«АЛАШ ОРДА» және АЛАШ ОРДАЛЫҚТАР – АЗАТТЫҚТЫҢ ҰЗАҚ ЖОЛЫ (А. БАЙТҰРСЫНОВ, А. БӨКЕЙХАНОВ, М. ДУЛАТОВ)

0

Біздің егеменді дамуымыздың құндылығы мен мәнін ойластыру өз Отанының тарихын терең білуге сүйенуі тиіс. Егер өткен ғасыр тарихына көз жүгіртсек, онда қазақ халқының өз бетіндік ұлттық мемлекет құруда үздіксіз күресін көреміз.

ХХ ғасырдың басында, ежелгі бастауы болатын және этникалық бірліктің негізгі ұғымы, жалпы қазақ девизі мен әскери ұраны  болып табылатын «Алаш» ұғымы ұлттық зиялылардың күшінің арқасында біріктіргіш азаттық идеясына айналды.

«Алаш» — түрлі ұсыныстар бойынша, қазақтардың мифтік ата-бабаларының және басқа ежелгі түрік руларының атынан  шығатын тарихи термин (Алаша хан) [1, 72-б.].

Ресейдегі бірінші буржуазиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси түрде оянуына, өлкеде отарлық, әлеуметтік және басқа қанау түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшы, аграрлық және басқа қозғалыс түрлерінің дамуына түрткі салды. Өлке тұрғындарының түрлі топтарының Ресейдегі 1905-1907 жж. оқиғаларға көзқарасы бір мәнді болған жоқ. Оған өнеркәсіптік және қала жұмысшылары белсенді араласты. Аграрлық қозғалысты көбінесе қазақ ауылдарының еңбекші топтары, көшпелі деревнялары мен казак станциялары жасады.

Ұлттық ғылыми және шығармашылық зиялы топтардың қалыптасуына «Алаш» көшбасшыларының үлестері баға жетпес, олардың бірінші және жарқын өкілдері өздері болған. Алаш үкіметі мүшесінің әрқайсысы айрықша тұлға болып табылады. Олардың әрқайсысы қазақ ұлттық сана-сезімін дамытуға, оның білім беру мәдениетін арттыруға үлкен үлес қосты. Осы мақсатта олар қарқынды белсенділік танытты: ғылыми және публицистикалық басылымдардың қазақ тіліне аудармасын жасады, кең бұқара арасында қазақтардың тарихы мен мәдениетін терең зерделеді және әйгілі етті, публицистика мен поэзияның жарқын өкілдері бола тұра, саяси және құқықтық мәдениетін көтерді [2, 46-б].

Қазақтың алғашқы саяси партиясы «Алаш» пен Алаш орда үкіметінің пайда болуы кездейсоқ құбылыс болған жоқ. Бұл қазақ халқының тәуелсіздігі үшін көп ғасырлық күресінің заңды кезеңі болды. «Алаштың» бұрынғы қайраткерлері және ғылыми және шығармалық интеллигенциясы қазақтың басқарушы таңдаулы тобының өкілдері қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалады. Олар шекараларды анықтау және қазақ жерлерін қосу процесіне белсенді араласты. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, А. Ермеков, М. Тынышпаев, С. Мендешев, Х. Досмұхамедов және т.б. қазақ аумағының тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлық күштерін салды [1, 73-б.].

Сол кезеңдегі Қазақстан тарихында көрнекті саясаткер, ғалым, публицист А.Н. Бөкейхановтың (1866-1937 жж.) қызметі ерекше орын алады. 1870 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То­қы­рауын болысының 7-ші ауылында туған.

1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды [3, 544-б.].

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

1937 жылы Ә.Бөкейхановты қайтадан тұтқындайды және баптыр түрмесіне қамайды. Оған: «кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық күресті басқарды, Қазақстанда және Мәскеуде террористтік орталық басшыларымен байланыс орнатты» деген айып тағылды.

1937 жылы 27 қыркүйекте оған ең жоғары жазалау шарасы қолданылды. Үкім сол күні орындауға келтірілді.

Ахмет Байтұрсынов – ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғамдық қайраткер. Өз уақытында ол сталиндік жазалау әділетсіздігінің құрбаны болды, жарты ғасырдан астам есімі ұмыт болды, еске алуға лайықтанбады. А. Байтұрсыновтың бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі анықтауына, мәдениетін, білімін және ғылымын дамытуға, ғасырлар бойы ұлттың өзінің рухын өзіндік халық шығармашылығын сақтауға деген қамқорлыққа толы болды. М.Әуезов 1923 жылы, Байтұрсыновтың баға жетпес еңбектерін ескере отырып, оны «қазақ зиялы қауымының көсемі» деп текке атаған жоқ [4, 384-б.].

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды.

1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады.

1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.

1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.

1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.

1907 жылы жолдастарымен бiрге А. Байтұрсынұлы тұтқынға алынады. Содан екi жыл бойына Қарқаралының абақтысында отырып, 1909 жылы уақытша босатылады. 1909 жылы шiлдеде қайта тұтқындалып, 1910 жылға дейiн Семей түрмесiнде отырады. Одан соң оған қазақ даласынан сыртқа жер аударуға жарлық етедi. 1910 жылдан бастап 1917 жылға дейiн қазақ жерiне келуге құқықсыз А. Байтұрсынұлы Орынборға тұрақтайды. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн, жас республиканың халық ағарту комиссары болып тұрған кезiнде сауатсыздықты жою мәселесiнде көп iстер тындырды. Оның басшылығымен жаңа мектептер, жоғары оқу орындары, орта кәсiби бiлiм беретiн училищелер ашылды. Ең бiрiншi ашылған педагогикалық институтта Ахметтiң өзi сабақ бердi.

А. Байтұрсынұлы 1913 жылы қолында ешқандай қаражаты болмаса да қалың көпшiлiкке тез тараған және бұқараның ықыласына ие болған «Қазақ» газетiн шығарды. Оның өзi сол кезде қазақ өмiрiнiң мәдени және қоғамдық талаптарына iс жүзiнде жауап берiп отырған бiрден бiр мерзiмдiк басылым болды. Бұл газет үкiметке қарсы тiкелей көтерiлiске шығуды уағыздаудан бас тартып, революциялық байыпты көзқарастарды жақтап отырды. Бiрақ, осы саяси сақтықтың өзi де «Қазақты» қуғындаудан құтқара алмады. 1913–1914 жылдар аралығында газет 26 рет тұтқындалды. Соған қарамастан «Қазақ» газетi бұқаралық қоғамдық пiкiрге төрт жыл бойына билiк айтып отырды. Сондықтан да қазақ баспасөзiнiң тарихында бұқаралық тұңғыш басылым деген құрметке ие болды.

Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.

Алаш қозғалысының көсемі ретінде «халық жауы» деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында А.Байтұрсынұлы есімі қайтып оралды. Тамаша адамның біздің жерлесіміздің А. Байтұрсыновтың естелігі Қостанай қаласында мәңгі сақталған. Оның есімі Қостанай мемлекеттік университетіне берілді. Қала паркінде ескерткіш орнатылған, қаланың орталық көшелерінің біріне оның есімі берілген. А.Байтұрсыновтың сегіз қырлы таланты  поэзияда, публицистикада, ғылымда және мәдениеттің басқа салаларында қаламының күшін байқатуға мүмкіндік берді. Ахмет Ұлы Ұстаз – бас әріппен жазылатын мұғалім болды. Ол халықтың жадында қазақ ғылым мен мәдениетінің жарқын сәулесі ретінде қалды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), «Ақ жол» кітабы (1991) жарық көрді.

Тамаша ақын, жазушы, аудармашы, журналист, педагог Міржақып Дулатұлының өмірі мен қызметі де ХХ ғасырдың басына сай келеді. Осы уақыт әлеуметтік, саяси және рухани сипаттағы қарама-қайшылықтардың асқынған кезі еді. Қоғамдық аренаға шыққан зиялы қауымның белсенді бөлігінің ішінде көзге түскен А. Байтұрсынов, М. Дулатов халықтың ұлттық сана-сезіміне әсер етті және оны азаттыққа шақырды.

Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысының үшінші ауылында, қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Қызбел елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше сауатты, өз дәулеті өзіне жетерлік, атақты шебер болған адам. Ал Міржақыптың анасы Дәмеш қарапайым да мейірімді жан еді. Ол екі жасында шешесінен, он екі жасында әкесінен айрылды. Сегіз жасында Міржақыпты ауыл молдасына оқуға береді. Мұнан кейін оның білімін жетілдірген оқу орны – 1880 жылдары Торғай дуанында бой көтерген Ыбырай Алтынсариннің уездік орыс-қазақ мектебі. Міржақып осы орыс-қазақ мектебіне 1897 жылы оқуға түсіп, оны 1902 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

Ыбырай мектебін оқып-бітіргеннен кейін Міржақып өзінің ұстаздық қызметін Торғайдағы Терісбұтақ деген жерде ауыл балаларын оқытудан бастайды. Жасы жиырмаға да толмаса да Міржақып мектептен алған білімін, өзінің дүниетанымын одан әрі дамытып, оны еліне арнауды ойлап, соған сәйкес іс-қимыл жасау үшін қазақ зиялылары шоғырланған Омбы қаласына қоныс аударады. Бұл – 1904 жыл еді. Мұнда ол Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтармен танысады. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап, көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлеседі, мәдени – саяси шараларға қатысып ой-өрісін кеңейтеді. Мұның бәрі Міржақыптың саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Бұл – Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық бірінші революцияның қарсаңы, елдің дүрлігіп, қоғамдық қозғалыстардың өз қазанында қайнап, тасып жатқан тұсы болатын. Және де бұл кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ даласына әлеуметтік қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып қалғанды. Олар бірін-бірі іштей тез ұғысып, бұдан былайғы өмірлерін бір мақсаттың жолына арнайды, ақтық демдері біткенше, жұп жазбайды, Міржақып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан Қарқаралыға келеді. Осында астыртын жұмыстарға қатысады.

1909 жылы Қазан қаласында жарық көрген және қысқа мерзімде екі рет қайта басып шығарылған «Оян қазақ» өлеңдер жинағы тәркіленді, автор түрмеге қамалды. «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты», — Дулатовтың өлең жолдары осылай болды.

1928 жылдың аяғына қарай Қазақстанда революцияға дейінгі зиялы қауымды қуғындау басталды. М. Дулатовқа буржуазиялық-ұлттық қозғалысты жаңғыртуы бойынша заңсыз қызметіне айып тағылды. Ол тұтқындалып ату жазасына жіберілді, оны соңында 10 жыл тұтқындаумен алмастырды. Алаш ордашылардың барлық өмірі мен қызметі – халыққа және республикаға табанды қызмет етудің көрнекті үлгісі. «Алаш» буынының ұлы тұлғалары өзінің ұлты үшін шырақ, адамгершілік бағдары, жоғары адамзат рухының және Отанға қызмет етудің өшпес өнегесі болды. Өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алаш Орда еңбектерін былай сипаттады: «ХХ ғасырдың басында қазақ ұлттық идеясын қалыптастыру міндетін ұлттық ықпалдастыру идеясын алға жылжытқан рухани-интеллектуалды элита өзіне алды. Біздің отандық тарихымызда ұлттық саяси ұйымды құру фактісінің өзі аяғына дейін мойындалмайды.  Оның үстіне, өз уақытында «Алаш» партиясының басшылары алға жылжытқан көптеген ережелер өзінің мағынасын қазірге дейін сақтап келеді. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым болды, ол өзінің мақсаты ретінде қазақ қоғамының біртіндеп  өзгеріуін және жаңа заманғы реалийге бейімделуін мақсат етті» [7, 174-б.].

Тарих бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікке үйретеді, тағдырлары тоғысқан халық күшіне деген сенім ұялатады [8].

Өзінің концептуалды деңгейі және саяси маңызы бойынша Алаш партиясының қызметі өз заманының рухына жауап беріп қана қоймай, сондай-қ белгілі бір шамада Қазақстанның дүркіреген тәуелсіздігінің  идеялық көзі болып табылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ