Кәсіптік және техникалық білім беру оқу орындарына қабылдау

0

Оқу ұйымдарына келесілер қабылданады

Негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіби (бастапқы кәсіби және орта кәсіби), жоғарғы (жоғарғы кәсіби) білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтары,

Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар,

Шетел азаматтары және Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте азаматтығы жоқ адамдар.

Тегін техникалық және кәсіби білім мемлекеттік білім грантына сәйкес конкурстық негізде бұл деңгейдегі білімді лоар бірінші рет алып тұрған болса Қазақстан Республикасының азаматтарына және азаматтығы жок адамдарға беріледі.

Тегін техникалық және кәсіби білім мемлекеттік білім грантына сәйкес конкурстық негізде азаматтығы жок тұлғалардың алуы Қазақстан республикасының халықаралық келісім шарттарынмен айқындалады.

Білім ұйымына қабылдау кезінде квота келесілерге:

1) I және II топ мүгедектері, туылғаннан мүгедек, мүгедек балалар азаматтарға;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген;

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарындағы азаматтар;

4) Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар

5) ата-анасының қарауынсыз қалған және жетім балалар.

Техникалық және кәсіптік білім оқу бағдарламалары бойынша орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім мекемелеріне оқуға өтініштер қабылдау :

Күндізгі бөлімге 20 маусымнан 20 тамызға дейін;

Кешкі және сырттай оқу түріне 20 маусынан 20 кыркүйекке дейін;

өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім оқу бағдарламалары бойынша жалпы кәсіптер мен қиын (ұйқас) кәсіптер бойынша мамандарды даярлауды көздейтін білім мекемелеріне оқуға өтініштер қабылдау :

Күндізгі бөлімге 20 маусымнан 20 тамызға дейін;

Кешкі оқу түріне 20 маусынан 20 кыркүйекке дейін жүргізіледі.

Білім мекемелеріне оқуға қабылдау туралы өтінішпен бірге келесілер қоса ұсынылады:

Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

№ 086-У формасындағы медициналық анықтама (I және II топ мүгедектері мен балалығынан мүгедектерге- әлеуметтік-медициналық сараптама қорытындысы);

3*4 пішініндегі 4 фотосурет.

Талапкердің жеке басын куәландыратын құжаттар жеке, ата-анасымен немесе заңды өкілдермен тапсырылады.

Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар тұрғылықты жері бойынша тіркеу белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқығы бар құжатты ұсыну тиіс.

Кешенді тестілеу немесе ҰБТ нәтижесі бойынша сертификат ұсынған азаматтар түсу емтихандарынан босатылады және конкурсқа жіберіледі.

Техникалық және кәсіптік білім оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейді және олар:

Жалпы орта (9 сынып), мамандық профиліне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғаларға 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және кәсіп профиліне сәйкес пән);

Негізгі орта білім (11 сынып)- негізгі жалпы білім бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және кәсіп профиліне сәйкес пән) өткізіледі.

Жоғарғы техникалық мектептерге түсушілерге түсу емтихандары негізгі жалпы білім бағдарламалары көлемінде 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, математика және кәсіп профиліне сәйкес пән) өткізіледі.

Түсу емтихандарының (емтихан немесе тестілеу) түрі білім мекемесімен анықталады және түсу емтихандары қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

.

Техникалық және кәсіптік білім оқу бағдарламалары бойынша жалпы кәсіптер мен қиын (ұйқас) кәсіптер бойынша мамандарды даярлауды көздейтін білім мекемелеріне оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары әңгімелесу түрінде жүргізіледі.

.

Білім мекемелеріне өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсушілер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады.

Түсу емтихандары білім мекемелеріне техникалық және кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша орта буын мамандарын дайындауды көздейтін оқуға түсушілерге

— күндізгі оқу түріне 1 тамыздан 28 тамыз;

— кешкі және сырттай оқу түрлеріне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін;

— өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсушілер арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында жүргізіледі.

Күндізгі бөлімге техникалық және кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша жаппай мамандықтар мен қиын (ұйқас) кәсіптер бойынша кадрларды дайындауды көздейтін оқуға түсушілерге, әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, кешкі оқу бөліміне 1 тамыз-25 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын жүргізу кезінде:

1) тест формасында әр пән бойынша тестілік тасырмалар (сұрақтар) саны 30; әр тестілік тапсырамаға дұрыс жауап 1 балмен бағаланады, 3 пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал 2 пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауап кодтары тестілеу біткен соң бірден ілінеді; нәтижелері тестілеу өткізілген күні шығарылады

2) емтихан формасында пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижесін «3»,«4»,«5» бағалау жүйесін қабылдау комиссиясы келесі шкала бойынша көрсетеді: «3» баға-10 балл, «4» баға- 20 балл, «5» баға -30 балл.

.

Түсу емтихандары кезінде аппеляциялық комиссия құрылады, пәндер бойынша тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижесімен келіспейтін талапкер аппеляцияға беруіне болады. Аппеляция түсу емтихандарының нәтижелері хабарланған соң 1 тәулік ішінде қабылдау комиссиясына беріледі және талапкердің қатысуымен аппеляциялық комиссияда қаралады.

Пәндер бойынша тесілеу немесе түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Білім мекемелеріне азаматтарды оқуға қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүргізіледі.Техникалық және кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша орта буын мамандарын дайындауды көздейтін оқушылар құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі бөлімге 25 тамыздан 30 тамыз, кешкі және сырттай оқу түріне 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша жаппай мамандықтар мен қиын (ұйқас) кәсіптер бойынша кадрларды дайындауды көздейтін оқуға түсушілерге оқушылар құрамына қабылдау 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында негізі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген профильді (негізгі) пәндер бойынша бағаларды есепке ала отырып, іріктеу негізінде жүргізіледі. Іріктеу талаптары білім мекемесімен анықталады.

Конкурс келесі құжаттар негізінде өткізіледі:

— ҰБТ балы бойынша сертификат;

— Кешенді тестілеу формасында өткізілген түсу емтихандарының нәтижесі бойынша берілген сертификаттар;

— Пәндер бойынша түсу емтихандары немесе білім мекемесі өткізген тестілеу формасындағы түсу емтихандары нәтижесі бойынша алынған балл (баға).

Конкурс өткізу кезінде қабылдауда ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген 3 пән бойынша балдар есепке алынады.

Конкурска қатысуға қабылдауға келесілер жіберілмейді:

— негізгі жалпы білімі барларға 2 пән бойынша 20 балдан томен, медициналық мамандықтар бойынша 30 балдан томен (жоғарғы техникалық мектептерге түсу үшін 3 пән бойынша 30 балдан төмен );

— жалпы орта білімі барларға 3 пән бойынша 30 балдан төмен, медициналық мамандықтар бойынша 35 балдан төмен (жоғарғы техникалық мектептерге түсу үшін 3 пән бойынша 35 балдан төмен).

Оқушылар құрамына конкурсқа қабылдау кезінде техникалық және кәсіптік мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс бойынша келесілерартықшылықтарға ие

1) «Алтын белгі» иегерлері;

2) Халықаралық олимпиадалар және жаплы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстардың жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар), білім саласындағы құзіретті органмен тізбесі анықталған соңғы үш жылда орындаушылар мен спорттық жарыстардың республикалық және халықаралық конкурстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар), сонымен қатар олармен таңдап алынған мамандық пен олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәні сәйкес болса, республикалық олимпиадалар және жаплы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстардың ағымдағы жыл бойынша жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар).

Оқушылар қатарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде бірдей көрсетікштер болса, мемлекеттік тапсырыс бойынша артықшылық құқықтарға (растайтын құжаттар болған жағдайда) келесілер ие:

— жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;

— жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлері мен мүгедектерімен теңестірілген I және II топ мүгедектері, туылғаннан мүгедектер, медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы бойынша сәйкес оқу орындарында оқуға қарсылық көрсетілмеген мүгедек балалар

— үздік білімі туралы құжаттары (куәлік, аттестат, диплом) барлар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ