Шахмат ойын ережесі

0

Сабақтың тақырыбы: Ойын ережесі

Сабақтың мақсаты: Шахмат ойынның ережесімен таныстыру. Шахматты жетік үйрену үшін ойынның негізгі ережелері мен принциптерін позицияның өрістеу жолдарын ойын үстінде шебер ұштастыра білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: шахмат,тақта, магнитті фигуралар

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе әңгіме. Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты: қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.

Ойын басталғанда король қанатындағы ат пен пілді тез жылжыта отырып, қысқа рокировка жасаған жөн, ол корольдің қауіпсіз жерге орналасуын және тұраның (ладья) ойынға тез шығуын қамтамасыз етеді.

Ұтылып қалам-ау деп жүрексініп, ойындағы белгілеген жүрістен ешқашанда бас тартпау керек. Егер сол жүрісті мығым жүріс деп шешімге келген жағдайда қалайда жүру керек.

Дебютте пешкалармен а3, а7, һ7 сияқты дәрменсіз жүрістер жасамаған дұрыс. Әрбір жүріс өзінің қимылына қарай фигураны мақсатпен жылжытатын немесе линия ашатын (тігінен, көлденеңінен және диагональ) жүріс болуы тиіс.

Ойын барысында амалсыз жағдайда болмаса, бір фигурамен мақсатсыз бірнеше жүріс жасауға болмайды. Ол позицияның дамуына кедергі келтіреді.

III. Шахмат ойынын үйрету.

IV. Қорытынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ