Қазақстан дипломатиялық қатынастарының алғашқы қадамдары

0

Тәуелсiз Қазақстан дипломатиясы әлемге 1992 жылдан таныла бастағанымен, қазақ халқының ежелден-ақ мәмiлегерлiк саясатты толық меңгергендiгiне бiз тарих жазбалары арқылы куә бола аламыз.

Қазақ дипломатиясы қай ғасырда болмасын түрлi қиындықтармен жүргiзiлген. Ел болуымыз тек қылыш қағысып, найза шаншысқан ерлiкке ғана қатысты болмаған. Ел болуымыздың астарында жыпқылы көп саясат, қалтарысы қалың дипломатия жатты. Хандардың ақылы жетпеген, жүрегi дауаламаған iстердi қарадан шыққан билер мен жыраулар айта бiлдi. Ақылды хандар оларды тыңдады. Сөзге құлақ қойды. Бұл – сол кездегi демократияның бастауы болды.

Қазақ ордасының өкiлдерi осыдан үш ғасыр бұрын көршi елдерде, оның iшiнде орыс елiнде елшiлiк қызметтер атқарған. Дербес мемлекет болып тұрған кезде қазақ хандығы да көршiлермен барыс-келiс жасасқан, төтенше құқықты елшiлiктер алмасқан. Әсiресе, қазақтың қытаймен, орыспен, қалмақпен, башқұртпен жүргiзген екi арадағы елшiлiктерi бәрiнен де басым болды. Жазба деректердiң жоқтығынан көршi түркi-моңғолдардың көшпелi елдерiмен жүргiзiлген елшiлiк қарым-қатынас орнын, тарихын зерттеп, анықтау қиын соғуда. Сондықтан кейбiр елшiлiктердiң уақыты ғылыми зерттеулерде /14/ тек тұспалдап қана көрсетiлуде. Болашақта тың материалдардың айналысқа енуi бұл мәселе туралы көзқарастарды түбегейлi өзгертедi деп ойлаймыз.

Әбiлқайыр, Абылай, Әбiлмәмбет, Жолбарыс хандардың, төре-сұлтандардың, батырлар мен билердiң көршiлес елдермен жүргiзген мәмiлегерлiк қызметтерiн де терең зерттеу тарих еншiсiндегi нәрсе. Бiр ғана Абылай ханның саясаты, әскери және дипломатиялық шеберлiгi, әсiресе қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы қарым-қатынастарға байланысты iстерi өте қызықты және келер тарихқа қажеттi.

Қалмақтар оған қанша құрмет көрсетсе де, Абылай өзiнiң бүкiл саясатын қалмақтарға қарсы қойды. Көп жағдайда бұл ретте әскери сестен гөрi, мәмiлегерлiк шеберлiк керек болды. Бұл жағына Абылай қатты көңiл бөлдi. Сөйтiп екi жақты саясатты: не қарулы күрес, не келiссөз жүргiзу – көп пайдаланды.

Мәмiлегерлiк саясатты жүргiзуге сол кездегi бүкiл қазақ қауымы: сұлтандар, батырлар, жыраулар, билер, тiлмаштар, қарапайым халық — барлығы орасан зор үлес қосты.

Қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы бейбiт келiсiмдер, көшiп-қонып жатқан ауылдарды сақтау Абылайға шексiз бедел әкелдi. Оның ²елшiлiктер мен аманаттарды пайдалану, барлық келiсiмдердi рет-ретiмен жүргiзу, әрбiр уақытты жемiстi пайдалану сияқты iстерi, әрине, ²жабайы көшпендiлердiң² әрекетiне ұқсаған жоқ² /15/.

Дипломатиялық саясат жүргiзген кезiнде Абылай бiрнеше мәселенi ескерiп отырған. Ең алдымен, қазақ жасақтары көпке созылған соғысқа шыдай алмайтындығын түсiндi. Себебi, өте көп күш жинап алған жоңғар империясы нағыз айда¿ар сияқты алыпқа айналған едi. Оның үстiне қазақтар бiрнеше майданда қатар соғысуға мәжбүр болды. Сондықтан да Абылайды ылғи да келiссөздер жүргiзуге итермелеген оның нағыз қажеттiктен туған ақыл-айласы едi. Соның нәтижесiнде бiрте-бiрте қазақ хандығын нығайтуға жағдай жасалды.

ХVIII ғасырда елшiлiк саясат негiзiнен мынадай мәселелерге байланысты жүргiзiлдi: сауда, шекара мәселесi; тұтқындарды қайтару; әскери одақтар құру; башқұрт-қазақ қатынастарын реттеу; I Петрге хат жөнелту; бодандыққа қарсы одақ құру; Абылайды босату, аманат беру; шапқыншылықты тоқтату; жоңғармен арадағы саяси мәселелер; Ташкентке билiк жүргiзудi келiсу; қалмақ-қазақ одағы; Қытаймен бейбiт келiсiм; қазақ-қоқан қатынастарын реттеу; жер мәселесi, т.б.

1688-1781 жылдар аралығында жоғарыда аталған түрлi мәселелер бойынша Тәуке хан, Әбiлқайыр хан, Қайып хан, Жолбарыс хан, Әбiлмәмбет хан, Абылай хан, Көшек хан, Нұралы хан, Барақ сұлтан, Бекболат би Тобылға, Уфаға, Қазанға, Санкт-Петербургке, Орынборға, Жоңғар ұрғасына, Пекинге, Улясутайға, Синьцзянға, Қоқанға, Кабулға елшiлер жiберiп отырған. Ол елшiлер мыналар едi: Тәшiм батыр, Келдей сары мырза, Тайқоңыр, Бурахан, Бекболат Екешұлы, Байдәулет Бөрiұлы, Тантай батыр, Арыстан Аталықұлы, Әлiмбет батыр, Байбек, Төлебай, Ешмәмбет, Сапа, Қабаш батырлар, Қойбағар, Құтлымбет, Сейiтқұл, Шамырза, Оразгелдi батыр, Аралбай би, Бөлекей, Ақшора батырлар, Малайсары, Нияз, Жолбарыс сұлтан, Қазыбек би, Ескендiр сұлтан, Төле би, Әмiр батыр, Өмiртай би, Орыс сұлтан, Мамық би, Отаршы би, Дәулеткерей сұлтан, Бұқар жырау, т.б.

Қазақ хандықтарына да Ресейден, Қытайдан елшiлер келiп, түрлi келiсiм-шарттар жасасып отырған (Бұл жөнiндегi толық деректер 1-қосымшада көрсетiлген).

Мәселен, Цин (Қытай) империясы мәмiлегерлiгiнiң орасан зор әкiмшiлiк аппараты, көшпендiлермен iс жүргiзудiң мол тәжiрибесi болған. Барлық iс-әрекеттер әулеттердiң тарихы мен ресми шығармаларға тiркелiп, сыртқы саяси мәселелердi шешудiң жолдары мен әдiстерi шыңдалып, дамып отырған. Белгiлi қытайтанушы ресейлiк ғалым В.С.Мясников бұл туралы былай дейдi: ²Қытай мәмiлегерлiгi бiздiң заманымыздың бас кезiнде-ақ сыртқы саясаттың жан-жақты әмбебап қаруы ретiнде қалыптаса бастаған. Оның күш-қуаты сол заманда-ақ бiртұтас Қытай империясын қалыптастыру жолындағы күресте, сондай-ақ мезгiл-мезгiл күшейiп отырған көшпелi тайпалардың шабуылынан қорғану кезiнде тексерiлiп, сыннан өткiзiлген² /16/.

ХVIII ғасырдың ортасында Цин империясы Жоңғар мемлекетiн Қазақ хандығының күшiмен талқандап, Шығыс Түркiстанды бағындырған соң, жаңадан қосып алған шекаралық жерiн көршiлерiнiң шабуылынан қорғау үшiн және мал өнiмдерiн сауда-саттық арқылы қазақтардан алып тұру үшiн оларға ²алыстағы көршiге жұмсақ қатынас² тәсiлiн пайдаланады. Бұл саясат бiр жағынан Ресей бодандығын қабылдаған қазақ хандары мен би-сұлтандарын өз ықпалынан шығарып алмау үшiн де қолданылды. Ол туралы Ресей архивiнде: ²Абылай сұлтанға Боғдыханнан он түйеге артылған Қытайдың дүние-мүлiктерiнен тұратын сый-сияпат және сәлем хаты келдi. Оған жауап ретiнде Абылай да өз ұлысының атынан мың жылқы, соның iшiнде елу сәйгүлiк тарту жiбердi² /17/, — делiнген.

Қазақ елшiлерi келген кезде Қытай үкiметi ²шетелдiк варварларға² ²Аспан асты мемлекетiнiң² гүлденуi мен әскери қуатын көрсету мақсатымен астананы безендiрiп қоятын. Мәселен, ²1760 жылы 9-шiлдеде император Цяньлун Әбiлмәмбет, Абылай, Әбiлпейiз және Ханбабаға олардың жiберген елшiлерi Құттыбай мен Атабайға цин қызметкерлерiнiң сыртқы бейнесiн көрсететiн киiм-кешектер: бас киiм, шекпендер, бас киiмге қадайтын қауырсын мен дөңгелекшелер, iнжу әшекейлер берiлгенiн хабарлаған² /18/. Жалпы, Цин императоры өзiнiң әкiмдерi мен әскери адамдарынан қазақ елшiлiктерiн қабылдау және оларды шығарып салу кезiнде империяның беделiне нұқсан келтiретiн жайларды барынша көрсетпеуге тырысуын, керiсiнше, ²Аспан асты мемлекетiнiң² айбарын, гүлденуiн көбiрек жария етуiн талап етiп отырған.

Абылай хан Қытаймен қалыпты қарым-қатынас орнатқан соң, Қытайға тұңғыш рет жiберген ресми елшiлiгiне, ×иянлүң патшадан қазақтың атамекенi Тарбағатай аймағын сұрауды тапсырады. Осыған орай жазылған жауап хатта: “Елшi жiберiп, патшаға сәлем беретiн болсаңдар, патша сендердi емiрене жарылқайды. Ал сенiң елшiң бiзге жеткiзiп келген: “Тарбағатай тегiнде бiздiң байырғы жайылым жерiмiз едi, сол жердi патша жарылқап, бiзге берсе” деген сөзге келсек, бұл жер жаңа ғана тыныштандырылған. Әлi иен жатқан өңiр… Сендер егер Әмiрсананы тұтқындап әкелiп беретiн болсаңдар, онда ол жердi сендерге жарылқап беруге болады” /19/ делiнген. Бұдан ұлттық аумақты қалпына келтiру – Абылай ханның дәйектi идеясы және оның сыртқы саясатының басты мақсаты болғандығын көруге болады.

Тәуке хан да Қазақ хандығының тек iшкi тартысты мәселелерiн ғана шешiп қоймай, сыртқы саясатында да көршi елдермен бейбiт байланыс жасай отырып, экономикалық қарым-қатынас орнатады. Соның iшiнде ұзақ уақытқа үзiлген Ресей елiмен мәмiлегерлiк және сауда байланысын жаңартады. Өйткенi осы кезеңде халықаралық жағдай ушығып тұрған кезi болатын. Елдiң қауiпсiздiгiне жетуде Ресей мемлекетiмен мәңгi бейбiтшiлiкте болу үшiн жасалынған мәмiлегерлiк әрекеттердi Ресейге қосылу деген ұранмен теңеу – тарихи шындықты бұрмалау екендiгiн қазiргi тарихшылар мойындап отыр.

Тәуке хан сонымен бiрге Бұхар, Хиуа хандықтарымен бейбiт қарым-қатынасты сақтауды да естен шығармайды. Оның елшiлiгi Сыр бойындағы Ташкент, Созақ, Жизақ сияқты бiрнеше қалаларды, соғыс тұтқындарын қайтаруды талап етедi.

1686-1693 жылдар аралығында Тәуке орыс жерiне бес елшiлiк жiбередi. Сары, Келдей, Қабай, Туманшы бастаған елшiлер I Петрге бiрнеше рет Тәуке ханның хаттарын тапсырады.

Әбiлхайыр ханның мәмiлегерлiк шеберлiгi де ерекше сөз етуге тұратын жағдай. “Әбiлхайыр хан иығына ауыр жүк салып, Петербор сарайына үндеудiң ұйытқысы болуға және ендiгi ыдырап болған қазақ одағының сыртқы саяси бағытына түбiрлi бетбұрыс жасап, жауапкершiлiгiн көтеруге мәжбүр болды” деп көрнектi тарихшы Ж.Қасымбаевтың ой түйiндеуi де ұлы тұлғаның жеке басындағы тамаша мәмiлегерлiк және саясатшыл қасиеттерiн биiктете түседi.

Сайып келгенде қазақ хандары мен билерiнiң халықтың басын бiрiктiрудегi атқарған рөлi ерекше. Олар өздерiнiң шебер саясаткерлiгi мен мәмiлегерлiгiнiң арқасында Ресей мен Қытай сынды iрi империяларды өз саясатымен санасуға мәжбүр ете отырып, iс жүзiнде елдiң дербестiгiн, аумақтық тұтастығын сақтап қалды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ