Шартты белгілер. Шахмат жүрістерін оқу, жазу тәртібі

0

Сабақтың тақырыбы: Шартты белгілер. Шахмат жүрістерін оқу, жазу тәртібі.

Сабақтың мақсаты: Шартты белгілермен таныстыру. Шахмат жүрістерін оқу, жазу, тәртібін үйрету.

Көрнекілігі:шахмат,шахмат тақтасы,жазулар.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Кіріспе әңгіме.

Үйірме барысы:

Өткенді пысықтау.

Ойын ережесін сұрау.

Шартты белгілер.

Шахмат ойынын ойнаумен қатар, оны қағаз бетіне жаза да оқи білудің үлкен мәні бар. Өйткені ол майталман шахматшылардың ойнаған партияларын тақта бетінде қайталап көруге, талдауға, ондағы қолданылған стратегиялық жоспарлар мен тактикалық әдістердің мақсатын білуге мүмкіндік береді. Осы арқылы шахмат ойыны жөнін-дегі білімді арттыруға және ойнау шеберлігін шыңдауға болады. Шахмат әдебиетінде және ойналған партияларда жеке жүрістердің күшін сипат-тайтын бірқатар шартты белгілер қолданылады. Енді соларға қысқаша тоқтала кетейік.

-фигура желінбей жасалған жүріс;

: фигураны жеп жүру;

О-О қысқа рокировка;

О-О-О ұзын рокировка;

+шах

++ қос қабат шах;

Х мат;

!жақсы, күшті жүріс;

!!өте күшті, ұтатын жүріс

? нашар, әлсіз жүріс;

?? өте нашар, ұтылысқа ұшырататын жүріс;

?! екі жаққа бірдей тәуекел шиеленіскен жүріс;

=екі жақтың мүмкіндіктері тепе-тең;

+ ақ жағының жағдайы жақсы

+ақ жағының сәл артықшылығы бар;

+қара жағының жағдайы жақсы;

+қара жағының сәл артықшылығы бар.

Ресми жарыстардағы ойналған партияны жазып отырып үшін әдетте арнаулы бланкалар қолданылады, ал мұндай бланкалар болмаған жағдайда оны қолдан жасап алуға болады. Ойынды толық етіп жазғанда әрбір жасалған жүрістер жеке жолға жазылады. Міндетті түрде ең алдымен ақ жағының жүрісі, сонан соң оның қатарына қара жағының жүрісі жазылуы керек. Алғаш жүрістің номерін жазып, нүкте қоямыз, онан кейін сол жүріс жасаған фигураның аты, оның тұрған шаршысының аты жазылады. Содан соң жоғарыда көрсетілген шартты белгілердің бірі қойылып, фигураның жүрген шаршысының аты жазылуға тиіс.

Мысалы: Ақ жағы: d2-d4 Қара жағы: е7-е6

Шахмат ойнауды үйрену жеңіл, ал оны жетік те жақсы меңгеру ұиын екені баршаға мәлім. Ол үшін қызығушылық пен шыдамдылық керек. Жаңадан үйренушілер диаграммалардағы ойынды ынтамен қайталап отырғаны жөн. Шахмат нотациясын, фигуралардың жүрістерін және олардың салыстырмалы күшін жетік меңгергеннен кейін қарапайым мат беру жолдарын үйрену қажет. Осындай белгілі мақсатты жүзеге асыру жолында қарсылас жақтың короліне шабуыл жасағанда тақта үстіндегі фигуралардың аз-көптігіне қарай оларды өзара тиімді байланыста ұстау бірден-бір қажет жағдай. Бұл қарсылас жақтың бас фигурасына мат беруде үстеме күш береді. Міне, осындай жаттығулар шахмат әуесқойларының қиялын дамытып, ойынға құмарлығын арттырады. Әрине, сан жағынан көп фигуралар қатысқан позициялардан гөрі, аз фигуралар болған жағдайда ойнау жеңілге соғады.

III. Шахмат ойынын үйрету.

IV. Қорытынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ