ШОҚАН УӘЛИХАНОВ – КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ

0

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш.Ш. Уәлихановотандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа да жарқын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденістерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сананың өркендеуіне ықпал етті.

Шоқан (шын аты — Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды қолбасшы, іскер дипломат, Орта жүз ханы болған.

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндер оқытылуы, орыстың озық ойлы зиялылардың өкілдері сабақ беруі, Омбының көзі ашық оқыған адамдарының отбасымен араласуы, көп оқып білімін тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келешек тағдырына едәуір ықпалы болған.

Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Өзімен тайталасқа түскендерді түсініп, оларға дұрыс кеңес беретін – «Шоқан тегіннен бидің баласы емес. Ол өзінің іс-әрекетін табиғатынан түсінуге тырысатын»[1, б. 129].

Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласады.

Бұл қызметте Шоқан аса ерекше тапсырмаларды орындаушы офицер бола жүріп, шенеуніктердің бюрократизмдері мен карьеризмдерін көреді. Жас офицер өз халқының құқығын қорғап, олармен күреседі. Еркіндікті қалаған, әділдікке құлшынған және шындық үшін күрескен ол шенеуніктерден қорлық пен кемсітулерді көреді. Әрі жас шамасына сәйкес келмей дамыған  осыншама білімді казақты өз тағдырларына қарсы Омбы жерінде тұрып жатқан орыстың зиялылары мен ойшылдары А.Н. Майков, Ф.М. Достоевский, В. Курочкин, шығыстанушы-ойшыл К.К. Гутковский және басқа жазушылар мен ақындар  байқайды. Шоқанның генерал-губернатордың  адъютанты қызметінде жүрсе де, жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды. Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардың тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.

1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторының адъютанты ретінде онымен бірге Верный бекінісі қаланған Омбыдан Іле Алатауына дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақтардың ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы, діні мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді.

1856-1857 жылдары Шоқан ғылыми-зерттеу және этнографиялық жорыққа Іле Алатауындағы қырғыздар мен Ұлы Жүз ауылына, Алакөлден Ыстықкөлге және Құлжаға аттанады. Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы», «ХVIII ғасырдағы батырлар туралы тарихи жазбалар» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Бұл еңбектер қазақтардың мәдениетіне және әдебиетіне деген жаңа көзқарастардың негізі болды. Әрі орыс ғалымдарымен жоғары бағаланды.

Ш. Уәлихановтың қазақтарға арналған ғылыми еңбегіне көңіл аудармай  қалуға болмайды. «Тәңірі» шығармасы Ш. Уәлихановтың ең алғашқы туындысына жатады. Бұл жұмыс 1858 – 1859 жылдардағы Шығыс Түркістан экспедициясына дейін жазылған. «Қырғыздардағы шамандықтың іздері» атты жұмысы 1862 жылмен белгіленеді. Бұл екі шығармада да қазақ халқының отқа, жерге, жұлдыздарға және рухқа деген көзқарастары зерттеледі. Жұмыстарда қазақ-көшпелінің тұрмысы, оның рухани әлемі суреттеледі. Бұл сапарларында Шоқан қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет «Манас» эпосын жазып алады. Манас — халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы –«Дала Илиадасы» деп бағалады, ал оның жалғасы «Семетей» поэмасы шығыстың «Одиссеясы» деп белгіледі.

Жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсініп, оны мойындаған орта  1857 жылы ақпан айында  Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды [2, б. 32-33].

Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі Қашқарияға құпиялы жолмен баруы болды. 1858 жылдың маусым айында Уәлиханов ресейлік географиялық ғылымның анналарында мәңгіге қалған саяхатқа шықты. Сол кезде жасы 22-де ғана болатын. Жолға Шоқан семейлік көпес Мұсабай Тоқтыбаевтың керуенімен шықты. Ол шығыс киімдерін киген және жергілікті ғұрып бойынша шашы алынған баспен жүрген Әлімбай көпес атымен саяхаттаған екен. Бір жарым ай ішінде көпестер Іле өзенінің бастауына жетіп, онда жергілікті қырғыздармен сауда жасаумен бір айға қалғаннан кейін керуен Қытай шекарасына қарай беттеді. Қыркүйек айында Тянь-Шань жоталарына шығу оңай емес екен.

Қашқарияда жарты жыл қалу уақыты ішінде Уәлиханов жергілікті ақсүйектермен және өзге тұрғындармен жақсы танысты. Ол ұйғырлармен «алты қала елі» деп аталған Қашқарияның халқы, қыстақтары мен жолдары туралы маңызды мәліметтер жинай алды. Зерттеуші елдің климаты мен табиғаты, экономикасы туралы да деректер жазған. Ол Қашқардағы Орталық Азияны зерттеген неміс зерттеушісі Адольф Шлагинтвейн өлімінің себептерін анықтады: Қашқар билеушісінің бұйрығымен қала қабырғасының маңайында бұл зерттеушінің басы шабылған екен.

1859 жылдың 12-сәуірінде саяхаттың басталуынан 11 айдан кейін Шоқан Уәлиханов Верныйға қайтып келді. Экспедиция қорытындылары бойынша ол «Алтыншардың жағдайы немесе Қытайдың Нан Лу (Кіші Бұқария) провинциясының алты қаласы туралы» есеп жазды. Бұл жұмыста Ш. Уәлиханов арасында ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар, өзбектер және де дұнғандар болған ислам жақтаушылары болған көбінесе түркі халықтары тұрған Шығыс Түркістанды (еуропалық географиялық ғылымға белгісіз болып, ол кездері Шығыс Түркістан деп аталған)  отарлық басқарудың қытайлық жүйесінің талдауын берген). Бұл еңбек Ресей және оның тұсындағы шығыстанушылармен жоғары бағаланып, біраз уақыттан кейін ағылшын тілінде қайта басылды [3, б 242].

Қашқардан Омбыға қайтып келген Шоқан белгісіз жерлерді танып келген батыр ретінде қарсы алынып, мадақталып, Санкт-Петербургқа жіберілді. Бұл жерде ол Александр ІІ патшасымен кездесті, Қасиетті Владимир орденімен марапатталды және штабс-ротмистр атағына дейін көтерілді. Патша оның Отан алдындағы ерекше еңбегін атап өтті [1, б. 35].

Петербургте қысқа уақытты қалу мүмкіндігі Уәлихановты рухани байытып, оның демократиялық көзқарастарын бекітті. Ол қоғамдық өмірдің қалың ортасында жүріп, қызметін кеңейтіп, Бас штабтың Әскери-есеп комитетінде, Азиялық департаментте және Географиялық қоғамда жұмыс істеді. Орта Азия және Шығыс Түркістан карталарын жасау, Риттер еңбектерін басылымға дайындау, оның белгілі мақаласы «Абай» басылған энциклопедия басылымындағы қызметтестік, Орыс географиялық қоғамындағы Шығыс тарихы бойынша дәрістер оқу – бұның бәрі Петербургтегі өмірінің мазмұнын құрған. Ол алғаш рет «Тазкира-йи Боғра хан», «Тазкира-йи ходжаған» қашқарлық қолжазбаларын ғылыми айналымға енгізіп, әлемде бірінші болып Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегін зерттеген. Бұл кезде Шоқанға А.Н. Бекетов, «Орыс географиялық қоғамының хаттарының» редакторы, шығыстанушы, дипломат және публицист Е.П. Ковалевский, белгілі ғалымдар – ориенталисттер В.В. Григорьев, В.П. Васильев және В.В. Вельяминов-Зернов зор әсерін тигізді. Уәлихановқа үнемі қолдауын және достығын Орыс географиялық қоғамының вице-президенті П.П. Семенов-Тяньшанский көрсеткен. Петербургте ол өзінің досы болған жазушы Ф. М. Достоевскиймен қайтадан кездесті.

Түрлі шенді әдебиет ортасы қазақ ғалымының ой-өрісін кеңейткен, төңкерістік жағдай кезеңінде Ресей қоғамдық өміріндегі оқиғаларын жақсырақ түсінуге көмектескен. Уәлихановтың тарапынан зиялылардың тарихи көзқарастарының қалыптасу тарихына қоғамдық қызығушылықтың дамуында үлкен қызмет атқарған «Современник», «Русское слово», «Эпоха», «Отечественные записки», «Время»  («Замандас», «Орыс сөзі», «Дәуір», «Отандық хаттар», «Уақыт») және басқа әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналдарды оқуы оның демократиялық көзқарастырының орнатылуына себепші болды [3, б. 243].

Петербургтің ылғалды климаты Шоқанның денсаулығына қатерлі әсер етіп, ол астанадан жақын уақытта кетуге және отанына қайтуға мәжбүр болды. Омбыға көшкеннен кейін Шоқан даланы жергілікті басқаруды қайта құру шараларына тікелей қатысты, бірқатар тәжірибелік ұсыныс енгізді. 1864 жылдың көктемінде Ш. Уәлиханов Оңтүстік Қазақстан аумағын Ресейге қосуды мақсат еткен Черняев Экспедициясына қатысқан. 1684 жылдың жаз мезгілінде ол жасақты тастауға, Верныйға қайтуға, ал содан кейін Тезек ауылына қайтуға мәжбүр болды. Тезек ауылындағы әкесіне жіберген хатында Шоқан былай деп жазды:     шаршадым, еш әлім жоқ, түгелдей саудырап қалдым, сүйегім қана қалды, жақында күн көзін көрмейтін боламын. Енді өз туысқандарым мен достарымды көру бұйырмас, бұған еш амал жоқ. Бұл менің соңғы хатым. Қош болыңыздар, барлығыңызды да құшақтаймын. [3, б. 243].

Ш. Уәлиханов 1865 жылы Тезек ауылында, Алтын-Емел жотасының етегінде қайтыс болды.

Ш. Уәлиханов өз уақытының озық қайраткері, өзін өз халқына қызмет етуге арнаған тамаша отаншыл, ғалым, ағартушы болды.

Орыс географиялық қоғамы атынан және Ресей ғалымдарының атынан Ш. Уәлиханов қызметін бағалап, атақты орыс шығыстанушысы академик Н.И. Веселовский былай жазды: «Қырғыз хандардың тұқымы және сол уақытта орыс әскерінің офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов жылтыраған ақпа жұлдыз секілді Шығыстану майданы үстінен жарқ еткен. Орыс ориенталисттері бір ауыздан оның тұлғасында таңғаларлық құбылысты танып, одан түркі халықтарының өмірі туралы ұлы және маңызды жаңалықтарды күткен екен, бірақ Шоқанның мерзімнен бұрын өлімі бізді бұл үміттерден айырды. Отызға жетпес жылдарында ол басқалары бүкіл өмірі бойы жасай алмағанды жасады». [4, б. 532].

Қазақтар орыс бодандығын алумен өлкені ғылыми зерттеу орталық мемлекеттік құрылымдардың және зерттеушілердің түрлі жасақтарының қызметі аясына берік кірді. Қазақстанда жекеленген болса да, ғылыми мекемелер желісі қалыптасты. Кейбіреулері мемлекеттік қаражаттандыру есебінен қызмет етіп, басқалары ынтагерлердің күшімен пайда болды.

Ресей және қазақ халқы мәдениеттерінің жақындауы мен өзара енуі соңында жалпы адамзаттық өркениетті жаңа ашылыстармен, ойлармен және аттармен байытқан. Ресей ғылымының озық өкілдерімен қарым-қатынас Ш.Уәлихановтың әлемдік деңгей ғалымы ретінде қалыптасуына себепші болды. Көптеген орыс зерттеушілері қазақ фольклоры, музыкасы, ауызша тарихнамасы, этнографиясы материалдарының негізінде өзінің іргелі еңбектерін жазды.

ХІХ ғасырда Қазақстан зерттеушілері арасында П.П. Семенов-Тяншанский (1827-1914) – екі рет (1851-1857, 1888) Алтайға, Жетісуға, Орта Азияға саяхат жасаған ірі ғалым-географ, Орталық Тянь-Шань зерттеушісі сияқты әлемдік атағы бар ғалымдар болды. Оның басшылығымен «Ресей. Біздің Отанымызыдң толық географиялық сипаттамасы» көп томдық зерттеуі жасалып, басылды. Бұның екі томы – «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» — Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Бұнда қазақтардың географиялық шарттары, табиғи байлықтары, тұрмысы сипатталған. Әйгілі саяхатшы П.П. Семенов-Тяншанский Жетісуда Шоқанмен кездесіп, бұл өлке бойынша бағдарларға қатысты, кеңес алды. Оның ұсынысы бойынша 1857 жылы Шоқан Ресейлік географиялық қоғамның нағыз мүшесі болады.

Қазақстанның географиясын, фаунасын, флорасын, табиғи қазбаларын Н.А. Северцев және И.В. Мушкетов те зерттеген. Өткен ғасырдың Ресейдің талантты географтарының бірі Н.А. Северцев (1827-1885)  Қазақ өлкесі мен Орта Азияға жеті экспедиция ұйымдастырып, Арал-Каспий ойпатын, Мұғалжар, Іле Алатауы жоталарын және оның өңірлерін зерттеп, фаунаның, флораның, геологиялық материалдардың  үлкен коллекциясын жинады [1, б. 126].

Қазақстанның зерттелуі үшін әйгілі орыс географы мен саяхатшы И.В. Мушкетов (1850-1902) көп еңбек жасады. Оның қызметінің нәтижесі 1874-1880 жылдардағы экспедициялардың материалдары негізінде Қазақстанның оңтүстік аймақтарының сипаттамасы берілген «Түркістан» атты үлкен еңбегі болды. Сонымен қоса ол қосылған өлкенің минералдық қорларын анықтауда бірқилы жолсілтеме ретінде қызмет еткен Орта Азияның географиялық картасын жасаған. Алтай, Қазақстанның солтүстік облыстары, Жетісу халықтарының салт-дәстүрлерін, фольклорын зерттеген белгілі шығыстанушы, түркітанушы, этнограф, Петербург академиясының академигі В.В. Радловтың (1837-1918) үлесі орасан зор. Оның «Түркі тайпалары халық әдебиетінің нұсқаларында» қазақ ертегілері, эпикалық шығармалар, қазақ халқының лирикасы бар. Қазақстан туралы аз емес мәлімет ірі ғалым-шығыстанушы, археолог, тіл маманы, академик В.В. Вельяминов-Зерновтың (1830-1904) «Қасым хандары мен ханзадалары туралы зерттеулер», «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер» және Қазақстан тарихының көптеген түйіндік сұрақтарға жарық түсірген өзге кітаптарында байқауға болады. Өлке тарихын А.И. Добросмыслов, Н.Н. Аристов, М. Красовский және басқалар да зерттеген. Тарих, этнография, география бойынша мәліметтерді жинаумен Бас штаб офицерлері, орыс әкімшілік шенеуніктері, саяси жер аударылғандар да айналысты [1, б. 128].

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы мәдениет және қоғамдық ой дамуында маңызды қызметті ғылыми қоғамдар және мәдени-ағартушылық мекемелер атқарды. Орыс географиялық қоғамның бөлімдері Орынборда (1868ж.), Омбыда (1877ж.), кейін Семейде ашылды, ал 1897 жылы – Түркістандағы бөлім. Олар тарих, этнография, география бойынша ұсынылған материалдарынан жинақтар басып шығарған.

Олармен қазақ зиялылары да қызметтес болды. Географиялық қоғамның Орынбор бөлімінің мүше-корреспонденті бұл жинақтарда өз зерттеулерін шығарған Ы. Алтынсарин болды. Семей облысы статистикалық комитетінің жұмысында А. Құнанбаев та қатысқан еді [5, б. 241].

Ғылыми ізденістер жүргізген көптеген ғалымдар Географиялық қоғамдағы жұмысын тоқтатпағанын атап өткен жөн. Негізінде бұл географтар және өзге жаратылыстанушылық-ғылыми пәндердің өкілдері болған. Олар географиялық ғылымның келешек дамуына, оның мамандануына және сол уақыт жаратылыстанудың жалпы ағымындағы терең ұғынуына себепші болды. Зерттеулердің жүйелігі, сонымен қоса зерттеушілік жұмыстың негізгі кезеңдері бағдарламалар мен нұсқамалармен анықталды. Бағдарламалар мен нұсқамаларды әзірлеуге елдің ең жақсы ғылыми күштері және де түрде Орыс Географиялық Қоғамының мүшелерінен басқалары да тартылды.

Қоғам қызметінің ең басты бөлігі экспедициялық жұмыс болатын. «Орыс географиялық ғылымына әлемдік атақтылықты көбінесе Географиялық қоғаммен ұйымдастырылған және өткізілген экспедициялар әкелді». Өз кезегінде Қазақстан аумағын зерттеу бойынша экспедициялар орталық қоғам тарапынан да, үлкен ғылыми мәнге ие болған жергілікті бөлімдер тарапынан да көп рет жасақталды.

Қорытындылай келе, ХІХ ғасырда Қазақстан ғылымына П.П. Семёнов-Тяньшанский, Н.А. Северцев, И.В. Мушкетов, В.В. Радлов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин сияқты ғалым-шығыстанушылар үлесін қосса да, дегенмен, Ш. Уәлиханов —Орта Азия мен Қазақстаннан келген, өңірдің жүректің өзін түсінуге – адамға деген жол ашқан Жаңа Заманның алғашқы ғалымы.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ