Мектептегі вокальды-аспаптық ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстары

0

Жоспар:
1. Оқу процесін аспаптармен қамтамасыз ету жағдайлары.
2. Оқу жоспары және бағдарлама.

Мектептегі вокальді- аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру, музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырулыуна тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жолын педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі; оның жүйелілігі, түсініктілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның, оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.
Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға, қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау- күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой-елегін өткізуден, жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы инициатива көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен ізденуінен көрінеді.
Жоғарыда аталған тәрбие міндеттерін шешу едәуір дәрежеде вокальдық-аспаптық ансамбль қызметінің мазмұнына репертуар саясаты мәселесінің дұрыс шешуіне байланысты.
Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының вокальдық-аспаптық ансамбльдері мен оқушы жастарды біріктірген ансамбльдердің репертуарына талдау жасау репертуар саясатының көптеген ансамбльдерге тән мынадай бірқатар оңды тенденцияларын көрсетіп берді.
1. Көкейтесті тақырыптарды игеруге, қатысушылардың адамгершілік және эстетикалық мұраттарға көзқарасын бейнелеуге ұмтылуы
2. Вокальдық- аспаптық ансамбль мүшелерінің творчестволық және қоғамдық белсенділігі, жергілікті тақырыптарға шығармалар тудырып, орындауға ұмтылыс.
3. Музыкалық білімге құлшыныс; музыкалық сауат негіздерін игеруден кәсіптік мектепте білім алуды жалғастыра беруге дейін ұмытылыс.
4. Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдердің халық әндерін орындауға зейін қойды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ