Шахматтан алғашқы партиялар

0

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы партиялар

Сабақтың мақсаты: Шахмат партияларын жазып алуды үйрету.Шахматты қалай ойнаудың қажеті жоқ екенін түсіндіру.

Маттың түрлерімен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі:Шахмат тақтасы,шахматтар,қалам,қағаз.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Ақымақтар маты»

  1. f 3 е5
  2. g4 Фһ4х-бұны «ақымақтар маты» деп атайды.Екі жүріспен аяқталған рекорд ойын!

Бұдан да  аз жүріс жасап мат қоюға болмайды.Ал үш жүрісте ше?

Болады!

ІІІ. «Нақұрыстар  маты»

  1. е4 е5
  2. Фһ5 Кре7
  3. Ф:е5х-мұны «нақұрыстар маты»деп атайды.Қараның королін е7-ге жүруге кім мәжбүрледі? Егер ол е8-де тұра бергенде, шахтан үш түрлі әдіспен қорғана алар еді.

ІV.  «Балалар маты»

  1. е4 е5
  2. Сс4 Кс6
  3. Фһ5 Кf6
  4. Ф:f 7х-бұл «балалар маты» деп аталады. Шахматты бұлайша ойнауға болмайды!

Шахмат нотациялары  өте қарапайым болады. Фигуралардың аты өз атының алғашқы әріптерімен белгіленеді.Мысалға, король-Кр, ферзі-Ф, тұра (ладья)-Л, піл (слон)-С, ат (конь)-К. Ал пешкілер ешқашан белгіленбейді.

Шахмат партияларын жазғанда тағы мынадай шартты белгілерді біліп алу керек:

+  -шах.                                                            + +  -қосарлы шах.

0-0–қысқа рокировка                                   х –мат

! -күшті жүріс.

!!  -өте күшті жүріс                                        ? –әлсіз жүріс.

  • -ұзын рокировка ??-дөрекі қателік «есінемек».

+ -ақтардың позициялары жақсы.

— -қаралардың  позициялары жақсы.

+

V.Шахмат ойынын үйрету.Қорытынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ