Студент баянды ұстауын, отырысын оң қол мен сол қолдың орналасуын және аспаптың бойындағы ноталық дыбыстарды меңгеру. Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін шығармалар мен пьесаларды меңгеру

0

Кіріспе.

Аспаппен таныстыру:  оң қол мен сол қолдың орналасуын,  оң қолдағы басбармақтың орналасуы. Аспаптағы оң және сол жақ клавиатураларымен таныстыру. Музыкалық аспаптың үнін шығару тәсілдері.  Аспапты дұрыс ұстау. Ремендердің иықта орналасуы. Оң қолдың ремені оң иыққа ілінеді. Екінші ремен сол иыққа ілінеді. Кішкентай ремен сол қолға баянды ашып – жабуға көмек береді. Ойын кезінде қолдар тырыспау керек. Ал саусақтар күмбезге ұқсап тұру керек. Бас бармақ грифтің артында тұрады. Мехты сол қол жүргізеді. Оң қолдың мехты жүргізуге қатысы жоқ. Дыбыс біркелкі шығу үшін мехты жай ашу керек. Мехты дұрыс жай ашып-жабу үшін көп жаттығу қажет.  Баян аспабын ойнағанда сәл алға еңкейіңкіреп,  столдың жартысында отыру керек. Ойын кезінде баянның мехы сол аяқта тұрады. Ал астыңғы баянның оң корпусы оң аяққа тіреліп тұру керек. Екі аяқ та толық жерге тиіп тұру керек. Сол аяқ сәл алға жылжиды. Музыкалық дыбыстарды жазу үшін арнайы белгі – ноталар.

 

Ноталар 5 сызықта орналасады.                                                               ______________________________________

______________________________________

______________________________________

______________________________________

_____________________________________

Ноталар сызақтың үстіне немесе арасына жазылады. Баянның оң клавиатурасында үш қатарда ақ пен қара басқыштар орналасқан. Ақ басқыштарға келсек бірінші қатарда до мен ля, екінші қатарда ми мен си, үшінші қатарда си, ре, фа. Кейбір баяндарда 37,  49, 55 басқыштар (түйме) бар. Оң қолда бірінші октава ноталарын жаттау, оның орналасуын табу.

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

 

Басқыштардағы белгіленген саусақтарды аппликатура дейміз. Аппликатурамен дұрыс жұмыс жасау, легато штрихында өте қажет.

Саусақтардың ретімен қойылуы:

  1. Басбармақ
  2. Баланүйрек
  3. Ортантерек
  4. Шылдыршүмек
  5. Кішкентай бөбек

Әсіресе гамма, арпеджио ойнағанда арнайы жазылған саусақтарды жаттау керек.

Өткен тақырыптарды пысықтайтын жатттығулар:

  1. Оң клавиятурада до, ре, ми, фа, соль, ля, си ноталарды және олардың орналасуын табу.
  2. Оң клавиятурада мына дыбыстарды табу. Соль 1 октава, ми бемоль 2 октава, фа диез 1 октава, ля 2 октава, до диез 1 октава.

 

  1. До, соль, фа мажор гамаларын, оладың арпеджиосы мен аккордтарын оң қолмен ойнау.

I позициядағы до мажор гаммасын 2 октаваға игеру. II позициядағы соль мажор гаммасын 2 октаваға игеру. III позициядағы фа мажор гаммасын 2 октаваға игеру. Гаммалармен жұмыс жасау кезінде саусақ пен қолдың орналасуына назар аудару керек. Баян аспабын жақсы меңгеру үшін гамаларды көп ойнау өте маңызды. Алдымен гаммалар жай темпте арнайы саусақтармен біркелкі ұзақтықта легатоға ойналады. Гамманы игеріп болған осы темпте арнайы саусақтармен  арпеджио ойналады және аккордтармен жұмыс жайсаймыз. Аккордта барлық дыбыстар бірге алыну керек. Өтілген гаммаларға этюд шығармасы сәйкес болуы керек.

  1. Этюд немесе жаттығу.

Этюд (машықтану) орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма.

  1. Мектеп әндері

Студентті мектеп әндерімен таныстыру. Алынған шығарманың ноталық текстін оқу. Алдымен шығарманың оң қолға жазылған нота текстін  талдау. Одан кейін сол қолға жазылған  нота текстін талдау. Жеке қолдармен жұмыс жасау әдісінен кейін екі қолды қосып ойнау. Нота текстімен жұмыс жүргізу барысында саусақтардың дұрыс қойылуын қадағалау. Динамикалық және шапшаңдық белгілермен жұмыс жасау. I семестрде — (желтоқсан айында) академиялық тыңдау.

  1. Классик композиторларының пьесасы

5.Қазақ композиторларының шығармалары.

Классик және  қазақ композиторларынан қысқаша мәлімет.Композитордың өмірбаяны, шығармашылық мәліметі. Берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу

а) мазмұны, шығарманың характері.

ә) тональдігі, формасы мен жазылу фактурасы.

  1. Халық әні немесе күйі.

Күй – домбырада, қобызда, сырнайда т.б. қазақ халық аспаптарын да орындалатын музыкалық жанр.  Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, баян аспабына арнайы өңделген  халық әнін немесе күйін ұсынамыз.

І-семестрдегі өтілген тақырыптарды күрделендіріп, қолдарды (координациясын) дамыту. Нота ұзақтығының күрделі түрлері: созылмалы нота, ноқатты нота, форшлаг т.б. Динамикалық құбылыстарды түсіну (меццофорте, крещендо, дименуэндо). Қос ноталарды синхронды орындау. Баян аспабындағы ең күрделі мәселе саусақтың қимылын жеделдету болып табылады. Сондықтан күнделікті сабақтарға  этюдтар, гаммалар, жаттығулар енгізілуі қажет.  Бір кілттік белгісіне дейінгі мажор және минор гаммаларын (3 түрін гармониялық, мелодиялық, натуралдық) үйрену. До, соль, фа  мажор, ля, ре, минор  гаммалары, олардың арпеджиолары мен аккордтарын екі қолымен  екі октавада ойнау.

До,соль, фа мажорлар, ля, ре минорлар гамалары, олардың арпеджиолары мен аккордтарын екі қолмен екі октавада ойнау.

 

  1. Мектеп әндері.

Мектеп әндерін жай темпте талдаймыз. Мектеп әндерінің бағдарламасын мерекелерге сәйкес түзіп, шығарманы толығымен меңгеріп болған соң, әнді сөзімен бірге қосып айту қажет. Әнді мәнерлеп, вокалды түрде орындау қажет.

  1. Классик композиторларының пьесалары.
  2. Қазақ композиторларының шығармасы.
  3. Халық әні немесе күйі

Классик және  қазақ композиторларының өмірбаяны, шығармашылықтары туралы  қысқаша мәлімет. Композитордың Берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Сұхбат барысында мұғалім  белгілі бір мақсатпен шығарманы бастан –аяқ ойнап көрсетуі  қажет. Шығармаға жай ырғақта талдау жүргізілуі керек. Талдау барысында студент шығарманы жақсы естіп, дыбыс бояуларына назар аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс жүргізілуі қажет. Студент шығарманы жақсы меңгерген кезде жеке бөліктерімен мұқият жұмыс жүргізуі және динамикалық белгілерге (pianoforte,crescendo, diminuendo) арнайы көңіл бөлуі  керек.

Наурыз  айында техникалық тыңдау өткізіледі. (До, соль, фа мажор, ля, ре минор, этюд )

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ