Баспасөз туралы Заң және дипломатиялық этикеттiң негiзгi ережелерi

0

Этикет (фр. I¢etiquette) – жүрiс-тұрыс, ұқыптылық мәнерi. Оның ережелерi жылдар бойы әбден сүзгiден өтiп, қалыптасқан. Оның негiзi мынада: сөз мәдениетi, ұқыптылық, қарапайымдылық, жылы ықылас.

Этикеттiң бiрнеше түрлерi бар:

  1. Сарай этикетi – монархтар сарайындағы қасаң да жаттанды қағидалар.
  2. Эскери этикет — әскери қызметкерлердiң ережелерi мен нормаларына сәйкес қалып алған этикеттер.
  3. Дипломатиялық этикет – дипломаттар мен басқа да ресми адамдардың түрлi қабылдаулар мен келiссөздердегi өзiн-өзi ұстау этикеттерi.
  4. Жалпыазаматтық этикет — қоғамдағы адамдардың жалпыға ортақ адами қасиеттердi ұстап жүру этикеттерi.

Киiмге қатысты айтар болсақ, адам үстiндегi әрбiр киiм таза, үтiктелген, қарапайым болуы тиiс. Әр маусымға сай киiм таңдап киген жөн.

Келiссөздерге iскерлiк үлгiде киiнген дұрыс: сұр, қоңыр-сұрғылт, қанық көк, қара костюм, қызыл ала, қоңыр-қызыл галстук, қара туфли. Галстуктың түсi  көйлектен ашық болмағаны жөн. Барлық киiм бiр-бiрiмен үйлесуi тиiс.

Ресми жағдайларда костюмнiң алдын ашып жүру әдепсiздiк болып есептеледi.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ