Негізгі ойнау тәсілдерімен танысу, техникалық ойнау мәнерін меңгеру. Шетел және қазақ композиторларының шығарамаларын, әртүрлі мазмұндағы ойнау шеберлігін меңгеру.

0

Мақсаты :  Орындаушылық шеберлікпен жұмысты жалғастыру.

  Техникалық ойынға қол жеткізу.

 

Ноталық сауатты әрі қарай дамыту.

А) Күрделі өлшем  5/4, 3/2, т.б.

 Мелизмдердің түрі:

Форшлаг –

Мордент — 

Трель –

Мына музыкалық терминдерді жаттау қажет:

Adagio (адажио) — жай

Allegro (аллегро) — тез

Cantabile (кантабиле) – нәзік әндете

Dolce (дольче) – жұмсақ нәзік

Forte (форте) — қатты

Piano (пиано) — тыныш

Vivo (виво) — жылдам

                Гамма, арпеджио, аккордтар міндетті түрде әр семестрге өтіледі. Жоспар бойынша:

 

  1. Гамма және арпеджио.

Осы семестрге ойналатын гаммалар си бемоль мажор оның паралелі соль минор, ми бемоль мажор оның паралелі до минор.  Сабақта берілген гамма, арпеджио бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамманы жаттау белгіленген саусақтармен жеке жатталады. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, нүктелі нотамен, пунктир ритімімен  жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

 

  1. Пиццикатоға арналған екі этюд.

Шығармаларда оң қол саусақтарымен ішекті шертіп қағу пиццикато штрихы деп аталады. Ол екі әдіспен орындалады.

  1. Бас бармақпен төмен қарай орындау
  2. Сұқ саусақпен төмен және жоғары қарай орындау.

Пиццикато штрихымен позицияларды меңгеру барысында сол қол саусақтарының перне басу кезіндегі өз алдына дербес қозғалысына баса мән беру керек. Себебі, шығармаларды әсіресе, жалғыз ішекте орындалатын шығармаларды орындау кезінде сол қол саусақтары домбыра мойнының барлық жерінде де ішектен ішекке жиі ауысып, қол қозғалысы саусақтардың жеке қимылдарына негізделеді.

 

  1. Қазақ композиторларының шығармалары.

Қазақ композиторларының өмірбаяны, шығармашылықтары туралы  қысқаша мәлімет. Композитордың берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Музыкалық шығарманы үйрену кезінде — әуені мәнерлеп  ойналады. Әуен-әр музыкалық шығарманың түбірі.  Әуенді мәнерлеп ойнау  тәсілі төмендегі ережелерлерде көрсетілген:

  1. Штрихтерді байқау: легато, стакато, форшлаг, трел т.б. легатоны тек дұрыс апликатурамен ойнауға болады.
  2. Динамикалық белгілерді дәл сақтау қажет.
  3. Музыкалық фразаларды басы мен соңын ортасына қарағанда жай ойнау қажет.
  4. Әртүрлі дәстүрде екі күй.

            Күй орындаудағы аппликатуралық  тәсілдердің ерекшеліктерін төкпе және  шертпе   күйлерде қолдану. Сілтей қағы төкпе қағыс деп аталады. Ал оң қол білегін домбыраның бет қақпағына жанастыра ұстап, саусақтар мен алақанды жаза отырып, шекті шертіп қағу  шертпе қағыс делінеді. 

 

  1. Күрделі формалы бір пьеса.

Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, домбыра аспабына өңделген ірі пьесаларды немесе шығармаларды ұсынамыз. Күрделі формадағы пьеса және шығармаларды ойнау барысында студент жан-жақты дамып ойнау қабілеті өседі. Студентке концертмейстрмен  сүйемелдеп ойнатып үйрету қажет. Бұл студенттің өсіп жетілуіне, ойлау қабілетін дамытып, сезініп ойнауын жетілдіреді.

 

  1. Мектеп репертуарынан бір ән.

Мектеп әндері әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте орындалса, екіншісі жай, көңілсіз темпте орындалады. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 3-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз.  Әндер екі дауысты түрде ойналады.

 

 

Шығарма таңдау кезінде, құрамы әртүрлі музыкалық шығармалар, би және ән түріндегі шығармалар болу қажет.

а) біртіндеп шығарманың диапазонын өсіру.

б) кілттік өсу белгілеріне байланысты тональностердің шеңберін кеңейту.

в) күрделі өлшемнің майда ұзақтықтарын енгізу.

Шығармамен жұмыс істеу. Оқытушы шығарманы жазған композитор туралы қысқаша мәлімет береді. Сұхбат өте жылдам және қызықты өтуі қажет. Оқытушы студентке шығармада кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала ескертеді.  Студент оқытушының көмегімен шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап  бастайды.

 Шағармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін  шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық-белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады. 

Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс істеу қажет. Сонымен қатар шығарма бірнеше бөлшектерге бөлінеді (фраза, сөйлем, кезең). Әр бөлшекпен жай темпте талдап, тазалап арнайы жазылған саусақтармен ойналады.

 

  1. Екі октавалы гамма және арпеджио.

 

        Гамманы  ритмикалық әртүрлі  штрихтарда ойнау  (легато, стаккато, нон легато, мартле, деташе) т.б.  Гаммадағы жарты тон, бүтін тон, бірінші, екінші саусақтардың және екі мен үштің, үш пен төрттің  аралығын қадағалау.  Ля бемоль мажордың төртінші дыбысынан құралатын гамма ре бемоль мажор. Бұл гаммада бес бемоль жазылады. Олар: си, ми, ля, ре, соль бемоль белгілері жазылады.

        Ре бемоль мажордың бойындағы си, ми, ля, ре, соль ноталары жарты тон төмендетіліп алынады.

Ескерту: Жоғарыдағы барлық диезді және бемольді мажорлық гаммаларына диез бен бемоль белгілерін кілт түбіне және жақшаға алып жазып көрсетейік. Негізінде диез бен бемоль тек кілт түбіне ғана жазылады. 

        Арпеджио деп берілген гамманың аккорд дыбыстарының мелодиялық түрін ойнағанда сол қолдың техникалық мүмкіндігін қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығуларды айтамыз.

 

  1. Пицикато немесе тремолоға арналған бір этюд.

        Домбыраның пернелерін оның тон және жарты тон дыбыстарын қағыстардың түрлерін, музыка-сауатынан нотаны, позицияларды игеріп алғаннан кейін домбыра тарту техникасын өсіруге кірісу керек.  Домбыра тарту техникасын өсіруге арналған мажор минор гаммалары этюдтар сияқты жаттығулар беріледі. Аппликатуралар тек мысал ретінде ғана алынады.  Пиццикато штрихымен позицияларды меңгеру барысында сол қол саусақтарының перне басу кезіндегі өз алдына дербес қозғалысына баса мән беру керек. Позицияларды меңгеруге арналған жаттығуларды, этюдтар мен пьесаларды ойнау барысында саусақтарды перне үстінен көп алшақ ұстамау керек.

        Сол сияқты позициядан позицияға көшкенде де саусақтардың позициялық қалпы сақталуы керек. 

        Тремоло (дірілдеу) – бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталануы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұруы үшін немесе әуенді әрлеу үшін қолданылады.

        Домбырада тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанымен, негізінен оның екі түрі қолданылады.

  1. Жеке сұқ саусақпен орындау. Бұл тремолоны домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қаусыра ұстап, алақанды төмен қаратып орындау керек.
  2. Екінші сұқ саусақпен бармақ арқылы орындалатын тремололар қолдың әртүрлі қимыл қозғалысымен орындалады. Мәселен тремоло штрихының бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе, екіншісінде буынға беріледі. Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді.

 

  1. Әр түрлі жанрда екі күй.

Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Сұхбат барысында мұғалім  белгілі бір мақсатпен шығарманы бастан –аяқ ойнап көрсетуі  қажет. Шығармаға жай ырғақта талдау жүргізілуі керек. Талдау барысында студент шығарманы жақсы естіп, дыбыс бояуларына назар аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс жүргізілуі қажет. Студент шығарманы жақсы меңгерген кезде жеке бөліктерімен мұқият жұмыс жүргізуі және динамикалық белгілерге (pianoforte,crescendo, diminuendo) арнайы көңіл бөлуі  керек.

 

  1. Күрделі бір пьеса.

Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, домбыра аспабына өңделген халық әнін немесе күйін ұсынамыз. Халық әні мен күйлеріде классик, қазақ шығармалары сияқты әр қолмен жеке жұмыс жасаймыз және екі қолмен бірге қосып ойнаймыз.

 

  1. Мектеп репертуарынан екі ән.

Студентті мектеп әндерімен таныстыру. Алынған шығарманың ноталық текстін оқу. Нота текстімен жұмыс жүргізу барысында саусақтардың дұрыс қойылуын қадағалау. Динамикалық және шапшаңдық белгілермен жұмыс жасау.

 

  1. Әртүрлі ойнау тәсіліне арналған екі күй.

        Әртүрлі қағыстар кездесетін жылдам екпіндегі күйлерге төкпе күйін алсақ болады. Төкпе күйдегі буындар мен кіші сағаны меңгеру үшін әуелі ашық ішектердегі (ре-соль) дыбыстардан басталатын күйлерді үйренген дұрыс, Содан соң жабық ішектен басталатын күйлерді қолға алған жөн. Әрбір шығарманың нотасының басында оның екпіні көрсетіледі. Екпін жай, орташа, жылдам болып үш топқа  бөлінеді. Жылдам екпіндер: жылдам, шапшаң, ширақ, қыздыра, өте тез, өте жылдам, аса жылдамдықпен.

      Шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғанымен оның айтарлықтай өзгешеліктері бар. Олар негізінен мыналар:

а) бұл дәстүрде 1,2,3-саусақтар жиі қолданылады.

ә) 3,4-саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басу көп кездеседі.

б) бас бармақ сирек пайдаланылады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ