Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру

0

Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім берудің қоғамдық-пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлауға бағытталған құрамдық бөлігі болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру студенттерді даярлаудың біліктілік деңгейі мен бағдарлама мазмұнына байланысты келесі оқу бағдарламаларына бөлінеді:

1) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жалпы мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды көздейтін және оқушыға деңгейді аяқтағанда нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктілік (разряд, класс, категория) беретін техникалық және кәсіптік білім беру;

2) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қиын (ұйқас) мамандықтарын, жоғарғы технология мен кәсіптік қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларындағы мамандықтар мен тәжірибелік жұмыстарды атқаруды көздейтін және оқушыға жоғарғы деңгейді ақтағанда нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктілік беретін техникалық және кәсіптік білім беру;

3) техникалық еңбектің жоғарғы білікті мамандарын даярлауға, оларды қайта даярлау мен біліктілігін көтеруге бағытталған техникалық және кәсіптік білім беру;

Орта білімнен кейін (арнайы медицинадан басқа) кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру мерзімі келесіні құрайды:

Жалпы орта білімі барларға — 2 жылдан кем емес;

Техникалық және кәсіптік білімі барларға -1 жылдан кем емес.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны жоғарғы оқу орындарының 1-2 курс кәсіптік оқу бағдарламаларымен сәйкес келетін кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратыластану ғылымдарының пәндерін оқытуды қамтиды және оқуды аяқтаған соң қызмет көрсету мен басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігін береді.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік және техникалық білімді мемлекеттік немесе жеке меншік болуы мүмкін кәсіптік лицейлерде, кәсіптік мектептер, колледждерде алуға болады.

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі келесі деңгейлерден

1) бастапқы кәсіптік білім ;

2) орта кәсіптік білімнен тұрады.

Бастапқы кәсіптік білімді кәсіптік лицейлер мен кәсіптік мектептерде негізгі жалпы білімнен соң (9 сынып) алуға болады және ол еңбек қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша білікті жұмысшыларды (жұмыскерлерді, қызметкерледі) даярлауға бағытталған. Бастапқы кәсіптік білім алу жалпы орташа білім алумен ұқсас болып келеді.

Бастапқы кәсіптік білімді жеке мамандықтар бойынша оқу мерзімінің қысқартылған түрі бойынша жалпы орта білімнен (11 сынып) соң да алуға болады.

Бастапқы кәсіптік білім мекемелері Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына кәсіп, мамандық және біліктілік алуда олардың қызығушылықтары, мүмкіндіктері мен денсаулықтарына байланысты тең мүмкіндіктер қарастырған.

Кәсіптік білім беру білім беру қызметін іске асыру құқығын беретін лицензия болған жағдайда өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарында, оқу орталықтарында, курстарда және тағы басқа жұмысшыларды даярлайтын оқу-өндірістік құрылымдарда жүргізуге болады.

Кәсіптер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны, оларды игерудің нормативтік мерзімдері білім берудің жалпыға міндетті стандарттарымен анықталады және бастапқы кәсіптік білім мекемелерімен жасалған жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бастапқы білім беру мекемелерінде техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлау, оларды қайта даялау мен біліктілігін жоғарылату оқу орындары мен жұмыс берушілер, жұмыспен қамту қызметтері және жеке азаматтармен бірігіп анықтаған кәсіптер (мамандықтар) және кәсіптер топтары бойынша жүргізіледі.

Бастапқы кәсіптік білім мекемелерінде күндізгі, кешкі және қашықтықтан оқыту түрлері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алуға болады.

Филиалдар, біліктілікті көтеру мен кадрларды қайта даярлау курстары,кәсіптер топтары бойынша кешкі (ауысымдық) бөлімдер (топтар), оқу шаруашылықтары, полигондар және басқа да құрылымдар құрылуы мүмкін.

Өндірістік оқытулар оқу-өндірістік шеберханаларда, лабораторияларда, полигондарда, оқу орындарының оқу шаруашылықтарында, құрылыс нысандырының оқу орындарында, алаң, ферма, тапсырыс беруші-өндіріс өнеркәсіптерде, яғни жұмыс берушілерде жүргізілуі мүмкін.

Өндірістік оқыту процестерінде, сонымен қатар оқудан тыс уақыттарда өндірістік және ауылшаруашылық , халық тұтынатын тауарларын өндіру көзделеді.

Өндірістік тәжірибе кәсіп бойынша профильдік ұйымдарда (өнеркәсіпте, мекемелерде) өткізіледі.

Орта кәсіптік білім негізгі жалпы, орташа жалпы және бастапқы кәсіптік білім негізінде орташа кәсіптік білім беру мекемелерінде (колледж, оқу орындары) конкурстық негізде беріледі және ол орташа кәсіптік білімді мамандарды даярлауға бағытталған.

Жалпы орта, туыстас мамандықтар бойынша бастапқы кәсіптік білімі бар азаматтар орта кәсіптік білімді қасқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша алуға болады.

Орта кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқыту түрлері бойынша және экстернат бойынша жүргізіледі.

Орта кәсіптік білім беру мекемелеріне қабылдау тәртібі техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 587 2007 жылғы 29 қарашадағы бұйрығымен бекітілген білім мекелеріне оқуға қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Өндірістік тәжірибе кәсіп бойынша профильдік ұйымдарда (өнеркәсіпте, мекемелерде) өткізіледі.

Кәсіптік және техникалық білім сандық көрсеткіштермен

2011 жылғы 1 қаңтарға қарағанда Қазақстанда 894 кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары жұмыс жасайды, 185 мамандық және495 біліктілік бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылады.

Қаржыландыру көлемі 52,9 млрд. теңгені (республикадағы барлық білімді қаржыландырудың 6,6 % ) құрайды. Сонымен қатар кәсіптік және техникалық білім оқу орындарында барлық оқушылардың 13,7% білім алады.

Таблица 1. ТКБМ-дегі (техникалық-кәсіптік білім мекемесі) студенттер саны

1999/00

2005/06

2010/11

Студенттер саны (барлық оқитын), адам.

232 448

501 815

604 244

олардың:
Мемлекеттік ТКБМ-де, адам.

196 619

312 249

349 183

Жалпы санынан %

84,6

62,2

57,8

Жеке меншік ТКБМ-де, адам

35 829

189 566

255 061

Жалпы санынан %

15,4

37,8

42,2

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Жыл сайын кәсіптік және техникалық мамандықтарға кадрлар даярлауға мамлекеттік тапсырыс (білім гранттары) өсуде.Оқу ақысы 2010 жылы республика бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша 1 оқушыға: кәсіптік лицейлерде — 203,3 мың теңге, колледждерде — 191,1 мың теңгені құрады.

2010 жылы кәсіптік және техникалық оқу орындарына 216,8 мың адам, соның ішіндемемлекеттік тапсырыс бойынша (республикалық және жергілікті бюджеттен ) 90,6 мың адам қабылданған.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 45 мың инженерлік-педагогикалық қызметкерлер, соның ішінде 5,7 мың өндірістік білім беру шеберлері жұмыс істейді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ