Қазіргі зонг-опера вокалды аспапты ансамбльдердің көңіл көтеруші шоу бағдарламалары.

0

Жоспар:

  1. Қазіргі кездегі рок музыкасының бағыттары.

               2.Опера, балет,концерттердің жаңа бағыттары.

    Қазіргі кездегі рок музыканың бағыттары сан  алуан. Атап айтар болсақ: хард-рок, поп-рок, арт-рок, поп-рэп, диско, фанк, фьюжн, фольк-джаз т.б.

    Рок музыка стилінің кейбір бағыттары оның музыканың басқа түрлерімен сабақтасуынан пайда болып, әрі қарай дами бастады. Ағылшынның «Gream»,  Американың «Chicago » топтарын алатын болсақ, олардың шығармаларындағы рок пен джаздың үйлесімділік тапқаны соншалық, қай стильдегі орындаушылар екенін ажырата алмайсың. Кейінгі кезде джаз музыка өнерінің балгілі қайраткерлері М.Дэвис, Э. Фитцджеральд, Дж. Смит, Д. Брубек те рок музыкаға бет бұрып, осы стильдегі шығармаларды орындады.

     Сондай-ақ, рок-музыканың әсері байыпты музыканы да, оны жазушы композиторды да шет қалдырған жоқ. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан опера, балет, симфония, концерт формаларынан да көрініс тапты. Оның мысалы ретінде « Иисус-Христос-суперзвезда» — рок операсын,  « Волосы » —  рок мюзиклін,  Бернстайнның  рок — мессасын,    Қазақстандық    А. Серкебаевтың  «Маугли» рок-балетін т.б. алуға болады.

    Қорыта келе айтпағымыз, рок-музыка стилі қазір шарықтау шегіне жетті. Әрі қарай қалай дамитынын заман ағымы көрсетеді. Дәл қазіргі 2004 жылы, жұрт құлағы таза, үнді, табиғи дыбысты іздей бастағандай…

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ