Нота текстін бір ден ойнау әуеннің түрлі тональдігін беру, есту бойынша ойнау.

0

3.1 Орындаушылық қабілетті дамыту үшін аккомпаниатор әншінің , автордың ұсыныстарына сүйену керек. Ол үшін сауатты өз ойын жеткізіп, музыкалық форманы және шығарманың тілін білу керек. Концертмейстердің жұмыс процесі кезінде әр түрлі қимыл әрекеттерге, фразамен бөлімдерге және негізгі  екінші кульминациялық тақырыптарға көңіл бөлу керек. Жұмыс процесінде қиындық туғызатын жерлермен жұмыс жасай білу қажет. Шығарманың көркемдік  музыкалық, эстетикалық жағын игергеннен кейін әр түрлі қимылдарды ойластыру қажет.(темп, агогика, динамика, фразировка, және вокалдық тәсілдерді, мысалы вибрато, кезекті тыныс алу, дикцияға көңіл бөлу керек) Сүйемелдеуші гармония, полифония, музыка тарихы, музыкалық шығармаларға талдау жасай білу, вокалды хорды әдебиеттер, педагогикалық әдістемелік, баян, фортепианомен тығыз байланыстыра білу, өзін-өзі сүйемелдеу үшін, кәсіптік сүйемелдеуші болу керек.

                3.2 Әрі қарай студентке екі дауысты ән сүйемелдеу беріледі. Мұндағы қиыншылықтар екі дауысты сезініп тыңдай білу керек. Ал басқа сүйемелдеу әдістері жоғарыда айтылғандай жай екпінде талдау жүргізіледі. Бірінші жолы бірінші дауысты сүйемелдесе, екінші жолы тек қана екінші дауысты жеке- жеке сүйемелдеп үйрену керек.

3.3. Бір вокалдық шығарманы кіші секундамен жоғары, төмен тональдікте орындау. Бұл әдіс студенттің әр түрлі жолда нотаны есту,бірден оқу жүйесін жетілдіру үшін қажет. Егер шығарманың тональності әншінің даусына сәйкес келмесе, студент берілген шығарманы тарнспозициялап білу керек. (Транспозициялау дегеніміз – шығарманы бір тональдіктен басқа тональдікке ауыстыру).

3.4 Баянға арналған шығармаларды өңдеу әдіс — тәсілдерін фортепианоға лайықтап, ал фортепианалық фактураны баянға салып ойнау.

 Мысалы баянда мажор –Б,  минор-М ,септаккорд-7 деген белгілермен белгіленеді. Осы белгілерді  білу , фортепианоға өңдеуге көмек береді.

Ал  керісінше  фортепианодан  баянға өңдеу үшін  теориялық сауат өте қажет.

3.5 Қосарланбайтын сүйемелмен жұмыс жасау, жұмыс істеп көрсету. Қосарланбайтын шығармамен бірден екі қолмен жай екпінде талдау жүргізу. Текстпен, динамикалық белгілермен, апликатуралармен жұмыс істеу, концерттік деңгейге жеткізу.

3.6 Төрт белгіге дейінгі балаларға арналған әндерді нотамен бірден орындау. Әрине студенттерге нотаға қарап ойнау қиындыққа соғады. Сонда да болса талдау екі қолмен бірден жай ырғақта  бірден жүргізіледі. Нотаға қарап оқыту әрі қарай дамыту үшін күнделікті сабаққа дайындалу керек. Шығарманы 4 белгіге дейін әр түрлі тональностерде беру керек.

Сүйемелдеушінің мақсаты – шығарманы жоғары деңгейде концерттік дәрежеге дейін жеткізіп, орындау керек (динамикалық белгілерімен, темп, бірқалыпты ырғақпен).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ