ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

0

Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері – салыныстар,бүкіл тарихи аумақтарында көрсетілген ғимараттар мен салыныстар, мемориалдық үйлер, некропольдер, кесенелер және жеке кісі жерленген жерлер, монументалды өнердің туындылары, тас бейнелер, жартас суреттер, археология ескерткіштері, Қазақстанның мемлекеттік тарихи және мәдени нысанасының ішіне кіретін тізбе ескерткіштер. Олар тарихи, ғылыми, архитектуралық, көркем және мемориалдық айрықша мағына білдіреді. Тарихи және мәдени ескерткіштердің тізбелері мемлекеттің қорғауында.
Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Яссыға көшті”, — дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.
Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Иассауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық.
ХІҮ ғасырда, яғни А.Иассауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазрети Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды[1, б. 256].
ХҮ ғасырда Түркістан Сырдарияөңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Иассауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.
Олардың қатарына Ахмет Иассауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Монғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала.
ХҮІІ ғасырдың басынан Түркістан қазақ хандығының, яғни қазақ мемлекетінің астанасы болды. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.
Түркістанның бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғандығын дәлелдеу үшін Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, Қазыбек, Әйтеке секілді қазақ халқының ұлдары мен Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дулат сияқты батырларының құлыптастарының А.Иассауи сағанасында орналасқанын айтудың өзі жеткілікті емес пе?!
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, Түркістан өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі, Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген кесене. Бізге жеткен жазба мәліметтерге қарағанда, көне Ясыда, қазіргі мавзолей тұрған орнында мұсылманның атақты әулиелерінің бірі, дәруіштер шайқасы – Ахмет қабіріне ХІІ ғасырдың өзінде-ақ шағын мавзолей орнатылғаны белгілі. Кейін бұл мавзолей мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Ахмет Иассауи кесенесінің қасиетті орын ретінде атағының жайылуына ХІҮ ғасырдың 30-шы жылдарында моңғол шапқыншылығынан қатты күйреген Түркістан қаласының қайта гүлдене бастауы ерекше ықпал етті. Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы Сарай Беркені өртеп жіберген Темір осы жеңістің құрметіне ескі мазар орнына жаңа, зор кешен орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның жалпы жасампаздықты мұрат еткенін, беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге қажет еді. Құрылысты жүргізуді Темір Мәулен Садырға жүктеді. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауға Темір тікелей қатысып, негізгі бөлмелерді өзі анықтаған көрінеді. 1991 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Республикалық музей “Мемлекеттік тарихи-мәдени Әзірет Сұлтан қорық музейі” болып қайта құрылды. Қорықтың жалпы ауданы 88,7 гектар. Оған бірнеше ортағасырлық ескерткіштер кіреді.
Абділ Әзіз баб кесенесі.Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауылында орналасқан.Бұл көп күмбезді ескерткіш ХII ғасырда Исфиджаб (қазіргі Сайрам) қаласында тұрғызылған.Бұл ғимарат үш жартылай сферикалық күмбезбен жабылған: біреуі ортада және енді шетінде. Портал шеті аркамен жабылған. Портал бұрыштарында доғал келген бағаналар бар. Порталдың жоғарғы жағы карнизбен аяқталған. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен салынған. Порталдың бүйір тұсынан солтүстік фасадында 0,820 белгідегі баспалдаққа шығар жол бар.Орталық кіреберіс қақпаға қарама қарсы михраб орналасқан[3, б. 115].
Алаша хан кесенесі.Мазар халық шеберлерінің қолымен XI-XII ғасырларда Алаша ханның құрметіне салынған. Оның есімі қазақтың үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақстандық әйгілі кесенелердің бірі Қаракеңгір өзенінің аңғарында, оң жағалаудан 2 км қашықтықта, Малшыбай ауылынан алшақ емес жерде орналасқан. Мазарды зерттей бастау Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» аттымақаласынанбастауалады.(1855ж).1868жылыподполковник Красовскийдің «Область сибирских киргизов» атты еңбегінде ежелгі құрылыс туралы сипаттама пайда болады.Орталық Қазақстанның сәуле ескерткіштерін зерттеуге «Атбасарцветмет» тресінің бас геологы Қ.И.Сәтбаев атсалысты. Кейін ол академик атанды. «Алаш» термині ежелгі кезеңде қолданылған, яғни ру-тайпалар бөлінбей, ортақ мал ұстаған кезеңде. Бұл ежелгі түрік сөзі, — «туған-туыс, ниеттес» деген мағынаны білдіреді.Дұрысын айтқанда, «алаш» — қазақтың өз аты. «Алаш» сөзі бірнеше мағынада түсіндіріледі. Солардың дәлелденген бірі «Алты алаш» сөзі –Оғыздың алты ұлының соңынан ерген алты тайпа деген мағынада айтылады. Алтын Орда құлаған соң «Алаш» көшпелі қазақтарды біріктіретін ұранға айналды.Белгілі тарихшы Ж.О.Артықбаев » Материалы к истории правящего дома казахов» атты кітабында Алаш хан туралы сан түрлі аңыздарды салыстыра отырып, М.Ж.Көпеевтің нұсқасын толық деп тапты. «Алаш ханға дейін қазақтар біртұтас ел әрі мемлекет болған жоқ, және басқа халықтар оларды осы дәрежеде бағалаған жоқ. Бөтен баланы басқарушы етіп тағайындай оырып, олар оның атын ұрыс кезінде әскери ұран ретінде бағалаған. Олар жауға осы ұранмен шабуыл жасауға серттесті. Ал, осы атты айтпайтын адам, туған әкесі болса да, жауындай өлтіруге рұқсат етілді. Сол кезден мынадай сөз қалған: «Алаш Алаш болғанда, Алаш хан болғанда, біздің үйіміз ағаш киіз үй болғанда, Алаштың аты біздің ұранымызға айналғанда, сонда біз үш жүздің балалары қазақ атандық…»[2,206 б.]
Арыстанбаб кесенесі ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14-15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18-ғасырда екі күмбезді құрылыс салынған. 18-ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909жылы қайта салынды.Жерасты суының жоғарғы деңгейі салдарынан бүлінген мешіт 1971 жылы қайта салынды.Кешен алғашқы үлгісіне негізделіп қалпына келтірілген, яғни Ислам дінінің ғұламасы Арыстанбаб жерленген жерге тұрғызылды, екінші бөлме мешіттің сол қанаты оның дін жолындағы шәкірті Гурханға арналды. Осы екі нысан біріктіріліп қосылып салынды.
Айша-бибі кесенесі өзінің аңызға толы рухани құндылығымен сәулет өнеріндегі ғажайып әлемде теңдесі жоқ ескерткіш болып табылады. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту қабырғаларын көтеріп алғашқы кейпіне келтіру күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына келтірілді.
Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста— Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында— Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі— 92 144 5 km219 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2.
Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum) өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей және шетел зерттеушілері болған.
Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ.50 жж.Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
Кіші жүз — үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпақ иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі. ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің бірқатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрады. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке қарағанда олардың мал саны едәуір болған (70 мың түйе, 30 мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды. Бөкей Нұралыұлы (1804 — 1845 жж.) — Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды. Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты.Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленді.Бабаджа-Хатун кесенесі.Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI-XIIғғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы әзірленіп қабылданды, оның ішіндегі негізгі басымдықтары: мәдени және тарихи ескерткіштерімізді қалпына келтіру. Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның тарихында отандық ескерткіштердің ауқымды түгендеуі болды және тарихи, республикалық (218 нысан) және жергілікті мағыналық (11 277 нысан) мәдени ескерткіштерінің тізбелері бекітулі. Мемлекеттің «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асуы бойынша ескерткіштердің қалпына келтірілу жұмыстары жүргізілді.
Біздің республикамыздың аумағында тарихымыз бен мәдениетіміз үшін үлкен орын алатын ескерткіштердің саны өте көп.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ