Абай шығармаларындағы арнау өлеңдердің жазылу сыры

0

Жоспар:

  1. Абай жазған арнау өлеңдер саны
  2. Ақынның арнау өлеңдері — саяси-әлеуметтік мәні бар туындылар
  3. Ақынның өз басына байланысты туған шерге толы арнау өлеңдері

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ.  ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

  1. Арнау өлең – Абай шығармаларына тән құбылыстардың  біріне жатады. Осы себептен болса керек осы жанр табиғатына  ұлы ақын үлкен сынмен қарап, келелі пікір де білдірген. Әрі өзі де бір топ  шығармаларын осы  жанр   түрімен жазған.

“Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы” деген өлеңінде Абай өзіне дейінгі ақын, жырау, жыршыларға сын  айтқанда “Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап” деп, арнау өлеңінің   үлкен әлеуметтік мәні бар  өткір сынға құрылмай, мақтауға, мадақтауға  арналғанын сынап өтеді.

Абай 20- жылдық әдеби-творчестволық өмірінде өзі де талай рет арнау өлең  жазып, үлгі өнеге де көрсеткен. Абай жазған арнау өлеңдер саны 35-ке жетуі бұл жанрға  ұлы ақын қаншалықты мән бергенін аңғартады.  Абайдағы арнау өлеңдерінің жазылу себептері мен оны  тудырған жағдайлар әр түрлі боп келеді. Бірде арнау өлең  экспромтты түрде әзіл-ысқақ, әжуа-қалжың түрінде туып жатса, кейде олар аса өткір  әлеуметтік-саяси тақырыптарға орай туындайды. Абайдағы арнау өлеңдердің  бұл түрі, көбінесе, басым жатуымен де ерекшеленетіні де бар. Ал бір топ арнау өлеңдері (8-өлең) нысанаға  алған нәтижесін тура, тікелей сөз етпей, жанама түрде  меңзеу арқылы  білдіріп отырады (мысалы, “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”).

1909 жылғы жинақта Кәкітай мен Тұрағұл Абай жазған арнау өлеңдерден  бес өлеңді ғана (“Біреуден біреу артылса”, “Мен жазбаймын өлеңді ермек  үшін”, “Мәз болады болысың”, “Болыс болдым мінекей”, «Бөтен елде бар  болса») ендіреді. Бірақ бұл өлеңдер кімдерге арналып жазылғанын  атап көрсетуден бой тартып қалады. Әсіресе, Абайдағы сатиралық  уыты күшті арнау  өлеңдерін жинаққа ендіруді  қажетсіз деп табады.

  1. Абайдағы арнау өлеңдер, әсіресе, ақын өмір сүрген әлеуметтік орта мен сол дәуірдің саяси-әлеуметтік оқиғаларын, заман шындығын танып білуде  аса терең ғылыми мәні бар туындылар  тобына жататын.  Абай  дүниетанымын білуде, көзқарасын тануда бұл арнау өлеңдердің мән-мағынасы  зор, жөні бөлек болатын. Осы ерекшелікті ерте таныған Мұхтар Әуезов Абай жазған арнау өлеңдерді түгел жинап, олардың кімдерге, қандай жағдайда жазылғанын анықтауға ерекше күш салды.

Арнау өлеңдер Мүрсейіт  қолжазбасында біршама қамтылса да, олардың жазылу мерзімі мен кімдерге  арналғаны атап көрсетілген емес.

М. Әуезов осы жолдағы ізденістің  аяқтан  алар қиынға  соғар кедергілер жайлы тоқатала келіп: “Абайдың ақындық мұрасында өмірбаяндық деректер жоқтың қасы. Оның өлеңдерінен көптеген адамдар мен жеке кісілерге байланысты  деректер өшірілген.  “Тоғжан туралы” өлең де жоғалған.

Арнау өлеңдерді мен өзі жинастырып, көптеген кісі аттарын қалпына келтірдім”,   — деп арнау өлеңдер жайын анықтау  жолындағы зерттеу жұмысынан  хабар береді.

Арнау өлеңдер жайлы мағлұматтардың  молыға түсуі 1939-1940 жылдары басылған  толық жинақтан да көрінеді. Осы жолы Абай жазған арнау өлеңдердің  23-іне түсініктеме беріп, жазылу себептері де анықталады. Ал 1945 жылғы юбилейлік толық жинақта бұндай өлең  саны 28-ге жеткізіледі. Ал соңыра Абай өлең арнаған, тарихта болған кісілердің бірсыпырасы “Абай жолы” эпопеясына еніп, өткен дәуірдің тарихи-әлеуметтік шындығы мен оқиғаларын суреттеуге арқау болғанын да көреміз.

Абайдың ақындық  өнерге құлай  берілмей, бірақ ақындық қуаты шешек  ата бастаған тұста көбірек туындағаны “Шәріпке”, “Абыралыға”, “Жақсылыққа” деген өлеңдерінен де байқалады.

Абай соңыра ақындық  ұлы тұғырға отырған  тұстарында да тастамай, реті келгенде әзіл-оспақ, қалжың ретінде айтып отырған. “Назарға”, “Баймағамбетке”, “Күлеңбайға”, “Дүйсенқұлға”, “Разаққа”, “Көжекбайға” деген арнау өлеңдер табиғаты  әзіл – сықаққа құрылған туындылар.

Арнау өлеңдердің екінші бір тобына жататын “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”, “Сап, сап, көңілім, сап көңілім”, “Қуанбаңдар жастыққа”, “Мен боламын демеңдер”, “Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай”, “Жазғытұры қылтиған бір жауқазын” туындыларына  да М. Әуезов ерекше көңіл бөлген. Өйткені өл өлеңдерде кісі аты аталмайды, бірақ өлеңде жол жөнекей біреулер сөз болып, меңзеумен, ишаратпен ғана білідіретіні  аңғарылып тұрады. Мысалы, “Мен жазбаймын өлеңді ермек  үшін”  өлең Абайдың эстетикалық танымын, ақындық өнер жайлы жаңа көзқарасын, өнерге қояр талабын  барынша ашық  білдіретін шығармаларының  бірі.  Міне, осы өлеңіндегі Абай сынына ұшыраған,  бірақ  аттары аталмаған ақындар тобында да алғаш рет анықтап,  олардың Көкбай мен Әріптер екенін М. Әуезов көрсеткен  болатын.

“Қараша,  желтоқсанмен сол бір екі ай” өлеңінің дүниеге келу себебі мен жазылу тарихын аша отырып, оның мүлде жоғалып кете жаздағанын да ескертеді. Өйткені  хатқа түсті деген осы өлеңнің өзінде екі шумақ (6-7 шумақтар 8 жол) өлең жолдары мүлде ұмтылған, тек ғана өлеңнің жазылу тарихын  зерттеу үстінде салыстыру арқылы ғана қалпына келтіреді. Бұл өлең жеке адамадарға, яғни, Абайдың  туған ағасы Тәкежанның үй-ішіне арналуы себепті, жазба түпнұсқасы сақталса да, өшірілген екі шумақ өлең Көкбай, Тұрағұл  арқылы хатқа түсіріледі. Аталмыш өлең тарихын көп сұрастырып, жазылу себебі мен қандай жағдайда жазылу тарихын жан-жақты  зерттеп білуі М. Әуезовке “Абай жолы” эпопеясындағы “Кек жолында”  деген тараудың жазылуына, ондағы оқиға желісін өрбітуіне арқау болғаны бірден сезіледі. Осы аталмыш өлең тексі жағынан  бастапқы  табиғи  қалпына оралуына, өлең мазмұны  сол  тұстағы өмір шындығымен орайлас кең ашылып,  дәл бүгінгі күндегі танып отырған дәрежеге  көтерілуінде сөзсіз М.Әуезов зерттеулерінің орны  ерекше.

  1. Абайдағы арнау өлеңдердің М. Әуезов айрықша көңіл бөліп,  көп қарастырған бір тобы – Абайдың тікелей өз  басына  байланысты үй-ішілік  мұң-наласынан туған шерге толы өлеңдері Оспанға, Әбдірахманға арналып жазылған жоқтау сарыны басым өлеңдерді қамтиды.

М. Әуезов арнау өлеңдер табиғатын  терең   тани отырып, Абай басылымдарында қалыптасып үлгерген жаңа  атауларды,  яғни өлең мазмұнына лайықты  анықтап,  тақырыптарын қайта қояды. Бірақ арнау өлеңдерге жаңадан    қойылған тақырыптардың бәрін де  міндетті түрде жақшаға алып  (мысалы, “Әбдірахман өлгенде” деген сияқты)  отырады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ