Негізгі ойнау тәсілдермен танысу, техникалық ойнау мәнерін мегеру. Музыкалық орындаушылық әрекеттерді қосып атқару.

0

2.1. Бір- біріне ұқсамайтын әр түрлі фактурадағы 8 шығарманы студентке ұсынамыз.

Нотаға қарап оқытуды ары қарай жалғастырамыз.шығарманы нотаға қарап ойнаған кезде, көзбен қарап отырып алдын ала есту қабілетін дамыту.Ішпен сезініп естту қабілеті  музыканттың орындаушылық жетістігі деп білеміз.Нота текстін есту қабілетін дамыту үшін ,  аспапсыз ойнау  әдістемесі көмектеседі.алдын ала текстті ішпен оқыймыз, ішкі есту негізі бойынша  нақты әуенді елестетеміз.Орындаушылық қимылдарға жоспар құрғаннан соң шығарманы жаттаймыз.Кейін сол шығарманы аспапта ойнап, оймен  шығарған әуенмен салыстырамыз. Есту қабілетінің негізінде алғашқы этапта естіп қимыл әрекеттерін дамытамыз.

      Шығарманы таңдау кезінде сүйемелдеулерге  ерекше көңіл бөлу керек.

Сүйемелдеудің әр түрлі типтерінен аламыз.Мысалы 2 шығарма  бас аккорд сүйемелдеуінен құралса, 2шығарма  бас аккордтың алма кезегінен құралады.Тағы басқалары гармониялық көркемдік сүйемелдерден құралады.

Әр шығармамен жеке жұмыс жасалады. Аспапты еркін  игеру, нота текстін оқу,  қабілетін дамыту, музыкалық сауатын ары қарай дамыту, мәнерлеп ойнауға әрекет ету.

2.2.  Мектеп әнін сүйемелдеу үшін екі қолмен жай екпінде талдау жүргізіледі. Шығарманы жинақтап бір жүйеге келтірген соң, студент әннің сөзімен өзін өзі сүйемелдеу керек. Музыка бірнеше жанрға бөлінеді . Олар: ән,күй, би және марш. Қазақ халқы әнге бай. Шығарманы алар кезде студентке композитор туралы қсқаша мәлімет беріледі. Көптеген балаларға арнп жазған композиторлар : А.Жұбанов, Л.Хамиди, Б.Байқадамов, Ә. Еспаев, Ө.Байділдаев, Б.Ғизатов, Қ.Қуатбаев. Ән адамды жігерлендіреді. Ал кейде мұңайтады, кейде жұбатады. Ән адамның ой-сезімін тәрбиелейді.

2.3. Қосарланбайтын сүйемелдің  партияларын жаттау, аспабымен, дыбыспен, текстпен жұмыс жасау.

2.4. Әуен  сүйемелдерін есту бойынша ойнау. Бірінші кезеңде элементарлы жеңіл әуендерді, халық әндерінен аламыз.Студент әнді өз бетінше  теріп ойнау қажет, кейін шығарманың ладын, тональностін, өлшемін табу керек. Екінші кезеңде  шығарманың тоника , субдоминантасын, доминантасын табу керек. Осы тәртіп бойынша аккомпонемент теріп ойнаймыз.

      Белгілі бір әнді баянда, фортепианада теріп ойнап, оның тональностін тауып, ладтарын анықтап, өзі аккомпонемент құрастырып үйрену қажет.Негізінде аккомпониатр   әртүрлі жаттығулар, слухпен теріп ойнау, еркін ойынды, ішкі есту қабілеттері пайдалы.

  1. Берілген әуенді ары қарай жалғастыра білу керек.
  2. Фортепианода әндетіп және ойнап, алдыңғы берілген әуенді жалғастра білу керек.
  3. Берілген темаға вариация жасай білу.
  4. Әнге аккордты тере білу.
  5. Әндерге кіпіспе және қорытынды жасай білу.

Ескеретін жағдай  концертмейстерлік қабілетті теріп ойнау және тарнспонировать ете білу  шығармашылық мінезге байланысты. Мұндай музыкалық әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Транспонировка жасау мына түрлерден тұрады :

  1. Музыкалық шығарманы негізгі тональносте ойнау немесе көз жүгірту.

2.Орындаушылық ерекшеліктерінде қиын партияларды сүйемелдей білу керек.

3.Шығармада қиыншылық тудыратын жерлерді вокал партиясында тексті, дикцияны, ырғақтық қиыншылықтарды тез бақылай білу керек.

4.Темп, динамикалық ньюанстарды анықтау.

5.Шығарманы берілген тональносте транспозициялау.

6.Сүйемелдеуші берілген тапсырма, міндеттемелерді аша білу керек.

Оларға : әншіні дауысын  тональностқа келтіру. Аккомпонемент партисы өте таза ойналу керек. Ырғақты, екпінді қадағалау  керек.

Ол үшін сол тональностің тоника, субдоминанта, доминанталарын тауып, анықтау керек. Әрі бұл салада музыкалық сауаттылықты  одан әрі қарай дамытады.

  2.5. Нота текстін ары қарай дамыту. Студентке әр түрлі фактурада 8 шығарма беріледі. Нота текстін қос қолмен бірте-бірте  оқытуды шыңдап жетілдіреміз. Концертмейстерлік класында нота текстін оқу қабілеті негізгі роль атқарады. Сүйемелдеуші тоқтаусыз ойнау қабілетін дамыту керек. Музыкалық материалды жалпылама алып түсіне білу қажет.  Студентке шғарманың мазмұнын тез арада түсініп, алдын-ала музыкалық бейненің жалғасын, мінездемесін сезініп, екпіннің өзгерістеріне, ырғақтық өзгерістерге ұқыпты қадағалау керек. Концертмейстер сүйемелдеуші гармониялық негіздерді ыңғайлы аппликатураны, техникалық пассаждарды, гармониялық ноталарды аккордқа тез арада айналдыра білу керек, сүйемелдеуші күнделікті іс-тәжірибиеде нота текстін қиын жерлерін ыңғайландырып қысқарта білу керек. Аккордтардың орналасуын  әуенді әсемдей білу, ырғақтық кезекті нотаға айналдыра білу.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ