ДӘУІРДІҢ ТҮЙІНДІ БАҒЫТТАРЫ

0

Тарихи тұрғыдан айтарлықтай қысқа мерзім – 20 жылдан кем уақыт ішінде Қазақстан экономикалық және саяси дағдарысты еңсеріп, өзінің әлемдік даму мен ынтымақтастыққа, адам құқығының сақталуына, дін тұту еркіндігіне, этникалық өзгешеліктеріне қарамастан барлық адамдардың тең құқықтылығына бейілдігін көрсете отырып, өз ісінің дұрыстығын дәлелдеп берді. Әлемдік қауымдастық біздің халқымыздың дербестігін, ауқаттылығын және қабілеттілігін, біздің мемлекеттік тәуелсіздігімізді мойындады.

Бірақ бұл жетістіктер өздігінен бірден келмейді. Олар – халықтың ауызбірлігінің, тұтастығының және төзімділігінің, елдің кәсіби жетекшілігін, экономикалық және саяси реформаларды тиімді ұйымдастыру мен жүргізу нәтижесі. Елбасына ұдайы күресудің, арынды қуаттың, энциклопедиялық білімнің, төзімділіктің, сауатты әрекеттердің қаншама қиын «асуларын» бастан кешіруге және еңсеруге тура келеді. Ол бір Құдайға және өзіне ғана аян. Мемлекеттік тәуелсіздікті жариялаған күннен бастап барлық жаңа тарих, қоғам игілігі үшін қабылданған барлық тарихи маңызға ие және әлеуметтік шешімдер, Астана бастаған жаңартылған, қайта өркендеген қалалар, жаңа технологиялар жасаған еңбегіне лайық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен байланыстырылады.

Өткен жүзжылдықтың 80-ші ж. аяғы және 90-шы ж. басы көпшілігіміз үшін көзқарастарымызға қайшы келетін күтпеген және кездейсоқ оқиғаларымен, бұрынғы Кеңестер Одағы кеңістігінде әртүрлі саяси ағымдардың өсуімен есте қалды. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы кезінде тұрғындардың саяси белсенділігі артты.

Бұрынғы одақтық шарт жұмыс істемеді, ол туралы көпшілік ұмытып та кетті. Жаңа конструкцияның қажеттілігі айқын болды. Сол кезде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев түрлендірілген конфедерация түріндегі жаңа қатынастарды, жаңа одақты ұсынғаны есімде. Бастапқы кезеңде мұндай жобаға айтарлықтай оң көзқарас танытса, кейінірек орталықта бұл идеяны тежеу басталды. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің шығармаларында, кітаптарында жазған.

1988 жылы 22 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге кеткен Геннадий Колбиннің орнына Қазақстанның Коммунистік партиясының ОК бірінші хатшысы болып тағайындалды. 1990 жылы сәуірде Қазақстанда республиканың Жоғарғы Соты (қазіргі Парламент) жаңа мемлекеттік институт – республика Президентін енгізді.

1991 жылы тамызда болған оқиғалар КОКП таратылуына алып келді. Қазақстанда ол Социалистік партия болып өзгертілді және бұрынғы барлық тетіктерін жоғалтқан соң басқарушы партия бола алмады. Мұнан соң Н.А. Назарбаев қоғамның пікірін ескере отырып, жедел түрде халыққа арқа сүйеуге шешім қабылдайды. Бірақ Президент Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі оны Президент лауазымына сайлағандықтан, Жоғарғы Кеңеске тәуелді болып қалды. Қалыптасқан саяси жағдайларды ескере отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы халықтық сайлау өткізу туралы идеяны алға тартты және оны қоғам қолдады. Осылайша, 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президентін тікелей жалпы халықтық баламалы сайлау өтті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың халық арасындағы танымалдылығы басым және халықтың Тұңғыш Президентке деген сенімі шексіз болды. Дәл дағдарыс уақытында өз мойнына барлық жауапкершілікті ала отырып, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстанды дағдарыстан шығару жобасын ұсынды. Өз бағдарламасын түсіндіре отырып, ол жалпы қоғамда, ең алдымен, экономикалық және саяси жүйелердегі реформаларға басымдылық бере отырып, реформалар жолымен жүретіндігін айтты. Тұрғындармен кездесіп, әртүрлі аудиторияларда сөз сөйледі. Бірақ ешкімге еш жерде ешқандай уәде бермеді. Халықтың әлеуетін, тұрғындардың мүмкіндігін тірек етті. Қазақстандағы жаңа реформаларды іске асыру жолдары мен қиындықтары туралы айтты. Проблемалардың басын аша отырып, Қазақстан дағдарыстан шыға алатындығын дәлелдеді. Оның экономикалық және саяси реформаларының бағдарламалары шынайылығымен, реттілігімен ерекшеленді. Кеңестер Одағының құрамында бола жүріп, экономикалық дамудағы Қазақстанның дербестігі туралы, мемлекеттік құрылымдардың, саяси жүйелердің дербесітігі жайлы айтты. Әрине, мұның барлығы тұрғындардың көңіліне сенім ұялатып, олар Президенттің идеясын саналы түрде құптады.

Халық саяси еркіндікті қалады және қолдады, өз құқығына және конституциялық тәсілмен жоғары лауазымдағы жауапты тұлғаны таңдау құқығын сезінді және ұғынды. Экономика күйреп, барлық саяси жүйе жұмыс істемей және қоғамдағы дағдарыс процестері дендеген кезде адамдар нақ Нұрсұлтан Назарбаевты сенімді көшбасшы, біртума тұлға деп қабылдады.

Жаңа Үкімет құрамында баспа және ақпарат министрі ретінде жұмыс атқара жүріп, мен сайлау алды науқаны кезеңінде онымен бірге бірнеше облыстарда болып, тұрғындардың оған деген тұлға ретіндегі, жетекші ретіндегі шынайы қатынасының, сенімінің куәгері болдым. Және ең бастысы – ол адамдар жүрегіне, олардың арманына жол таба білді. Ол немқұрайлы сөйлемеді, спичрайтерлер дайындаған баяндамаларды оқымады, ол халықпен адамша, оларға түсінікті тілде жеткізе отырып сөйлесті. Кездесулер бөлмелерде де, ашық алаңдарда да өтті. Көп адам қатысқан Жамбыл, Қарағанды облыстарындағы, Жезқазған, Тараз, Теміртау қалаларындағы қызықты кездесулер есімде қалыпты. Мұндай кездесулер Карметкомбинат, «Карагандауголь» бірлестігі сияқты ірі ұжымдарда да өтті. Кездесулер өткен барлық жерде адамдар түбегейлі жан-жақты реформалар идеясын мақсат еткен оның сайлау алды тұғырнамасына сенді және қолдау көрсетті…

Сайлау аяқталар кезде, түн ортасында барлық жерде, барлық өңірде Президент орнына бір ауыздан Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындықтары туралы мәліметтер түсіп жатты. Бюллетеньдер саналған соң сайлаушылардың 98% Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бергендігі белгілі болды. Бұл айқын еді, себебі халық Көшбасшыға сенім артты.

1991 жылы 10 желтоқсанда тарихымызда тұңғыш рет халық сайлаған Президентті ұлықтау рәсімі болып өтті. Мен сол кезеңнің естелігін әрқашан өте ерекше сезіммен еске аламын. Дайындық барысында көптеген қызықты сәттер көп болды, көптеген әртүрлі ұсыныстар талқыланды. Ұйымдастыру комитетін Президенттің тапсырмасы бойынша халық дәстүрлерін, біздің ежелгі мемлекеттігіміздің салттарын жақсы білетін Мырзатай Жолдасбеков басқарды.

Жаңа кезеңде Елбасын ұлықтау рәсімін өткізу маңызы бойынша қазіргі заман тарихымен үйлестіруге болатын еді. Бұл салтанатты мемлекеттік актіні өткізу кезінде тарихымызға жүгіну және біздің мемлекеттігіміздің түбірін атап көрсету маңызды болды.

Ұлықтау рәсімінің барлық салтанатын толық сипаттамай-ақ қояйын және сол салтанатқа қатысқан біздің замандастар ол туралы жазған. Бірақ мына бір-екі секундық күтпеген кез туралы айтпауға болмайды.

Алматыдағы республика сарайы. Мерекелік көңіл-күй. Зал, әсіресе, мемлекеттік салтанаттың басты акті өткен сахна әсері жағдайға орай сәнделген. Республика сарайының үш мыңдық лық толы залы демін ішіне тартып, салтанаттың басталуын күтіп отыр. Барлығы жоспарланған сценарий бойынша жүріп жатыр. Әскери қызметшілер марш дауысымен республикамыздың туын сахнаға алып шығады. Трибунаға ду қол шапалақ дыбысымен барлық халық болып сайлаған Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтеріліп келеді. Оң қолын  Конституцияға қойып, халыққа салтанатты түрде ант береді. Бір тізесіне отырып, республика туын сүйеді, содан соң сахнадағы өз орнына отырады. Әскери қызметшілер салтанатты, нақышты адыммен президент орнының артындағы тутұғырға келеді, оны белгіленген орнына қойып, сахна сыртына беттейді. Кенет осы сәтте үлкен залдың әлдеқандай өтпе желімен ауа ағыны туды еңкейтеді. Осы жарты секунд ішінде біз қандай үрейлі сезімді сезіндік десеңізші! Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әдетте «жүрегім тас төбеме шықты» дейді ғой. Кірпік қаққанша Президент (артында тұрған тудың құлап келе жатқанын қалай сезді десеңізші?!) тудың сабынан ұстап қалады, зал сүйінген қол шапалақтауларға толып кетті. Бұл – жақсылықтың нышаны. Жақсы ырым. Тіпті осындай күтпеген, сұмдық сәт оны көзімен көргендердің барлығын біріктірді. Барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың қиын жылдары Қазақстанның құлауына жол бермейтініне сенді. Ол ел намысын, туын болашақта да берік ұстайды. Сол салтанатта есте қалатын көптеген қызықты, жағымды сәттер болды. Бірақ сол кез, менің ойымша, символикалық мәнге ие, сол себепті де ол туралы айтуды, қазіргі оқырмандармен бөлісуді жөн деп шештім. Дегенмен біз мемлекеттік тәуелсіздігіміз туралы жарияламасақ та, жоғары кабинеттерде, жеке зияткерлер шеңберінде мемлекеттік тәуелсіздік туралы мәселе талқыланып және сонымен қатар, жаңа заң жобасы дайындалып жатты.

Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасы бойынша Жоғарғы Кеңес депутаттары қатарынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобы құрылады. Жұмыс тобын басқара жүріп, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы арнайы баяндамамен кейінірек, ұлықтау рәсімінен бір апта өткен соң, 1991 жылы 15 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес сессиясында танымал юрист академик Сұлтан Сартаев сөз сөйлейді. Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамында бірегей және тарихта заң жобасын сауатты және білікті әзірлеп шығарған Салық Зиманов, Жабайхан Әбділдин, Манаш Қозыбаев, Зинаида Федотова, Қайрат Сапарғалиев, Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза сияқты танымал ғалымдар, саясаткерлер болды. Екі күндік пікірталас кезінде бүкіл халық сайлаған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан қызықты әңгіме болды. Кейінгісі баршаңызға белгілі, 1991 жылы 16 желтоқсанда көпшілігіміз дауыс беріп, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңды қабылдадық. Бұл біздің халқымыздың сан ғасырлық тарихымыздағы тарихи оқиға болды.

Біз қайта тудық! Біз тіземізден тік тұрдық! Мемлекеттік тәуелсіздік туралы заң жобасын талқылау кезінде Жоғарғы Кеңес депутаттары біздің тәуелсіздігімізді жариялауда шешуші роль атқарған республика Президентін жалпы халық болып сайлаудың оң нәтижелерін сезе бастады.

Мемлекеттілігіміздің тарихында еліміздің іргетасын қалаған Тұңғыш Президентіміздің ролі құнсыз мәнге ие. Ал алғашқы бүкіл халықтық сайлау жаңа дәуір бастауы болды. Адам азаттығы мен құқығының кезеңі.

Тұңғыш Президент күні біздің өмірімізге жаңа бүкіл халықтық мереке болып енді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ