Музыкалық театрдың дәстүрі мен жаңашылдығы.

0

Жоспар:

  1. Театр — өнер түрі.
  2. Театрдың түрлері.
  3. Қазақстандағытеатр өнерінің қалыптасуы және дамуы.

Театр   (грек. Theatron – ойын – сауық орны) – қоршаған ортаны актер ойыны және драмалық іс-қимыл арқылы бейнелейтін өнер түрі.

Театр негізі – драматургия. Драматургия театр өнерінің даму бағытын, мазмұнын, оның жанрлары мен көркемдік құралдарының жетілуін айқындайды. Теарт үшін драматургия қандай қажет болса, драматургия үшін театр да сондай қажет. Драматургиялық шығарма ең алдымен көрермен үшін жазылады. Театрсыз драматургия өзінің барлық мазмұндық байлығын ашып көрсете алмайды.

Театр өнерінің туындысы – спектакль. Театрда творчестволық процесс пен оның нәтижесі – спектакльді ажырату мүмкін емес. Спектакльді кітап немесе картина, басқаша айтқанда, аяқталған шығарма деп қарастыруға болмайды, ол үзіліссіз, бітпес шығармашылық. Сондықтан актер әр спектакль сайын жаңа рөлге еніп, көрермен алдында кейіпкер образын жасайды.

‘Тұңғыш театрдын шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында М.Әуезовтін «Енлік — Кебек» трагедиясымен ашылды. 1926-30 жылдары М.Әуезовтің «бәйібше — тоқал», «Қаракөз». Б.Майлиннің «Шаніпар молда», «Неке қияр», Ж.Шаниннін «Арқалық батыр», «Баян батыр» пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде қазақ халқының әр дәуірдегі өмір-тұрмысы, тағдыры көрсетіліп, әйел теңсіздігі мен ескіліктін кертартпа қылықтары өткір сыналды. Ол кезде эпостық тақырыптағы немесе тарихи оқиғалар негізінде жазылған драмалық шығармаларда актерлер еркінірек ойнады. Өйткені мұндай туындылардағы оқиғалар оларға бала жастан таныс еді. Эпостық тақырыптағы драмалық шығармалар бойынша қойылған спектакльдерде, әсіресе ақындық пен шешендік сайыстардағы диалогтар, оның мәні мен мазмұнын ашу, қимыл-қозғалыс, қарым-қатынас, психологиялық толғану сәттері, тіптітартысқа түскен екі жақтын жарыла отырып, бар зейін-ықыласымен беріліп, өздерінің көңіл күйін білдіруі, сөз нышанын әркімнің өзінше сезінуі, бағалауы.

1928 жылы қазақ драма театры Алматыға көшіп келгеннен кейін мұнда творчестволық жұмыс жүргізуге айтарлықтай жағдай жасалды. Театрға арнайы үй беріліп, костюм, декорациялық буйымдар жасайтын цехтар ұйымдасгырылып, дарынды да талантты жастармен театр труппасы толықтырыла тусті. Олардың ішінде тамаша әншілігі мен драмалық таланты қатар дамыған Күләш Байсейітова, бірнеше пьеса жазған Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әншілер Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жұмат Шанин болды. Бїл кезендегі театр сахнасына қойылған драмалық шығармалардың дені —  қазақ ауылындаєы келенсіз жайттарды әшкерелейтін пьесалар.

1934 жылы Алматыда музыкалық театр (қазіргі опера және балет театры), Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Орал, Семей және Шымкентте облыстық қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсете басгады. Облыс орталықтарында шаңырақ қөтерген театрлар өз репертуарларын Мұхтар Әуезов драматургиясынан бастады, әрі актерлік пен режиссерлік өнер саласында жеткен биігін де осымен межеледі.

¥лы Отан соғысы жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе жатқан пьесалармен қатар әскери тақырыпқа жазылған Мұхтар Әуезовтін «Сын сағатта», Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтін «Намыс гвардиясы», Сәбит Мұқановтык «Жеңіс жыры», Әлжаппар Әбішевтің «Найзагай» мен «Қырағылық» атты және тағы басқа драмалық шығармалар орын алды.

1944 жылы Алматыда Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрының құрылуы республикадағы аса елеулі оқиғалардың бірі болды. Театр екі группадан тұрды. Қазақ группасы сахналық жолын Островскийдін «Мысыққа күндетой бола бермес» атты пьесасын қоюмен бастады. Алғашқы мектеп бағдарламасына сәйкес пьесалар мен аныз-ертегілер, инсцировкалар қойды.

50-ші жылдары аударма пьесалар мен тарихи-фольклорлық тақырыпқа жазылған драмалық шығармалар ұлттық театрлар репертуарынан мол орын алды. Осы жылдары театрлар сахнасында Ғабит Мүсіреповтін «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ақан сері -Ақтоқты», Мұқтар Әуезовтің «Еңлік -Кебек» сияқты драмалық шығармалары сахнаға қайта қойыла бастады.

Қазақ драма театрларының 60-жылдардағы репертуарлық қоры мазмұндылығымен әрі оған енген шығармалардың әр алуандылығымен ерекшеленді. Тахауи Ахтановтын, Қалтай Мұхамеджановтың, Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Бәйсейітовтің, Қапан Сатыбалдиннің, Зейтін Ақышевтің шығармалары орын алды. Қазақ драма театрының 60-жылдардағы зор жетістігіне Шыңғыс Айтматовтын «Құс жолы» повесі негізінде қойылған «Ана ‘- Жер-ана» спектаклі жатады.

70-жылдардың басында Қазақ драма театрының репертуарынан ақын Құдаш Мұқашевтың қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ілиястын жастык, шағы, туып-өскен ортасы мен жаңа өмірге деген көзқарасының бірте-бірте қалыптасуы туралы сыр шертетін «Дала дастаны» атты тарихи-ғұмырнамалық драмасы орын алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ