Қазақтың Тұңғыш Президенті шығарма

0

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев…Осы есімді еліміздің үлкен-кішісі де біледі.Қазақ халқы Н.Ә.Назарбаевқа үміт артып,сеніммен қарайды.Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті.Ол 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келді. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.Уақыт өте келе ол Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. Ал 1990 жылдың сәуірінде Қазақстан  Республикасының   Президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміздің дамуы , гүлденуі үшін көп күш жұмсады. Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.Көптеген шетел елдермен қарым-қатынасты, дипломатиялық құқықтарды орнатты,еліміздегі көптеген мәселелерді шеше  білген кемеңгер.

Еліне қызмет етіп, көптеген заңдарды шығарып, байтақ жеріміздегі әділетсіздіктерге   тосқауыл қойды. Ол өзінің артынан елімізге тек жақсылықты әкелетін ұрпақтарын таратты. Ол «Қазақстан- 2030», «Қазақстан-2050» стратерияларын құрды. Менің ойымша, бұл стратегиялар еліміздің дамуына зор әсерін тигізеді, әсіресе жаңа оқу бағдарламаларының құрылуына жол ашады. Қазіргі таңда Республикамызда он беске жуық «Зияткерлік мектептер», «Назарбаев университеті» құрылған. Осының барлығы президент жұмысының нәтижесі.

Халық елбасымыздың істеген жұмыстарына, еңбегіне разы болып отыр. Осы адамның арқасында Қазақстан Республикасы өзінің атын жоғалтпады, біздің әнұранымыз, рәміздеріміз, валютамыз, және туымыз бар. Ол біздің еліміздің тәуелсіз, егеменді ел екендігін  білдіреді. Менің ойымша, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тарихындағы үлкен орынды алатын, және маңызды рольді атқаратын тұлға. Елімізді осындай деңгейге көтергені үшін разымын, оған деген бар ризашылығымды білдіруге дайынмын.

Қорыта айтқанда, Н.Ә.Назарбаев біздің еліміздің дамуына үлкен үлес қосты.Менің ойымша, әр қазақстандық Президентімізбен мақтана отырып, игі істерін жалғастыра біле алуы  керек.Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі,мақтанышы мен абыройы.

Қапез Айбарыс

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

7 «а» сынып оқушысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ