Ұлттық бірыңғай тест тапсырушыға кеңестер

0

Ұлттық бірыңғай тестілеу. ҰБТ-ның қажеттілігі мен әділеттілігі туралы ұзақ дауласуға болда, бірақ ол қазір бар болғандықтан, оны қалай табысты өту туралы ойланған жөн.Ол үшін кейбір кеңестермен және бақылаулармен бөлісемін.

1. Мектепте міндетті түрде байқау ҰБТ өт. Бұл саған жағдайды түсінуге, тапсырмаға жұмсаған уақыт пен күшіңді есептеуге, ҰБТ кезеңдерінің реттілігі мен өткізілу ережелерін есте сақтауға көмектеседі.Тест тапсыру жағдайына өте жақын оқу жағдайында бір рет болсаң, сабақ алуға болады және ары қарай бағытталуға көмектеседі.

2. Өзің үшін психологиялық жағдайды ауырлатпа. Бітіруші сынып ҰБТ тапсырумен және өзіңнің, ата-ана, саған бөтен емес адамдардың алдындағы жауапкершіліктің өсуімен өтеді. Жауапкершілік сезімнің шегінде болғаны дұрыс, ол сені тұтастай жаулап алып, «тапсыра алмасам / жинай алмасам …» деген ойлардың әрекетсіз етіп тастауы дұрыс емес. Жауапкершілікті мақсатқа талпынумен ауыстыр («мен балл жинай аламын») – сонда күшіңді салу мен алға жүруге мақсат болады.

3. Өзіңе ыңғайлы киін. ҰБТ форматы – «мен үшін әрқашан мейрам, профессор» дәстүрлі емес емтихан (© «Наваждение. «Ы» операциясы және Шуриктың басқа да оқиғалары») және сай киімнің болуын талап етеді: костюм – жейде – галстук немесе «жоғары ақ – төмен қара». Арине, осымен барлығымызға белгілі жақсы сыртқы көріністің ережесі, тазалық пен тартымдылық жойылмайды.Сенің сыртқы көрінісің бағаға әсер етпейді, сен онда 3,5 — 4 сағат болатындықтан, ең бастысы жайлы болу керек. ҰБТ жаз уақытында өтетіндіктен, бір аудиторияға 130-ға дейін адамдарды отырғызады, сондықтан сені ыңғайсыз аяқ-киім, жасанды «ауа өтпейтін» материалдан немесе тар юбка секілді екінші шарттарғы факторлардың көңіліңді бөлуіне жол берме.

4. Өзіңмен бірге 1 бөтелке су ал. ҰБТ тапсыру пункттерінде саған су және стақан беруі мүмкін, дегенмен алдын ала ойластырып қойған жөн.Салқын шәй, газдалған сусын, тәтті газдалған сусындар, шырындар алуға кеңеңс бермеймін, олардың құрамындағы қанттың әсерінен тағы да су ішуге мәжбүрлейді. Және тағы бір маңызды ереже: сусын үстелдің үстінде тұрмау керек! «Қырсықтар заңына» қатысты ойланатын болсақ, тесттің соңында мұқият жабылмаған бөтелкенің ішіндегі сұйықтық толтырылған жауаптар парағына төгіліп кетсе………комментарийсіз

5. ҰБТ күнінің алдында демалып, ұйықтап алған жөн. Егер ми дем алса, ақпаратты жақсы қабылдап, тапсырманы жақсы орындайды және ұйқысы қанған адам сергек, батыл істер жасауға әрқашан дайын тұрады 🙂 Әмбебеп ереже, сол әдістер: физикалық ауырлықтар, спорт, сайжайдағы жұмыс, жақсы фильм, йога, табиғатқа немесе аквариумдағы тіршілікке тамсану, итпен қыдыру, ыдыс-аяқ жуу – бір сөзбен айтқанда, ойлар мен уайымдауды ойыңнан шығару үшін басқа белсенді және әдісті іске көшу. Мұнда ерекшелік бар: мүмкін саған түні бойы ұйықтамай, оқулықтар мен тесттерді «жұту» оңай болар,ал таңертен ештеңе болмағандай ҰБТ-ға келіп, соңына дейін өзіңді жақсы ұстау болар.Дегенмен өзіңнің мүмкіндіктеріңді тексеруді, университетте сессияға қалдырғаның жөн.

6. Шпаргалкалар қауіпті. ҰБТ-ға кіру барысында сізді металлодетекторде тексеріп, телефондарыңызды өткізуді немесе өшіруді, сөмкелеріңізді өткізуді сұрайды. Таза парақ алудың да қажеті жоқ – кезекшілер үстелде тек қаламсаптар/қаламдар,сұрақ кітапшалары, жауап беттері және жауап беттерінің көшірмесі (қосымша парақ – парақ, сен онда өз жауап нұсқаларыңды жазып отырасың) ғана болуын қадағалап отырады. ҰБТ-ға «таза қол» операциясына қарағандай қара:жазатын құралдардан, жеке куәлік, ҰБТ-ға рұқсат қағазы және мидан басқа саған енштеңе қажет болмайды. Артық зат аз болған сайын, кезекшілер саған назар аударуы аз болады және кітапты ал, шпаргалканы өткіз, қалтадан телефонды шығар деген сияқты өтініштермен мазаламайды. Шпаргалкалар – ол қызығушылардың жұмысы емес, егерде сен, оны қолдана алмайтын болсаң, ҰБТ кезінде үйреніп қажеті жоқ. Сонымен қатар, бұндай жағдайларда кезекші Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің келісуімен, сен үшін тестілеуді тоқтатуға және жауап парағын алып қоюға құқығы бар, ал нәтиже жоққа шығарылады (жаман жағдайда), немесе жай режимде және түсінікті жағдайлармен шығарылуы мүмкін. Есіңе саламын: аудиторияда Менделеев кестесі болады, оны жаттап әуре болып уйымдама.

7. ҰБТ-ға керек нәрселердің барлығын, алдын ала дайындап қою. Қаламсап аламыз– дөңгелекті,қара (жауап парағын толтыру үшін) және көк, әр түстен 2 данадан (барлық күтпеген жағдайлар үшін), жай қаламдар, жеке куәлік,ҰБТ-ға рұқсат қағазы, сусын (қажет болса). ҰБТ-ға келу уақыты –таңғы сағат 9, 8 – 8:15-те орында болған дұрыс, бұл уақытта аудиторияға кіргізу басталады.

8. Аудитория кезекшілерін мұқият тыңда және нұсқаулықтарын бұлжытпай орында. Әдетте олар сен ҰБТ тапсыратын университеттің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері болады. Аудиторияда сен танитын біреулер болып қалуы мүмкін және ҰБТ кезі қалжың мен көніл көтерудің орны емес.Сондықтан кезекшілер нұсқаулықтың әрбір әрпіне көңіл аударатын, тестілеу кезінде тәртіпті қадағалайтын өте қатал адамдар.

Кезекшілерге сен келесілер жағдайларда:

1) аудиторияға кіргізу және отырғызу. Жеке куәлікпен кіргізеді, рұқсат қағазын сол аудиториядағы ҰБТ тапсырушылар тізімімен тексереді.Сосын кірер алдында сөмкені/пакетті қалдыруды, телефонды өшіруді сұрайды, сенің орныңның нөмірін хабарлайды,сен сол туралы отырғызу қағазына қол қоюың қажет (ол үшін алдын ала кезекшінің ескертулеріне уақыт жібермей және өз жүйкеңді сақтау үшін қаламсап дайындап алуға кеңес беремін). Тек өз орныңа отыр — жауаптарды шығару бағдарламасы тестіленушінің орны мен нұсқасы таңдау пәнін назарға ала отырып жеке дайындалады, яғни сенің орның мен нұсқа сәйкес келмесе, жүйе тестілеу нәтижелерін шығармайды.

2) жауап парағындағы жалпы ақпаратты толтыру. Мектепте және байқау ҰБТ-да саған қалай толтыру керектігін түсіндірген болатын, дегенмен.Асықпа.Дәл сол ақпаратты , мысалы аты емес тегін жазу керек екендігіне көз жеткізіп барып, әрбір жолды толтыр. Қалыпты әріптермен және тиянақты, түсінікті және жеке ақпаратты жеке куәліктегідей толтыруды ұсынамын.

3)сұрақ кітапшаларын алу. Сен қол қойғандай әрбір нұсқа орынға сәйкес келеді. Сенің орның мен саған берілген сұрақ кітапшасынының нұсқа нөмірі сәйкес келетіндігіне көз жеткізгеннен соң ғана қол қой. Кейін өз нұсқаңа жауап бермегеніңді білгеннен, қазір екі минут жұмсаған дұрыс. Және сұрақ кітапшасының сыртқы бетін толтыру кезінде кезікшінің нұсқауын мұқият тыңдау қажет, кейбіреулер бұл кезеңді «қатаң басшылықпен» толтыру қажеттігіне көңіл аудармайды және тестілеудің соңына қалдырып, оны толтыру жеке пункттерін толтыруды ұмытып кетеді.Әрине, құжаттарды тапсыру кезінде кезекші дұрыстығын тексеріп, барлық жолдарды толтыруды өтінуге міндетті, бірақ оны өзің жасаған жөн.

Тестілеу кезінде кезекші аудиторияда тәртіптің бұзылмауын тексеріп жүреді, оған көңіл аударудың қажеті жоқ, сонымен қатар көршіңмен/ сыныптастарыңмен кітапшаны ауыстыруға кеңес бермеймін – ұсталып қалу қаупі өте жоғары.Егерде сенің күмәнің немесе сұрақтарың болса, қолыңды көтеріп, кезекшінің келгенін күт. Негізінде, «мұқият» — ҰБТ тапсыру кезіндегі ең басты қағида: мұқият тыңда, орында, оқы, жауап бер, толтыр, тексер.

9. Тестілеу кезінде үзіліс. ҰБТ-ның бірінші және соңғы сағатында аудиториядан ешкімді шығармайды. Бір сағаттық үзіліс кезінде (ҰБТ-ның басталу және аяқталу уақыты тақтаға жазылады, уақытты бақылап отыру үшін,әдетте аудиторияға сағат орналастырады) аудиториядан 2 адамнан шығарады және кеткен адам келмейінше, ешкімге шығуға рұқсат етілмейді.Сондықтан саған шығу керек па таразыла, және жағдайды пайдалануды, қайтадан оралуды ұмытпа). Айтпақшы, сұрақ кітапшасы және жауап парағы шығар алдында кезекшіге тапсырылады.

10. Сұрақтарға жауап беру кезінде өзіңді ұйымдастыр және өз мүмкіндіктеріңді іске қос. ҰБТ-ға берілген уақытты шартты түрде 3 бөлікке бөл: 1 – жеңіл сұрақтарды қарап шығу және жауап беру, 2 – қиын сұрақтар, 3 – жауаптарды тексеру және жауап парағын толтыру (егер сен оны барлық пәндер бойынша соңында толтыруды қалайтын болсаң).

Жауаптарды алдымен кітапшаға «жеңілден оңайға» принципімен белгілеген жөн.Сонымен қатар, пәндердің ретін анықтап алуға болады: егер саған тіл оңай болса, сен оған аз уақыт жұмсайсың, соңында «мен үлгермедім» деген сезім қинаматын болады.

Жауаптарды жауап парағына көшіру кезінде – сол жол мен сол пән екендігіне көз жеткізіңіз. Дөнгелекті бояр алдында, сол сұрақ па, жауап нұсқасы дұрыс па тексер, ал сенімді болу үшін қателеспес үшін дөңгелектің ортасына жай ғана қаламмен нүкте қойып ал.

Айтқым келгені: жауап парағын дұрыс толтыру сканерлеу және жауап нәтижелерін дайындауды жеңілдетеді, яғни сіз балдарыңыз туралы мәліметті ертерек аласыз. Жауап парағын толтыру кезінде қате кетсе (жалпы ақпарат бағанында да) шығару созылады (тестілеушіні және нұсқаны қолмен идентификациялауды талап етуі мүмкін).

11. Егерде уайымдасаң – жағдайды «дем алу арқылы өткізіп жібер». Тынышталу және өзіңді қолға алу үшін, жаттығу жасауды үйрен.Жайлы отыр, көзіңді жұм, айналаңдағы дыбыстарды «өшір» немесе «бәсеңдет». 1 ден 10 дейінгі ретпен терең дем ал (іш – диафрагма – кеуде қуысының жоғарғы жағы), өте жай, мұрын арқылы, 3-5 секундқа деміңді ұстап тұр, 1ден 10 дейін санап деміңді шығар, деміңді ұстап тур. Ештеңе ойлама, айқай шусыз, дем жаттығуын 5 минут қайталап, жинақы және жинақталған қалыпымызда шындыққа ораламыз.

12. Міндетті түрде жауап парағының көшірмесін толтыр (қосымша) және сосын сенің дұрыс жауаптарыңмен балдың сәйкес келуін қайта тексер. Дұрыс жауап кодтары нұсқалар бойынша ҰБТ нәтижелеімен ілінеді, егерде сен нәтижемен келіспесең, аппеляцияға беруіңе болады.Тесттік тапсырмалардың мазмұнына және техникалық жағдайларға байланысты аппеляция болуы мүмкін.Сұрақ дұрыс болмаса, міндетті түрде аппеляцияға бер (дұрыс құрастырылмаған сұрақ – түсініксіз немесе 1 нұсқадан көп жауап болса; 2 немесе одан да көп дұрыс жауап нұсқалары; дұрыс жауап нұсқасының болмауы; сұрақ пәнге қатысты емес) – бұл нәтижеге бал қосудың бірден бір жолы, ол үшін сұрақтың нөмірі мен тесттік тапсырманы өз қосымша парағыңа жазып ал. Алдын ала аппеляцияға беру уақытын сұрап ал –әдетте ол ҰБТ тапсырған күннен бастап / ҰБТ нәтижелерін шағарғаннан келесі күннің 13:00 сағатына дейін.

13. «Үш мушкетер» ережесі. Ең соңғы үш тестіленуші бірге шығады, яғни екеуі біреуін күтіп отырады. Бұл шара көшіру және тағы да басқа заңсыз және әділетсіз іс әрекеттердің алдын алу мақсатында жасалады. Есіңде болсын, аудиторияның босауы шапшаңдау мен уайымдаудың себебі емес.Сен немесе сені күтіп, барлығың бірге материалдары бар қорапшаны жауапты шығару үшін кабинет-штабқа өткізгенде тұрған ештене жоқ.

Кез келген сынақты шақыру ретінде қабылдаған жөн –менің қолымнан келеді ме? Кез келген қойылған тапсырма, ең алдымен құмарлық пен өзіңді максимум барынша салуға болатын мақсат пен тілек тудыруы керек. ҰБТ-ға айқай шығарып, қорқып, өз күшіңе күмән келтіріп және көру / есту/ уайымнан пайымдауды жоғалтқанша осылай қара.

Бұндай іс-шараларда сенің ең басты дұшпаның және жалғыз көмекшің де- сен өзің. Сенімділік , позитив, салқынқандылық, есептілік, табандылық және талпыну– барлығы ойдағыдай болады!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ