ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

0

1991 ж. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының – өз аумағында толық билікті игерген, сыртқы саясатын өз бетінше анықтайтын демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Осы күннен бастап, жаңа мазмұнға толы Қазақстан Республикасының халықаралық құқықсубъектілігі санақ алып келеді деуге болады [1, 21-б.]. Қазақстанның сыртқы саясатының Бірінші Тұжырымдамаларын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 1992 жылы мамыр айында жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» еңбегінде анықтады. Қалыптасқан жағдайда Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды принциптерін анықтады:

1) сыртқы саясаттың ішкі саясатпен тығыз өзара байланысы;

2) мемлекеттер егемендігін және тәуелсіздігін өзара құрметтеу;

3) мемлекеттердің тең құқықтығы;

4) мемлекеттік мүдделерді қорғау кезінде принциптілігі мен икемділігі, позициялық маневрлеуге қабілеттігі, «сіресіп қалған» стереоптерден бас тарту;

5) сыртқы саясаттың балансталғандығы және көп бағыттылығы, одақтастар мен серіктестерді таңдау кезінде прагматикалық;

6) бөлінбестік, қауіпсіздік, яғни оның түрлі деңгейлерінің тығыз өзара байланысы (саяси, экономикалық, әскери, экономикалық және т.б.);

7) бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларын шешуде жаһандық аймақтық, субаймақтық және ұлттық тәсілдер арасында балансқа қол жеткізу;

8) Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде халықаралық құқық принциптері негізінде сыртқы саясат жүргізеді;

9) Қазақстан ЕҚЫҰ қатысушысы ретінде өзінің сыртқы саясат қызметінде Хелсин қорытынды актісі декларацияларының принциптеріне сүйенеді [1, 17-б.].

Белгілі болғандай, сыртқы саясаттың стратегиялық міндеттері – бұл елдің мызғымастығы, тәуелсіздігі, аумақтық бүтіндігі және шекарасына қол сұғылмайтындығы туралы түбегейлі ережелер нұсқаулығы. Қазақстанның сыртқы саясатының түбегейлігі бейбітшілік сүйгіштігімен және серіктестігімен шектеледі. 1994 жылы желтоқсанда ЕҚЫҰ Будапешт мәжілісі кезінде депозитарийлер тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы Меморандумға, Ресей, АҚШ және Ұлыбритания ядролық қаруды тарату туралы Шарттарға қол қойылды, онда Қазақстанның аумақтық бүтіндігі мен саяси тәуелсіздігіна қарсы күш қолданбау туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы міндеттемелер болды. Кейін өз кепілдіктерін ҚХР мен Франция жіберді.

Біздің республикамыз әлемнің саяси картасында пайда болып, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғау саясатын табанды жүргізе бастады, бұның астарында ең алдымен аумақтық бүтіндік пен егемендік жатыр. Сондықтан біз бірнеше проблеманы шешуге тиіс болдық.

Біріншіден, біздің мемлекетіміз шындығында қандай екенін көрсету.

Екіншіден, Қазақстанның халықаралық мойындалуын ғана емес, сондай-ақ оның қауіпсіздігін, аумақтық бүтіндігін қамтамасыз ету.

Үшіншіден, бейбір-шаруашылық экономикалық байланыстарға қосылу. Сол кезде біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасуы басталады.

Қайтадан мемлекет аралық қатынастардың барлық шарттық базасын жасау керекболады. 1992 жылы 5 наурызда БҰҰ қабылданды. Осыған байланысты Бас Ассамблеяның 47-сессиясында  болған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ сөйлеген сөзі анықтаушы мән алды, онда тәуелсіз Қазақстанның осы халықаралық ұйым қызметіне қатысу принциптері, оның жаңа әлемдегі ролін көруіміз мазмұндалған. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдіктері БҰҰ, басқа халықаралық форумдар құжаттарында әзірленген, әрі мазмұндалған және мемлекеттер арасындағы қатынастарда жалпы мойындалған болып табылады. Егеменділікті алумен, БҰҰ енумен қатар және Қазақстанның тұтас қатары жеке сыртқы саясатының, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларына, әлем экономикасына және әлемдік қауымдастыққа өз бетінше кіру проблемаларына жолықты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінде негізгі бағыттар анықталды:

1) ҚР мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту;

2) саясатты жаңғырту, нарықтық экономиканы құру курсы;

3) қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, онсыз даму болуы мүмкін емес;

4) азаматтық әлем, ұлтаралық келісім;

5) ТМД елдерімен және әлемдік қауымдастықпен бірігу [2, 11б.].

Биполярлы әлемнің ыдырау кезеңінде Қазақстан әлемдік саясаттың эпицентрінде болды. Біздің алдымызда халықаралық байланыстарды жолға қою ғана емес, сондай-ақ кейбір саясаткерлер және бұқаралық ақпарат құралдары құрастырған қуатты жағымсыз бөгетті игеру міндеті тұр. Қазақстан аймақта да, сондай-ақ бүкіл әлемде де өзара сенімділік пен ынтымақтастық атмосферасын құруға байланысты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін заңды түрде байланыстырды. 1993 жылы желтоқсанда Қазақстан ядролық емес мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартты бекітті. Бұны әлемдік қауымдастық біздің еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіне практикалық үлесі ретінде оң бағалады. Ядролық қаруды игеруден өзінің ерікті бас тартуы арқылы Қазақстан әлемге халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде жетілген тәсіл мен жауапкершілікті көрсете отырып, халықаралық беделін айтарлықтай арттырып қоймай, сондай-ақ ел егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтуда шешімді түрде алға жылжыды. Бұл ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, ҚХР, Францияның біздің еліміздің аумақтық бүтіндігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беру шешімдерінде көрнекті байқалды.

Халықаралық аренаға шыға отырып, Қазақстан сапалы басқа ортаға бас қойды. Өзінің геосаяси ахуалының ерекшеліктеріне қарай Қазақстан Еуропа, сондай-ақАзия елдерімен теңдестірілген қарым-қатынастарын даму курсын жүзеге асыра отырып, көп бағыттылық саясатын ұстана бастады.

Қазақстан Президенті алға жылжытқан Еуразиялық Одақ идеясы, бірлескен шешімдерді орындаудың әрекеттік механизмімен біріктірілген білім ретінде Ынтымақтастықтағы барлық елдердің саяси шеңберінде үлкен баға алды және жаңа егеменді мемлекеттер арасында шоғырландыру процестерінің катализаторы болды [3]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда Қазақстанның жаңа даму сатысында «Қазақстан-2030» Стратегиясы Жолдауының екінші бөлімінде елдің сыртқы саясатының ең маңызды бағыттары анықталды. Мемлекеттік саясат Қазақстанды әлемдік экономикаға сәтті шоғырландыруға бағытталды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында жаңа аймақтық және геосаяси жауапкершілігін жариялады:

  1. Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көп бағытты сыртқы саясаттың дамуы және жаһандық қауіп-қатерлермен күресуге қатысу.
  2. Аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, Орталық Азия елдерінің экономикалық шоғырлануын дамытуда және Каспий және Қара теңіз аймағында динамикалық рынокты қалыптастыруда белсенді ролі.
  3. «Өркениет диалогын» дамытуда мәдениет аралық және конфессия аралық келісім орталығы ретінде Қазақстанның ұстанымын бекіту [4].

Бүгінгі күні біздің республикамыздың халықаралық байланыстар географиясы практикалық түрде барлық континенттерді қамтиды. Біздің серіктестеріміз арасында Азияның, Еуропаның, Американың жетекші елдері бар.Латын Америкасы бағытында және Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттерімен бірге жылжуы байқалды. Араб және тұтастай мұсылман әлемімен байланыстар жандануда. Алайда қазіргі кезде әлемде саяси және әлеуметтік күштерді жаңадан таратып қою қалыптасты. Жаңа әлемдік тәртіп бекітіледі, құндылықтар жүйесі және саяси басымдықтар өзгереді.

2014 жылы 21 қаңтарда Президент Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға жаңа тұжырымдамасын бекітті. Қазақстан Республикасының сыртқы саясат тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің — «Қазақстан-2050» Стратегиясы:қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында мазмұндалған қағидаларға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің принциптері мен тәсілдері, мақсаттары, басымдықтары мен міндеттеріне негізін салушы көзқарастар жүйесін көрсетеді. Берілген тұжырымдаманың бірінші пунктінде былай айтылған: «Қазақстан Республикасының сыртқы саясидаму көрінісі өз тәуелсіздігінің үшінші он жылдығына Қазақстан экономикасы динамикалық дамыған және сыртқы саяси басымдықтары айқын қойылған қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде енді. Әлемдік аренада Қазақстанның ұлғайған субъектілігі мемлекет ролінің және халықаралық беделінің артуы, аймақтық салмағының артуы, жаһандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызының артуы туралы куәландырады. Сонымен қатар, жаңа заманғы реалийді ескергенде, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты прагматизм принциптерінде ұлттық мүдделерді жаңғыртуды және алға жылжытуды талап етеді».

Жаңа заманғы жаңа белдесулерге жауап бере отырып, Тұжырымдамада ҚР сыртқы саяси қызметінің негізгі мақсаттары анықталған. «Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес басты сыртқы саяси күштер келесі негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырланады: 1) ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, ел егемендігі мен аумақтық бүтіндігін жан-жақты қамтамасыз ету; 2) бейбітшілікті, аумақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 3) тұрақты позицияларды қамтамасыз ету және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру; 4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші ролі кезінде әділ және демократиялық бейбітшілік тәртіп орнату; 5) аймақтық және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі шоғырлану; 6)«Стратегия-2050» табысты жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдай жасау, халықтар өмірінің жоғары деңгейіне қол жеткізу, көп ұлтты қоғамның, құқықтық қоғамның және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адам құқықтары мен еркіндігін жүзеге асыру; 7) диверсификация, индустриялық-технологиялық даму және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 8) елдің әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттері қатарына енуінің және дамуының «жасыл» жолына сатылап көшуі; 9) ұлттық-мәдени ерекшелігін сақтау және мемлекеттің одан әрі дамудағы өзіндік жолымен жүру; 10) Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың шетелде жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау; 11) қазақ диаспорасын және шетелде қазақ тілін қолдау».

Қойылған мақсаттарға сәйкес, жаңа Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің негізгі принциптері анықталған. Қазақстанның сыртқы саясаты көп бағыттылық, прагматизм, өзара пайда принциптеріне, елдің ұлттық мүдделерін қатаң қорғауға негізделген. Қазақстан әлемдегі барлық мемлекеттердің теңдігі, өзара мүдделерін есепке алу және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауы үшін, сонымен қатар халықаралық проблемалар мен жанжалдарды БҰҰ және халықаралық құқық үстіндегілердің Жарғысы негізінде бейбітшілікпен және ұжымдық шешу үшін күреседі. Қазақстанның сыртқы саясаты шет елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесудің дифференциялық және түрлі деңгейдегі тәсіл принципі қолданылатын мүдделер балансы негізінде құрылады. Берілген принципті қолдану мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:1) басымдықтар кристаллизациясы, оларға негізгі күштер мен ресурстарды шоғырландыру; 2) саяси және экономикалық мүдделерге және практикалық қайтарымға сәйкес адам және қаржы ресурстарын барабар үлестіру. Берілген тұжырымдама сыртқы саяси курс сабақтастығын сақтайды, Қазақстанның сыртқы саясатын дамытудың жаңа кезеңін прагматикалық және проактивті ретінде анықтайды. Сыртқы саясаттың прагматикалығы оның ұлттық мүдделерге айқын бағдарлануымен бейнеленеді. Проактивтілік сыртқы саясатты жоспарлаумен және жүзеге асырумен, алға кетуге бағдарланған идеялар мен инициативаларды алға жылжытумен; Қазақстан мүдделеріне жауап беретін халықаралық қатынастар мен шешімдер қабылдау үшін күн тәртібін қалыптастыруға қатысумен өрнектеледі».

Жаңа Тұжырымдамада Орталық Азияда аймақ ішілік шоғырландыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тұжырымдамада айтылғандай: «Еуразиялық экономикалық шоғырлануды елдің бейбіт-шаруашылық байланыстары жүйесінде тұрақты позицияға жылжуының әрекетті тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті, осының негізінде Еуразиялық экономикалық одақ құру мақсатында нығайтады. Осы процесс шеңберінде: саяси егемендіктің мызғымастығы, қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі, сатылық, прагматизм және өзара пайда, барлық ықпалдасу органдарда тараптардың тең өкілеттілігі және өзара ықпалдастық әрекет деңгейлерінде консенсус сияқты негізін қалаушы принциптер сақталады» [5].

Жаңа заманғы Қазақстан БҰҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азияда  өзара әрекеттесу және сенімділік шаралары бойынша Мәжіліс, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымдары, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропада қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөнінде ұйымдар, ОЦАС, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі тілдес мемлекеттердің және басқа халықаралық ұйымдар мен форумдардың ынтымақтастық кеңесі қызметінің жауапты қатысушысы болып табылады. Қазақстандық сыртқы саясаттың айтарлықтай жетістігі ретінде ұлы державалармен – Ресеймен, Қытаймен және АҚШ-пен теңестірілген, салмақты қарым-қатынастар жасау. Қазақстан тәуелсіздіктің барлық кезеңі бойынша жеткілікті түрде тұрақты және бірізді сыртқы саясатты жүргізеді. 1990 жылдардағы көп бағытты саясат Қазақстанға көптеген мемлекеттермен дипломатиялық байланыстар орнатуға, өзін халықаралық аренада халықаралық қатынастардың өзіндік субъектісі ретінде позициялауға мүмкіндік берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ