Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсатын айтыңыз

0

1. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсатын айтыңыз.

Курсының мақсаты — қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау — осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады: — қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.; — болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу; — қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

2. Табиғи және техногенді сипаттағы  төтенше жағдай туралы түсіңдіріңіз.

Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.  Төтенше жағдай- адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға ңұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай; Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар; Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар; Төтенше жағдай аймағы-төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ. Авария –технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;
Зілзала –бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді, 20%-тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісі, ал қалған 25%-зілзаланың басқа түрлері.  Зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс; Апат-аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

3.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің  құзыреттілігін айтыңыз

Тірішілік қауіпсіздігінің негізгі курсында адамды қорғау жолдары қарастырылады. Оның негізгі себептеріне адамдардың өмір сүру ортасындағы  кездесетін қауіп-қатерлерімен бірге еліміздің ата заңының негізгі мақсаты жатады. Адамдардың өмір сүру ортасындағы қауіп қатерлер адам өміріне, оның ден-саулығына зиянын тигізіп, әртүрлі аурулар мен жарақатқа, тіптен кейбір жағдайда өлімге де алып келіп соқтыруда. Осыған орай мемлекеттің адамды қорғауы, оның негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Тірішілік қауіпсіздігінің негіздері адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Бұл курс нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, себебі олармен арнайы мамандандырылған орталықтар айналысады. Мысалы, атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс пен өрт қауіпсіздігі және тағы сол сияқтылар. Қарастырып отырған курстың мақсаты қауіпсіздік саласындағы жалпы біліктілікті көтеруді және адамның өзі өмір сүріп отырған ортасындағы қауіпті, сондай-ақ адамдарға зиянын тигізетін құбылыстарды тануға және оған қарсы білікті әрекет жасай алу мүмкіншіліктерін арттыруды қарастырады. 

4.Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.

Қауіпсіздік қауіп-қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.Тірі организмдердің ішінде қауіп қатер адамға қөп төнеді. Себебі, адам өзінің өмір сүру ортасын жасай алатынан басқа, өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, антропогендік орта да құрады. Сондықтан адамның кез-келген іс әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтижесін де әкелуде. Оған мысал экологияның бұзылуы, ауыру және жарақат алу мен қатар кей жағдайларда қайғылы оқиға да тууы болып отыр.  Осыған байланысты адамды және өмір сүру ортасын қорғау іс-әрекеті қауіпсіздік шаралары болып табылады. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, қауіпсіздіктің кешенді қорғану шаралары пайдалану қажеттілігі туады. Ол кешенді қорғану шаралары құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдік шараларын қамтиды. Қауіпсіздік адамды, табиғатты және материалдық құндылықтарды қорғау жағдайы.        Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3 негізгі міндеттерді орындау керек. Нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация). Талдау өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу үшін жүргізіледі. Адамды және өмір сүру ортасын қауіп-қатерден қорғаудың тиімді және сенімді шараларын әзірлеу.  Қауіп-қатердің қорғау іс-әрекеттерінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнатылуы мүмкін емес. 

5.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндетін айтыңыз.

Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер — әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз
Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:
Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп — қатерді талдау (идентификация). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі. Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу. Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.
Бұл шаралар қауіп — қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар).
Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады. Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі. 

6.Төтенше жағдай  кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлерін анықтаңыз.

Ең алдымен бас сүйгі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн. Қан аққан кезде жараға таза қатты таңғыш байлайды. Тыныс алу бұзылған кезде ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Есіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, өйткені ол қозғалыс кезіңде тыныс жолдарын жауып тастау мүмкін. Тыныс жолдарына қанның, құсықтың түсуін ескерту мақсатында жаралыны бүйірлеп жатқызып тыныштықта қалдырады. Мұндай кезде оған 50%- 2мл анальгин және 1%- 2мл димедрол ерітіндісін немесе 2% супрастин енгізеді. Ашық жарақат кезінде пеницилин тағайындайды. Басқа мүз салынған қуық қояды. Басқа таңғышты — «тақияны» мынадай әдіспен қояды. 1 м-ға жуық бинт кесіндісін тобеге қояды, оның ұшын (байла-мын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра отыра байлайды, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның теңірегінен екі жағынан да орап қиғаш-тай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы кезекпен орап, бастың букіл шашты бөлігін жабады

7.Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінесің?

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады.  Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады.

8.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды көрсетіңіз.

Зиянды өндірістік (кәсіптік) факторлары – адамның іскерлігінің төмендеуіне, жедел және созылмалы уланулар мен сырқаттардың пайда болуына, жалпы сырқаттанушылығының өсуіне және алшақтық мерзімдерде басқа жағымсыз ауытқулардың тууына келтіретін еңбекті ұйымдастыру және оны орындау факторлары. Адамның кәсіптік ісі еңбек пен жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырмау, мертігу қаупі, өндірістік ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсерлік жағдайларына жүруі мүмкін. Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары белгілі бір жағдайларда адамның денсаулығында қандай бір ауытқуларды тудыруы, ал кейде өндірістік қамтамасыз етілген және кәсіптік ауруларды тудыруы мүмкін.
Еңбек гигиенасының негізгі міндеттерінің бірі болып жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықтың алдын алу саналады. Кәсіптік аурулардың профилактикасы бірінші кезекте этиологиялық факторды және одан туған сырқаттарды жан-жақты зерттеуге негізделген. Республиканың халық шаруашылығында жаңа технологиялық процестерді енгізу, өнеркәсіптің басты салаларына шетелдік инвесторларды өздерінің жаңа технологияларымен қызықтырып тарту еңбек гигиенасының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр. Мұнда маңызы зор мәселе гигиеналық нормативтерді ғылыми тұжырымдау. Осы мақсатпен Республикада денсаулық сақтау министрлігімен еңбек гигиенасы бойынша санитарлық нормалар мен ережелердің жаңа 3 томдығы шығарылған, сонымен қатар, оның құрамындағы санитарлық нормативтік құжатнамалар кезеңді түрде жаңартылуда. Еңбектің максималды өнімділігіне ықпал жасаушы жағдайларды қамтамасыз ету үшін адамның іскерлігіне әсер етуші жабдықтарына, құралдарына, басшылық жасаушы пульт қондырғыларына және жұмыс орнына, жұмыс және демалыс кезеңдерінің ұзақтығына қойылатын талаптарды физиологиялық тұжырымдау қажет.

9.Эвакуация деген не, қойылатын талаптарға тоқталыңыз?

Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, турнирлерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарда және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі. Халықты орналастыру және эвакуациялау өткізуге арналған өкімді алысымен, бағынышты эвакуциялық және көлік органдарымен тұрақты байланыста болады, халыққа хабарлау барысында және отырғызу пункттеріне көлік бөлуді бақылайды. Эвокуациялық комиссиялардың, эвакуациялық жинау пунктінің және жаяу эвакуациялау маршруттары бастықтарының орналасатын және эвокуацияланатын халықты жинау мен оларды көліктің барлық түрімен және жаяу тәсілмен қауіпсіз аймаққа жөнелту жөніндегі жұмысына басшылық жасайды. Эвакуациялық қабылдау комиссияларына уақытына және көлік түрлерімен әкетілетін (шығарылатын) халық санын хабарлайды 

10.Қазақстан Республикасы төтенше жағдай  министрі кім және Азаматтық қорғаныс жүйесінің                 құрылымы мен рөлін

түсіндіріңіз.

Владимир Карпович Божко — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Ұлттық қауіпсіздік офицері, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі. Генерал-лейтенант Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918-ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады.  Сөйтіп әуе шабуылынан қорғану үшін 1920 жылдары жергілікті әуә шабуылынан қорғану жүйесі құрылды. Кеңестер Одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады. Кеңес үкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады.

11.Төтенше жағдайда халықты қорғауды түсіндіріңіз.

Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, турнирлерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарда және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі. Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.

12.Табиғи төтенше жағдайлардың болу сипаттағы себептерін айтыңыз.

Тибиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болтандығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі – оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін. Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн.  Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің , тропикалық циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы платинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады. Осыған орай табиғи стихиялық құбылыстардың бір-бірімен байланысын қарастырып көрейік. Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға болады. Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізі болып апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу процессін біле отырып оның қандай мөлшерде, қандай болатын екенін болжауғада болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыруға, шығынды барынша азайтуға мүмкіншілік жасайды.

13.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлерін түсіндіріңіз.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.  Оның түрлері: — Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда және т.с.с). — Көлік жүйесіндегі апаттар. — Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын­дарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатка әкеліп соғу кауіпі де туындап отырады.  Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, кауіпсіздік   шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды. 

14.Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?

Адам —  мемлекеттің ең қымбат қазынасының бірі, ал оның өмірін сақтау мемлекеттік негізгі мақсаты. Оған дәлел адам мен оның өмірін қорғау еліміздің ата — заңы конститутцияда 1-ші бапта берілгендігі. Сондай-ақ, конститутцияның 31 бабы, мемлекетті адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы орта жасау және қорғауды міндеттейді. Осыларға байланысты мемлекетімізде адам өмірін қорғау мәселелері бойынша бірнеше заңдар  қабылданып, ережелер бекітілген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», “Азаматтық қорғаныс туралы”,“Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы”,“Өрт қауіпсіздігі туралы”,“Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы”,“Терроризмге қарсы қүрес туралы”,”Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы”,“Төтенше жағдай туралы”,“Соғыс жағдайы туралы”, “ҚР қарулы күштер және қорғаныс туралы”, “Мемлекеттің материалдық қоры туралы”, “Еңбекті қорғау туралы” , “Халықтың санитарлық эпидемиалық саулығы туралы”және т.б. қабылдаған Заңдары мен ҚР өкіметінің 1999 жылы 27 сәуірдегі бекіткен «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар туралы агенттігінің ережесі» мен «Биотерроризмге қарсы эпидемиалық және профилактикалық жұмыстарды күшейту туралы» ҚР денсаулық министрлігі, көлік және коммуникация министрлігі мен төтенше жағдай туралы агенттіктің біріккен бұйрығы және т.б.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ