Баспасөз мәслихаты және дастархан басындағы ресми емес қабылдаулар

0

Қабылдаулардың iскерлiк қарым-қатынастарды орнықтырудағы маңызы зор. Мәселе iшiп-жеуде емес, көп жағдайда сол дастархан басындағы жылы шырайлы кездесулердiң өзi бiраз шаруларды шешуге мұрындық болады. Мұндай қабылдаулар үстiнде көптеген адамдармен пiкiрлесiп, еркiн араласуға мүмкiндiк туады. Сондықтан оған тыңғылықты әзiрленiп келу артықтық етпейдi.

Дастархан басындағы басқосулар ұлттық мейрамдарға, басқа да маңызды жайларға байланысты ұйымдастырылады.

Қабылдаулар күндiзгi және кешкi, сондай-ақ дастархан басындағы және одан тыс болып бөлiнедi.

Дастархан басындағы қабылдаулардың халықаралық нормада белгiленген өз аттары бар: ²Шампан шыныаяғы” немесе ²Шарап шыныаяғы”, ²Таңғы ас”, “Түскi қонағасы”, “Буфеттегi түскi ас”, “Кешкi ас”, “А ля фуршет”, “Коктейль”, “Кофе немесе шай дастарханы”.

²Шампан шыныаяғы” немесе ²Шарап шыныаяғы”, ²Таңғы ас” күндiзгi қабылдауларға жатады да, қалғаны кешкi қабылдау болып есептеледi.

²Таңғы ас”, “Түскi қонағасы”, “Кешкi ас” дастархан үстiнде өтедi. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес ең құрметтi дастархан ²Таңғы ас” пен “Түскi қонағасы” болып есептеледi.

²Шампан шыныаяғы” немесе ²Шарап шыныаяғы” сағат 12 мен 13-тiң арасында ұйымдастырылады. Мұнда тек шампан, шарап, шырын ғана берiледi. Тiске басар ретiнде жаңғақ пен тәттi ұсынылады. Қабылдау фуршет түрiнде (түрегеп тұрып) өтедi. Киiну үлгiсi әдеттегi жұмыс киiмi болады.

“Таңғы ас” сағат 12 мен 15-тiң немесе 12.30 бен 13.30-дың арасында ұйымдастырылады. 1 – 1,5 сағатқа созылған таңғы астың 45-60 минөтi үстел басында, 15-30 минөтi кофе үстiнде өтедi. Қонақтар түгел жиналғанша дәбет ашатын аперитив (жеңiл спирттi iшiмдiктер) ұсынылады. Астан соң шай, кофе, ликер, коньяк берiледi. Киiну үлгiсi әдеттегi жұмыс киiмi.

“Коктейль” сағат 17 мен 18 арасында ұйымдастырылып, 2 сағатқа созылады. Қабылдау түрегеп тұрған жағдайда өтедi. Қонақтар еркiмен келiп, еркiмен кете бередi. Кешiгiп келу не басшыдан соң келу әдепсiздiк болып есептеледi. Қайтарда да алдымен басшы, одан соң қызмет дәрежесiне қарай қалған қызметкерлер әрекет жасайды. Қабылдау иелерi әрқайсысын күтiп алып, шығарып салады. Жеке-жеке таныстырып отыруды да ұмытпағаны жөн. Коктейл үстелiне арналған арнайы ыдыстар бар. Оларды бiр мәрте ғана пайдаланған дұрыс.

“А ля фуршет” коктейль үстелiне ұқсағанымен, онда iшкiлiк пен тiске басар тең дәрежеде ұсынылады. Ал “Коктейльде” тiске басар iшкiлiке қарағанда аздау ұсынылатын.

Дастархан биiк үстелге ұштары еденге жеткiзiле төселедi. Шыныаяқтар үшбұрыштай қойылады. Ортада iшкiлiктер тұрады. Қонақтар өздерiн-өздерi күтедi. Асығыс шаруасы барлар ешкiмге кедергi жасамай жай ғана шығып кете қояды.

“Түскi қонағасы” сағат 19 бен 21 аралығында басталады. “П” немесе “Т” үлгiдегi үстелге ақ дастархан төселедi. Ең құрметтi мейман есiкке қарап, ондай жағдай болмаса сыртқа қарайтын терезеге қаратыла отырғызылады. Екi ыстық ас берiледi.

Киiм үлгiлерi салтанатты жағдайда болғаны жөн. Ол үшiн алдын-ала шақыру қағаздарына “ақ галстук” (фрак) немесе “қара галстук” (смокинг) деп бұрыштама соққан ләзiм. Ханымдар кешкi көйлектерiмен келедi.

Фракқа ақ көбелек галстук, тiк жаға көйлек, ақ желет, ақ қолғап, қара жалтырақ туфли киген ыңғайлы. Смокингке қара көбелек галстук, тiк жаға көйлек, қара желет, жалтырақ туфли киедi.

Бұдан басқа таңғы астан кейiн ұйымдастырылатын “Бранч”, ашық ауа астында ұйымдастырылатын “Кәуеп”, “Пикник”, жастар арасында ұйымдастырылатын “Iрiмшiктi шарап шыныаяғы” сияқты қабылдау түрлерi де бар.

Қабылдауларға алдын ала әзiрлiктер жүргiзiледi: қабылдау түрлерi анықталады, шақырылатын меймандар тiзiмi жасалады, шақыру қағаздары таратылады, қонақтардың үстел басында отыру ретi белгiленедi, ас мәзiрi жасалады, күтушiлер белгiленедi, тост әзiрленедi.

Шақыру қағазына киiм үлгiсi мен қайда отыратыны жөнiндегi арнаулы карточка қоса берiледi (7-сурет).

7-сурет

Мейманның үстел басындағы отыратын орны көрсетiлген карточка

 

 

Дастархан басында тек қана ер адамдар отырған жағдайда қабылдау иесi төрде, ал құрметтi меймен оның оң жағында отырады.

                       3     1      Қабылдау иесi     2     4

            5                                                            6

    7     9                             10     8

Таңғы ас пен түскi аста қабылдау иесi қадiрлi мейманды қарсы қаратып та отырғызады.

9    5    1    Қабылдау иесi    3    7    11

12    8    4    Құрметтi қонақ    2    6   10

Ерлi-зайыптылар дастархан басына қатар отырғанда меймандардың орналасу тәртiбi төмендегiдей болады.

(2)        4        (3)        1

 

                      Қабылдау                                               Қабылдау

                  иесi                                                      иесiнiң

                                                                                  әйелi

         (1)        3        (4)        2

         Дастархан басына отырғызғанда мына ережелер қатаң сақталады:

  1. Қабылдау иесiнiң оң және сол жағына ең құрметтi меймандардың ханымдары, ал қабылдау иесiнiң әйелiнiң қабаттарына мырзалары жайғасуы тиiс. Жалпы, дастархан басына бiр ер, бiр әйел адамдардың кезектесе жайғасуын қадағалаған жөн.
  2. Әйел адамдар бiр-бiрiне қарама-қарсы отырмауы тиiс.
  3. Күйеуiн ешқашан әйелiмен қабат отырғызбаған жөн.
  4. Бiр мемлекеттен келген екi адам қабат отырмайды.
  5. Ең соңғы орынға әйел адамның отырып қалмауын қадағалаған жөн.

Тамақ ұсынудың ресми түрi француз әдiсi болып табылады. Даяшы қонақтың оң жағынан келiп, оң қолына қасық, сол қолына тарелка алып, дәмнен сала бастайды. Iшкiлiк те оң жақтан құйылады. Құйып жатқан сәтте шыны этикеткасын мейманға қарата ұстауды ұмытпаған жөн. Егер қонақтың өзi дәм салып алғысы келсе, даяшы тарелканы сол жағынан ұсынады. Немесе қабылдау иелерi дәм ұсынуы мүмкiн. Ондайда қабылдау иесiнiң әйелi гарнир, қабылдау иесi ет салуға ыңғайланады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ