азаматтарды әскери қызметке дайындауды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен азаматтарды әскери қызметке дайындау Ережелеріне сәйкес мемлекеттік органдар ұйымдастырады және жүзеге асырады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ