Репертуармен жұмыс

0

Жоспар:

 1.Шығарманы  талдау оның  мазмұнын  шығармашылық  тұрғыдан   сараптау.

2.Репертуарға қойылатын  талаптар.

Жоғарыда  аталған  тәрбие міндеттерін  шешу едәуір  дәрежеде  вокальдық-аспаптық  ансамбль қызметінің  мазмұнына   репертуар  саясаты  мәселесінің  дұрыс  шешуіне  байланысты.

                Қазақстандағы  жоғарғы  оқу  орындарының  вокальдық-аспаптық    ансамбльдері  мен  оқушы  жастарды  біріктірген  ансамбльдердің   репертуарына  талдау  жасау  репертуар  саясатының  көптеген  ансамбльдерге  тән мынадай  бірқатар оңды  тенденцияларын  көрсетіп берді.

  1. Көкейтесті тақырыптарды  игеруге,  қатысушылардың  адамгершілік  және  эстетикалық  мұраттарға   көзқарасын   бейнелеуге  ұмтылуы
  2. Вокальдық- аспаптық ансамбль мүшелерінің  творчестволық  және  қоғамдық  белсенділігі, жергілікті  тақырыптарға  шығармалар тудырып,  орындауға  ұмтылыс.
  3. Музыкалық білімге  құлшыныс; музыкалық  сауат  негіздерін игеруден кәсіптік  мектепте  білім   алуды  жалғастыра  беруге  дейін  ұмытылыс.
  4. Көптеген вокальдық-аспаптық  ансамбльдердің  халық әндерін орындауға зейін  қойды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ