Шахмат ойынының тарихы

0

Сабақтың тақырыбы: Шахмат ойынының тарихы

Сабақтың мақсаты: Шахмат ойынының тарихымен таныстыру. Шахмат ойынының маңызын түсіндіру.

Көрнекілігі:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Шахмат таратып, екі ойыншыдан отырғызу.

Кіріспе әңгіме. Шахмат ойыны Үндістаннан Қытайға, Тибетке, Малайя аралдарына, Иранға тараған. Ал Ираннан шығыс халықтарына-арабтарға, армяндарға, грузиндерге, византиялықтармен түріктерге ауысқан. Иран, Кавказ арқылы Россияға, арабтар арқылы Европаға және Жер Орта теңізі аралдарының тұрғындарына, Пиреней, Аппенинге, одан Францияға, Германияға, Британияға, Испанияға дейін жеткен.Новгородтық жырлардағы саудагер жолаушы (көпес) Садко Ильмен көлінің түбіне батып бара жатып, алтын фигуралары бар қымбат бағалы шахмат тақтасын өзімен бірге ала кетеді. Оны қарсы алған теңіз патшасы Садкоға шахмат ойнауды ұсыныпты деседі…

Орыс жерінде шахмат ойнау XV ғасырдың басында патша мен ақ сүйектердің балаларын тәрбиелеп, баулу жүйесіне енгізілген. Тарих бізге осы кезеңдердегі тамаша орыс шахматшыларының есімін сақтап жеткізе алмады. Иван Грозныйдың патшалығы кезінде Москваға келген Павел Одерброн деген біреу:

«Орыстар немесе москвалықтар шахматты зор шеберлікпен ойнайды. Бұл ойынды олардың шебер ойнайтындығы сондай, тіпті мен олармен тең түсетін халықтың бар-жоғын білмеймін.» деп жазады.

XIX ғасырда шахмат өнері дамыған елдер мәдениетінен кеңінен орын ала бастады. Халықаралық жарыстар, чемпиондардың турнирлермен матчтарда кездесулері басталды.

Қазақстанда әйелдер арасында өткен 1934 жылғы біріншілікте петропавлдық шахматшы Ольга Стрелова жеңіске жетті. Кейінгі кездегі өткен чемпионаттарда спорт шебері Аида Мүсілімова Қазақстанның он дүркін чемпионы болды. 1981-1982 жылдары Қазақстанның екі дүркін чемпионы атағын спорт шебері Гүлнар Сахатова иемденді.

III. Шахмат ойынын үйрету

IV. Қорытынды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ