ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ СТРАТЕГИЯСЫ: ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА ЖИЫРМА ҚАДАМ

0

2012 жылдың 10 шілдесінде еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақала жариялады, онда қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың негізгі бағыттары анықталған, сонымен бірге жаңғырту үрдісінің басты қатерлері талданған.

Мақалада Н.Ә. Назарбаев тұтынушы қоғам идеологиясының жемісі ретіндегі әлеуметтік инфантилизм мен әлеуметтік асыраудың әлеуметтік жаңғырту жолындағы қауіпті кедергілер екендігіне баса назар аударады. Тұтыну идеологиясының баламасы ретінде ол еңбек пен еңбек адамына басқа көзқарастан қарау принципінен Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынады. Бұл идеяны жүзеге асыру, Президенттің ойынша, жаңа қазақстандық қоғамның қалыптасуына апаратын жол болады.Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «тек жасампаз тіршілік әрекеті адам, отбасы, қоғам мен мемлекет өмірін жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Толық қайтарыммен жұмыс істейтін азаматтар ғана табысқа жетеді және өркендейді».

Осы Стратегияныңтағы бір ерекшелігі – ҚР Президентінің қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы негізгі бес артықшылығын көрсетіп қана қоймай, Үкіметке соған сәйкес 20 тапсырма беруі, бұл тапсырмалардың жүзеге асырылуы Қазақстанды Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына әкелу керек.

Бірінші артықшылық. Әлеуметтік заңнамаларды жаңарту.

Бұл міндеттің артықшылық ретінде берілуінің себебі мынада: Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында ауқымды әлеуметтік заңнама базасы құрылып, барлық маңызды әлеуметтік салалар арнайы заңнамалық актілермен реттеліп отырса да, біріншіден, құқықтық резервтердің барлығы жеткілікті деңгейде іске қосылмаған, екіншіден, әлеуметтік мәселелер тудырып, қоғамдағы әлеуметтік алаңдаушылық факторына айналатын құқық қателіктері орын алады, үшіншіден, кейбір құқықтық құжаттартым ресми сипатқа ие. Жастар саясаты Президентті уайымға басты, дәлірек айтқанда, «жастарға арналған әлеуметтік лифттер»механизмінің жоқтығы, жас мамандардың жұмыс беруші алдында қорғауда болмауы, ҰБТ процедураларының әлсіз құқықтық реттелуі алаңдатты.

Осы артықшылықты жүзеге асыру мақсатындаеліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев ҚР Үкіметіне келесі тапсырмалар берді:

1-тапсырма. ««Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2013 жылдың 1 сәуіріне дейінҚазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың Жалпыұлттық тұжырымдамасыжобасын жасасын»;

2-тапсырма. «Парламентпенжәне«Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеужүргізсін және әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкесоны реформалаудың Тұжырымдама жобасын енгізсін»;

3-тапсырма. «Парламентпенжәне«Нұр Отан» ХДПмен бірлесіп 2012 жылдың соңына дейін бесінші шақырылған Парламенттің бүкіл жұмыс кезеңіндегі заң шығармашылық жұмысыныңтерең де жан-жақты қарастырылғанТұжырымдамалық Жоспарыныңжобасынәзірлесін және келісуге енгізсін».

Екінші артықшылық. Әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін қалыптастыру.

Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасыныңтиімді моделіне қол жеткізу, Н.Ә. Назарбаевтың ойынша, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы аса маңызды мәселе болып табылады және келесі міндеттердің шешілуін көздейді.

Біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамту саласын дамыту, өздігінен жұмыс істейтін тұрғындарды нақты экономикаға тарту, әлеуметтік-еңбек қатынасындағы барлық субъектілердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Екіншіден, әр мамандық үшін өзіндік «жол картасы» ретінде ұлттық кәсіби біліктілік жүйесін құру.

Үшіншіден, өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы еңбектегі даулардың алдын алу және реттеу, еңбектегі дауларды ушықтыру үшін құқықтық жауапкершілікті арттыру, еңбек қатынастары саласындағы қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі механизмін жасау,

Төртіншіден, еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі  мемлекеттің негізгі серіктестері ретіндегі кәсіподақ институттарын жаңғырту.

Осы артықшылықты жүзеге асыру мақсатындаеліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев келесі тапсырмалар берді:

4-тапсырма. «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін:

өзін өзі еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке қабілетті халықтынақты жағдайларды және жұмыспен қамту саласының перспективасын ескере отырып,жұмыспен қамтуға қарай ойыстырудыңәдістемесін әзірлесін; өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты айқындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере отырып,жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесін жетілдірсін».

5-тапсырма. «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:2013 жылдан бастап қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының негіздеріне оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы мәселені 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейін әзірлесін;Еңбек кодексінің негізгі ережелері және еңбек қатынастарын реттейтін басқа да құқықтық актілер жөніндегі жалпыұлттық анық­тамалықтардың бірыңғай серияларын шығару мен таратудың, соның ішінде интернет пен мемлекеттік органдардың ресми сайттарының мүмкіндіктерін пайдаланудың жобасын әзірлесін».

6-тапсырма. «ҚР Үкіметі2013 жылдың 1 шілдесіне дейін:2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесінкезең-кезеңімен әзірлеуЖоспарындайындап, қабылдасын;ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесінқұру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізсін».

7-тапсырма. «ҚР Үкіметі2012 жылдың соңына дейінмынадай ұсыныстарды әзірлеп, ұсынсын: мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорындарға тексеру жүргізу бөлігінде ратификацияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы…».

8-тапсырма. «ҚР Үкіметі2012 жылдың соңына дейін:«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорыменбірлесіп, акционерлендірілген ұлттық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүргізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізетін болсын;медиация институтын дамытуға бағытталғанзаң аясындағы құқықтық базаның қабылдануын қамтамасыз етсін».

9-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың аяғына дейін кәсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізсін және оны өзгерту жөніндегі заң жобасынжасасын».

Үшінші артықшылық. Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы.

Бүгінде Қазақстанда өмір сапасының белгілі бір әлеуметтік үлгі-қалыптарын, соның ішінде мемлекет кепілдік ететіндерін де, белгілеу үшін тиісті әлеует те, экономикалық алғышарттар да бар.

10-тапсырма. «ҚР Үкіметі2013 жылдың 1 шілдесіне дейін мәселені егжей-тегжейлі зерттеп,ең төменгі әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктерді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін; тұрғын үй жағдайының үлгі-қалыптары: қолжетімділік пен жайлылық». Мемлекет басшысы

Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қазірдің өзінде«Қолжетімді тұрғын үй — 2020» және «ТКШ-ны жаңғырту»атты жаңа ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда.

11-тапсырма. «ҚР Үкіметі2012 жылдың соңына дейінжалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрі дамыту және жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыружөніндегі ұсыныстарды талдап-жасасын және енгізсін».

Әрі қарай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі бұдан былайғы қадамдарды көрсетеді. «Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғыртуүш басты бағытбойынша жүргені көкейге қонымды: білім беру мекемелерін оңтайландыру; оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Білім беру жүйесі жалпыұлттық күйінде қалуға тиіс. Біріншіден,орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет.Екіншіден,мемлекеттік білім беру үлгі-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен жоо-ларда, соның ішінде халықаралық жоо-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет.Үшіншіден,жоо-ларды оңтайландыру үдерісін жүргізу маңызды. Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды. Төртіншіден, дуальдыкәсіби білім беруді дамыту маңызды. Жаппай мамандықтар кадр­ларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін осы заманғықолданбалы біліктілік орталықтарықажет».

12-тапсырма. «ҚР Үкіметіжоо-лардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін білім беру мекемелерінің лицензияларын қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастырсын; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып,2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз етсін».

13-тапсырма. «ҚР Білім және ғылым министрлігі:

— 2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде білім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді жәнеонлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді көздесін;

Қазақстан тарихы бойыншаоқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізсін, оқу орындарындаҚазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгертужөнінде іс-шараларды жүзеге асырсын;

— орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты  міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныс жасасын».

14-тапсырма. «ҚР Үкіметі:2013 жылдың 1 шілдесіне дейін, егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандырудыенгізу жөніндегі мәселені талдап-зерттесін».

15-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін оқушылар үшін оқудан тыс спорт секцияларын бюджеттік емес қаржы көздерінен қаржыландырудың тетіктерін енгізуді қамтамасыз етсін;Қазақстан Үкіметі Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттікпенбірлесе отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен әріптестіктің жаңа түрлерін талдап-жасасын».

16-тапсырмадаҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР азаматтары мен жастарына салауатты өмір салтын, мәдениетін үйрету үшін дене шынықтыру мен спортты дамыту; еліміздің оқу орындарында сабақтан тыс дене шынықтыру үйірмелері мен секцияларының аясын кеңейту; студенттік және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және студенттер мен жасөспірімдер клубын құру жөніндегі тапсырмалары берілген.

17-тапсырма. «1. ҚР Үкіметі2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін:«Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» арнайы заңдыәзірлеу туралы мәселені қарастырсын; екі ай мерзім ішінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияменбірлесіп ата-ана­лардыңбалаларының балабақшаларда болуын, төлеу жөніндегішығындарының,олардың отбасындағы санына байланысты, бір бөлігінеөтемақы төлеуді,бала күтімі бойынша демалыстан соң қайтадан жұмысқа шыққанәйелдергемемлекет есебіненбіліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алумүмкіндіктерін,ҚР Салық кодексіне көпбалалы отбасыларүшінтабыс салығы бойынша жеңілдіктертуралы ережелерді және басқалардызаңды тұрғыда реттеумәселелерін қарастырсын;

  1. ҚР Үкіметі ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңеспен бірлесіп: «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚРЗаңына жас маманның мәртебесін құқықтық айқындау,оның ең төменгі әлеуметтік пакеті және басқа да мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қарастырсын;2012 жылдың соңына дейінжастардытехникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуғаынталандыру мен тартудыңнақты шараларын әзірлесін».

Төртінші артықшылық. Әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени құрамдасы.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «Қазақстанда әлеуметтік жаңғырту жаһандық ақпараттық дәуірде жүзеге асуда. Бұл факторды міндетті түрде ескеру қажет. Қазақстанда ақпараттық технологиялар рекордтық қарқынмен дамуда. Ақпараттық кеңістікті — коммуникациялық желілер мен БАҚ-тарды цифрландыру жоғары қарқынмен жүруде».

18-тапсырма.

«1. ҚР Үкіметі2012 жылдың соңына дейін:«Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттік бағдарламасыныңжобасын әзірлеп, енгізсін;«Мемлекеттік қызметтерді электронды пішінде көрсету туралы» заңжобасын әзірлесін»;

  1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі:2012-2013 жылдары Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтудықамтамасыз етсін; отандық БАҚ-тарды жаңғырту жоспарын әзірлесін».

19-тапсырма.

«1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі:2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандықәлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың салалық бесжылдық жоспарынәзірлеп, қабылдасын.

  1. ҚР Үкіметі2012 жылдың соңына дейін:«Бұқаралық іс-шаралар өткізу туралы» заң жобасынәзірлеп, Парламентке енгізсін; ҚР мемлекеттік ұлттық, кәсіптік және басқа да мерекелерді тойлау тұжырымдамасын жаңартсын».

20-тапсырма. «ҚР Үкіметі:

— 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің, жоспарлау, үйлестіру, сараптамалық жолбасшылық, үкіметтік емес сектормен әріптестік және басқа да мәселелерді қоса алғанда, тиімділігін арттыру жөнінен кешенді ұсыныстар әзірлеп, енгізсін;

— 2012 жылдың соңына дейін азаматтық қызметті заңдық реттеу мәселесін зерттесін;

— 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарыныңжобасын әзірлесін».

Осылайша, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында халықаралық маңызы бар республиканың әлеуметтік жаңғырту моделін жасау ұсынылады, ол біздің қоғамды макроэкономикалық даму көрсеткіштеріне, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының өзгеруіне, жаңа жалпыға ортақ еңбек уәждемесіне әкелетін жаңа ортаны қалыптастыруға және әлеуметтік даму жүйесін жаңғыртуға әкеледі. Және осыған сәйкес ел Президентіне Қазақстанның 2050 жылға дейін әлеуметтік жаңғыртылуының табысты жолын былайша елестетеді:

«Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылудағы ұмтылысымызды екі кезең арқылы жүзеге асыру қажет. Бірінші кезең 2030 ж. дейінгі кезеңді қамтиды, онда xxi ғ. «мүмкіндіктер көзін» пайдаланып, жаңғырту серпілісін жасау керек. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердің өткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асыруы қажет. Мұны іске асыруға әбден болады. Оңтүстік Корея, Сингапур осындай жолдан өтті. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз.Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз.Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды» [2].

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ