Негізгі ойнау тәсілдерімен танысу, техникалық ойнау мәнерін меңгеру.

0

Ноталық сауаттылықты әрі қарай дамыту.

а) Күрделі өлшем 6/8, 6/4, 5/4, 3/2, т.б.

б) Триоль

в) Квинтоль

Мелизмдердің түрі:

Форшлаг –

Мордент —

Трель –

Мына музыкалық терминдерді жаттау қажет:

Adagio (адажио) — жай

Allegro (аллегро) — тез

Cantabile (кантабиле) – нәзік әндете

Dolce (дольче) – жұмсақ нәзік

Forte (форте) — қатты

Piano (пиано) — тыныш

Vivo (виво) — жылдам

                Гамма, арпеджио, аккордтар міндетті түрде әр семестрге кіреді. Жоспар бойынша: Кілітте 2 белгіге дейінгі мажор мен минор гаммалары, олардың арпеджиосы мен аккордтары. Осы семестрге ойналатын гаммалар ре мажор оның паралелі си минор, ми бемоль мажор оның паралелі до минор.  Сабақта берілген гамма, арпеджио, аккордтарды бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, пунктир ритімімен  жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

  1. Әртүрлі штрихта ойналатын этюд.

Этюд шығармасын дыбыстың таза шығуын қадағалау, ысқыштың ішекке бір қалыпты жүруін қадағалау. Сол қолдың орналасуын, денені дұрыс ұстау, оң қолмен ысқышты жүргізумен дыбыстың таза шығуын дамыту. Саусақты қою, саусақты алу, саусақтардың жүруін дамыту үшін әртүрлі штрихтарды қолдану.

Түрлі нюанстармен ойналады.  Студент оқытушының көмегімен шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап бастайды. Шығармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады.

  1. Орыс, шетел классиктерінің шығармалары.

Орыс шетел композиторларының шығармалары әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте айтылса, екіншісі жай, көңілсіз темпте айтылады. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 3-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз.

3.Қазақ композиторларының шығармалары.

Қазақ композиторларының өмірбаяны, шығармашылықтары туралы  қысқаша мәлімет. Композитордың берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Музыкалық шығарманы үйрену кезінде — әуені мәнерлеп  ойналады. Әуен әр музыкалық шығарманың түбірі.  Әуенді мәнерлеп ойнау  тәсілі төмендегі ережелерлерде көрсетілген:

  1. Штрихтерді байқау: легато, стакато т.б. легатоны тек дұрыс апликатурамен ойнауға болады.
  2. Динамикалық белгілерді дәл сақтау қажет.
  3. Музыкалық фразаларды басы мен соңын ортасына қарағанда жай ойнау қажет.
  4. Күнделікті сабаққа дайындалу жаттығулардан басталу керек.

4.Күрделі формадағы шығарма.

Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, қобыз аспабына өңделген ірі шығармаларды ұсынамыз. Күрделі формадағы шығармаларды ойнау барысында студент жан-жақты дамыпойнау қабілеті өседі.Студентке концертмейстрмен  сүйемелдеп ойнатып үйрету қажет. Бұл студенттің өсіп жетілуіне, ойлау қабілетін дамытып, сезініп ойнауын жетілдіреді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ