ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЫҚПАЛДАСУ ИДЕЯЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РОЛІ

0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылдың 29 наурызында М. Ломоносов атындағы ММУ жоғары және беделді трибунасында ресейлік ғылыми қауымдастықтың бетке ұстар тобының алдында жұртшылықтың назарына «Еуразиялық мемлекеттер одағын құру туралы жобасын» ұсынған сол тарихи күннен бері жиырма жыл өтті.

Қазіргі таңда, посткеңестік кеңістікте КСРО құлағаннан кейін орталықтан сыртқа ұмтылулар үстемдік еткен, аяғына тұрған әлеуметтік-экономикалық байланыстардың құлдырауы жүріп жатқан және көптеген, тіпті соғысқа дейін баратын қақтығыстар туындаған жағдайларда таңбалы оқиға болғанын түсінеміз. Адамдар ұлтаралық шиеленістің күшеюіне тап болды, қашқындар пайда болды, өмір сүру деңгейі қатты төмендеді. Сол кезде жаңа тәуелсіз мемлекеттер араларындағы қарым-қатынастардағы мәселелердің шешімін опыр-топыр және аса қарама-қайшы іздеумен айналысқан. Оларға сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүлдем басқа стратегиясын құру және өзгерген геосаяси реалийлерге сәйкес келетін өзара әрекет етудің түбегейлі жаңа механизмдерін қалыптастыру керек болды.

Қазақстан Президентімен ұсынылған еуразиялық ықпалдастық стратегиясы ХХ ғасырда әр түрлі құрлықтарда жүзеге асырылатын аймақтық интеграцияның әлемдік үлгілеріне негізделген [1]. Н.Ә. Назарбаевтың ойы бойынша, Еуразиялық одақ әрбір қатысушы елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделері жүзеге асырылатын және жалпы бірлескен әлеует пайдаланылған бірдей құқықты тәуелсіз мемлекеттердің одағы болуы керек[2, 3 б.]. Еуразиялық одақ елдердің нарықтық қайта құруларды жүргізуге келісілген амалдардың қолдануын, ұлттық қауіпсіздікті, әлемдік экономикалық жүйеге бірлесіп қосылуын қамтамасыз етуі керек. Бұл міндетті мемлекеттермен бірыңғай экономикалық, кедендік, сауда және әлеуметтік-гуманитарлық кеңістік аумағын құру жолымен жүзеге асыру жөн болар еді [2, 65 б.].Сонымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен салыстырғанда бірлесу негізі дәл экономикалық өзара байланыс болуы керек еді. Еуразиялық одақты рәсімдеу егемендікке қысым жасаусыз, мемлекеттің ішкі істеріне араласпау, өз елінде мемлекеттік құрылымның тәртібін анықтаған әр халықтың құқығын құрметтеу кезіндеболуы керек. Ықпалдастыққа прагматикалық амалдың қажеттігі, бірлесудің экономикалық мақсатқа лайықтылығы мен еріктілігі оны қалыптастырудың басымдылық принциптерімен мойындалды.

Еуразиялық мемлекеттердің ықпалдастығының басты мақсаттары тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, аумақтың әлеуметтік-экономикалық жаңаруы деп аталды. Сонымен қатар, жобада Еуразиялық одақта Еуропалық одақтың үлгісі бойынша өзіне әр түрлі қызмет саласында елдердің өзара қарым-қатынасын реттеу функциясын алатын ұлт үстіңгі органдар құрылатындығы аталып өткен.

Еуразиялық ықпалдастық идеясының тәжірибелік іске асуы 1995 жылғы 20 қаңтарда Белорусь, Қазақстан және Ресей елдерінің Кедендік одағы туралы Келісімді жасаудан бастау алады, кейін бұл одаққа 1996 жылы Қырғызстан және 1999 жылы Тәжікстан қосылды. 1996–1998 жылдары Кедендік одақ туралы Келісімді дамытуға тағы бірқатар мемлекетаралық келісімдер қабылданды, себебі сол сәтте дезинтеграцияланған тенденциялар жеткілікті мықты болды.

1999 жылғы 26 ақпанда Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы Шартқа қол қойылды, бірақ ортақ сыртқы шекараларымен және ортақ басқару жүйесімен бірыңғай кедендік аумақты қалыптастыру бойынша жоспарлар жүзеге асырылған жоқ. Сондықтан 2000 жылға дейінгі кезең еуразиялық ықпалдастық процестерінің даму контексінде сынау жолдарын және едәуір тиімді интеграциялық моделдің қателерін іздеу уақыты ретінде сипаттауға болады.

Еуразиялық ықпалдастықтың тағдырын шешуші кезең 2000 жылғы 10 қазанда Астанада бес мемлекеттің (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресейжәне Тәжікстан) басшыларымен Еуразиялық экономикалық қауымдастықты (ЕурАзЭҚ) – нақты жазылған функционалдық құрылымға және тиімді қызмет механизмдеріне, анық және түсінікті мақсаттарға ие халықаралық ұйымды құру болды. ЕурАзЭҚкезінде бақылаушы мәртебесін  Армения, Молдова және Украина алды. 2006–2008 жылдарда қауымдастықтың құрамына Өзбекстан кірген. Бұл құрылым оның шеңберінде Кедендік одақты және Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК) қалыптастыру, сонымен қатар, әлемдік экономикаға және халықаралық сауда жүйесіне ЕурАзЭҚ мүше-елдерінің қарым-қатынасын ықпалдастыру мақсатымен құрылған. Қауымдастық елдері қызметінің стратегиялық бағыты – бірлескен табиғи, экономикалық, ғылыми және адами әлеуетті тиімді пайдалану кезінде олардың динамикалық әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл қоғамның үдемелі дамуының және адами және биологиялық ресурстарын тұрақты ұдайы өсуінің, экономикалық даму деңгейін және біздің елдердің өмір сүру деңгейін жоғарылатудың маңызды факторы болды [2, 72 б.].

ЕурАзЭҚұйымдастыру туралы шартына қол қою сәтінен бастап 13 жыл өтті. Осы уақыт бойы ол алдына қойылған міндеттерді сәтті орындап келеді. Өзінің қызметінің бастапқы кезеңінде  Қауымдастық кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы іскерлік байланыстарды тереңдетуді қамтамасыз етті.

Еркін сауда зонасының арқасында ЕурАзЭҚелдерінің тауарларын өзара сату көлемі Қауымдастықтың сегіз жыл жұмысында бірінші рет 4 есе артты. Осы жетістіктердің негізінде 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның, Ресейдің және Белорусь Кедендік одағы жұмыс істей бастады, ал 2011 жылғы 1 шілдеден бастап барлық халықаралық стандарттар бойынша толық форматты режимде әрекет етеді. Осы кезеңде Кедендік одаққа ЕурАзЭҚүш елі қабылданған әр түрлі жылдамдықты және әр түрлі деңгейлі интеграцияның тұжырымдамасына толық сәйкестікте кірді, соған сәйкес, өзара ынтымақтастықтың түрлері, қарқыны мен деңгейі мемлекеттердің дайындылығы мен мүдделілігінің деңгейіне қарай таңдап алынады.

Кедендік одақтың толық форматты жұмысы кооперациялық байланыстардың кеңеюіне және кәсіпорын мен халықта уақыт пен қаражат шығынының азаюына әкелді. Оның мүше-елдерінің тауарларын өзара сату көлемдері 2010 жылы 29%, 2011 ж. – 34%, 2012 ж. – 7,5% өсті.

«Известия» газетінде 2011 жылғы 25 қазанда жарияланған «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына қарай» атты іргелі мақаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «кедендік одақ» – бұл бүкіл ТМД кеңістігінде шынымен ерікті және тең құқылы ықпалдасудың бірінші түрі. Ол алғаш рет тарихта біздің елдің халықтарын өзара сыйластық, ұлттық ерекшелікті сақтау және ортақ болашақтың үздіксіздігін ұғыну негізінде жақындастырады. ЕЭК Кедендік одақтың бірізді өзгеруі, ал уақыт өткен соң, Еуразиялық экономикалық одақ біздің елдеріміздің өркендеуіне мықты стимул болатынына, елдерімізді жаһандық әлемде алдағы қатарға шығарады деген сенімдемін» — деп атап өтті [3, 4 б.].

Сыртқы сұраныс емес, Кедендік одақ ішіндегі сұраныс өнеркәсіптің әр түрлі салаларында, ауыл шаруашылығында, қызметтер саласында үш елдің кәсіпорындарын салуды қамтамасыз етеді. «Үштіктің» шеңберінде Белорусьпен Қазақстанның үлес салмағы ұлғаяды. Кедендік одақтың қызмет етуі барысында өзара саудадағы шикізат ресурстарының үлесі 40 бастап 33% төмендеді, яғни, тауар айналымының құрылымы жақсарды, технологиялық өніммен, жоғары қосымша құны бар тауарлармен шикізат тауарларын ауыстыру жүргізілді.

Қауымдастық елдерімен бірлескен мемлекетаралық мақсатты бағдарламалары әзірленеді және жүзеге асырылады. Еуразиялық даму банкы және Еуразиялық іскерлік кеңес белсенді жұмыс істейді. Сауда-экономикалық ықпалдасудағы жетістіктермен қатар, әлеуметтік, еңбектік және көші-қон саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және экология салаларында әлеуметтік-гуманитарлық блоктың маңызды сұрақтары нәтижелі шешіліп жатыр.

ЕурАзЭҚхалықаралық мәртебеге ие және БҰҰ-да бақылаушы болып табылады. Оның бірқатар маңызды жобаларды бірге жүзеге асыратын басты халықаралық серіктестері болып БҰҰ ЕЭК, АТМЭӘК, ЮНИДО, ЮНЕСКО,БҰҰ дамыту бағдарламасы, ХАЭҰ, Көші-қон бойынша халықаралық ұйым, Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарлама, Дүниежүзілік кедендік ұйым, ЕҚЫҰ, ЕҚ өкілеттігі, Азиядағы өзара әрекет етулер мен шаралар бойынша кеңесі алға шығады. Ерекше орынға аймақтық құрылымдармен  – ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰынтымақтастық ерекше орын алады [2, 100 б.].

ЕАҚ құру туралы жобамен еуразиялық интеграциялық құрылымдарды қалыптастыру кезінде Еуроодақтың тәжірибесін пайдалану алдын ала қарастырылды. Сонымен, ЕҚкейінгі жылдарда олүстіңгі органдардың қызмет етуімен байланысты күрделі мәселелер, институционалдық және функционалдық мәселелері, сонымен қатар, Еуроодақты және оның ішіндегі еңбектің көші-қонды кеңейтуге байланысты мәселелер ашылды. Осының барлығы ЕурАзЭҚ, Кедендік одақты және ЕЭК құру кезіндегі тәжірибелік жұмыста ескерілді. Осында ЕҚ тәжірибесі сынды түрде қайта түсіндірілді және біздің елде қалыптасқан жағдайларға бейімделді.

2011 жылғы 18 қарашада үш елдің президенттерімен Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы Декларацияға қол қойылды, соған сәйкес ең жақын интеграциялық міндет – Кедендік одақтың және ЕЭК әлеуетін толық жүзеге асыру, ал одан әрі – осының негізінде Еуразиялық экономикалық одақты құру, онда тек нарықтар емес, сонымен бірге стратегиялық жоспарлар мен елінің экономикасын дамыту перспективалары біріктірілген. Жаңа бірлестік технологиялық, модернизациялық, инновациялық салаларда, білім облысында тиімді кооперация үшін қосымша мүмкіндіктерді ашуға арналған.

2014 жылдың наурыз айында еуразиялық жобаның «туғанына» 20 жыл толды.Еуразиялық ықпалдастық идеясының жылжуы, шын мәнінде, Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірлік ісі болды.Сонымен, Ресей Президенті В.В. Путин Н.Ә. Назарбаевпен 2013 жылы шілдеде Астанада өткен кездесуінде келесіні атап өтті: «Сіз, шын мәнінде, біздің Кедендік одақтың негізін қалаушы-атасысыз, бұл Сіздің идеяңыз болды, біз оны жүйелі түрде дамытамыз. Атап өткім келеді, бұл, күмәнсіз, посткеңестік кеңістікте ықпалдастық бағытындағы ең үлкен қадам. Қазір біз оның қайтарылуын сеземіз».

Қазіргі заманғы реалийлерде Қазақстан көшбасшысыН.Ә. Назарбаевтың идеясы практикалық еурозиялылықтың жаңа кезеңінің басы болды. Сонымен, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі, оның еуразиялық теорияны саяси тәжірибемен күшейте алуында, сонымен, еуразиялық тұжырымдаманы едәуір өмірге бейімді және тиімді жасай отырып, күшейте алуында.

Нұрсұлтан Әбішұлының атымен Қазақстанның қазіргі әлемде лайықты орынға қарай магистральды жылжу және жаңа астана – Астананың құрылысы байланысты. Сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысы әлемге Қазақстанның және халқымыздың жаңа бейнесін ғана көрсеткен жоқ. Өткен жылдарда оның еуразиялық идеясының «үш киты» толық жүзеге асырылды — Еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕурАзЭҚ), Азияда өзара әрекет ету және шаралар бойынша кеңесі (АӨӘЕШК) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)[1].Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше еңбегі, оның еуразиялық теорияны саяси тәжірибемен күшейте алуында, сол арқылы еуразиялық тұжырымдаманы едәуір өмір сүруге бейімді және тиімді ете алуында.

2012 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Президенті «Қазақстан-2050» жаңа Стратегиясын ұсынды, онда кезекті жаһандық жарып шығуды жасау және 2050 жылы әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттерінің қатарына ену жоспарланады. Бұл құжат – қалыптасқан мемлекеттің үдемелі дамуының жаңа жаһандық бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының дамыған әлем елдерінің отыздығына кіруі Нұрсұлтан Назарбаевпен оның 2014 жылғы 17 қаңтардағы халыққа Жолдауында ұсынылған. Олекі кезеңнен тұрады: 2030 жылға дейін жаңартылған ұмтылыс жасау, экономиканың дәстүрлі салаларының динамикалық өсуін және мықты өңдеуші индустриалдық секторды құру талап етіледі; 2030–2050 жылдарда ғылымға сыйымды экономика принциптерінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет: мықты өңдеуші өнеркәсіпті қалыптастыру, дәстүрлі салаларда жоғары қайта бөліс өнімдерді шығаруға көшу, инжинирингтік қызметті дамыту.

Қазақстан Президенті «дамыған 30-топ  әлем елдеріне кірудің маңызды механизмін біздің аймақтық және жаһандық экономикалық жүйемізге шоғырланудың тереңдігін анық көреміз. Бұл, ең алдымен, біздің Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға қатысуымызбен, Дүниежүзілік сауда ұйымына енуімізбен байланысты – деп атап айтады [1, 56 б.].

Елбасы болашақ энергиясын дамытуға ерекше мән береді. Үш жылдан кейін Астанада осы тақырыпқа арналған «ЭКСПО–2017» Халықаралық көрмесі өтеді.Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі бойынша, «бұл көрме елдің «жасыл» даму жолына көшуге мықты қарқын береді.Астанада ғылым мен техниканың ең үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар өздерінің көздерімен «біз ұмтылатын болашақ энергиясын» көре алады» [3, 3 б.].

Қазіргі еуразиялық идеяның авторы экономикалық мақсатқа лайықтылықпен қатар гуманитарлық құраушы бөлікті, интеграцияны «адами өлшеуді» де маңызды деп санайды. Еуразиялық стратегияның барлық элементтерінің тәжірибелік іске асырылуы бұрыштың басына рухани және адами құндылықтар жүйесін, тұлғаға деген құрметті, мәдениеттердің өзара байытылуын қояды. Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен еуразиялықтың «әр алуандылық арқылы бірлікке қарай» басты ұранының теориялық және практикалық толығуы байланысты.

Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының шүбәсіз көшбасшылық факторы және пассионарлылығы тарихымыздың өзгерісті сәтінде ашылды. Қазақстан Президентінің дәл осы пассионарлық жылдар бойы еуразиялық идеяның ноавторлық қайта түсіндірілуден Еуразиялық одақтың нақты жобасын әзірлеуге дейін жылжуға мүмкіндік берді. Сонымен Қазақстан Көшбасшысының шығармашылық табиғи болмысы үнемі барлық посткеңестік елдердің одан әрі ынтымақтастығы перспективаларын іздеуде, он жылға алдын ала еуразиялық ықпалдастықтың стратегиялық негізін қалайды. Бұған тағы бір дәлел болып Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 5 ақпанда  ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің басшыларының кездесуінде «Еуразияның ортаңғы мемлекеті ретінде біз үшін интеграциялық процестерге қатысу өмірлік маңызды болып табылады.Осы жылы Еуразиялық экономикалық одақты құру идеяны алға қоюыма 20 жыл толады.Дәл осы жылы Қазақстан, Ресей және Белорусь елдерінің арасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қоюдың жоспарланатындығы айрықша мәнді. Бірқатар басқа мемлекеттер сондай-ақ осы процеске қосылғаны үшін өз ойларын жеткізді. Еуразиялық экономикалық одақ –бұл ортақ нарық. Ол тең құқықтылық өзара табыс және барлық қатысушылардың мүдделерін есепке алу принциптерінде жұмыс істейтін түбегейлі жаңа ХХІ ғасырдың бірлестігі болады» деп айтқан сөзіболып табылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ