Желіні топтастыру және негізгі мінездемелері негізгі топологиялар

0

Тақырыбы: Желіні топтастыру және негізгі мінездемелері негізгі топологиялар. Желіде қолданып аттармен адрес принциптері

Топология (конфигурация) – бұл тәсіл компьютерлерді желіге біріктіру тәсілі. Топология түрлерін бағасы, қорғалу дәрежесі, өнімділігі және жұмыс станцияларының жұмысының сенімділігіне қарап анықтауға болады.

Топология түсінігі желі құру кезінде кең қолданылады. Топология  классификациясына тоқталсаң негізгі екі класты айтуға болады:

  • кеңтаралған ( широковицательные)
  • тізбектелген (последовательные)

Кеңтаралған (широковицательные) – топология дербес компьютерден сигналдарда басқа ДК-лерге таратады. Мұндай топологияға: жалпы топология, ағаш топология, жұлдызша топологиялар жатады.

Тізбектелген (последовательные) – топологияда ақпарат тек бір ғана дербес компьютерге беріледі. Мысал ретінде дербес компьютерлерді еркін түрде қосу, сақина, шынжар топологиясы жатады.

Тиімді топологияны таңдау негізінде келісі мақсаттар көзделеді:

  • алтернативті маршрутизациялауды және мәліметтерді тасымалдаудың сенімділігін қамтамасыз ету
  • мәліметтерді блокпен тасымалдаудың тиімді маршрутын таңдау

Желі түрін таңдағанда ең маңыздысы оның топологиясы. Негізгі желілік топологияларға келесілер жатады: шиналық  топология, жұлдызша, сақина және ағаштәрізді.

Мысалы: ArcNet желі конфигурациясында біруақытта шина және жұлдызша топопологиялары қолданылады. Ал Token Ring желісінде бір қарағанда жұлдызша топологияға ұқсайды, бірақ логика бойынша пакеттер сақина бойынша тасымалданады.

Ethernet желісінде шиналық топология бойынша мәліметтер тасымалданады, себебі барлық станциялар сигналдарда біруақытта көреді.

Топологиялар түрлері:

Жалпы негізгі 5 топология бар (2.1-суретте)

  • жалпы шиналық (Bus)
  • сақина (Ring)
  • жұлдызша (Star)
  • ағаштәрізді (Tree)
  • ұяшықтық (Mesh)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ