Техникалық және кәсіптік білім берудің даму болашағы

0

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың алуандануына аса көңіл аударып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1211 2009 жылғы 11 тамыздағы қаулысымен Қазақстан Үкіметі жанындағы Кадрлар даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі Ұлттық кеңес құрылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілген, онда техникалық және кәсіптік білімберу жүйесін дамытудың көрсеткіштері мен жолдары көрсетілген.

2009 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері мен «Атамекен» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы арасында техникалық және кәсіптік білім беруді қолдау Қорын құру туралы Меморандумға қол қойылған болатын.

Әлемдік тәжірибенің прогрессивті дамуын зерттеу мақсатында келесідей халықаралық ұйымдармен маңызды жобалар іске асырылуда:

Герман техникалық жәрдем ұйымымен- куррикуллум, модульдік бағдарламалар жасау;

Европалық комиссиямен — әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша;

Білім және біліктілікті көтеру орталығымен (RKK, Норвегия) – мұнай-газ саласында кадрларды даярлау және қайта даярлауға ықпал ету бойынша;

ИнВентпен (Германия) – оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін көтеру бойынша;

Британдық кеңеспен – бітірушілердің жұмысқа орналасуы мен дайындалу сапасын қамтамасыз ету бойынша;

Европа білім беру Қорымен – Қазақстанда кәсіптік білім беру өкілеттілігін жоғарылату негізінде бағдарламаны жаусауды әдіснамасын енгізуді дамыту,туризм секторында кәсіби стандарттарды құру, Европалық біліктілік аясын енгізуді зерттеу бойынша.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 24 алдыңғы қатарлы оқу орындары Ұлыбританияның әлемге белгілі колледждерімен, соның ішінде 14 колледж Кембридж аймақтық колледжімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен техникалық және кәсіптік білім беру сферасында ынтымақтастық туралы «UCPMI» Конкорд Консалтинтік тобы (Франция) мен GEMCO INTERNATIONAL BV арасында, FONTYS қолданбалы ғылымдар университеті (Голландия) арасында 2 хаттамаға қол қойды.

2010 жылы Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі Европаның 29 елімен бірге Турин процесінің қатысушысы болды, яғни Европалық білім қорымен (Турин, Италия) өткізілетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерлер жүргізуге қатысты.

Қазіргі оқу орындары негізінде экономиканың басымдықты салаларында қажетті ресурстар, қазіргі заманғы құрал-жабдықтар оқу лабораториялары, ортақ қолдану шеберханалары үйлестірілетін кадрлар даярлау мен қайта даялау қазіргі замандық аймақаралық орталығын құру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 345 2009 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен ет-сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша кадрларды даярлау орталықтары- Ақмола облысы Қатаркөл ауылы ауылшаруашылық колледжі негізінде, Алматы қаласында № 6 кәсіби лицей базасында автоқызмет көрсету бойынша,Қарағанды қаласында №15 кәсіби лицей базасында металөндеу бойынша құрылды. Осы және басқа да орталықтар жер қойнауын пайдаланушылар және басқа да жұмыс берушілер сонымен қатар ақылы қызмет көрсету арқылы тартылған жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландырылады.

Келесілердің құрылысы жүргізілуде:

1) Атырау қаласында 700 оқу орнына арналған мұнай-газ саласына кардларды даярлау және қайта даярлау аймақаралық орталығы;

2) Екібастұз қаласында отын-энергетика саласында техникалық қызмет көрсету бойынша кардларды даярлау және қайта даярлау аймақаралық орталығы;

3) Астана қаласында 800 орындық және ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында 360 орындық кәсіптік лицей;

4) Өскемен қаласында машина жасау саласында техникалық қызмет көрсету бойынша кардларды даярлау және қайта даярлау аймақаралық орталығы;

2010-2014 жылға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдармен кадрлардың қажеттілігі бойынша талдау жасалынған. Жалпы қажеттілік 287 мың адамды құрайды, оның ішінде жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму үшін 108 мың адам. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарына қажеттілік 58,2 мың адамды құрайды, оларды дайындауды 543 техникалық және кәсіптік білім мекемелері қамтамасыз етеді.

13 сала бойынша индустриалдық жобалар және барлық аймақтар бойынша кадрмен қатамасыз ету карталары жасалынған, әкімдіктермен бірге жобаларға базалық оқу орындары анықталған және қазіргі уақытта қайта ашылған өнеркәсіптермен кадрларды даярлауға 61 келісім шарттаға қол қойылған. (Мысалы: «Тараз металлургия заводы», «Электролиз заводы», «Тері өндеу өндірісі» және т.б.,нәтижесінде 831 адам оқытылған және жұмысқа орналастырылған).

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ