ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген: «Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді» [1].

Қазақстандағы тұрақты экономикалық өсу мен жедел экономикалық жаңғырту Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі. ЖИИДМБ-да қойылған міндеттерді жүзеге асыру Қазақстанның жаңа қайта өңдеу өнімдерін өндіруге көшуін қамтамасыз етеді, сонымен бірге жоғары интеллектуалдық өнім нарығына көшумен инновациялар әзірлеу мен таратуды айтарлықтай тездетеді. Инновациялық экономиканың бәсекеге қабілетті, ғылыми толымды моделін жасау басты міндет болып табылады, ол ел тұрғындары өмірінің жақсаруын қамтамасыз етеді [2]. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын сәтті жүзеге асыру оны диверсификациялау мен ұзақ мерзімді кезеңде бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы тұрақты әрі теің дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Өндіріс факторлары өнімділігінің артуы, ұлттық инновациялық жүйенің дамуы мен нығаюы, экономиканың шоғырлану деңгейінің төмендеуі мен индустриализация үрдісіндегі шағын және орта бизнес рөлінің артуы, индустриалды сектордағы өндіруші күшті тиімді ұйымдастыру, адам капиталы сапасының өсуі Бағдарламаның негізгі сапалы нәтижелері болады.

2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толық жаңартуы керек. Анағұрлым бәсекеге қабілетті салаларда біз отандық өндірушілерге арналған жаңа нарық қуыстарын қалыптастыру стартегиясын әзірлеуіміз керек. Бұл, әсіресе, ДСҰ-ға кіру перспективаларын ескере отырып,кері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы әсерлерінболдырмауға мүмкіндік береді. Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс.2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың іс жүзіндегі кезеңі басталды. Жиынтық ІЖӨ-сі 2 трлн. АҚШ доллары болатын, 170 млн. тұтынушыны біріктіретін осынау ауқымды нарық біздің бизнесті бәсекеге қабілеттілікке үйретуі тиіс. Бұл ретте осынау экономикалық-интеграциялық үдерісте Қазақстан өз егемендігінің бір мысқалын да жоғалтпайды. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында былай дейді: «Біз экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамытуға тиіспіз.

Біз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттардыимпорттауға және технологиялар алмасуға бағыттауғатиіспіз. Бұл үшін бізге бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудыңкіші бағдарламасы қажет».

Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады. Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады. Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады. Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:

қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;

бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;

жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;

адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы өз тауашасын кеңейтіп, басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтауға дейін жеткізуге тиіс, олар: Астанадағы ғарыштық аппараттар құрастыру-сынақтан өткізу кешені, қашықтан зондтау ғарыштық жүйесі, ғарыштық мониторинг пен жердегі инфрақұрылымның ұлттық жүйесі және жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесі. Екі жетекші инновациялық кластерді– Назарбаев Университетін және Инновациялық технологиялар паркін дамытуды жалғастыру басты бағыт болып табылады.Елдің дамудың«жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады.

Агроөнеркәсіптік кешені мен жеңіл өнеркәсіпті инновацияларды енгізу негізінде үдемелі дамыту экономиканың тұтынушылардың сұранысынан болған тауар импортына тәуелділігін төмендетеді және расширит их экспортный потенциал с учетом рынка Таможенного Союза, емкостью 170 млн адамнан тұратын Кедендік Одақ нарығын ескерумен экспорттық потенциалды арттырады.

Ауыл шаруашылығы өнімлерін қайта өңдеу мен саудада фермерлік істі дамыту басты міндет болып табылады, ол үшін керегі: егіншілік мәдениетін өзгерту және оны қазақстандық ауыл шаруашылық дәстүріндегі жаңа ғылыми, технологиялық, басқару жетістіктерді ескерумен қайта жаңғырту, ірі экспорттық нарықты жаулап алу. 2050 жылға қарай ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы үлесінің 5 есеге артуы осы шаралардың нәтижесі болу керек.

Еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет. Ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін бізге аса көп су көлемі қажет. Осыған байланысты біз: басқа елдердегі, мысалы, Австралиядағы сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешудің озат тәжірибесін мұқият зерделеп, оны біздің жағдайымызда пайдалануға тиіспіз. Бізде елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озат технологияларын енгізу қажет. 2050жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиіс. Ол үшін су жөнінде ұзақмерзімді бағдарлама жасау қажет. Бірінші кезеңде, 2020 жылға қарай – тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару мәселесін шешу керек.

Экономиканың Қазақстан үшін перспективалы көптеген секторларының тартымдылығына кері әсер ететін факторлардың арасында  мыналар негізгілері болып табылады:

ішкі нарық сыйымдылығының төмендігі;

ірі өткізу нарықтарынан шалғайлығы және қолайлы логистиканың болмауы тауарларды тасымалдауда едәуір шығыстарға алып келеді;

жоғары білікті кадрлардың жетіспеуінен жұмыс күші құнының салыстырмалы жоғары болуы және тиісті инфрақұрылымның болмауы;

инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жұмыс бойынша орталықтандырылған жүйенің болмауы, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының жеткіліксіздігі.

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған. Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі2030жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды. Бүгінгі күннің міндеті –ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіруүшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі қиғаштықтар олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіруде. Сондықтан Үкімет 2013 жылдың соңына дейін заңнамағамикро, шағын, орта және ірі бизнес ұғымдарын айқын жіктеуге бағытталған өзгерістер енгізсін. Бұл тұста біз шағын және орта іскерлік сегменттеріне түсетін күшті ауырлатпауға тиіспіз. Заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеп шығу керек. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі принципіне негізделген сенімді диалог құру үшін бизнесті топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны жүзеге асыруда кең ауқымды және барлық кәсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді.Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің палаталарға топтасуы – экономиканың тиімділігінің маңызды факторының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағидасы іс жүзіне асты» [1, 2 б.].

Мемлекет өзінің ролін өзгертуі тиіс. Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет. Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек. Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтердіжеке қолға беруге тиіспіз. Бұл – отандық кәсіпкерлікті нығайту үшінаса маңызды қадам» [1, 3 б.].Бұл жолдағы алғашқы қадам «Халықтық ІРО» бағдарламасының сәтті басталуы болды. Бұл – ең алдымен ұлттық байлықтың халықтың қолына таратылып берілуі. «ҚазТрансОйл» компаниясы тарапынан 28 миллиард теңгені орналастыру туралы хабарланды және қазірдің өзінде тапсырыстар ұсыныстан екі есе асып кетті [2, 86 б.].

Кәсіпкерлерді кредиттерді қаражаттандыру арқылы қолдау жаңа жоғары технологиялық өнеркәсіп жабдығын алуға, 4G ұялы байланыс стандарттарын енгізуге, заманауи медициналық жабдық сатып алуға, Қарағанды және Теміртау қалаларының автобус парктерін жаңартуға, сонымен бірге таяу және қиыр шетел мемлекеттеріне тау-кен шахталық жабдықты, металл бұйымдарын, сантехникалық бұйымдарды, пороллон және басқа өнімді экспорттау көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясындағы жобаларды қолдау нәтижесінде облыста 5 000-нан астам жұмыс орны сақталған және жаңадан 700 жұмыс орны ашылған.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды құралы және экономиканың шикізаттық емес секторларындағы жобалардың жүзеге асырылуын негізгі қолдаушысы болып табылады, оның іске асырылуына республикалық бюджеттен 1 млрд 180,5 млн теңге бөлінді [3, 10 б.].

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қарағанды облысында Өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту тұжырымдамасы жасалды, онда өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру, өнеркәсіп кешенін бағдарламалық-мақсатты басқару әдістерін енгізу қарастырылған. Тұжырымдаманы жүзеге асыру еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ете отырып, анағұрлым жоғары технологиялық деңгейге өтуге,  ішкі және сыртқа нарықтағы базалық салалар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде кен алу, көмір өнеркәсібін, қара және түсті металлургияны, машина жасау мен металл өңдеуді, химия және фармацевтика өнеркәсібін, құрылыс материалдары өндірісін дамытуға баса назар аударылды. Әр сала бойынша мастер-жоспарлар жасалды, онда әр саланың даму сұлбасы толық көрсетілген. ҮИИДМБ аясында Қарағанды облысынан Мемлекетті индустриаландыру картасына жалпы сомасы 238,3 млрд теңге көлемдегі 24 инвестициялық жоба енгізілді.

2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ. Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады. Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.

Инновациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сапа инфрақұрылымын құру, энергия үнемдеу саласында нормативтік құқықтық база қалыптастыру, экономиканың басым салаларына ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу есебінен стандартты технологиялар трансферті және отандық өнеркәсіптік инновациялық әзірлемелерді игеру үшін жүйелі жағдайлар жасалатын болады.

Арнайы бюджеттік бағдарламаларды қамтитын мемлекеттік қолдау құралдары мен шараларының қалыптастырылған бірыңғай жүйесі мемлекет пен бизнестің күш-жігерін үйлестіріп, шоғырландыруға мүмкіндік береді және елді индустрияландыруда синергетикалық тиімділікке алып келеді әрі Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Үдемелі индустриялық-инновациялық саясатты белсенді жүргізу отандық экономиканың тізбекті дағдарыстарға қатысты орнықтылығын жоғарытылады және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ