Абай мұрасы 1926-1940 жылдар аралығында

0

Жоспар:

  1. Абай мұрасы туралы айтыстар
  2. 30 жылдардағы Абай мұрасы туралы пікірлер

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ.  ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

         1.Жиырмасыншы жылдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің  күрделі мәселелері туралы әр түрлі айтыстар кеңірек етек алды.  Осы айтыстарда Абайдың әдеби мұрасына ерекше назар аударылды.

         Абай мұрасы туралы талас  бұл кезеңде Сәбит Мұқанов пен Ыдырыс  Мұстабайұлының арасында басталып, бұл соңыра үлкен айтысқа айналып кетті.

         С. Мұқанов  бұл жылдары да Абай мұарсы туралы өткендегі қате пікрінің шырмауында қалды. Оның “Көркем әдебиет туралы қорытынды пікірім”, “Әркім өзінше ойлайды” деген мақалаларында Абай мұрасын сол дәуірде  етек ала бастаған тұрпайы  социологиялық көзқарастың тұрғысынан бағалады. Бұл тек С. Мұқановтың  ғана болмай, сол дәуірдегі әдебиет қайраткерлерінің   ой алдырған ортақ кемшілігі еді.

         С. Мұқанов пен І. Қабыловтың Абай мұрасы туралы пікіріне қарсы пікір  таласын тудырып айтысқа араласқанның бірі – Мұстамбай Ыдырыс.

         С. Мұқановтың артынша-ақ Абай мұрасы туралы елеулі айтыс тудырған І. Қабыловтың  мақалалары да, негізінен, С. Мұқановтың көзқарасы тұрғысынан,  Абайды идеалист, байшыл, ұлтшыл ретінде танытты.

         Ы. Мұстамбайұлының айтысы ретінде  “Жаңа әдебиет” журналының екі санында қатар жарияланған “Абай” деген көлемді мақаласы-сол дәуірдегі әдеби сындардың ішінен өзінің көлемі мен мәні, көтерген мәселесі жағынан әрі  зертеушлік бағытымен ерекшеленетін еңбек.

         Абайдың әдеби мұрасы қазіргі дәуірде қазақ халқының мәдени өмірінде елеулі орын алатын мұра ретінде  қабылдануға тиісті деп қарап,  бұл мұраның орыс классиктерімен арақатынасына алғаш рет кең тұрғыда нақтылы талдау жасаған. Абайдың аудармашылық өнерін  жоғары бағалап,  орыс әдебиетінің Абайға  өткен орасан зор әсерін  зерттей отырып Абай шығармаларының басты қасиеті- оның реализімінде деп көрсетті.

         Абай мұрасын танып білуде бұл кезеңде орын алған әр түрлі көзқарастардың үш  саласы,  арнасы болады. Олар:

  1. Бірінші көзқарас бойынша қоғамның идеологиясын анықтайтын нәрсе тек қана сол  қоғамның үстем табы болып табылады да,  қоғамның басқа табы есепке алынбайды.  Әдебиет саласында өріс алып отырған бұл таным  жаңа таптың ешқандай өткен  мұра атаулыны есепке алмай таза пролетариат мәдениетін жасамақ болған  пролеткультшілдік идеяның жалғасы ретінде өмір сүрді.

         2.Абай шығармаларының негізгі әлеуметтік сарынына көңіл бөлмей, оны танып білуде ақын  шыққан әлеуметтік тегіне тікелей байланыстыра  қарағандықтан, Абайды феодал табының ақыны, соның жақтаушысы деп танытты.

Абайды осы тұрғылдан таныушылар: С. Мұқанов, М. Әуезов, Б.Кенжебаев, Ә. Шарапи, Қ. Қуанышұлы, М. Ақынжанов, М. Қайыпназаров, Р.Жаманқұлұлы, т.б. болды. Бұлардың Абайды танып  бағалаудағы көзқарасының бір-бірінен кейбір өзгешіліктері болғанымен, негізінен Абай шығармалары  оның шыққан тегіне қарай  қарастыру себепті Абайды феодал табының бел баласы, соның идеологы деген танымды ұстанды.

Біздің еліміздің мәдени тұрмысында белгілі  мерзімде, белгілі дәрежеде өмір сүріп,    әртүрлі формада көрініс берген өткінші танымдардың бірі-  түршілдік (формализм)  яғни формалистік ағым өмірден орын алды. Көркем  шығармалары мен кейбір сын мақалаларда өмірді құрғақ  схематизм тұрғысынан көрсетіп,  орынсыз түр қуалап, формалистік тұрғыдан танып,  бағалау болғаны сияқты Абай мұрасының кейбір жағын  тануда  таза формалистік таным  тұрғысынан танытудың да  болғанын көреміз.

          Абай мұрасын тануда аса зиянды  компаративизмге ұрынған танымда орын алды. Бұл танымды ұстанған кейбір  зерттеушілер Абай қарасөздері мен  кейбір поэзиялық шығармалары мен толық түрде таныспай жатып-ақ ойшыл Абайды суретші Абайдан бөлек қарады.  Абайды ірі ақын, бірақ әлсіз ойшыл ретінде танытуға ұрынды.

         С. Мұқанов 1923-1934 жылдардың арасында Абайды  байшыл ақын деп, оны мұра ретінде  тануға қарсы болса, 1935 жылы Абайды феодал табының  буржуазиялана бастаған либералдық тобының  идеологы деп таныды.  1936 жылдары Абайды  либерал, бірақ ауыл  интеллегенциясының  демократиялық тіегін білдіруші деп бір адым ілгері басса,  1937 жылдан бастап, Абайды халық ақыны ретінде таныта бастады.  1936 жылдың өзінде-ақ С. Мұқанов  Абайды қазақ әдебетінің классигі ұлы реалист деп бағалап, оны   мұра ретінде тануға ойысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ