КЕЛІСІМ – БІЗДІҢ ДАМУЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗІ

0

Көп ғасырлық тарихи кезең ішінде қалыптасқан діни және мәдени әр алуандығымен ерекшеленетін Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігімен бар әлемге әртүрлі конфессиялар мен ұлт өкілдерінің татулықта қатар өмір сүріп жатқандығын 22 жыл бойы көрсетіп келеді.

Қазақстандағы бейбітшілік, мәдениет пен діннің диалогы әлемдік эталон ретінде мойындалған. Қазақстан халқының конфессияаралық келісімінің формуласын барлық алдыңғы қатарлы адамзат таныған, ал модельдің өзі көптеген шет мемлекеттер үшін үлгі, әлемдік деңгейдегі сарапшылар, ғалымдар мен саясаткер үшін ғылыми зерттеу объектісіне айналды.

Қазақстандық табыс феномені Отанымыздың және халқымыздың ерекшеліктерімен, ал конфессия аралық келісімнің дамуы Ұлы Еуразияның орта бөлігінде әртүрлі типтегі өркениеттің көп ғасырлық өзара сіңісу процестерімен тікелей байланысты.

Өз кезегінде мемлекет құраушы ұлт өкілдеріне тән дәстүрлік төзімділік, басқа мәдениет және конфессия өкілдеріне тілектестік қарым-қатынасы және сыйластығы жаңа мыңжылдықта жас зайырлы мемлекеттің жасампаздығы мен өркендеуі үшін берік және сенімді іргетасына сеп болды.

Өткен жылдар ішінде өзара түсіністік, төзімділік және келісім негізінде халық бірлігінің мызғымас негізі қалыптасты. Нақ осы рухани біріктіргіш көп жағдайда Қазақстан қалыптасуының негізі болды.

Бұл жетістіктердің ауқымы мен тереңдігі туралы шынайы түсінік ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы  Ассамблеясының XVII сессиясындағы «Қазақстан жолы ұлттық табыстың үлгілік моделі болды. Бұл барлық қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен ауызбірлігінің нәтижесі, бұл нағыз пассионарлық жарылыс, бұл тек мықты халыққа тән зор қабілет» сөздерімен расталады. Бұл, әсіресе, жаһандану процесі, халықаралық құқық негіздерінің босаңсуы мен болашақ әлемді құрудың әртүрлі түбегейлі тұжырымдамаларының пайда болуы аясында өзекті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ мерейтойлық сессиясында , 2013 жылдың сәуір айындаұлтымыздың Көшбасшысыбылай деді: «Біз осындай халыққа айналдық және осы биіктікте қалуға тиіспіз!Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ… Алдымызда үлкен жоспарлар тұр.Оларды жүзеге асыру жаһандық құбылулардың күрделі жағдайларында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін бүкіл күш-жігермен бекемдеу қажет».

«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламалық құжатты қабылдаған күннен бастап бір жыл өтті, онда біздің еліміздің әлемнің 30 озық мемлекеттер қатарына қосылудың мақсаты мен  міндеттері көрсетілген.

Соңғы кезде біз заманауи жаһанданушы әлемде көптеген бөлу сызықтарының пайда болуына куә болдық: аймақтық және конфессиялық, әлеуметтік және мәдени, тілдік және этникалық, бұлар мемлекет, қоғам ішіндегі жаңа шиеленіс бастамаларында көрініс тапты. Қазақстан халқы Стратегияны жүзеге асыруға кіріскен қиын жағдайда, біз,еуразиялықты зерттеуші Лев Гумилевтің көзқарасынан: «этникалық көп түрлілік – адамзаттың оңтайлы өмір сүру формасы», қазақстандық қоғам көп түрлілігін оның пайдасына асыруымыз керек.

Ұлтымыздың Көшбасшысы, Қазақстанның болашағын қалыптастыра отырып, мемлекеттің, қоғамның және діннің тиімді өзара әрекеттесі моделін табуқажеттілігінебасаназараударды:«азаматтардыар-ожданбостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүрімібензаңдарымызғақайшыкелетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады».Сондықтан мемлекеттік органдар мен қазақстандық қоғам алдында этника аралық және конфессия аралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай құру сияқты маңызды және жауапты міндеттер тұр.

Мемлекет басшысының мазмұны мен ой пішіні бойынша жарқын мына сөздері: «…бізде зайырлы қоғам дәстүрі бар екендігін және Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігін ұмытпағанымыз жөн»«зайырлылық» санатын түсінікті етеді.

Қазақстандық қоғам дамуындағы саяси, мәдени және рухани-адамгершілік басымдықтары мен құндылық бағыттарын анықтайтын бұл принциптердің ҚР Конституциясының 1-бабына негіз болғандығы белгілі. Негізге алынатын бұл құжаттың бөлімдерінде адамның өз діни ұстанымына сәйкес өмір сүру еркіндігі мен құқығы туралы ережелер бар.

Зайырлы Қазақстан «Діни қызмет және діни бірлестіктер» ұлттық Заңындағы ар еркіндігі, діни бірлестіктерді мемлекеттен бөлу, мемлекеттік немесе жалпыға міндетті діннің жоқтығы, діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі, мемлекет пен діни бірлестіктердің әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешудегі өзара әрекеті сияқты нормалардан шығатын өзінің сапалық белгілерімен сипатталады.

Тәуелсіздің жылдары рухани дәстүрлер мен діни құндылықтар қайта өркендеді, жаңа діни ғимараттар салынып, ескілері қайта жаңғыртылды: мешіттер, шіркеулер, ғибадатханалар, синагогалар. Құрбан айт және Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері болып жарияланды.

Қазақстан халқына ортақ тарихи өткені мен Қазақстан этностарының этномәдени дәстүрлері діни дәстүрлердің сипаты мен ерекшеліктеріне шешуші әсерін тигізді. Зерттеушілер атап айтқандай,бір-біріне деген өзара ұмтылыс оның басты ерекшелігі болып табылады.

Бұл процестердің мемлекеттегі саясаттың заңды әрі логикалық нәтижесіне айналғандығы даусыз. Ол мемлекет пен оның институттарының зайырлы, конфессиялық бейтарап сипаты, адам мен азаматтың дінге қатыссыз құқығы мен еркіндігінің теңдігі, діни немесе зайырлы бірлестіктерге қатысы, этномәдени құндылықтарды құрметтеу, қазақстандық тұрғындар топтарының менталитет ерекшеліктері сияқты іргелі принциптерге негізделеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жасалған мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара қарым-қатынас моделі діндарлардың құқығы мен еркіндігін демократиялық құрметтеу принциптеріне, қоғамдық және діни мүдделер балансына, серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген. Бұл Мемлекет басшысының мақсатты саясатының маңызды нәтижесі екендігі даусыз.

Республикадағы әрекетті мемлекет саясатының, конфессия көшбасшыларының жауапкершілігінің арқасында этника аралық жанжалдар мендіни қарсылықтарға орын жоқ. Сондықтан діни бірлестіктер – бұлзайырлы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының ажырамас бөлігі, азаматтық қоғамдағы маңызды институттардың бірі. Сондықтан бүгінгі таңда өзара түсіністік, толеранттылық пен ынтымақтастық, конфессия аралық кедергілерді жеңе білу және көп мәдени әлем үндеулеріне қарсы тұра алу зор мәнге ие болып отыр.

Нәтижесінде мемлекет діндарлар мен діни бірлестіктерді олардың қоғамға қызмет етуі мен адамдарға әлеуметтік пайдалы қызмет көрсетуінде қолдайды және ынталандырады. Әлеуметтік мәселелерді шешуде, дәлірек айтқанда, алкоголизммен және нашақорлықпен күресуде, қылмыскерліктен сақтауда, салауатты өмір салтын қалыптастыруда, жанұяны нығайту мен қоғамдағы рухани және адамгершілік орта орнатуда ынтымақтастық көзделеді.

Мемлекет діни бірлестіктерге мәдени және тарихи маңызы бар діни ғимараттар мен нышандарды қалпына келтіруге, жөндеуге көмектеседі. Ал діни бірлестіктер өз кезегінде тұрмысы төмендерге, науқастарға, мүгедектерге, зейнеткерлер мен балалар үйлеріне қамқорлық жәрдем көрсетеді.

Сонымен бірге мемлекетті жаһандандыру процестерін күшейту діни экстремизммен және терроризммен күресуде күрделі шаралар қабылдайды. Бұл жұмыста діни бірлестіктерге де міндет жүктеледі.

Қазақстан Президенті атап өткендей, Конституцияны, заңнаманы сақтау және ел бірлігін нығайту мәселесі туындаған жағдайда ешқандай бөлінулер болмау керек. Сондықтан мемлекет республикадағы барлық конфессиялардың қызмет етуіне арналған құқықтық кеңістікті дамытуды жалғастырудажәне өзі де діни бірлестіктермен әрекет етудің заңды түрде рәсімделген нормаларын ұстанады. Мемлекеттің зайырлы сипаты діни саладағы дәл осындай саясатты қолдайды.

Осы мәселелерді жүзеге асыру кезінде екі онжылдық мерзімде біздің мемлекетіміз үшін сенімді тірек болған іргелі идеяларға сүйену керек: бірлік, келісімжәне өркендеу – біздің басты құндылықтарымыз; Қазақстан – толерантты қоғамы бар зайырлы мемлекет; патриотизм, ұлттық дәстүр мен мәдениет – ұлтымыздың рухани негізі.

Рухани-діниқұндылықтар, қоғамдағы толеранттылық пен әр түрлі конфессиялар адамдарының арасында өзара құрмет қамтамасыз ете отырып, Қазақстан дамуының мақсаттарына қол жеткізу негізін құрау керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ